Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1228

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. сабақ



Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ү дыбысы және әрпі

Күтілетін нәтиже

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады;

дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтеуге үйренеді.


236






















Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

«Маршрут» ойыны.

Бастаушы бір сөзді айтады, келесі оқушы айтылған сөздің соңғы әрпінен басталатын жаңа сөз айтуы

қажет. Үш-шана-ана-анар-рақат-тары-ыдыс т.б.



Соңғы әріптен басталатын сөздерді жалғастырып айтады.







Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Үү» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Ү ү» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Ү ү» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.

(МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Сурет бойынша әңгіме құрау.


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау










  1. Әңгімені сөйлемдерге талдау. Сөйлем санын анықтау.

  2. Бір сөйлемді сөздерге талдау. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: «Балалар қалаға барды. Қастарында күшіктері бар. Олар үш кісінің ескерткішіне таңдана қарады».

  2. Әңгімені сөйлемдерге талдайды: Құраған әңгімелерің неше сөйлемнен тұрады? (4).

  3. Осы сөйлемдердің ішіндегі бір сөйлемді (Қастарында күшік бар.) сөздерге талдайды: Бұл сөйлемде 3

сөз бар.

Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.


Суреттер, оқулық Сызба



237






  1. Сөзді буынға бөліп, жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  2. «Ү» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  3. «Ү» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  4. Түймелерден «ү» әрпін жасау.



(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

(МК, Ұ, Ө) Оқылым.

  1. Оқулықтың 71-бетінде берілген сөздер мен мәтінді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтас оқуы.

  2. «Ү» дыбысының сөз алдында, ортасында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөз мағынасымен жұмысты берілген сөздермен ұйымдастыру. Сөздің соңына (үкі – үкімет), сөз ортасына (күш – күші), сөз алдына (үш – күш) тиісті дыбысты немесе буынды қосу арқылы оның мағынасы өзгеретінін түсіну.

  4. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,

«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқуына қолдау көрсету.

  1. Мақалды тыңдатып, мағынасын түсіндіру.

  1. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«күшік» сөзіне дыбыстық талдау жасайды: алдымен «кү-шік» деп буынға бөледі.

  1. «Кү-» бірінші буынын айтып, қай дыбыс созылып айтылып тұрғанын табады.

  2. «Ү» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  3. Түймелерден «ү» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. Мұғалімнің қолдауымен «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «үкі»,

«үкімет» сөздерінің түсіндірмесін тауып оқиды.


Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.

Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.


Түймелер. Әріптің жазылу үлгісі

Оқулық
«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы

Оқулық Жазу дәптері


Жазылым

  1. Оқулықтағы «ү» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Ү» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Ү» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.


1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы

«ү» әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

Оқушыларға қолдау көрсету.


Мақтау, қолдау






238









2. Әр сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».







Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Жұмбақты оқып, шешуін тап.

  1. деңгей:

«Ү» дыбысы сөздің қай жерінде келетінін анықта.

  1. деңгей:

Күнтізбе сөзімен сөйлем құра.

«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің мақалдың мағынасын түсінуді QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы. Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап

алу.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар суреттердің және сөздің дыбыс сызбасы арқылы жаңа сөзді табады: күнтізбе.

  2. деңгейдегі оқушылар «ү» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар «күнтізбе» сөзімен сөйлем құрайды.




  1. Оқушылар «Түйе – түлік төресі» мақалын тыңдайды.

  2. Мақалдың мағынасын өз ойларымен түсіндіруге тырысады.



Қолдауды қажет ететін оқушы- ларға көмек беру.


Саралау тапсырмалары

Әліппе. Үнтаспа.

«Атамұра», 2020

Рефлексия




Оқушылар сабақтан кейін алған әсерлерін смайликтермен белгілеп, себебін түсіндіреді.

Өзін-өзі бағалайды.

Смайликтер


  1. 239



сабақ

Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Ү дыбысы және әрпі

Оқу бағдарла-

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін

масына

түсінеді; сызба-модель, сурет, белгілер арқылы сөз, сөйлем, шағын мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және

Сәйкес

төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады;

күтілетін

айтылуы мен жазылуы бірдей сөздерді көшіріп және есту, есте сақтау арқылы жазады.

нәтижелер

Дамытушылық: сөздік қоры жаңа сөздермен байиды; сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды.




Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Ойсергек. Тыңдалым. «Саққұлақ» ойыны. Оқушылар оқылған немесе тыңдалған шығармадан «ү» дыбысы кездескен сөздер санын анықтайды. (Оқушылар ойынға белсенді қатыса отырып, тыңдалым дағдысын дамытады).





Қолдау

«Түлкі мен қасқыр» ертегісінен үзінді.




Оқылған немесе тыңдалған шығармадан «ү» дыбысы кездескен сөздер санын анықтау. Көп сөз тапқан оқушы жеңімпаз саналады.




Ертеде түлкі мен қасқыр айырылмас дос болыпты. Бір күні екеуі жортып келе жатып, жол үстінде жатқан бір кесек еттің үстінен шығыпты. Етті түлкінің де, қасқырдың да жегісі

келеді.

Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін берілген сөзді,

сөйлемді, мәтінді буындап, тұтас оқисыңдар. Әріп элементтерін, әріптердің бір-бірімен


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау