Файл: ЫСамерзімді жоспарсаба.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 1200

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



  1. сабақ




Бөлім: Әліппеге

дейінгі кезең




Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс

Ауладағы дыбыстар

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; дыбыс туралы бастапқы тілдік ұғымдарды түсінеді; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

Дамытушылық: суретке қарап әңгіме құрай біледі; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: үлкенді тыңдауды, құстарға қамқор боуды үйренеді.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Ойсергек.

Табиғаттағы судың, құстардың т.б. дыбыстарын тыңдату.

  1. Тыңдалым материалын мұқият тыңдайды.

  2. Табиғаттағы дыбыстарды бір-бірінен ажырата біледі.




Аудиотыңдалым https://www.youtube.c om/watch?v=fZn_jlzV lsc


44



Сабақтың ортасы (26 мин)

Жаңа сабақ тақырыбын таныстыру: Дыбыс

Сабақ мақсатын хабарлау:

– Балалар, сендер бүгінгі сабақта дыбыс және тіл дыбыстарының басқа дыбыстардан айырмашылығы туралы білесіңдер.

(МК, Ж) Тыңдалым-айтылым

  1. Сюжетті сурет мазмұны бойынша жұмыс ұйымдастыру.

  2. Қайсысы қандай дыбыс шығаратынын сызбаның көмегімен айтқызу (әтеш, сиыр, балапан, қой, ит, торғай, атасы, немересі).

  3. Суретке қарап, балалардың қандай дыбыс шығарғанын айтқызу.

  4. Қорытынды тұжырым жасату.


  1. «Қайсысы қандай дыбыс шығарады?» сюжетті суреті бойынша оқушылар сызбаның көмегімен «Әтеш шақырады»,

«Тауық қыт-қыттайды», «Ит ырылдай- ды», «Сиыр мөңірейді», «Қой маңырайды», «Торғай шырылдайды»,

«Ата сөйлейді» деген мазмұнда жауап береді.

  1. Тышқаннан қорқып тұрған қыз

«А–А–А–А!» деп, мәшинемен ойнап отырған бала «У–У–У–У!» деп дыбыс шығаратынын айтады.

  1. Оқушылар «Бұлар – тіл дыбыстары. Оларды айтамыз және естимиз. Сөз дыбыстардан тұрады», «Жан-жануарлар тек дыбыс шығарады, ал сөйлеу адамға

ғана тән» деген тұжырым жасайды.

Жетістік критерийі: Суреттегілердің қандай дыбыс шығаратынын айта алады; шағын әңгіме құрайды.

ҚБ: Оқушылар мұғалім көмегімен бір-бірін бағалайды.


Сюжетті суреттер




(МК, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:

  • жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу;

  • әріп элементтерін бастырып жазу.




  1. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.

  2. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.

  3. Оқушылар мұғалімнің көмегімен дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.

  1. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.

  2. Әріп элементтерін бастырып жазады.






№1 жазу дәптері



45



Сабақтың соңы

(7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Естіледі құлаққа Көрінбейді бірақ та» жұмбағымен жұмыс:

  1. Жұмбақты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және шешуін таптыру.

  2. Саралау тапсырмаларын орындату:

  1. деңгей:

Жылан қандай дыбыс шығарады?

  1. деңгей:

Тіс дәрігері аузыңды аш дегенде, қандай дыбыс шығарасың?

  1. деңгей:

«Ара» сөзінің дыбыстық сызбасын көрсет.

«Еркін микрофон» әдісі.

  • Сөз неден құралады?

  • Қандай дыбыстар созылмай, қысқа айтылады?

  1. Оқушылар жұмбақты үнтаспадан тыңдап, шешуін табады: дыбыс.

  2. Саралау тапсырмаларын орындайды.

  3. Сұрақ-жауап тәсілі арқылы тіл дыбыстары туралы білімдері бекітіледі.










Рефлексия. «Дұрыс-бұрыс»



Оқушылар мұғалімнің қорытындылары дұрыс болса, «дұрыс» бөлігіне жасыл алманы, бұрыс болса, «бұрыс» бөлігіне қызыл алманы жапсырады.

Өзін-өзі бағалайды. Қажет болған жағдайда мұғалім қолдау көрсетеді.

Кесте, қызыл және жасыл алма қима суреттері

Өтілген тақырып бойынша дұрыс және бұрыс қорытындылар айтылады.

  • Дыбысты көреміз.

  • Сөз дыбыстардан тұрады.

  • Дыбысты естиміз.

  • Дыбысты жазамыз.

  • Дыбысты айтамыз.












46



  1. сабақ




Бөлім: Әліппеге

дейінгі кезең




Педагогтің аты-жөні:

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс. Сөз Дыбыстар әлемінде

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: сұрақты тыңдайды және түсінеді, жауап бере алады; дыбыстың графикалық сызбасын таниды; сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты, дауыссыз дыбыстарды ажыратады; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін жазады.

Дамытушылық: талдау, ажырату, жалпылау дағдылары дамиды.

Тәрбиелік: білімді болуға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

(1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Ойсергек.

«Әліппе» әнін бірге орындау. Сабақ мақсатын хабарлау:

– Балалар, сендер бүгін сөз ішіндегі дыбыстарды ажыратуды үйренесіңдер.

Дауысты дыбыс созылып, әндетіп айтылатынына, ал дауыссыз дыбыс созылмай, қысқа айтылатынына назар аудартылады.




https://www.

youtube.com/watch? v=hsGs1mEms4I

Сабақтың ортасы (26 мин)

(МК, Ұ) Тыңдалым және айтылым. Оқулықта берілген дауысты (А, Ә, О, Ө) дыбыстарды хормен айтқызу, олардың айтылу ерекшелігін тапқызу.

(МК, Ұ) Оқылым

Сөз ішіндегі дыбыстарды ажырату үшін әуелі бір буынды сөздер алу. Мысалы, 9-сабақтың

2-тапсырмасында Ай, ау, он, ат суреттері дыбыс сызбасымен «оқуға» берілген. Мұғалім «ай» деген сөзді анық етіп айтып, «Бұл сөзде неше

дыбыс бар?» деп сұрайды. Сонан соң


Оқулықта берілген дауысты (А, Ә, О, Ө) дыбыстарды хормен айту арқылы дауысты дыбыстардың созылып, әндетіп айтылатынын, ал дауыссыз дыбыстардың созылмай, қысқа айтылатынын іс жүзінде көрсетеді.
1. Ай, ау, он, ат суреттерін сызбаның көмегімен «оқиды».





Суреттер



47






балалардан: «Олар қандай дыбыстар?»,

«Басында қай дыбыс?», «Соңында қай дыбыс?» сұрақтарын кезекпен қойып, жауап алады.

Балалар айта алмаса, мұғалім сөзді созып, а...й... деп айтады. Созып айтқанда, сөздің әр дыбысы анықталып, балалар тани алатындай болып естіледі. Тапсырмада берілген бірнеше сөзді алып, дыбыстарын ажыратқаннан кейін балалар бір буынды сөздердің ішіндегі дыбыстарды ажырата біледі.

(МК, Ө) Жазылым

Бала қолының ұсақ бұлшықеттерін дамыту үшін төменде берілген жазуға даярлау жұмыстарын басшылыққа алу:

  • жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлау;

  • дәптер бетіндегі суреттерді бояу;

  • үзік сызықтарды бастырып жүргізу.

  • әріп элементтерін бастырып жазу.

  1. Бұл сөздердің ішінде қандай дыбыстар барын ажыратады.

  2. Сөздің басында қай дыбыс, соңында қай дыбыс екенін айтады.



  1. Оқушы партада дұрыс отырады, қаламды дұрыс ұстайды.

  2. Жазу дәптері бетіндегі кеңістікті бағдарлайды.

  3. Дәптер бетіндегі суреттерді бояйды.

  4. Үзік сызықтарды бастырып жүргізеді.

  5. Әріп элементтерін бастырып жазады.





№1 жазу дәптері

Сабақтың соңы

(7 мин)

(МК, Т) Сабақты бекіту және саралау

«Сөз тану» айдары бойынша берілген «Бұлт-ау! Соқтықпа, Бұл – тау!» жаңылтпашымен жұмыс:

  1. Жаңылтпашты QR арқылы немесе үнтаспадан тыңдату және жатқа айтқызу.

  2. Саралау тапсырмаларын орындату:

  1. деңгей:

«Бұлт» сөзін дыбыстарға ажырат.

  1. деңгей:

«Қандай бұлт?» сұрағына жауап бер.

  1. деңгей:

«Бұл – тау!» сөйлемін сызбамен көрсет.

«Еркін микрофон» әдісі.

  • Сөз неден құралады?

  • Қандай дыбыстар созылмай, қысқа айтылады? Буын, дыбыс туралы сұрақтар арқылы сабақты бекіту.

Жаңылтпашты жаттап ал (мұғалім көмегімен қайталай отырып жаттау).

  1. Оқушылар жаңылтпашты үнтаспадан тыңдап, жатқа айтады.

  2. Саралау тапсырмаларын орындайды.

  3. Оқушылар сабақта түсінгендері бойынша бір-біріне сұрақ қояды.

Бір-бірін бағалау


Өрмекші торы



48






Бұлт-ау! Соқтықпа. Бұл – тау.













Рефлексия



Сабақтан алған әсерлерін қима суреттерді көрсете отырып білдіреді.

Өзін-өзі бағалайды.

Қима суреттер




  1. сабақ




Бөлім: Әліппеге дейінгі кезең




Педагогтің аты- жөні

Күні:

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дыбыс. Сөз. Буын Жемістер мен көгөністер

Оқу бағдарла- масына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: сөзге дыбыстық талдау жасайды; дауысты дыбыстардың буын құрайтынын біледі, буын санын анықтайды; буын, дыбыстың графикалық сызбасын таниды; дәптер бетінде берілген суреттерді бояйды, сурет салады, түрлі бағытта сызықтар жүргізеді.

Дамытушылық: сөздік қоры дамиды; байланыстырып сөйлейді.

Тәрбиелік: піспеген жеміс-жидек, көгөністерді үзбеуге, күтіп-баптауға талпынады.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

Ойсергек. «Екі дыбыс» ойынын ойнату. Сабақ мақсаты хабарланады:

– Балалар, сендер бүгін екі-үш буынды сөздерді ажыратуды және дыбыстарды қосып, сөз айтуды үйренесіңдер.

Бірінші қатысушы бір сөзді айтады. Келесі қатысушы сол сөздің соңғы екі дыбысынан келетін сөзді ойлап табады, бірақ дауыстап айтпайды, тек өз сөзімен түсіндіреді, үшінші қатысушы мұның не туралы айтып жатқанын түсінеді де, сол сөздің соңғы екі дыбысына сөз

ойлап табады. Балалар сөзді жасырушының не





Ойын ережесі