Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1225

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


116







а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:

 Бүгін күн қандай?

– Бүгін күн жылы.

 Аулада нелер жайылып жүр?

  • Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.

  • Балалар не істеді?

 Балалар асық атып ойнады.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме

құрату: Бүгін күн жылы. Аулада қозы мен лақ жайылып жүр. Балалар асық атып ойнады.

  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтау.

  2. Қажетті сөйлемді (Аулада қозы мен лақ жайылып жүр.) бөліп алып, оны сөздерге ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қозы» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  4. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  5. «Қ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  6. «Қ» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  7. Асықтардан «қ» әрпінің сұлбасын жасау.

2. Әңгіменің құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар «қозы» сөзіне дыбыстық талдау жасайды.Сөзде бір дауысты болғандықтан, бұл бір буынды екендігін анықтайды.

  2. «Қозы» сөзін буынға бөліп, бірінші буындағы алғашқы дыбысты «қ-қ-қ» деп созып айтып, «қ» дыбысын анық естиді.

  3. «Қ» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  4. Асықтардан «қ» әрпінің сұлбасын жасау.

оқушыларға көмек беру.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.
Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Мақтау


Оқушыларға қолдау көрсету.


Сызба, оқулық
Асықтар

Оқулық


117






9. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 34-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «Қ» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (ақ лақ), ортасына (қалта тақта),

соңына (қала қалақ) тиісті дыбысты қосу

арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.
Жазылым

  1. Оқулықтағы «Қ» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Қ» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Қ» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Қ әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Оқушылар таныс әріптерді қолданып сөз құрап, жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс

«Бәрекелді!», «көк» түс – «Жарайсың!»,

«қызыл» түс – «Ойлан!».





Жазу дәптері

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Дыбыс сызбасына сәйкес келетін суретті анықта. Сөзге дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.
1-деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасына сәйкес суретті анықтайды:






Оқулық



118






«Қаратау» мәтінінде құрамында «қ» дыбысы кездесетін сөздерді тап.

3-деңгей:

«Тышқан», «сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құра.
«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің QR-пен жұмыс арқылы немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы.
Жұмбақтың шешуін тап. Шік түсті, бүк түсті, Алшы тұрды, тәйке тұрды. Шеше алады ал кім мұны?

(Асық)
Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу. Сабақты

«Ұлттық ойындарымызды ұмытпауымыз керек» деген қорытынды пікірмен аяқтау.

қарға. Осы сөзге дыбыстық талдау жасайды.

  1. деңгейдегі оқушылар «Қаратау» мәтініндегі «қ» дыбысы кездесетін сөздерді анықтайды: Қаратау, қала, Қанат.

  2. деңгейдегі оқушылар «тышқан»,

«сауысқан», «асық» сөздерінің бірімен сөйлем құрайды.



  1. Оқушылар жұмбақты тыңдайды.

  2. Жұмбақтың шешуін табады.

  3. Асық ату қазақ халқының ұлттық ойыны екендігін түсінеді.

  4. Ұлттық ойындарымызды қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа мұра етіп қалдыруымыз керектігін түсінеді.





Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020

Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы



  1. 1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   62


сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 07.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


119



Сабақтың тақырыбы

Қ дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады; айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады; сөйлемді бас әріптен бастап жазып, соңына тиісті тыныс белгіні қояды.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

«Сиқырлы сандық»


Оқушылар сандықтың ішінен парақшаларға жазылған жылы сөздерді таңдап, сол қасиетке лайықты сыныптастарына сыйлайды. Соңында

бір-бірін қошеметтеп, алғыс айтады.






Сандық, жылы сөздер жазылған ақ

қағаздар

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөздерді, сөйлемдерді буындап, тұтас оқисыңдар. Сызба-модель арқылы сөз, сөйлем құрайсыңдар. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрайсыңдар. Сөздің алдына, ортасына, соңына тиісті дыбысты қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретінін түсінесіңдер. «Қ қ» әрпі кездесетін сөздерді, сөйлемдерді көркем жазасыңдар.
(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы. Оқылым

  1. Сөздерді буындап, тұтас оқу.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің

басына (ақ  тақ, қар  арқар, лақ  қалақ,



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға



Қолдау

Қолдауды қажет ететін оқушыларға

көмек беру.



Суреттер, оқулық Сызба
Оқулық



120






қала  аққала) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы

өзгеретінін түсіну.

  1. Сызба-модельге сәйкес көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою.

  2. Сызба-модель арқылы сөйлем құру.

  3. Орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқу.



Жазылым.

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  1. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан

«арқар», «қалақ», «салақ», «алқа»,

«талқан», «қарақат», «қалқан» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.

  1. Оқушылар сын атына (ақ) сәйкес келетін зат атын тауып, көп нүктенің орнына қояды: ақ қант, ақ тақта, ақ мата, ақ қозы.

  2. Сөйлемнің сызба-моделі арқылы сөйлем құрайды: 7 – тақ сан. Анау – қара тақта.

  3. Оқушылар орны ауыстырылып берілген сөйлемдерден мәтін құрап оқиды: Анау – қауын. Қауын сары. Қалау, қауынал.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Оқулықтағы тапсырманы дәптерге орындайды: ақ қант, ақ тақта, ақ мата, ақ қозы. (Ескерту: дәптерге тек осы сөз тіркестерін көшіріп жазады. Келесі екі сөйлемді ауызша құрап айтады).

  3. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің

соңында берілген дөңгелек-шартты


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.
Мақтау Қолдауды қажет

ететін оқушыларға көмек беру.


Жазу дәптері
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

Оқулық Жазу дәптері


121









белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».







Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Дыбыстық сызбаға сәйкес сурет атауын тап. Дыбыстық талдау жаса.

  1. деңгей:

Қандай қызылша? Қызылша қандай? сұрақтарына жауап бер.

  1. деңгей:

Сюжетті сурет бойынша шағын мәтін құра.
Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні

ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар дыбыстық сызбаға сәйкес сурет атауын табады: асқабақ.

  2. деңгейдегі оқушылар «қызыл қызылша», «Қызылша қызыл» деп жауап береді.

  3. деңгейдегі оқушылар сюжетті сурет бойынша шағын мәтін құрайды: Мынау – бақша. Қауын, қарбыз, қызылша пісті. Әкесі мен баласы

көгөністерді жинады.

Мақтау



Оқулық

Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы





  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні: Ильдебаев Мирас Жаныбекович

Күні: 08.10




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


122



Сабақтың тақырыбы

Ы дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; сюжетті сурет бойынша шағын әңгіме құрайды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:










(1–7 мин)

1. Сәлемдесу.







2. Оқушыларды түгендеу.







Психологиялық ахуал орнату.







– Сәлеметсіңдер ме, балалар, мен сендерді







көргеніме қуаныштымын.







 Сендердің көңіл күйлерің қалай?

Жылылықты, достықты, мейірімділікті




 Мен бүгін жақсы көңіл күйдемін.

сездік деп айтады.




 Сол көңіл күйім арқылы не сездіңдер?







Кел, балалар, күлейік,







Күлкіменен түлейік.







Қабақ түйген не керек,







Көңілді боп жүрейік!







Кел, балалар, күлейік,







Күлкіменен түлейік.







Күлкі көңіл ашады,







Күліп өмір сүрейік!




Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп

аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Ы» дыбысының айтылу



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау


Суреттер, оқулық
Сызба