ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 316

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
қпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні ___________________________________


Бағалау критерийі

Оқу жетістігі деңгейі

Төмен




Жоғары

Орта

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қианалады.

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табуда қателеседі.

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетеді.

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшіліктерін салыстырып, эссе жазады

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіруде және оны аргументтермен дәлелдеп, түсіндіруде, қорытынды жасауда қиналады.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіруде және оны аргументтермен дәлелдеп, түсіндіруде, қорытынды жасауда қателеседі.

Эссе құрылымы мен дамуын сақтап, мәселеге өз көзқарасын білдіреді және оны аргументтермен дәлелді, түсіндіріп, қорытынды жасайды.



25


4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жаһандық мәселе: демография» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Сөйлеу әрекетінің түрлері

Оқу мақсаты

Бағалау критерийі


Ойлау дағдыларының деңгейі

Орындау уақыты

Тыңдалым Айтылым

9.1.3.1 Әлеуметтік-қоғамдық тақырыптар аясында айтылған сөздер мен термин сөздердің мағынасын түсіну 9.2.6.1 Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды өзара салыстырып бағалау

Білімалушы:

Сөздер мен терминдердің мағынасын түсінеді

Кесте, диаграмма, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпараттарды салыстырып, пікір білдіреді

Қолдану

Жоғары деңгей дағдылары

15-20 минут


Тапсырма

1. Мәтінді тыңдап, көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойыңыз.

Жер бетіндегі әртүрлі кезеңдегі халық санының өсуі әрқалай болды. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзаттың қол жеткізген нәтижелері адам санының өсуін тұрақтандырды. XVI ғасырда халықтың негізгі бөлігі Еуропада тұрғанымен, салыстырмалы түрде Таяу Шығыс, Орта Азия, Қытайда да халық саны көп болды.

XVIII ғасырға дейін халық саны орташа жылдамдықпен, жүзжылдықта 1%а көтеріліп отырған, ал 1830 жылдары өнеркәсіптік революция басталғаннан кейін, жер бетіндегі халық саны 1 млрд-ты құрады. Тамақтанудың, санитарлықпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала өлімін азайтып, өмір сүру ұзақтығын арттырды. Бұл жағдай әлемдегі халық санының аса жылдамдықпен дамуына әсер етті.

XVIII ғасырдың ортасынан бастап XX ғасырдың ортасына дейін экономикасы жылдам дамыған Ұлыбритания, АҚШ, Франция секілді елдердің есебінен жер бетіндегі халық санының артуы байқалды. Ал XX ғасырдың ортасында әлемдегі жағдай тез арада өзгеріп, дамушы елдердегі халық санының артуы «демографиялық жарылыстың» туындауына себепші болды. Дамушы елдердегі демографиялық жағдай этникалық және діни себептерге, ерте бастан некеге тұруға, білім деңгейінің төмендігіне, өндіріске әйелдерді араластырмауға байланысты жоғарылады. Сонымен қатар кейбір мемлекеттердің тәуелсіздік алуы, медициналық қызмет көрсетудің жақсаруы, халықаралық гуманитарлық ұйымдардың көмектері есебінен өлім саны тез арада қысқарды. Мұндай құбылыс «демографиялық жарылысқа», яғни халық санының жылдам қарқынмен дамуына алып келді. Әлемдегі халық санының өсуі «перифериялық», яғни дамушы елдер және өтпелі экономикасы бар елдерге тән сипат алуда


А. XV ғасырдан бастап аграрлық мәдениет, медицина мен жаратылыс ғылымдарындағы адамзат қол жеткізген ___________________________ адам санының өсімін тұрақтандырды.

В. Тамақтанудың, санитарлықпидемиологиялық ________________________ жақсаруы, гигиеналық, медициналық құрал-жабдықтардың кеңінен таралуы бала
26