Файл: А. А. Токкужин Новоселов орта мектебіні жоары санатты аза тілі мен дедиет пні малімі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 225

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1. Берілген сөздерге дыбыстық талдау жасаңыздар.

 І нұсқа: Қазан 

 ІІ нұсқа: Жеміс

2.Төмендегі сөздерге зат есімнің көптік жалғауын жалғаңыздар.

І нұсқа: Сынып, адам, әже, ата 

ІІ нұсқа: Мұғалім, аға, кісі,мектеп

3.Берілген сөздерді тәуелдеңіздер.

І нұсқа: Алма 

ІІ нұсқа: Алмұрт

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7 Аралық бақылау үзігі

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І жартыжылдықта алған білімдерін тексеру.

Қыс.

 

    Күн суық. Жерде қар қалың. Түн ұзақ, күн қысқа. Қыста мен таңертен сағат жетіде тұрамын. Беті-қолымды жуамын, сүртінемін, шашымды тараймын, тамақ ішемін. Содан соң басыма бөрік, қолыма қолғап, аяғыма етік киіп, мектепке барамын. Мектептен шыққан соң, мектептің мұз айдынына барамыз. Мұз айдыны мектептен алыс емес.

 

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Берілген сөздерді септеңіз.

      І нұсқа: Тамақ

      ІІ нұсқа: мектеп

2.     Берілген сөздердің синонимін тауып жазыңдар

     І нұсқа: сағат, тамақ

     ІІ нұсқа: жуық, күшті

3.     Диалог құрастыру

І нұсқа: «Қысқы демалыс» тақырыбына диалог құрыңыз.

     ІІ нұсқа: « Жаңа жыл мерекесі» тақырыбына диалог құрыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау диктанты №2

 

Мақсаты: Оқушылардың ІІ тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.

 

 

Біздің отбасымыз

 

    Менің атым – Маржан. Мен бесінші сыныпта оқимын. Біздің отбасымызда сегіз адам бар. Менің атам, әжем, әкем, шешем, екі ағам және сіңілім бар. Атам мен әжем – зейнеткерлер. Әкем – жүргізуші. Шешем – мұғалім. Үлкен ағам университетте оқиды. Кіші ағам мектепте оқиды. Сіңілім балақшаға барады.

    Біздің көршіміз қарт кісі. Ол өте бпуырмал. Біз көршімізбен тату тұрамыз. (53 сөз)

 

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Мәтіндегі сөйлемдерге сұрақ қойыңдар

І нұсқа:2,4,5                                                                 

     ІІ нұсқа:6,7,8

2.     Мәтіннің ішінен «зат есім+етістік» сөз тіркестерін іріктеп алыңдар.

3.     Берілген сөз тіркестерін аударып, сөйлем құраңдар.

І нұсқа:біздің отбасымызда, сіңілім бар.

ІІ нұсқа: үлкен ағам, өте бауырмал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

Диктант №9

 

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан алған білімдерін тексеру.

 

Қыс келді

 

          Қыс келді. Жапалақтап   жауған қар жер бетін жауып тастады. Бүгін ауа райы  салқын. Күн  суық,  аяз. Анда – санда боран соғады. Балалар қысқы демалысқа  шықты. Олар  мұз айдынында шана, шаңғы,  коньки теуіп жүр. Кішкентай  балалар  қардан  аққала  тұрғызды. Барлық адамдар жылы киінген. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан. Қысқы мерекелер: Тәуелсіздік күні, Жаңа  жыл. (51 сөз)

 

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Берілген етістіктерді келер, өткен және осы шақта қойыңдар.

І нұсқа:шығу,өсу, жинау

     ІІ нұсқа:ілу,ұнау,орнату

2.     Берілген сөздердің синонимдерін жазыңдар

І нұсқа: батыр, көркем

ІІ нұсқа: әдемі, бала

3.     Берілген сөздерге фонетикалық талдау жасаңдар

І нұсқа: шаңғы

ІІ нұсқа: аққала

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау диктанты №3

Мақсаты: Оқушылардың ІII тоқсан бойы алған білімдерін тексеру

Асхана

      Біздің ауыл орталығында үлкен асхана бар. Асханада ауыл адамдары тамақ ішеді. Асханадағы аспаз тамақты өте дәмді пісіреді. Асханада әрдайым ыстық тамақ, салаттар жеуге болады. Асхананың іші жарық, кең және таза.

Ік іштік. Тамақ өте дәмді болды. Барлығымызға асханада өте ұнады. Біз аспазға алғыс айттық. (51 сөз)

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Мына сөздерге зат есімнің сұрағын қой

І нұсқа:асхана, мұғалім

ІІ нұсқа:аспаз, ауыл

2.     Берілген сөздердің антонимдерін табыңдар

     І нұсқа: жарық, үлкен

     ІІ нұсқа: таза, дәмді

3.     Аспазшыға хат жазу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Диктант №13

Мақсаты: Оқушылардың сауаттылығын, грамматикадан І жартыжылдықта алған білімдерін тексеру.

Бақша ағаштары

   Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштары мен гүл жапырақтарын көріп жүрді.
— Мынау ағаш неліктен тіп-тік, ана біреуі неге қисық біткен? — деп сұрады, баласы.
— Оның себебі, балам, анау ағашты қисық бұтақтары болса, кесіп, бағу-қағумен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалыбымен өскен, — деді, атасы. (52 сөз)

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Орны ауыстырылып берілген сөздерден сөйлем құрастырыңыз.



      I-нұсқа : Кетті, атам, әжем, мен, ауылға.

      II- нұсқа : Көп, ауылда, жұмыс, жазда.

2.     Берілген сөздерді септеңіз.

      I нұсқа ас, ел

      II нұсқа ту, сүт

3.     Берілген сөздерге көптік жалғауларын жалғаңыз

     I-нұсқа: рәміз, қала

     II-нұсқа: мереке, тау

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

15 Жылдық бақылау жұмысы

 

Мақсаты: Оқу жылы бойы өткен тақырыптар бойынша білім деңгейін тексеру.

 

 

Қазақ  тілі  сабағында

 

        Біз бесінші  сыныпта  оқимыз. Бізде қазақ тілі сабағы жүреді. Онда біз көптеген жұмыстар істейміз: берілген тақырыптарға сұрақтар қойып, жауап береміз. Мәтіндерді  қазақ  тіліне  аударамыз. Қазақ  тілінің  ережесін  қайталаймыз. Сурет  бойынша  әңгіме  құраймыз. Қазақша ән үйренеміз. Мұғалім қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуымызға  көп көңіл бөледі.

Біз қазақ тілі сабағында  қазақша  сөйлейміз. (51 сөз)

 

Грамматикалық тапсырмалар:

                                     

1.     Сұраулық шылауларды пайдалана отырып, берілген тақырыптар бойынша 3-4 сұрақ құраңыз.

       I нұсқа: «Қазақ тілі»

      IІ нұсқа: «Жазғы демалыс

2.     Берілген сөздерге антоним қатарын тауып жазыңыз.

      I нұсқа : ыстық –

                     кетті –

      II нұсқа : кір –

                      жапты –      

3.     Берілген зат есімдерді тәуелдеңіз.

      I нұсқа : сабақ

     II нұсқа : мектеп

 

 

 

 

 

 

 

Бақылау диктанты №4

 

Мақсаты: Оқушылардың ІV тоқсан бойы алған білімдерін тексеру.

 

Жазғы саяхат

 

    Біз саяхатқа  шығу  үшін заттарымызды жинадық. Кейін әуежайға келіп, ұшаққа міндік. Ұшақ дереу жоғары  көтерілді. Жер төменде қалды. Баратын жеріміз  алыс. Бірақ  аз уақытта  ол да жақындап қалды. Төменде  өте жарық қала  шамдары көрінді. Аспанда біршама уақыт қалықтадық. Ұшақ ұшуын жайлап бәсеңдетті. Ол  Оралдан  Астанаға  дейін  онша көп  ұшқан жоқ.

(50 сөз)

 

Грамматикалық тапсырмалар:

 

1.     Тақырып бойынша 3-4 сұрақ құрастырыңыз.

      I-нұсқа : «Жазғы ауа райы»

      II-нұсқа : « Жазғы демалыс»

2.     Берілген сөзге фонетикалық талдау жасаңыз.

      І нұсқа: орай

      ІІ нұсқа:биыл

3.     Берілген зат есімдерден сын есім жасаңыз:

     I нұсқа : ұлт. қыс

     II- нұсқа : ақыл, күз

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

Мазмұндама №6

 

Достық

 

        Достық – асыл қазына. Біреумен дос болсаң, достыққа адал болу керек. Адал дос – сенің көмекшің, тірегің. Қазақ  халқында мынадай мақал бар: «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады». Оның  мағынасы: дос сенің кешшілігіңді  бетіңе  айтып, түзетуге  тырысады,  ал дұшпан сенің бетіңе күліп, сыртыңнан жамандайды.Әрқашан досыңды сыйлап, достықты сақтай біліңдер. (48 сөз)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 Тест

Мақсаты: Өтілген тақырыптар бойынша алған білімдерін тексеру.

1.Ойлауды қажет ететін ойын түрін атаңыз.

А) футбол

В) баскетбол

С) тоғызқұмалақ

D) волейбол

Е) теннис

2. Мен шахмат үйірмесіне қатыса... – керекті жалғауды жалғаңыз.

А) -бын В) -мен С) -сіз D) -мын Е) –мыз

3. Асық қолданатын спорт түрі

А) баскетбол

В) ханталапай

С) футбол

Д)шахмат

Е) тоғызқұмалақ

4. «Біз мектепте спорт үйірмесіне қатысамыз» - деген сөйлемдегі есімдік түрін анықтаңыз

А) сілтеу

В) өздік

С) сұрау

Д) жіктеу

Е) белгісіздік

5. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз

А) лото

В) дойбы

С) баскетбол

Д) тоғызқұмалақ

Е) шахмат

6. Заттың қимылын білдіретін сөз табын табыңыз

А) зат есім

В)сын есім

С)есімдік

Д)етістік

Е) сан есім

7. Буынға дұрыс бөлінген сөзді табыңыз

А) то- ғыз- құм-ал-ақ

В) то-ғыз-құ-ма-лақ

С)тоғ-ыз-құма-лақ

Д) то-ғыз-құма-лақ

Е)тоғыз-құ-малақ

 

8.«Мектеп» деген сөз қай тілден шыққанын табыңыз.

А) Араб1

С) Қазақ

D) Қырғыз

Е)Өзбек

9. Мақалды аяқтаңыз. «Мектеп - кеме, білім - .....»

А) мектеп

В) ұстаз

С) қазына

D) теңіз

Е) кітап

10.Көп нүктенің орнына керекті етістікті жазыңыз.

Мен кітапханаға жиі ......

А) барамын

В) барасың

С) барады

D) барды

Е) барамыз

11.Сын есімнің жұрнақтарын табыңыз.

А) - дай,- дей    В) - ып, - іп    С) - ған, - ген    D) -ыл, - іл    Е) -ар – ер

12. Сан есім түрін анықтаңыз: Атадан алтау, Анадан төртеу

Жалғыздық көрер жерім жоқ.

А) Жинақтық

В) Реттік

С) Топтау

D) Болжалдық

Е) Есептік

13.Оқу құралдарын табыңыз.

А) өшіргіш, карта,сабақ

В) ұстаз,қалам, сызғыш

С)оқушы,компас,портфель.

D) желім,қалам,сызғыш.

Е) күнделік,тақ,бор.

14.Мектеп спортзалында балалар.....


А) кітап оқиды

В) футбол ойнайды

С) шахмат ойнайды

D) сурет салады

Е) би билейд

15. «Әдемі», «сұлу», «көркем», «көрікті» деген сөздер қандай сөздер

А) синоним

В) антоним

С) омоним

D) көп мағыналы

Е) сөз құрамы