ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 2934
Скачиваний: 101
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиенің екі жақты сипаты. Тәрбиешінің тәрбиеленушімен тікелей байланыс арқылы іске асырылатын әрекет. Тәрбиешінің қолында кері байланыс арқылы жинақталған хабар неғұрлым көп болса, тәрбиелік ықпал соғұрлым мақсаттылықпен іске асырылады. Бұл заң-дылық мұғаліммен оқушының өзара әрекеттесуін және тәрбиенің нәти-желі болуын қарастырады. Егер тәрбие үдерісіне қатысушылардың өза-ра байланысы нәтижелі болмаса, тәрбие ісінің тұтастығы да болмайды. Бұл заңдылықтың нақты көрінісі оқушының сабақ үстіндегі белсенділігімен тәрбие нәтижелерінің арасындағы байланыс арқылы көрініс та-бады: тәрбиелік әрекет неғұрлым қарқынды, саналы түрде жүргізілсе, соғұрлым тәрбиенің сапасы жоғары болады. Ендеше, тәрбие үдерісінде мұғаліммен оқушының екіжақты байланысты әрекетін сипаттайтын өзара тұрақты әрекеттестікті жүзеге асыру талап етіледі. Бұл үшін тәр-биешінің өз шәкіртін жақсы көруі және тәрбиеленушінің жеке басын жоғары адамгершілікпен бағалай білуі қажет.
Тәрбиеге еріктілік және шығармашылық көзқарас. Тәрбие үде-рісі ізгілікке септігін тигізеді. Тәрбиеленушілердің өзіндік ізгі еркі болмайынша, тәрбиенің негізгі идеяларын: даму идеясын (кедергілерді жеңе білу), ынтамақтасу идеясын жүзеге асырудың үлгісі бола алмайды. Тәрбие үдерісі күштеумен жүргізілетін болса, онда балада да, мұғалімде де адамгершілік күйрейді. Тәрбиеші баланың қызығушылығына, ой-қиялына, азаматтық борыш-сезіміне, өз бетінше әрекет етуге тырысушылығына, шығармашылығына сүйенген жағдай-да ғана тәрбиеленушінің еркіндігі көрініс табады.
Тәрбиенің ұжымдық бағыттылығы. Бұл заңдылық мектеп өмір сүріп отырғанда жағдайда өзінің мәнін жоғалтпайды. Мектептің жаңа ұйымдастырушылық құрылымы, оқу-тәрбие үдерісінде мақсаты мен мазмұны, оқушылар мен жүргізілетін жекелей, топтық, сонымен қатар ұжымдық іс-әрекетті сол қалпында сақтауды қажет етеді.
Әрбір адам ұжымда қолайлы жағдайға ие болу үшін және өзінің жеке қабілетін айналасындағыларға көрсете білу үшін өзінің күш-қуатын жұмсауға тырысады. Сонымен бірге, бұл жағдайға бару жұрттың бәрінің қолынан келе бермейді. Оған түрлі субъективті және объективті себептер кедергі болады. Кез келген адам өзінің бойындағы табиғи мүмкіндіктерін табысқа жету үшін пайдалана алмайды, ұялшақтықты жеңе білмейді, ұжым мен құндылық бағдардағы пікір қайшылығына сын көзбен қарай алмайды.
4.5. Тәрбие үдерісінің жалпы ұстанымдары.Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарын және ұстанымдарын нақты айқын-дау педагогикалық үдерісті сапалы ұйымдастыруға негіз болып табы-лады. Тәрбие ұстанымдары – ғылыми ойдың, түсініктер мен катего-риялардың, заңдылықтардың жиынтығы.
Тәрбие ұстанымдары –бастапқы белгілі бір тео-рияның негізгі, бастау боларлық жағдайлары, басшылық ететін идея-лары, негізгі мінез-құлық ережелері, әрекеттері. Н.Болдырев «Тәрбие үдерісі – тәрбие мазмұнының ұйымдастырылу бағыттарын анықтайтын, басшылыққа алынған идеялардың жиынтығы»,-депатап көрсетеді.Оқушыларға тәрбие беруде тәрбие заңдылықтарына сәйкес негізгі ұстанымдар басшылыққа алынады. Олар, тәрбиенің мақсаттылығы, тәрбиенің өмірмен байланысы, оқушының жас және дара ерекшелігі, талап қою арқылы дамыту, тәрбиенің жүйе-лілігі, бірізділігі және үздіксіздігі, тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу, мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі.
Тәрбиенің мақсаттылығы - тәрбие жүйесінде негізгі ұстаным болып табылады. Мәдениетті тұлғаны қалыптастыруда мақсат қою арқылы, негізгі міндеттерді белгілей отырып, мазмұны ай-қындалады. Патриоттық тәрбие тұрғысынан алатын болсақ, алдымен егемен еліміздің бейбітшілігі мен тәуелсіздігін, ұлтаралық мәдениетті, ұлттар достығын қалыптастыратын тұлғаны тәрбиелеу көзделеді. Тәрбие ұс-танымдары бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Тәрбиенің өмірмен байланысы тұлғаны жастайынан шынайы өмірмен тікелей байланыста болуы, қоғамдық ағымдағы тарихи бол-мысты менгеруі оның туған ел мен жер тарихына деген қызығушы-лығын тудыру арқылы, патриоттық сезімді қалыптастыруға игі ықпал етеді.
Тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескеру негізгі ұстанымдардың бірі болып табылады. Тәрбие мазмұны тұлғаның жас және дара ерекше-лігіне лайықты, олардың қабылдауына түсінікті берілген жағдайда ғана біз алдымызға қойған мақсатымызға жетеміз.
Тұлғаға талап қою арқылы дамыту ұстанымы тұлғаның жас және дара ерекшелігін ескере отырып мектеп оқушысы ережесін, өзіне жүктелген міндеттерді орындау, өзінің іс-әрекетіне есеп бере отырып, ерік-жігерін қалыптастыру.
Еңбек арқылы тәрбиелеу ұстанымы нарықтық заманда және жаңа ақпараттық даму үдерісінде әлемдік білім кеңістігіне шығуға және сапалы өмір сүруге дағдыландырады.
Тәрбиенің жүйелілік ұстанымы тәрбие үдерісінде, баланы отбасынан бастап, мектепке дейінгі мекемелер, мектеп, қосымша білім беру ұйымдары т.б. тұлғаның жас және дара ерекшеліктеріне негіздей отырып жүргізу арқылы жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыруға болады.
Тұлғаны ұжым арқылы тәрбиелеу көп ұлтты Қазақстан халқы үшін өте қажет. Бала жастайынан қоғамдық қатынастарға түсу оныңарқылы қоршаған ортамен қарым-қатынасы қалыптаса-ды. Ұжымда баланың тұлғалық қасиеті көрініс береді. Ұжымда бір-бі-ріне деген көмек, достық, мейірімді қатынастар арқылы олардың мі-нез-құлқы қалыптасады.
Мектеп, отбасы және әлеуметтік ортаның бірлігі ұстанымы тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін бірден-бір күш деуге болады. Мектеп, отбасы және әлеуметтік орта жүйелі түрде бір мақсатқа не-гізделген тәрбие беру үдерісі негізінде жүзеге асырылса,қоғам талабына сай тұлғаны қалыптасады. Оқушыларға пат-риоттық тәрбие беруде тәрбиенің негізгі ұстанымдары: тәрбие беруді ізгілендіру; даралық ұстанымы; тәрбие берудің үздіксіздігі мен жүйе-лілігін сақтау ұстанымы арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру мүмкін-діктері негізгі орын алады.
4.6 Ұлттың тәрбиелік әлеуеті.Кез келген халықтың рухани-адамгершілік өмірінде халықтық педагогика бай және сан-алуан, өйт-кені ол түрлі этникалық ұлыстардың мыңдаған жылғы тәжірибесімен жасалған педагогикалық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табы-лады. Халықтық дәстүрлер әрқашан адамзаттық дамудың барысында, өзін этникалық, халықтық сананың табиғи құрамдас бөлігі екенін көр-сетті. Соған қарамастан дәстүрдің ескісі мен жаңасы да өзгеріске ұшы-рауда. Бірақ олардағы басты нәрсе - өтіп бара жатқан ұрпақ пен келер ұрпақтың арасындағы жанды байланыс болып сақталып келеді. Сондықтанда осы заманғы тәрбиенің мәні - халықтардың озық ізгілік дәстүрлерін қайта жандандыру арқылы ұрпақтардың адамгершілігін нығайту болып табылады.
Ұлттық мәдени құндылықтарды тәрбиелеу жүйесінде қолдану.Еліміздегі бейбітшілік пен ұлтаралық бірлік, ішкі және сыртқы саясат, соның ішінде ұлтаралық мәдениетті қалыптастыру мәселе-сі негізгі орын алады. Сондықтанда, негізгі міндет ұлттық мәдениет пен әлемдік өркениетті өзара сабақтастыра отырып, бүгінгі ХХІ ғасыр ағымына лайықты тұлға қалыптастыру.
Жастарға тәрбие беру көне түркі тектес халықтар дәуірінен бастау алады дейтін болсақ, тәрбиенің негізгі кө-зіне – көне тастағы жазбалар, халық ауыз әдебиеті мұралары, этнографиялық материалдар, халықтық салт-дәстүрлер, отбасы тәрбие-сі жатады.
Ұлттық тәрбиенің мақсатына тұлғаны ұлттық және жалпыадам-заттық құндылықтарға бағдарлау, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этника-лық топтардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу.
Жалпыадамзаттық құндылықтар - адам өмірі, бостандық, отба-сы, қарым - қатынас, адам бақыты, ұрпақ жалғастыру, еңбек ету, та-быс, ынтымақтастық, белсенділік, тәуелсіздік, махаббат, заңдылық, еркіндік, мәдениет, бейбітшілік, денсаулық және т.б.
Жоғары сапа деңгейіндегі ХХІ ғасырдағы немесе әлемдік жүйе-дегі құндылықтар - адам құқықтары, демократия, азаматтық қоғам, өркениет, әлемдік мәдениет және т.б.
Әлеуметтік құндылықтар - әлеуметтік орта, бедел, намыс, абы-рой, парыз, қарыз, тұрмыс, теңдік, еркіндік және т.б.
Рухани-адамгершілік, мәдени құндылықтар – өнер, мәдениет, әдебиет, тарих, тіл, діл, ар, ұят, дәстүр, әдет-ғұрып, салт, ұлттық дүниетаным, туыстық қатынастар, Отан, Ана, Жер және т.б.».
Ғалымдардың құндылық ұғымына берген тұжырымдары тұлға бойындағы рухты қалыптастыруға бағытталады.Рухы күшті халық тұрғанда жер де, ел де бар, халық бар, сенің тілің мен мәдениетін дамиды, рухың биіктеп, әлемдік өркениет көшіне ілесе алатын мәңгілік елге айналады.
4.7. Тәрбиенің замануи тұжырымдамалары мен бағдарлама-лары.Еліміз егемендік алғаннан кейін ұлттық тәрбие мәселесіне ба-ғытталған ғылыми-зерттеу жұмыстарына аса мән берілді. «Қазақ мек-тептері мен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне имандылық-эсте-тикалық тәрбие берудің кешенді бағдарламасы», «Қазақстан Республи-касы мәдени-этикалық тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы тарихи сананы қалыптастыру туралы тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасы білім беру жүйесіндегі тәрбиенің кешенді бағдарлама-сы» т.б. құжаттар дайындалды.
Тәрбие мәселесіне байланысты тәрбие тұжырымдамасы үш рет қабылданғаны белгілі. Алғаш рет 1995 жылы ұлттық тәрбиеге негіз-делген тәрбие тұжырымдамасы қабылданып, аталған құжатқа негіздел-ген үздіксіз білім беру жүйесіне тәрбие тұжырымдамасы құрылды. 2009 жылы 12 бағыттан тұратын «Үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы», 2015 жылғы «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» 8 бағыттан тұратын тәрбие тұжырымдамасы оқу тәрбие жүйесін жандан-дырды. Ұлттық негіздегі төл оқулықтар, оқу құралдары енгізіле бас-тады. Оқу-тәрбие жүйесінде ерекше даму үдерісі басталды.
Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 1995 жылы қа-былдаған “Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында” отбасы, мектепке дейінгі, мектептегі тәрбиенің сындарлы жүйесі жасалды. Тұжырымда-мада жас ұрпаққа имандылық, адамгершілік, еңбексүйгіштік, патриот-тық, ерлік, эстетикалық тәлім-тәрбие беру мәселелері жан-жақты қам-тылған. Тәлім-тәрбие тұжырымдамасында қазақ халқының жауынгер-лік және ерлік тарихын, ұрпаққа ерліктің өшпес үлгісін қалдырған қас батырлардың өмір-өнегесімен таныстыру; өз жерін, елін қорғай алатын елжанды, ұлттық намысы мол, жігерлі азаматтар тәрбиелеу, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ерекшеліктер, салт-дәстүрлерді бүгінгі ұр-шпақ тәрбиесіне пайдалануға аса мән берілген.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2015 жылы ұсынған«Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерінде» болашақ қазақстандық жастар патриот, білімді, дені сау, жауапты және жігерлі, инновациялық экономика жағдайында табысты 8 қызмет ететін, қазақ, орыс және ағылшын тілдерін еркін меңгерген, қазақ халқының құнды-лықтары мен мәдениетін сіңірген, толерантты, дүниежүзіне танымал және мәртебелі, кәсіби құзыретті болады деп атап көрсетілді. Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері білім беру саласындағы мемлекеттік сая-сатты жүзеге асыру аясында және Қазақстандық қоғамдағы заманауи әлеуметтік-мәдени трансформацияны ескере отырып әзірленген.