Файл: Сайысты таырыбы Дрыс таматана білеміз бе Масаты.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 40

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сайыстың тақырыбы: Дұрыс тамақтана білеміз бе?
Мақсаты:

1. Жасөспірімдердің дұрыс тамақтануы, денсаулыққа зиян тағамдар және артық салмақтың зияндылығы туралы білімдерін жүйелеу, кеңейту.

2. Дүниетанымын, ой-өрісін , қызығушылығын арттыру.

3. Дұрыс тамақтануға және денсаулығын сақтай білуге тәрбиелеу.
 Барысы:

Құрметті ұстаздар және оқушылар «Дұрыс тамақтану - денсаулық кепілі» атты мектепішілік онкүндік аясында ұйымдастырып отырған бүгінгі сайысымыздың тақырыбы «Дұрыс тамақтана білеміз бе?» деп аталады. Сайыс 2 турдан тұрады.

1 турда сайысқа 9 сынып оқушылары: «Дұрыс тамақтанбаудың қаупі», 10 сынып оқушылары «Дұрыс тамақтанудың негіздері», тақырыбында шағын жобасын (презентация ) қорғайды.


2 турда сұрақтар қойылады?
Кіріспе сөз:

Дұрыс тамақтану – бұл ең алдымен тұрақты тамақтану. Тұрақты тамақтану дегеніміз күніне 3-4 реттен кем емес, дәл белгіленген уақытта тамақтану, ал кешкі асты 19.00-ден кеш қалдырмаған жөн.
Дұрыс тамақтанудың 10 кеңесі

1) Суды аш қарынға ішіңіз

2) Ыстық шайды ас қабылдау кезінде ішіңіз

3) «Күніне бір алма сізді барлық дерттерден қорғайды» дейді ұлттық даналық

4) Иммунитетті күшейтіңіз

5) Асты дұрыс қабылдаңыз

6) Кейбір өнімдерді қабылдауды шектеңіздер

7) Барлық аурулар тістерден

8) Тамақты жақсылап шайнаңыз

9) Өз салмағыңызды қадағалап жүріңіз

10) Салауатты өмір сүру салты-ұзақ өмір сүрудің жолы!

Тағамды ластандыратын бактерияларды жұқтырмау үшін:

1) Қолыңызды жуыңыз, жемістер мен көкөністерді жуыңыз.

2) Сатып алу, тамақ əзірлеу жəне сақтау кезінде шикі, пісірілген жəне пайдалануға дайын тағамдарды бір-бірінен бөлек ұстаңыздар.

3) Микроорганизмдерді жою үшін тамақ əзірлеу кезінде оларды қауіпсіз температураға дейін қыздырыңыздар.

4) Жылдам бұзылатын тамақтарды тоңазытқышта сақтаңыздар

2 тур бойынша топтарға сұрақ қойылады, жауап берген топқа ұпай саны беріледі.

1.Витамин деген сөз латынша қандай мағына береді? Тіршілік

2. Организмнің тіршілік әрекетіне қажет органикалық заттардың жеке тобы? Витаминдер

3. Витаминдер екі топқа бөлінеді? Суда еритіндер және майда еритіндер


4. Организмнің улануы, яғни витаминдерді артық мөлшерде пайдаланғанда не болады? Гипервитаминоз

5. С витамині басқаша қалай атайды? Аскорбин қышқылы

6. D витамині жетіспегенде қандай ауру дамиды? Мешел (рахит)

7. Тағамда ұзақ уақыт пісіргенде жойылатын витамин? А витамині

8. Бери-бери ауруы қандай витамин жетіспеген кезде пайда болады?

В1 витамині

9. Калций мен фосфар алмасуында маңызды рөл атқаратын витамин?

D витамині

10. В12 витамині не үшін қажет? Қалыпты қан өндіру үшін

11. Организмде тотығу тотықсыздану процестерінің қалыпты жүруі үшін қажет витамин? РР витамині

12. Қазіргі кезде организмнің тіршілігі үшін маңызды зор витаминдердің қанша түрі белгілі? З0- дай

Қорытынды:

Г.Бегалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

Дұрыс тамақтана

білеміз бе?

( 9-10 сынып)


Ұйымдастырушы: А.Жиенбаева

2014 жыл