ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 321

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Тапсырма

1. Мәтіндерді оқып, стилін, жанрын салыстырыңыз.

А мәтіні

Жасың бар, жігіт-желең, шалдарың бар. Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар. Жол ұзақ, биік асу, сапар алыс,

Жаз өтер, күз де кетер, тақалар қыс. Қамданыңдар Болашақ деген елге, Қандай біз сый-сияпат апарамыз? Қорқауды, өсекшілді қатарға алма, Кеселін тигізеді сапарға алда.

He бетімізді айтамыз Болашаққа? Жат қылықты қалдырмай апарғанда Жамандық атаулыны қалдырыңдар, Суға батыр, отқа өрте, жандырыңдар. Болашақ деп аталған өлмес-өшпес,

Жақсылықтан жаралған тағдырың бар. Қыз-қырқын, жігітелең, шалдарың бар,

Ертең біз жол жүреміз, қамданыңдар!

М. Мақатаев

Ә мәтіні

«Халықаралық бағдаршам күні» 1914 жылғы тамыз айының 5 күні орын алған оқиғаға байланысты тойланады. Бұл күні Американың Кливленд қаласында алғашқы заманауи бағдаршамның тұңғыш түпнұсқасы шыққан болатын.

Алайда ең алғашқы бағдаршамды британдық Джей Найт есімді азамат XIX ғасырда ойлап тапты. Ол тек екі түсті шамнан тұрды. Ал ол бір түстен екіншіге ауысқанда дыбыс шығаратын болған. Бұл құрылғы тұңғыш рет 1889 жылы Лондон парламенті орналасқан көшеге қойылды. Кейін үш жыл өткен соң, бағдаршамның жарық шамы жарылып, абайсызда жақын тұрған полиция сақшысын зақымдаған көрінеді. Содан бағдаршам 50 жыл бойы ұмыт қалған.

1910 жылы алғашқы екі түсті автоматтандырылған бағдаршам патенттеліп, қолданысқа берілді. Ал күнделікті күнде көріп жүрген үш түсті бағдаршамыңыз алғаш рет Нью-Йорк қаласында 1914 жылы пайда болды. Жылдар өте бұл аппарат тиімділігін көрсетіп, Америка және Еуропа мемлекеттерінде кеңінен қолданыла бастаған.


8

2. Берілген кестені толтырыңыз.

А мәтіні

Ә мәтіні

Стилі, себебі ...







Жанры, себебі ...







Ұқсастығы




Айырмашылығы








3. Сізге саяхаттау өте ұнайды. Ел-жер көру үшін кезекті саяхатыңызда ұшақты емес, пойызды таңдадыңыз. Жол үстіндег
і көрген қызықты оқиғаңыз, кездескен кедергі мен ерекше әсеріңіз туралы 3 күніңізді сипаттайтын күнделік жазыңыз. Күнделігіңі
зде берілген афоризмді қолданыңыз.

Афоризмдер:

1. Жол сұрамай, жолға түспе. 2. Жол сұраған адаспайды.

3. Жолаушыны жол сынайды. _______________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________

9


Бағалау критерийі

Тапсыр ма

Дескриптор

Балл

Білімалушы

Мәтіндердің стилін, жанрлық ерекшелігін ажыратады



1

- мәтіндердің стилін анықтайды;

- мәтіндердің жанрын анықтайды;

- стильдік ерекшеліктерін көрсетеді;

- жанр ерекшеліктеріне дәлел келтіреді; - ұқсастығын салыстырады;

- айырмашылығын ажыратады;

1 1 1 1 1 1

Жазба жұмысында афоризмдерді қолданады



2

- күнделіктің жазу талаптарын сақтайды;

- саяхат барысындағы қызықты оқиғаны баяндайды;

- кездескен қиындығы туралы сипаттайды; - алған әсерімен бөліседі;

- ұсынылған афоризмдерді қолданады.

1

1 1 1 1

Барлық балл:

11