ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сабақтың тақырыбы:Дыбыс.Дыбыстың сипаттамалары.Акустикалық резонанс.Дыбыстың таралуы.Жаңғырық.Ультрадыбыс.
Сабақтың мақсаты:
1)Білімділік:оқушыларға дыбыс ұғымы және оның негізгі сипаттамалары туралы түсіндіре отырып,жаңа білімді меңгерту.
2)Дамытушылық:оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, дыбыс толқынның негізгі сипаттамалары туралы білімдерін одан әрі дамыту.
3)Тәрбиелік: оқушыларды дыбыстың қасиеттерін техника мен тұрмыста қолдана алуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі:сын тұрғысынан ойлау,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Пәнаралық байланыс: математика,музыка, биология.
Сабақтың көрнекілігі: карточкалар,темір сызғыш, домбыра,интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: -
Үй жұмысын сұрау. -
Жаңа білімді қалыптастыру. -
Жаңа білімді бекіту. -
Сабақты қорытындылау. -
Үйге тапсырма.
1.Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылармен сәлемдесу.Сынып бөлмесінің және оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2. Үй жұмысын сұрау:(Серпілген сауал доп лақтыру арқылы)
-
Толқын дегеніміз не? -
Көлденең толқын қандай ортада пайда болады? -
Бойлық толқын ше? -
Толқын ұзындығы деген не? -
Толқын жылдамдығы деген не? -
Сейсмикалық толқындар туралы не білесіңдер?
Оқушылардың үйге берілген есептерді қалай орындап келгенін тексеру.
3.Жаңа білімді қалыптастыру.
Демонстрация:
1.Темір сызғышты тербеліске түсіріп,дыбыс шығарғанын бақылау
2.Домбыраны шерту арқылы не байқадыңдар (дыбыс шығару)
Ой қозғау
1.Біз дыбыстарды көре аламыз ба?
2.Барлық дыбыстарды ести аламыз ба?
3.Дыбыс қандай жылдамдықпен қозғалады?
4.Дыбыс жарық сияқты шағылыса ма?
Тербеліс жиілігі 16 Гц-20000 Гц- ке дейінгі механикалық толқындар адамда дыбыс әсерін тудырады.Сондықтан мұндай толқындарды дыбыс толқындары немесе акустикалық толқындар деп атайды. Грек тілінен akustikos –дыбыс деген сөзінен шыққан.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстар ультрадыбыстар, 16 Гц-тен төмен –инфрадыбыстар деп аталады.
Бұл дыбыстарды адам құлағы қабылдамайды.Кейбір тіршілік иелері
20-30 мың Гц –ке (мыс жарқанаттар 21 мың Гц-ке, дельфиндер-28 гц-ке дейінгі тербелістерді), ал, инфрадыбыстарды медуза, су шаяны тәріздес теңіз жәндіктері жақсы қабылдайды.
Дыбыс барлық ортада тарай алады.1-кесте .Қатты ортада жылдам тарала алады,одан кейін сұйықта.Ал, ауада дыбыс баяу тарайды.
Мысалы:күн күркіреп,найзағай ойнаған кезде біз алғаш найзағайдың жарқырауын көреміз де,біраздан кейін ғана күннің күркіреген дыбысын естиміз.
Әр түрлі ортадағы дыбыс жылдамдығы 1-кесте
Ортада | Дыбыс жылдамдығы, м/с |
Ауа | 330 |
Су | 1480 |
Болат | 4380 |
Мыс | 3800 |
Темір | 5850 |
Шыны | 5600 |
Сутек | 1280 |
Каучук | 50 |
Дыбысты сипаттау үшін біздің дыбысты қабылдауымызбен байланысты дыбыс қаттылығы, тонның биіктігі, тембр сияқты арнайы физикалық шамалар енгізіледі.
Ауада тарайтын дыбыс толқындары серпімді бойлық толқындар болып табылады.
Дыбыстың қаттылығы неге байлынысты болатынын анықтау үшін камертонды қолданады.
Интербелсенді тақтада камертонды видео арқылы көрсету
Камертон – доға тәрізді қысқы сапталған металл таяқша, оның көмегімен музыкалық дыбыс алуға болады. Мектеп камертондары бірінші октаваның “ля” нотасына сәйкес келетін дыбыс шығарады.
Камертондардың немесе басқа гармоникалық тербеліс жасайтын денелердің шығаратын дыбыстары музыкалық дыбыстар деп аталады.
Дыбыс қаттылығы дыбыс шығаратын дененің тербелістер амплитудасымен анықталады.
Өлшем бірлігі – Децибел (дБ)
1847 -1922 жылдары өмір сүрген, телефонды ойлап тапқан американдық өнертапқыш Генри Белдің құрметіне бел деп аталған. 1 бел = 10 дБ –ге тең.
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейінің мәндерін 2 кестеден көре аламыз.
Дыбыс көзі | Дыбыс қаттылығы, дБ |
Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі | 130 |
Ұшақтың көтерілуі | 120 |
Дискотекадағы музыка | 110-120 |
5-7м қашықтықтағы автомобиль сигналы | 100 |
Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы | 80 |
Көше шуы | 70-80 |
3м қашықтықтағы шаңсорғыш дыбысы | 70 |
Тас жолдағы автомобиль қозғалысы | 50-60 |
Әңгіме-сұхбат | 40 |
Тұрғын үйлердегі шу нормасы | 20-30 |
Жапырақтың сыбдыры | 10 |
Белгілі бір жиіліктегі дыбыс толқынын тон деп атайды.Тон биіктігі тербеліс жиілігімен анықталады, яғни тербеліс жиілігі үлкен болса, тон да биігірек болады.
Слайд:8,9
Тембр –адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы.Интербелсенді тақтадан жануарлар мен құстардың дауысын қосу
Шу - әр түрлі жиіліктегі дыбыстардың ретсіз қабаттасуы болып табылады.
Акустикалық резонанс деп дыбыс тербелісі кезінде меншікті тербеліс жиіліктері сәйкес келетін құбылыс.
Жаңғырық – қандай да бір кедергіден шағылған және бастапқы таралған орнына қайта оралған дыбыс толқындары.
s=
Дыбыстың әр түрлі кедергілерден шағылуы барысында, естілу ұзақтығының артуы реверберация деп аталады.
Жұмсақ жиһаздары бар, кілем төселген және ада көп жиналған бөлмелер дыбыс толқындарын жақсы жұтады, мұндай орындардың реверберациясы аз болады.
Жиілігі 20000 Гц-тен жоғары дыбыстарды ультрадыбыстар деп атайды.
Ультрадыбыстар техникада және медицинада кеңінен қолданылады.
Шағылған ультрадыбысты пайдаланып, нысананың орнын анықтау тәсілі эхолокация деп аталады.
Медицинада (УЗИ) адам денесін ультрадыбыстық тексеру (сканерлеу)үшін пайдаланылады.
Ультрадыбыстың көмегімен тастар ұнтақталады, металдарды және аса қатты материалдарды кесу және дәнекерлеу жүзеге асады.
-
Есептер шығару(оқулықпен жұмыс)
26- жаттығу
№1.Кез келген тербелетін дене ауада механикалық толқын тудырады.Неліктен онда олардың барлығы да дыбыс толқындарын таратпайды?
Жауабы:Дыбыс таралу үшін дыбыс көзі мен дыбыс қабылдағыш арасында серпімділік қасиеті бар қандай да бір орта болуы тиіс.
№2.
Бер: Шешуі:
ν=510Гц υ=λν
υ=340м/с λ= = =0,7м
т/к λ-?
№3
Бер: Шешуі:
t=10с υ=
υ=343 м/с s=υt=343м/с·10с=3430м
т/к s-?
№5
Бер: Шешуі:
ν=740Гц υ=λν
υ=1480м/с λ= = =2 м
т/к λ-?
27- жаттығу
№1.
Бер: Шешуі:
s=200м s= t= = =1,2с
υ=340м/с
т/к t-?
№2
Бер: Шешуі:
t=4,5с s= = =765м
υ=340 м/с
т/к s-?
№4
Бер: Шешуі:
ν=435Гц υ=λν
υ=340м/с λ= = =0,78 м
т/к λ-?
-
Сапалық есептер шығару (барлық топқа бірдей)
1.Көшпенділер жау әскерінің жақындағанын қайдан біліп отырған?
Жауабы:жер үлкен арақашықтықта дыбыстарды жеткізеді.Адамның жерге жатып тыңдаған.Көптеген әскердің дауысы гуілболып алысқа естіледі.
2.Жазық далада жаңғырықтың естілуі мүмкін бе?
Жауабы: жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ
3.Қару жаратқан оқ атқанда неге дыбыс шығады?
Жауабы:Патронның атылуынан тез сығылған ауа дыбыс толқынын тудырады.
4.Қамшыны кенеттен сермеп қалғанда неге дыбыс шығады?
Жауабы:Қамшыны сермегенде шығатын дыбыс ауаның тізбекті тербелісінен туады.Тербеліс жиілігі қамшының қозғалыс жылдамдығына байланысты болады.
5.Киіз үйдің ішіндегі дауыстардың шығуына кілемдер мен түс киіздердің әсері қандай болады?
Жауабы:Жұмсақ маталар және кілемдер дыбыс толқынының энергиясын өшіреді, дыбыс қаттылығы азаяды.Осыдан дыбыс тыныш естіледі.
6.Күндізгіге қарағанда дауыс түнде неге қаттырақ шығады?
Жауабы:түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады.
7.Немістің ұлы композиторы Бетховен өзінің кездегі симфонияларын,сонаталарын, басқа да тамаша шығармаларын саңырау кезінде жазған,сонда Бетховен шығармаларын қалай жазды?
(таяқшаның бір ұшын рояльдің қақпағына тіреп қою арқылы байланыстырған)
-
І топ «Физиктер»тобы Физикалық диктант. (Иә, жоқ деп жауап беру)
1.Дыбыс – есту түйсігін туғызатын серпімді толқындар.
2. Жиілігі 20Гц - тан жоғары толқындарды адам құлағы естиді.
3. Найзағай – табиғи дыбыс көзі.
4. Акустика – дыбысты зерттейтін физика бөлімі.
5. Дыбыс қаттылығы тербеліс жиілігімен анықталады.
6. Дыбыс тоны тербеліс жиілігімен анықталады.
7. Дыбыстың аудағы жылдамдығы 230 м/с.
8. Дыбыс қаттылығының өлшем бірлігі – Бел.
Жауаптары: 1. иә, 2. жоқ. 3. иә, 4. иә, 5. жоқ, 6. иә, 7. жоқ, 8. иә.
-
ІІ топ «Музыка» тобы Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындайды.
-Өлеңдегі физикалық құбылыстарды анықтау
-
ІІІ топ «Биология» мына тапсырманың ішінен инфрадыбыс және ультрадыбыстың адам ағзасына тигізетін әсерін жазу
-
«Ыстық картоп»кезеңінде берілген сұрақтарға оқушылар тез 15 секундта жауап беру керек. Өйткені картоп күйіп кетеді. Картоп күйіп кетсе,яғни уақыт бітсе, сол топ ойыннан шығады. Қалғаны жалғастырады. -
Тесттік тапсырма:
1. Жиілігі 16 Гц - тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар
Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар
Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц
Б) 200 000Гц
С) 200Гц
Д) 2Гц
3. Жиілігі 510 Гц дыбыс көзінен толқын ауада 340 м/с жылдамдықпен таралса, толқын ұзындығы қандай болғаны?
А) 4, 55м
Б) 4, 5м
С) 5м
Д) 4, 35
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне
Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне
Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр
Б) герц
С) метр/секунд
Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы қанша?
А) 340м/с
Б) 50м/с
С) 1480м/с
Д) 5600м/с
7. Адамның дауысына немесе аспаптың үніне өзіндік бояу беретін дыбыстың сапасы..
А) тон Б) шу С) тембрД) музыкалық дыбыс
Жауаптары: А, А, Д, Б, Д, А, С.