Файл: А. А. Токкужин Новоселов орта мектебіні жоары санатты аза тілі мен дедиет пні малімі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.01.2024
Просмотров: 224
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
14. ЕШ, ӘЛДЕ, ӘР, КЕЙ, БІР, ҚАЙ сөздері басқа сөз таптарымен тіркесіп келгенде қалай жазылады?
А.Бөлек (бір мезгілде, әр түрлі). Б.Бірге (бірмезгілде, әртүрлі).
В.Қысқартылып. С.Қосарланып.
15. Қай сөз табы заттың қимылын, іс-әрекетін білдіреді?
А.Етістік. Б.Зат есім. В.Сан есім. С.Сын есім.
16. Туынды етістік?
А.Шегеле. Б.Қыс. В.Аш. С.Бер.
17. Күрделі етістік?
А.Келе жатыр. Б.Күліп тұрған.
В.Жамап отыр екен. С.Барлығы дұрыс.
18. Болымсыз етістік қатысқан сөйлем?
А.Рәбиға зұлымдық пен зорлықтан қашып келеді.
Б.Кеш батты. В.Әуелгі бетінен адасты. С.Бірақ кісінің бойы көрінбейді.
19. Мағынасы жағынан тура объектіні, табыс септіктегі сөзді қажет етіп тұратын етістіктер қалай аталады?
А.Сабақты. Б.Салт. В.Болымды. С.Болымсыз.
20. Салт етістік қатысқан тіркес?
А.Ауылға қайт. Б.Байды көрді. В.Баламды бердім. С.Айтты.
21. Етістер нешеге бөлінеді?
А.4. Б.3. В.5. С.6.
22. Өздік етістің жұрнақтары?
А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр.
В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с.
23. Өзгелік етістің жұрнақтары?
А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр.
В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с.
24. Ырықсыз етістің жұрнақтары?
А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр.
В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с.
25. Ортақ етістің жұрнақтары?
А.-ын, -ін, -н. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр.
В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с.
26. Есімшенің жұрнақтары?
А.-қан, -кен, -ған, -ген, -ар, -ер, -р. Б.-мақ, -мек, -бақ, -бек, -пақ, -пек.
В.-атын, -етін, -йтын, -йтін. С.Барлығы дұрыс.
27. Көсемшенің жұрнақтары?
А.-а, -е, -й. Б.-ып, -іп, -п. В.-ғалы, -гелі, -қалы, -келі. С.Барлығы дұрыс.
28. Бұл етістіктің түрі қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да, етістік тұлғаларына тән шақтық мағынаны да, жақтық мағынаны да білдірмейді.
А.Тұйық етістік. Б.Есімше. В.Етіс. С.Көсемше.
29. Тұйық етістіктің жұрнағы?
А.-у. Б.-ғыз, -дыр, -т, -гіз, -ыр. В.-ыл, -іл, -л, -ын, -ін, -н. С.-ыс, -іс, -с.
30. Сөйлемде тұйық етістігінің жұрнағы жалғанған сөз қайсысы?
Көсеу ұзын болса, қол күймейді.
А.Көсеу. Б.Ұзын. В.Қол. С.Күймейді.
IV тоқсан
Тест сұрақтарында қамтылған тілдік бірліктер:
1. Үстеу.
2. Еліктеу сөз.
3. Одағай.
4. Көмекші есімдер.
5. Көмекші етістіктер.
6. Шылау.
Мақсаты:
1. Оқушылардың IV тоқсан бойынша алған білім деңгейлерін тиянақтау, бекіту.
2. Есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту арқылы ізденімпаздық қабілеттерін қалыптастыру.
Тестілеуге 40 минут беріледі
1. Тілімізде қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, амалын, тәсілін, мекенін, мезгілін, себебін, мақсатын білдіретін сөздер қалай аталады?
А.Үстеу. Б.Көмекші сөздер. В.Есімше. С.Етіс.
2. Негізгі үстеу?
А.Ақырын. Б.Ерте. В.Бұрын. С.Барлығы дұрыс.
3. Күрделі үстеу?
А.Ақырын. Б.Ерте. В.Бұрын. С.Бүгін.
4. Сөздердің қосарлану мен қайталану арқылы жасалған үстеулер?
А.Жоғары-төмен, енді-енді. Б.Ата-ана, қыз-келіншек.
В.Ала жаздай, күн ұзақ. С.Ендігәрі.
5. Үстеу мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А.7. Б.6. В.8. С.9.
6. Мезгіл үстеу?
А.Ертең. Б.Ілгері жүр. В.Балаша. С.Онша жараспайды.
7. Қалай? Қайтіп? Қалайша? Кімше? қай үстеудің сұрақтары?
А.Сын-қимыл (бейне) үстеуі. Б.Мезгіл.
В.Мекен. С.Мөлшер.
8. Бұл үстеу қимылдың, іс-әрекеттің болу мақсатын білдіреді де, Қалай? Не мақсатпен ? деген сұрақтарға жауап береді?
А.Мақсат үстеуі. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл.
9. Ең әдемі, тым биік, өте жақсы. Келтірілген мысалдар қай үстеудің түріне жатады?
А.Мақсат үстеуі. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл.
10. Не себепті? Неге? Қалай? деген сұрақтарға үстеудің қай түрі жауап береді?
А.Себеп-салдар. Б.Мекен. В.Күшейткіш. С.Мезгіл.
11. Еліктеу сөздер нешеге бөлінеді?
А.2. Б.3. В.4. С.5.
12. Алуан түрлі қимыл, амал-әрекеттердің нәтижесінде әр түрлі дыбыстар пайда болады. Оларды біз құлақпен естиміз. Сол дыбыстарға еліктеу арқылы пайда болған сөздер қалай аталады?
А.Еліктеуіш. Б.Бейнелеуіш. В.Үстеу. С.Етіс.
13.Бейнелеуіш сөз?
А.Жалт қарады. Б.Қалт етті. В.Маң- маң басты. С.Барлығы дұрыс.
14. Негізгі еліктеу сөз?
А.Дік. Б.Арсаң. В.Тарс- тұрс. С.Домалаң.
15. Одағай сөз қатысқан сөйлем?
А.Мұны бастаған кім, ә! Б.Жаңа бір күш пайда болды.
В.Бүгін менің туған күнім. С.Қалаға бара жатырмын.
16. Одағайлар ойға үстейтін мәніне қарай неше түрге бөлінеді?
А.3. Б.4. В.2. С.7.
17. Көңіл күй одағайлары................................сияқты мәнді білдіреді.
А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару.
Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу.
С.Барлығы дұрыс.
18. Жекіру одағайлары................................. сияқты мәнді білдіреді.
А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару.
Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу.
С.Барлығы дұрыс.
19. Шақыру одағайлары................................. сияқты мәнді білдіреді.
А.Шаттану, таңырқау, аңсау, қуану, ұнату, ренжу, түңілу, өкіну, шошыну, назар аудару.
Б.Жекіру, тыйым салу, бұйыру. В.Мал, ит, құсты шақыру, қуу. С.Барлығы дұрыс.
20. Лексикалық мағынасынан айырыла бастап, сөйлемде екінші бір сөздің жетегінде ғана қолданылатын зат есімдерді қалай атайды?
А.Көмекші есімдер. Б.Көмекші етістіктер. В.Одағай. С.Зат есім.
21. Көмекші есімдер?
А.Үсті, маңы. Б.Азат, Ақлима. В.Мен, бен, пен. С.Тап, кел.
22. Көмекші етістік атқаратын қызметіне қарай екі түрлі?
А.Негізгі және көмекші етістік. Б.Дара және күрделі.
В.Негізгі және туынды. С.Дұрыс жауап жоқ.
23. Шылаудың неше түрі бар?
А.3. Б.4. В.5. С.6.
24. Шылаудың басқа сөз таптарынан айырмашылығы?
А.Шылаулар түрленбейді. Б.Толық лексикалық мағынасы жоқ.
В.Сөйлем мүшесі болмайды. С.Барлығы дұрыс.
25. Септеулік шылаулар?
А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман.
Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ.
В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс.
26. Жалғаулық шылаулар?
А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман.
Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ.
В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс.
27. Демеулік шылаулар?
А.Үшін, сайын, туралы, арқылы, жайлы, сияқты, дейін, соң, бұрын, таман.
Б.Мен, бен, пен, да, де, та, те, яки, немесе, дегенмен, әлде, сол себепті, бірақ.
В.Ма, ме, -ақ, -ау, -ай, да, де, та, те. С.Барлығы дұрыс.
28. Демеуліктер үстейтін мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
А.6. Б.7. В.8. С.9.
29. Болжалдық демеуліктер?
А.-мыс, -міс, -ау. Б.ғана, тек, -ақ. В.ма, ме, ба, бе. С.қой, -ды.
30.Шектік демеуліктер?
А. ғана, тек, -ақ. Б. -мыс, -міс, -ау. В.ма, ме, ба, бе. С.қой, -ды.
6- СЫНЫПТЫҢ ТЕСТ КІЛТІ
1-тоқ 2-тоқ 3-тоқ 4-тоқ
1 А А А А
2 А А А С
3 А А С С
4 C Б А А
5 А В А А
6 Б А А А
7 А А А А
8 А А А А
9 А А А В
10 Б Б А А
11 А В Б А
12 А А А А
13 А А А С
14 А А А А
15 А А А А
16 А А А А
17 А С С А
18 А А С Б
19 Б А А В
20 А А А А
21 А С А А
22 Б А А А
23 А А Б А
24 А В В С
25 С А С А
26 Б С С Б
27 А С С В
28 А Б А А
29 А А А А
30 С С А А
Қолданылған әдебиет тізімі
1.С. Исаев, К.Назарғалиева, Ж. Дәулетбекова. Қазақ тілі: Жалпы білім беретін мектептің 6- сыныбына арналған оқулық. 2- басылым. – Алматы: Атамұра, 2006. – 208Ақылды мал.
Жылқы – ақылды мал. Шекарадағы әскерлердің аттары бөтен кісіні жанына жолатпайды.Мұндай аттардың кейбіреуі біздің елімізде жасырын өткен жауларды иісінен сезеді.Олардың тығылып жатқан жерлеріне шекарашыларды өздері бастап алып барады.
Жылқы өте күшті.Ол ыстыққа да, суыққа да төзімді. Қазақстанның көп жерлерінде жылқы қыс бойы далада жайылады.Жылқы қасқыр сияқты жауынан да қорғана біледі.(53сөз)
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Берілген сөздердің антонимдерін табу.
Ақылды –
Жау –
Қыс –
Ыстық-
Көп –
2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
Жылқы, қасқыр
Бақылау диктанты №1
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдылары мен сауаттылықтарын тексеру.
Міндеті:
дұрыс сұрақ құрастыра алуы;
дыбыстық талдау жасай алуы;
сөйлемдегі сөз тәртібін сақтауы;
етістіктің шақтарын ажырата алуы;
шағын шығарма жаза білуі.
Менің бөлмем
Менің атым – Дамир. Менің пәтерім үш бөлмелі. Менің өз бөлмем бар. Бөлмем өте жарық, кең, әрі жылы. Бөлменің терезесі аулаға шығады. Бөлмемде жаңа диван, төбе жиһаз, үстел, ыңғайлы орындық бар. Үстелдің үстінде компьютер орнатылған. Терезенің жақтауында әдемі гүл өсіп тұр. Қабырғада менің суреттерім ілулі тұр.
Мен бөлмемді өзім жинаймын. Маған бөлмем өте ұнайды.
Грамматикалық тапсырмалар:
1. Сөйлемдерге сұрақ қойыңдар.
І нұсқа: 1. Мәтіндегі 2,4,5-ші
ІІ нұсқа: Мәтіндегі 6,7,8-ші
2. Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар.
І нұсқа: Жарық
ІІ нұсқа:жиһаз
3. Берілген сөз тіркестерді аударып, сөйлем құрастырыңдар.
І нұсқа Жататын бөлме, әдемі кілем
ІІ нұсқа: қонақ залы, үлкен сағат
Диктант №5
Мақсаты: Оқушылардың мемлекеттік білім стандартына сай білім-білік дағдыларые мен сауаттылықтарын тексеру.
Денсаулық
Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық қүшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады. Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, зиянды әрекеттерден аулақ болып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымыз қажет. (51 сөз)