Файл: Реферат таырыбы АШ президент сайлау жйесі, ерекшеліктері. ОрындаАН Ккенов Айбек тексерген абдырахманова Ф..doc
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 55
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
4. Сайлаушылар коллегиясының жұмысы: Бұл арқылы Президент және вице-президент сайлауының ресми нәтижесi анықталады.
Сайлаушылар желтоқсанның екiншi сәрсенбiсiнен кейiнгi дүйсенбiсiне дейiн құзырлы штаттардың астаналарында президент пен вице-президентке берiлген дауыстарды жинайды. Дауыс беру нәтижесi Штат губернаторы арқылы бекiтiлiп, Сенат төрағасына (АҚШ вице президентiне) жолданады. Сайлаудың келесi жылының 6-қаңтарында сайлаушылар дауысы қайта саналып жеңiмпаздар АҚШ президентi мен вице-президентi деп жарияланады.
Президенттiкке үмiткерге қойылатын талаптың ерекшелiгi мынада: Америкада туған және оның азаматы. Бұл оның қаны арқылы анықталады. Ата-анасы Америка азаматы болуы тиiс. Сирек жағдайларда Гуам, Пуэрто-Рико немесе Виргиния аралдарында туған адамдар АҚШ-та туды деп есептелiнедi. Қалғандары дәстүрлi. Сондай-ақ, әрбiр 35-ке толған, АҚШ-тың 50 федералды штаты мен Колумбия округiн қоса есептегенде, 14 жыл АҚШ-та өмiр сүрген адам ғана президентке үмiткер ретiнде тiркеле алады. Пуэрто-Рико секiлдi Америка қол астындағы аралдарда өмiр сүру – Америкада тұру болып есептелiнбейдi.
Америкадағы сайлау оның әрбiр штатында өзiнше ерекшелiкке ие. Ол өзгешелiктер сайлау комиссиясын қалыптастыруда, дауыс беру процедурасында байқалады.
Мәселен, Канзас штатында сайлауды ұйымдастыруға жауапты адам 4 жылға сайланған штат хатшысы болып табылады. Сайлау ұйымдастыру жөнiндегi негiзгi жұмысты аймақтық және учаскелiк сайлау комиссиялары жүргiзедi.
Канзас штатында сайлау кезiнде сайлаушылардың алғашқы толқыны ғана жеке басын куәландыратын құжатты көрсете алады. Қалғанына бұл мiндеттi емес.
Оклахома штатында бұл процесс басқаша жүрiледi. Сайлауды үйлестiру iсiмен штаттың сайлау комиссиясы айналысады. Оның мүшелерiн штат губернаторы тағайындайды.
Бiздiң делегация Вашингтон мен Вирджиния штаттарындағы сайлауға бақылау жасады. АҚШ заңнамасы бойынша сайлауды бақылау мiндеттi емес. Бiрақ, биылғы жылы АҚШ бұған жол бердi. Сайлау өтетiн күнi 4-қарашада сайлау учаскесiне барар жолда сайлаушылардың ұзын-сонар кезекте тұрғанының куәсi болдық. Сайлау учаскелерi бiздегiдей мектептерде және мәдени-ағарту орындарында орналасады екен.
АҚШ-та мерзiмiнен бұрын дауыс беру қарастырылған. Билiк өкiлдерiнiң мәлiметiне сүйенсек, алдын-ала дауыс беруге қатысатындар 10%-ды немесе 24 миллион сайлаушыны қамтиды. Сайлау учаскесiнде бiр сәтте 10 сайлаушы дауыс бере алады. Сайлау әдiсi электронды және қағаз түрiнде де болады екен. Бiздегiдей азаматтардың көбi сайлаушылардың көбi – қағаз бюллетеньдердi таңдайды екен. Бiрақ бюллетеньдер сол сәтте-ақ құпия түрде электронды құралдарға көшiрiледi.
Сайлауалды үгiт-насихат жұмыстары соңғы күнге дейiн жүргiзiледi. Сайлау өтетiн күнi үмiткерлер өздерiн қолдаушыларды сайлау учаскелерiне шақырып, олардың қолына өз аттарының жанына белгi соғылған бюллетеньдердiң үлгiсiн бере алады. Бұл сайлау заңдылығына қайшы келмейдi.
Жалпыхалықтық сайлау еркiн және заң аясында өттi. Сайлау процесi ашық әрi әдiлеттi өттi. АҚШ-тағы сайлау әр штатта өз ерекшелiгiмен және өзгешелiгiмен өтетiн күрделi механизм екен. Мәселен, барлық штатта электронды дауыс беру құрылғылары бар. Бiрақ, барлық штатта алдын-ала жұмысы жүргiзiле бермейдi. Тiркеу мерзiмi әр штатта әр кезеңде аяқталады. Сайлау органдарын жасақтау жүйесi де өзгеше. Бiр қызығы өздерiн демократиялық мемлекет деп есептейтiн Америкада сайлану құқығына ие бола алмайтын адамдар бар. Олар – теңiз жағалауы елдерiнiң тұрғындары.
Америка Құрама Штаттарының тұңғыш қара нәсілді президенті Барак Обама ант ішіп, міндетін бастады. Бүкіл әлемнің назары Обамада болатын. Себебі бұл өте үлкен өзгеріс болды. Вашингтонда миллиондаған адамның көзі алдында Інжілге қол тигізіп, ант ішкен Обама АҚШ-нің 44-ші әрі тұңғыш қара нәсілді президент ретінде тарихқа жазылды. Мерәсімде де былай деді: «Біз християндар, мұсылмандар, иудейлер және үндістер мен атеисттерден қалыптасқан бір ұлыспыз. Енді нәсілдердің айырмашылығы, тілдердің өзгешелігі толығымен жойылатын және барша бірлесетін күндерге жеттік. Жаңа бейбітшілік шағына кірген кезде Американың ролі өте зор.
Қара нәсілді болғанына байланысты әлемнің басқа елдері секілді Түркия да Обама мен оның пікірлерін жақыннан бақылады. Түрік баспасөзінде ол туралы көзқарас жиі жарияланды. Осылардың бірі де Радикал газеті жазушыларының бірі Түркер Алканға тиісті. Ұлықтау мерәсімінен кейін жазушымыз «Хүсейн мырзаның жұмысы қиын» деген мақала жазды. «Америка халқының кешірімі де осындай екен. Бір қара нәсілдіні президент қып сайлады, АҚШ-ның нәсілшілдерден тұрмайтынын көрсету үшін. Обама нағыз американдық либерал зиялы бейнесінде. Осындағы либерал сөзі Англиядағыдан өзгеше Америкада солшыл саясатқа бейім қайраткер деген мағынада. Бірақ Обама осындай бейнемен президент болған жалғыз және алғашқы адам емес. Америка тарихында Кеннеди, Франклин Рузвельт секілді қайраткерлер өтті. Олардың да бастапқыда айтқандай бейбіт биліктер болмады. Обама болса тек Америкаға ғана емес, бүкіл әлемге президент ретінде сайланған секілді. Бүкіл дүние жүзі оның президент болуын толқыныспен тамашалады. Осылайша әлем азаматтары одан бір нәрсе күтетіндерін білдірді. Былай қарағанда, Обама іште социалист, сыртта бейбіт әлемді қолдайды. Бірақ осы мақсаттарын орындап орындай алмайтынын уақыт көрсетеді. Мен асығып қуанатын адамдар қатарына қосылмаймын. Дүние жүзіне бейбітшілік орнату жұмысы өте қарбалас. Америка әлемге басшы болғысы келеді. Бұрын да осы мақсатқа бағытталған саясаттар жүргізілгенін көрдік, бірақ өкінішке орай бейбіт әлем орнамады. Керісінше, Иракта және Ауғанстанда көргеніміздей соғыстарға себеп болды. Обама ұлықтау мерісімінде «тарихтың басқа жағындағыларға» үн қатты және осы елдерге рұқсат бермейтіндерін білдірді. «Тарихтың басқа жағы» не деген сөз? Американың мүдделеріне қарсы болу деген сөз. Онда мұның Буштың саясатынан не өзгешелігі бар? Обаманың ұлықтау мерәсімінен кейін Ақүй тарапынан жасалған мәлімдеме арқылы Америка армиясының күшінің арттырылуы үшін жаңа инвестициялар жасалатыны хабарланды. Мен ашық айтқанда, Обама кезеңінде Буш кезеңіндегіден қатал сыртқы саясат жүргізіледі деп қорқамын. Себебі Буш кезеңінде Американың жалпы қабылданған жалғыз полярлы әлем билігі болатын.
АҚШ президенттері сайланып, Ақ үйге кіргеннен кейін үш-төрт айдың шамасында рейтингтері төмен түсе бастайды. Американдық сайлаушылар сайлауалды бағдарлама және уәделердің ертегідей бірден орындалғанын талап етеді. Жеңілген партия өкілдері, саясатшылар олардың қолтықтарына су бүркіп, келесі сайлауға дайындықты бастап жібереді.
Бүгінде көптеген сарапшылар аралық Конгресс және жекелеген штаттардағы губернатор сайлауында республикалық партия жеңеді деп болжам жасап отыр. Себебі, Барак Обама рейтингінің тілі 49 пайыз белгісінде дірілдеп тұр. Ал, БАҚ деректері бойынша, АҚШ-тың 60 пайыз азаматтары ел экономикасы құлдырап барады деп есептейді. Американдықтардың 53 пайызы республикандықтарды қолдайтынын мәлімдеп отыр. Алдын ала сауалнама дерегі осындай. Бүлініп қалған ештеңе жоқ. Барак Обама Ақ үйге жаһандық қаржы дағдарысын соңынан ертіп кірді. Бұрынғы президент кіші Джордж Буштан қордаланып қалған проблемалар өте көп еді. Барак Обама сайлаушыларға айтқан сөздерінің бірқатарын орындап, денсаулық сақтау реформасын жүргізіп, Ирактан әскерді шығара бастап, экономиканың ауған жүгін түзеп келеді.
Денсаулық мәселесі — америкалықтардың ең басты ісі. Ел қаржысының жетіден бір бөлігі осы мақсатқа жұмсалады. Денсаулық сақтау жүйесін қайта құрудың соңы не болмақ? Обама бастамасы көпшілік тарапынан неге қолдау таппай отыр? Олар әлде АҚШ экономикасы әлі жақсарған жоқ деп есептей ме? Американың басым бөлігі бұрынғы жұмақ өмірді аңсап, тұрмыстың жақсарғанын сезінбейді. Жұмыссыздық өте көп, 9,6 пайыз деңгейінде. Билік партиясы үшін бұл өте тиімсіз. Билік басындағы демократтарды көпшіліктің қолдағысы келмейтіні сондықтан. Әртүрлі бас қосуларда, жұртшылық жиналған орындарда Барак Обама жүргізіп келе жатқан саясатқа қарсы пікірлер көп айтылады. Республикалық партия «шәй ішу» үстіндегі әңгімеге қатысушыларды өз жағына тартқысы келгенімен, әзірге нәтиже жоқ. Республикалықтар Конгресте көпшілік болып және Буш билігі кезінде әртүрлі жобаларға қыруар қаржы жұмсағанымен, қайтарым болған жоқ. Сайлаушылар есінде бұл да сақталып қалды.
Барак Обама 2 қарашадағы сайлауға қатыспайды. Бірақ, ол өз партиясынан үміткерлердің өтуі үшін ел алдына жиі шығып, сөз сөйлеп жүр. Оған Конгрестің екі палатасынан басым орын алу тиімді. Республикалықтар көпшілік дауысқа ие болса, президент ұсынған заң жобаларына тосқауыл қойылып, Ақ үйдің сөздері өтпей қалады. Мұның Барак Обаманың 2012 жылы қайта сайлауына кесірі тиюі мүмкін.
Республикалықтар болса, 2006 жылғы аралық және 2008 жылғы президент сайлауында жеңіліп, «жүні жығылып» қалды. Енді қарымта қайтарып, саяси ойынға белсене араласпақ. Егер олар қазіргі аралық сайлауда жеңіске жетсе, 2012 жылы Ақ үйге ақбоз атпен оралуларына мүмкіндік арта түседі.
Аралық сайлау Барак Обама болашағын болжауға, соның нәтижесінде әрі қарай жұмыс жасауға, өткенді зерделеп, жаңа жоспар құруға ықпал жасайды. Обама рейтингі төмендеп барады. Жұртшылық оның саясатының кейбір тұстарына сенімсіздікпен қарайды. Обама экономиканы, қаржылық секторды, банктерді қалыпқа келтіруге көп күш жұмсап келеді. Америкалықтар үшін бұл аздық етеді. Жағдайдың жақсарғанын әрбір американдық және отбасы сезінуі қажет.
ҚОРЫТЫНДЫ
Барак Обама қаржы қорын толықтырамын деп миллиардерлерге салықты басып салды. Магнаттар бұған риза болмай, қазір республикалық партия үміткерлерінің қойын-қонышын долларға толтырып отыр. Бұрынғы аралық сайлаудан 100 миллион доллардың артық жұмсалуының бір себебі осында.
Конгресс мүшелерінің сайлауында өкілдер палатасындағы 435 орынның барлығы қайта сайланады. Қазір мұнда демократтар басым дауысқа ие. Сенаторлар 6 жылға сайланып, олардың мерзімі бір кезеңде аяқталмайды. Мұндағы сайлау формуласы басқаша. Қарашада 100 сенатордың 37-сі қайта сайлануға тиіс. Республикалық партияға өкілдер палатасынан қосымша 39 орын алу қажет етілсе, сенатта көпшілік болулары үшін 10 орын керек. Қазір демократтар сенаттағы 57 орынтақты бақылауда ұстап отыр. Екі тәуелсіз сенатор да осы жақта. Бүгінгі саяси науқанның ара салмағы осындай.
Сарапшылар әдеттегідей, АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Пенсильвания штаты кімге қарай бұрылып дауыс берсе, қалған сайлаушыларға соның ықпалы тиетінін айтады. Аталған штат соңғы жылдары демократтарды көбірек жақтаса, бүгінгі сенат сайлауына республикалық үміткерді қолдап отыр. Ол мұнда жеңіске жетсе, республикашылдарға үлкен мәртебе.
Калифорния штатындағы сайлау да ерекше. Мұнда биыл Сенатқа және губернатор лауазымына жаңа үміткерлер сайланады. Атақты әртіс, кино жұлдызы Арнольд Шварцнеггер кезінде АҚШ президенті болған, актер Рональд Рейган айтқандай, өз рөлін біршама ойнап берді. Оның губернаторлық мерзімі бітті, ол енді президент сайлауына даярланбақ…
Калифорния сенаторлығына үміткердің бірі либерал-демократ Барбара Боксер болса, оған екінші әйел республикалық кандидат Карли Флорина қарсы тұр. Ал, губернатор орынтағына тағы бір әйел Мег Уитман үміткер. Онымен көп жыл бұрын Калифорния губернаторы болған демократ Джерри Браун бәсекелесіп тұр.
Жалпы АҚШ-тан әйел президент шықпағанымен, ел соған жақындап келеді. Кейінгі жылдары мемлекеттік хатшының биік лауазымына әйелдердің кезектесіп келуі — соның бір дәлелі. Өткен президент сайлауында вице-президенттікке ұсынылған Сара Пэйлин қазір аралық сайлауға белсене қатысып жүр. Мадлен Олбрайт, Кондолиза Райс мемлекеттік хатшы болып, әлемдік сыртқы саясатқа сөзін жүргізсе, қазір мұны Хиллари Клинтан абыройлы атқарып келеді.
Барак Обама екінші мерзімге сайлануға ынталы. Жұмыссыздық көптігі, бюджет жетіспеушілігі және экономиканың дер кезінде нәтиже бермеуі — барлық президенттер кезінде айтылатын саяси әңгіме. Обама әкімшілігі бұрыннан қалған орасан зор қаржыны, соғыстарды, салықтардың орынсыз төмендетілгенін айтып, қарсы дәлелдемелер келтіруде.
Сарапшылар билік басындағы партия аралық сайлауларда жеңіліс тапқанымен, түпкі президент сайлауына дейін саяси және экономикалық жағдайды түзеп, Ақ үйде екінші мерзімге қалатынына мысалдар келтіруде. Демек, Барак Обама орынтағы сықырлағанымен, ол Ақ үйден енді екі жылдан соң кетеді деуге болмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТЕР ТІЗІМІ
-
АҚШ КОНСТИТУЦИЯСЫ -
Аль – пари. Август – октябрь, 1997 г. -
www.us .gov .edu .mil – АҚШ