Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1237

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


144






  1. Қажетті сөйлемді (Ол елікті көрді) бөліп алып, оны сөздерге (Ол, елікті, көрді) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  2. Өтілетін жаңа дыбысы бар «елік» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау.

  3. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  4. «Е е» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  5. «Е е» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  6. Санағыштардан «е» әрпінің сұлбасын жасау.

  7. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.





Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.




(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 42-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «Е е» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (ар ер, ол ел), ортасына (елу езу) тиісті

дыбысты қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін

түсіну.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.


Мақтау





Жазылым

  1. Оқулықтағы «Е е» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Е» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Е» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.

1. Оқушылар жазу дәптеріндегі

тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Е әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Е әрпі кездесетін сөздерді көркем жазады.





Жазу дәптері



145









2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».

Оқушыларға қолдау көрсету.




Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Дыбыстық сызбада қандай сөз жасырулы тұрғанын анықта.

  1. деңгей:

«Е» дыбысы сөздің қай бөлігінде (басында, ортасында, соңында) орналасқанын анықта. Сөзді буынға бөл.

  1. деңгей:

«Жеміс» сөзімен сөйлем құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

  1. деңгейдегі оқушылар дыбыстық сызбада жасырулы тұрған сөзді табады: жеміс.

  2. деңгейдегі оқушылар сөздегі Е дыбысының орнын анықтайды. Жеміс сөзін буынға бөледі.

  3. деңгейдегі оқушылар «Жеміс» сөзімен сөйлем құрайды.






Оқулық




«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпашпен жұмысты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы.

Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.




  1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.

  2. Жаңылтпашты жаттап алып, жаңылтпаш айтып жарысады.



Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020




Рефлексия

Сабақта алған көңіл күйлерін

смайликпен көрсетеді.




Рефлексия

тақтайшасы














146



  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Е дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрастырады; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуі қалыптасады.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай

қуаныш!


Өсемiз бiз күлiп-ойнап, Он саусақтың саласындай. Өсемiз бiз күлiп-ойнап,

Бiр адамның баласындай.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөздерді, сөйлемдерді буындап, тұтас оқисыңдар. Сызба-модель арқылы сөйлем құрайсыңдар. Сөйлемдер ретін дұрыс анықтап, мәтін құрайсыңдар. Сөздің алдына, ортасына, соңына тиісті дыбысты

қосу арқылы сөздің мағынасы өзгеретінін түсінесіңдер. «Е е» әрпі кездесетін



Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.



Қолдау



Суреттер, оқулық Сызба



147






сөздерді, сөйлемдерді көркем жазып үйренесіңдер.


  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

«Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «терме» сөзінің түсіндірмесін тауып оқиды.

  1. Оқушылар суреттердің көмегімен «Мынау не?» сұрағына

жауап береді: Мынау  емен. Мынау – терек. Мынау – ер-

тоқым.

  1. Оқушылар сөйлемнің сызба- моделі арқылы төмендегі жауаптардың сұрағын табады: Сенің атың кім? Атаңа кім боласың? Ертегі қалай басталады?

  2. Оқушылар жаңылтпашты буындап, тұтас оқиды.







(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы.

  1. Сөздерді буындап, тұтас оқу.

  2. Сөз мағынасымен жұмысты перспективті қатардағы сөздермен ұйымдастыру. Сөздің басына (мен  емен,

сен  Есен), ортасына (терме  терезе),

соңына (ер  ерте) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы

өзгеретінін түсіну.


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Оқулық

«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

3. Суреттердің көмегімен «Мынау не?» сұрағына жауап беру.










Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Мақтау


Оқулық


4. Сөйлемнің сызба-моделі арқылы төмендегі жауаптардың сұрағын табу.















5. Жаңылтпашты буындап, тұтас оқу. Есет атам

Ет асатар,









148






Ет асатса, 5 асатар.
Жазылым.

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы сөздерді және сөйлемді көркем жазады.

  2. Оқулықтағы тапсырманы орындайды.

  3. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.


Мақтау



Жазу дәптері Оқулық

Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Буындардан сөз құра.

  1. деңгей:

Есен, емен, ерте, немере сөздеріндегі «е» дыбысының орнын анықта.

  1. деңгей:

«Сен», «емен» сөздерімен сөйлем құра.

Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып,

жауап алу.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.

  1. деңгейдегі оқушылар жасырулы тұрған буындардан сөздер құрайды: Есен, емен, ерте, немере.

  2. деңгейдегі оқушылар Есен, емен, ерте, немересөздеріндегі

«е» дыбысының орнын анықтайды.

  1. деңгейдегі оқушылар «Сен»,

«емен» сөздерімен сөйлем құрайды.



Мақтау



Оқулық


149






Рефлексия


Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы