Файл: Жас ркен колледжі бекітемін Директорды трбие ісі жніндегі орынбасары.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 29

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


«Жас өркен» колледжі


«БЕКІТЕМІН»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

___________ Байсалбаева Н.

___________________________

ТӘРБИЕ САҒАТЫ

«Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны »



Тобы: Г-18-9

Орындаға: Сүйкенбай Айдана
Қызылорда, 2018жыл

«Ғаламтор және әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны »
Мақсаты:

  • Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат жинақтау. Білімгерлердің алған білімдерін нығайту, тиянақтау, бір жүйеге келтіріп, тексере отырып қорытындылау;

  • Білімгерлер  өз ойларын тиянақты жете айта біліп, өздерін сабырлы әрі тәртіпті ұстауды ескеріп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу;

  • Білімгерлерге интернет туралы толық ой қалыптастыру,білімгерлерді тапқырлыққа, ізденімпаздыққа шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру;

Тәрбие сағатының түрі: дебат /пікір-талас/

Көрнекілігі: интерактивті тақта, тақырыпқа байланысты дидактикалық материалдар, мультимедиа құралдары.          

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу

Мейірімді жүрекпен,
Ақпейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық!

Дүниедегі құбылыстың мәнін де,
Интернеттің, жаңалықтың бәрін де
Мүмкін емес информатикасыз түсіну,
Компьютер дүние кілті бүгін де,-демекеші, заман талабына сай әрбір адам компьютер мен интернеттің қыр сырын білгенге не жетсін.

Бүгінгі “Интернеттің пайдасы мен зияны” атты /пікір талас–дебат/ ойын сабағына Т-18-9 оқу тобынан құралған “Google” тобы жақтаушы және “YАNDEX”  даттаушы топтары қатысып отыр.

“Пікірталас шарттары” VІ кезеңнен тұрады:

І. Интернет туралы  қышқаша шолу
ІІ. Командалардың атын таныстыру
ІІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны
ІV. Сұрақ жауап кезеңі. Екі топ өзара сұрақ алмасады.
V. Қорытынды сөз
VІ. Марапаттау рәсімі

І. Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі. 

Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті  Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.
Интернеттің қызметтері:
1. Интернет поштасы.                 2. Телеконференциялар.                3. Web (WWW ) қызметі.

Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.

1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды
Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.
2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.
1993 - 1996 жылдар аралығында жыл сайын Интернетке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.


http:\\www.google.com — GOOGLЕ, ақпараттық іздестіру жүйесі 1999 жылы қыркүйек айында ашылған. Көптеген тілдерде сонымен қатар орыс тілінде, ақпарат іздеу мүмкіндігі бар.
http:\\www.yahoo.com — Yahoo — тез іздестіретін анықтамалықтардың бірі. Ақпараттарды жеке сөздер бойынша немесе классификатор бойынша іздеу мүмкіндігін береді.


http:\\www.aport.ru — Апорт — ақпараттық іздестіру жүйесі алдыңғы қатардағы іздестіру жүйесіне кіреді. Бүгінгі күндері мәліметтер көлемін 20 млн индекстелінген құжаттар құрайды. Жүйеде іздестірудің кең спектрлі мүмкіндіктері бар. Онда қарапайым және кеңейтілген іздестіру мүмкіндіктері ұсынылады. Ақпараттарды, ағылшын және орыс тілінде іздеуге болады.
http:\\www.yandex.ru — Яндекс — ақпараттық іздестіру жүйесі 1997 жылы ашылған. Бүгінгі күндері базадағы индекстелінген құжаттар көлемі 33 милионға жуық. Ақпараттық іздестіру жүйесі логикалық операторлармен белгіленген өзінің меншікті жүйесін қолданады, сонымен қатар көптеген түрлі іздестіру функцияларын ұсынады.
http:\\www.rambler.ru — Rambler — іздестіру жүйесінде Россияның және ТМД елдеріндегі серверлерде орналасқан 12 миллионға жуық мәліметтер индекстелінген.

Қазақ телеком ұсынған тариф – Megaline. 2006 жылдан бастап қолданылады. Жылдамдығы: 128 – 256 Кбит/с

        

Психологиялық тренинг.

 

Шарты: Сайысқа қатысып отырған топ студенттері өздеріне қалаған түстерін таңдайды. Сіздің таңдаған түстеріңіз сіз туралы көп мәліметті беріп тұрады.

 

ІІ. Командалардың аты мен эмблемасы



ІІІ. "Компьютердің пайдасы мен зияны" (пікір - талас) ойыны

«Google» тобының спикері: Мұхтарұлы Ғалым
Армысыздар құрметті көрермен, менің қарсыластарым! Біз бүгінгі дебатта сіздердің сұрақтарыңызға барынша жауап беруге тырысамыз. Біздің ұстанып отырған позициямыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет» Интернеттің пайдасы өте зор. Алдымен интернетке анықтама берейік. Интернет бүкіл ғаламдық тор. Ол бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір-бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос-Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір-бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып-жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды».Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1,5 млрд адамнан асыпты. Бұл - жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.
 «Yandex» тобының спикері : Құрманбек Күлшат
Армысыздар! Біздің қарсыластарымыз «Интернет керек, ол біздің өмірімізге қажет. Интернеттің пайдасы зор» деп жатыр. Қазіргі таңда интернет әлемдік қауымдастықтың негізгі ақпараттық-коммуникациялық құралына айналып отыр. Бұл тұрғыда қарапайым халықтың күнделікті өмірдегі байланысқа деген қажеттілігі туралы айтпасақ та болады.
Дегенмен де интернеттің жақсылықтарымен бірге келеңсіз жақтары да барын естен шығармағанымыз жөн.Интернетке қосылу үшін әрине бізге компьютер керек. Ал, әр күнін компьютер алдында өткізу денсаулыққа зиян екенін білесіздер ме? Ол адам ағзасына қауіп төндірумен қатар, сананы улаумен шектесетіні белгілі. Компьютер алдында ұзақ отырса адамның көзі, жотасы ауырады және қимыл-қозғалысына, адам психологиясына да әсер етеді. Сезімдік нерв жүйесі ауруларына шалдығады.
Интернетке жүгініп,үйреніп кеткен бала, яғни интернет арқылы хат алысып, сөйлесу-баланың айналасындағы адамдармен бетпе-бет сөйлесуіне де әсер етеді, сөйлеу мәдениетінен айырылады. Компьютерден бөлінетін ультра-күлгін сәулесі көзге кері әсер етеді. Ал одан сорақысы- ұлттық, адами қасиеттерге нұқсан келтіретін материалдардың интернет бетінен орын алуы. Қазірде шығарма, эссе жаза алмайтын оқушылар бар. Бұның бәрі көп уақытын кітап оқумен емес, интернетке кіріп түрлі ойындар ойнап, уақытын тиімсіз өткізудің зардабы. Тыңдағандарыңызға рахмет.
  «Google» тобының спикері: Сүйкенбай Айдана
Интернеттің жеке-дара қожайыны жоқ. Оны ешкім бір жерден басқара да алмайды. Интернетте көптеген пайдалы да қажетті ақпараттарды табуға болады
1. Алысты жақындату
2. Қоғамға (адамға) байланысты мүмкіншіліктерді арттыру.
3. Сана-сезімді жоғарылату.
4. Ізденіс талпынысқа қашықтықтан оқу бағдарламаларына сұранысты арттыру.
5. Қажеттілікті толығымен қанағаттандыру.
6. Дамыған мемлекеттермен тең дәрежеде бәсекелесу.
7. Әлемде болып жатқан жаңалықтардан сол сәтте хабардар болу.
8. Халықтарға түрлі жолдармен көмек көрсету.
9. Интернет арқылы мәтінді, хабарламаны, құжаттарды, фото, аудио, видео материалдарды қабылдап алуға не керісінше жіберуге болады;
10. Күн сайын емес, сағат сайын, сәт сайын бүкіл әлем жаңалықтарымен танысып отыруға;

- Кез келген тақырыпқа қатысты материалдар, анықтамалар алуға;
- Қашықтықтан оқуға, яғни үйде отырып білім алуға;
- Қызмет түрлерін ұсынуға, тауар сатып алуға не сатуға;
- Қаржылық операциялар жасауға;
- «Maіl.Ru Агент», «Facebook», «Skype» т.б. арқылы реалды уақытта тіл қатысуға да, бейнебайланыс орнатуға да болады. Бұдан өзге біз біліп-біле бермейтін жаңа көкжиектерін айтып тауысу мүмкін емес... (материалдарды және моральді жағынан болсын).
Интернеттен көптеген жапа шегеміз деп қол қусырып отыра берсек, оның мүмкіндіктеріне шектеу қойсақ,әрине алға баспаймыз. Керісінше біртіндеп құлдырай береміз. Оданда ондай қиыншылықтармен күресе отырып, алға ұмтылу жолдарын қарастырғанымыз жөн. Интернетке кіру үшін компьютерде отыру керек. Компьютерде отыру денсаулыққа зиян. Алдымен денсаулықты сақтауымыз керек деп жатырсыздар.Әрине бұл орынды ол үшін алдымен әр бала компьтерде жұмыс жасап отырғанда техника қауіпсіздік ережесін сақтау керек. Ережелер талапқа сай орындалса денсаулыққа зиян тимейді. Көзге жаттығулар жасалады, әр 20-25 минут сайын, көзбен компьютердің ара қашықтығы 60-70 см болу керек. Жұмыс кезінде ақ халат кисек, ультра күлгін сәулесін сақталады. Ал көзді сақтау үшін компьютердің алдына кактус гүлін қою керек. Гүл бойына компьютерден бөлінген сәулені тартып алады. Осы айтылған ережелер орындалса денсаулығымызды сақтай аламыз. Интернеттің пайдасы көп. Интернет арқылы біз басқа қаладағы болсын, басқа елдегі болсын алыстағы достарымызбен сөйлесе аламыз. Мысалға, ұстаздар берген реферат, мәнжазба, солардың бәрін мен интернет арқылы таба аламын. Кітапханаға барып жүрмей мен үйдегі интернеттен іздеймін. Интернеттің пайдасы мен үшін өте зор
Назарларыңызға рахмет.
 «Yandex» тобының спикері : Серікбай Аружан
Интернетті дұрыс мақсатқа пайдалансаң, ісің де оңынан болады, құлашың да кеңге жайылады. Ал егер теріс бағытқа, пайдакүнемдікке, қарау ойлы мақсатқа, т.с.с. жасөспірімдерді аздыруға қолдансаң, оның жайы бір басқа. Яғни терроршылдық, экстремистік, дінбұзарлық, қоғамға жат сананы насихаттау секілді әрекеттер үшін Интернетке цензура енгізу қажет-ау деп ойлайсың... Бірақ ең демократияның орнаған саласы - осы ғаламтор екенін Интернетті қолданушылар жақсы түсінеді. Өйткені, мұнда қандай ой, пікір айтсаң да, қалай айтсаң да, тек өзіңе, адамгершілік арыңа сын.
Ендігі бір мәселе - Интернетке тәуелділік. Сағаттап, тіпті таңды-таңға ұрып, Интернетті қызықтайтындар да кездеседі. Бұл да бір есірткіқұмарлық, нашаға тәуелділік сияқты нышанды байқатады. Адамның психикасына, денсаулығына кері әсер етеді.. Осындай келеңсіз, жаныңды түршіктіретін ақпараттар интернетте орын алып жатса, оның жұртшылыққа пайдасынан гөрі зияны көп емес пе? Демек, Интернетті қажетіне қарай, шамамен пайдалана білу мәдениетін қалыптастыру да көп ойланатын дүние.