Файл: Отстік азастан мемлекеттік педагогикалы университеті Маала Таырыбы Ксіби ызмет салалары,зекті философиялы мселелері.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 37
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
«Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті»
Мақала
Тақырыбы: Кәсіби қызмет салалары ,өзекті философиялық мәселелері
Орындаған: Мықтыбай Нұрзада.
Ағайдарова Жансая.
Нурланбек Жансая. Қабылдаған:Күзембаева Айгүл
Тобы:2302-11
Филологиялық білім беру – бұл классикалық гуманитарлық білімді дағдыландыру мен қалыптастыру.
Аннотация.
Қазіргі заманда гуманитарлық білімді математика сияқты формалдандыруға тырысушылық басым. Математиканың нақты әдістері филологияның шеткі салаларында ғана қолданылуы мүмкін, бірақ оның негізгі мәніне әсер ете алмайды.Филологиялық білім беру – бұл классикалық гуманитарлық білімді дағдыландыру мен қалыптастыру арқылы ұлттық рухтың оянуына әсер етуші тілдік дағдыланған маман.
Кілт сөздер: Филология, филолог, тіл зерттеуші, гуманитарлық,сөзге құмарлық,лингвистика,функция,классификация.
«Адамдардың басқа тіршілік иелерінен артықшылығы сөйлей білуінде». Иә, бұл тұжырым барлық жерде айтылып келеді. Адамдар ымдасудан сөйлесуге дейін үлкен бір жолды бастан кешірді. Одан кейін адамдар жазуды игере бастады. Нәтижесінде мәтіндермен жұмыс жасайтын жаңа мамандық иелері пайда болды. Олар өз кезегінде «филолог» деп аталды. Филология (гр. philologia сөзге құмарлық) — жазба ескерткіштерді тілдік және стилистикалық жағынан талдау арқылы адамзаттың рухани мәдениетін зерттейтін тіл білімі, әдебиеттану, мәтінтану, деректеметану, палеография секілдіжаным гуманитарлық пәндердің жиынтығы.[1,2005]
Мәтін филологияның алғашқы нақты негізі болды, онын дамуына философия елеулі ықпал етті. Филологтар 2500 жылдан бері еңбек етіп келеді. Антикалық дәуірде Грекия мен Римдегі мектеп оқушылары әдебиетке жақын бір сабақты оқып жүрген. Кейінірек ол сабақтың бүгінгі филология пәніне қатысты болғаны анықталып отыр. Бұл мамандықты таңдаған жандар көбіне өткен күннің тарихына көз жүгіртіп, санасына түйгенді ұнатады. Кез келген дүниенің тарихына баса мән береді. Ал мамандықтың өзі ежелгі гректердің өмірімен және тұрмысымен тығыз байланысты қаралады. Өйткені, ежелгі гректерде шешендік өнерді меңгеру, жұрт алдында сөйлей білу, өзіңді тапқырлықпен тығырықтан алып шыға білуге баса назар аударылған. Кейіннен бұл ерекшелік еуропалықтарға, одан кейін араб елдерінің тіршілігімен біте қайнасып кетті. Қазіргі таңдағы ғылымда филологияның атқаратын қызметі айрықша. Белгілі бір өркениетке ғана тиесілі болмай, әр халықтың әлемінде шырқау шыңына өрмелеп барады десек қателеспейміз.
Филологиялық білім беру – бұл классикалық гуманитарлық білім
беру. Қазақстанда алғаш ашылған оқу орындарында білім беріле
бастаған да дәл осы филология мамандығы болатын. Тарихи
қалыптасқан бұл мамандықтың 90 жылдық тарихы бар. Бұл ғылым
түріне тіл білімі, филология (тілтаным), әдебиеттану, коммуникациятеориясы, лингвистика, аударма ісі, тіл мен әдебиетті оқыту методикасы, стилистика, тіл мәдениеті, тіл тарихы, тіл саясаты тәрізді тілге қатысты барлық бағыттар мен құбылыстардың жиынтығы жатады. Филология мен лингвистика – бүгінгі таңда әлемдік бағытта дамып жатқан ғылымдар. Себебі әлемдік үрдіске айналған әрі ортақ ғаламдастыру құндылықтарын қалыптастырып жатқан тілдік құбылыстар мен тілдік тенденциялардың орын алуына байланысты бұл ғылымның да дамып,кеңеюуі, үлкен ғылыми идеологиялық күшке айналуы байқалады. Сол сияқты Қазақстандық филологияның да басты мақсаты – полимәдениетті білім беру бағдарламасын тағайындау. Бұл, өз кезегінде, Қазақстанның ғаламдық интеграцияға жақындауын жылдамдатады. Қазақстандық саясаттың негізгі эталонына айналған үштілді мемлекеттік саясаттың да орын алуына тікелей қазақстандық филологияның қатысы бар екені белгілі.
Бүгінгі қоғамға бұл мамандық иелері ауадай қажет. Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, ділін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – осы филологтар. Мектепте оқушыларды мұғалімдер әдебиетке баулуға, тіліне баса мән беруге және әлем туралы таным-түйсігін оятуға ұмтылады. Оның себебі де жоқ емес. Дұрыс жаза білу, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу, болашағыңның іргетасын қалаумен тең. Ал филолог мамандар келешекте дәл осы тұрғыдан да еліне елеулі еңбек сіңіре алады
Ескі әдеби нұсқаларды зерттейтін ғылым ретінде көне дәуірде қалыптаса бастаған. Алғашқы топшылау, байламдар Гомер текстіне байланысты айтылған. Философиялық, логикалық, діни түсініктерден көп кейін пайда болғанмен, филология көне замандаақ өз алдына сынау, сын пікір ретінде қалыптасқан. Аристотельдің «Поэтика», Демокриттің «Поэзия туралы» еңбектері осыны дәлелдейді. Кейінгі замандарда ірі әдеби шығарамалардың пайда болуына байланысты филология да өркен жая берген. Кейінірек ескі әдеби нұсқаларды, ертедегі жазушыларды зерттейтін ғылым саласын классикалық филология деп атады. Қайта өрлеу дәуірі, ағарту кезеңі, жаңа тарих кезінде Данте, Шекспир, Гейне, Гете, Бальзак, Толстой, Пушкин, Тагор, бүкіл Шығыс өлкесіндегі Фирдоуси, Рудаки, Саади, Омар Хайям, Низами және Науаи сияқты кемеңгерлер туындыларына байланысты орасан бай зерттеу еңбектері пайда болып, бүкіл филология ғылымын ілгері дамытты. Орыс филологиялық ғылымын биік сатыға көтерген Ломоносов болды. Кейінірек Белинский, Чернышевский, Добролюбов сияқты ойшыл-сыншылар филология ғылымынын одан әрі өрістеуіне үлкен ықпал жасады. Филология ғылымының екі үлкен саласы тіл ғылымы мен әдебиеттану дараланып, кең арнаға түсіп, дамыды. Қазақ тілін, қазақ ауыз әдебиетінің нұсқаларын, өлең-жыр, дастандарды алғаш зерттеген Шоқан Уәлиханов секілді шығыстанушы ғалымдар болды. Қазақ филологиясын толық мағынасында дербес ғылым етіп қалыптастырған – Ахмет Байтұрсынов. Ол қазақ тіл ғылымының негізін салды, ұғымдарды, терминдерді жүйеге келтіріп, қалыптастырды. Сондай-ақ қазақ әдебиетін зерттеуге де үлес қосты. Қазақ әдебиетінде филологияның дамуы Абай мұрасын зерттеп, игеруге байланысты тереңдеді. С. Сейфуллин, М. Әуезов тағы басқа ақын-жаушылардың шығармашылығын зерттеу, бұрынғы тарих пен кеңес дәуіріндегі көркем әдебиеттің өсу зандылықтарын анықтау процесінде филология ғылымы ілгері басқаны даусыз. Филология ғылымы әдебиеттің өзіндік мәселелерін қарастырумен бірге, оның тілдік, сөздік ерекшеліктерін зерттейді. Қазақ әдебиеттану ғылымы бірнеше арнада өркендеп келеді. Әдебиет тарихымен қатар, әдебиет теориясы, әдеби сын саласында да жетістіктер баршылық. Қазір әдебиет тарихы түбегейлі зерттеле бастаған кезде әдебиеттану ғылымының алдында тұрған міндеттер бұрынғыдан салмақты, жауапты екені анық. Сонымен бірге тарихи әдеби процесті әлдеқайда толық, жанжақты сипаттап, талдау көрсетуге мол мүмкіндік туып отыр және
филология баспасөздің ерекше бір тәсілі ретінде бірлігін күні бүгінге дейін сақтап келеді.[2,384]
Бұл мамандықты таңдаған жандар көбіне өткен күннің тарихына көз жүгіртіп, санасына түйгенді ұнатады. Кез келген дүниенің тарихына баса мән береді. Ал мамандықтың өзі ежелгі гректердің өмірімен және тұрмысымен тығыз байланысты қаралады.
Өйткені, ежелгі гректерде шешендік өнерді меңгеру, жұрт алдында сөйлей білу, өзіңді тапқырлықпен тығырықтан алып
шыға білуге баса назар аударылған. Кейіннен бұл ерекшелік еуропалықтарға, одан кейін араб елдерінің тіршілігімен біте қайнасып кетті. Қазіргі таңда ғылымда филологияның атқаратын қызметі айрықша. Белгілі бір өркениетке ғана тиесілі болмай, әр халықтың әлемінде шырқау шыңына өрмелеп барады. десек қателеспейміз.Бүгінгі қоғамға бұл мамандық иелері ауадай қажет. Ұлттық рухтың оянуына, халықтың тілін, ділін сақтап қалуына ықпал ететін халықтың көзі мен құлағы болуға дағдыланған мамандар – осы филологтар. Мектепте оқушыларды мұғалімдер әдебиетке баулуға, тіліне баса мән беруге және әлем туралы таным-түйсігін оятуға ұмтылады. Оның себебі де жоқ емес. Дұрыс жаза білу, өмірге деген дұрыс көзқарас қалыптастыра білу,болашағыңның іргетасын қалаумен тең. Ал филолог мамандар келешекте дәл осы тұрғыдан да еліне елеулі еңбек сіңіре алады.
Қорытынды:
Қорытындылай келгенде бұл мамандықтағы адамдар гуманитарлық салаға жақын болуы тиіс. Яғни, өлең немесе әңгіме жазып, не болмаса ғылыми зерттеулермен айналысуға бейімі болуы керек. Ұстаз болған кезде оқушыларының алдында әдемі, таза сөйлеп, үлгі бола білуі қажет.Филолог тілді жан-жақты зерттеп, оның функциясын, классификациясын білуге міндетті. Мысалы, жай ғана бір сөздің мағынасы, шығу тегін, болмысын ашу керек болса, филологтарға жүгінеріміз анық.Бұл мамандықтағы адамдар кез келген мектеп, колледж, университет және музей, кітапханаларда қызмет ете алады. Филологтар көбінесе ұстаздық қызмет атқарады. Алайда жазуға икемі барлар газет-журналдарда жұмыс істей алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. «Сөздік-Словарь», 2005 жыл. -
Әдебиеттану терминдерінің сөздігі. Алматы: «Ана тілі» баспасы, 1998. - 384 б.