ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 320

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, бос орынға қажетті сөздер мен терминдерді қойыңыз.

Тұңғыш Елбасы Н.Назарбаевтың халықаралық «ЭКСПО-2017» көрмесінің жабылу рәсімінде сөйлеген сөзінен үзінді:

«ЭКСПО-2017» көрмесі табысты өтті. Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер етті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті. Қазақстанның астанасы бүкіл әлемнің назарын өзіне аударды. Жалпы, ЭКСПО аясында 6 мыңнан астам түрлі іс-шара өткізілді.

ЭКСПО бүкіл әлемнің зияткерлік және технологиялық потенциалын көрсетуге мүмкіндік берді. Мұнда баламалы энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды. ЭКСПО көрмесін өткізу арқылы біздің ел «жасыл» технологияларды дамыту идеясын қолдайтынын тағы да дәлелдей түсті. Жалпы, біздің көрме «таза энергетиканы» жаһандық деңгейде дамытуға айрықша үлес қосатынына сенімдімін.

«ЭКСПО» көрме кешені инновациялық мақсатта одан әрі қызмет ететін болады. Осымен халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесін жабық деп жариялаймын!

1. ЭКСПО өткізіліп жатқан уақытта туристік қызметке деген __________ 1,8 есе өсті. 2. Көрме барлық елдің _______________________ потенциалын көрсетуге жол ашты. 3. Халықаралық көрме өткізу арқылы еліміз «жасыл» технологияларды __________ дәлелдеді.

4. Көрме кешені _____________________ мақсатта одан әрі қызмет ететін болады.


2. Жұбыңызбен «ЭКСПО-2017 көрмесі бізге не берді?» деген сұрақ бойынша диалогке түсіңіз. Ойыңызды дәлелдеу үшін аргументтер келтіріңіз.

20




Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білімалушы

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

1

- бос орындарға қажетті сөздер мен терминдерді қояды;

4

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогқа қатысады

2

- тақырыпты ашады;

- стильдік талаптарды сақтайды; - сұраққа қатысты пікір білдіреді;

- өз пікіріне аргументтер келтіреді;

- тақырып бойынша сенімді еркін сөйлейді.

1 1 1 1 1

Барлық балл:

9



21

«ЭКСПО-2017 – Қазақстанның белесі» ортақ тақырыбы бойынша

жиынтық бағалаудың нәтижесіне қа
тысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен

Орта

Жоғары

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қиналады.

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді қоюда қателеседі.

Бос орындарға мағынасы жағынан сай келетін сөздер немесе терминдерді дұрыс қояды.

Қажетті аргументтерді қолданып, тақырыпқа сай диалог, полилогке қатысады

Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте

сенімді сөйлеуде қиналады.

Сұрақ бойынша пікір білдіріп, аргумент келтіруде, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлеуде қателеседі.

Сұрақ бойынша пікір білдіреді, аргумент келтіреді, стильдік талаптарды сақтап, диалогте сенімді сөйлейді.












22