Файл: Сынып сааты Мектеп атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 174

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Сынып сағаты




Мектеп атауы:


Бөлім:


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Тәуелсіздік жетістіктері»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға бостандық, теңдік, тәуелсіздік ұғымдарын кеңінен түсіндіру, білімдерін кеңейту. Тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, егемендігі, дамуы туралы мәлімет беру, тәуелсіздікке 30 жылда қалай жеткендігі жолдарын баяндау. Оқушыларды өз тәуелсіз елін сүюге, қадірлеуге, осы елдің ұланы екенін мақтан етуге баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа, Отанына адал қызмет етуге тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.09


1\Психологиялық ахуал

- Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар

(сыныпқа келген оқушымен таныстыру)

Алғашқы сабағымыз тақтадағы цифрмен байланысты екенін байқаған боларсыңдар -

30 . қалай ойлайсыңдар?

-Жарайсыңдар

Ой қозғау.

-Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесіңдер?

-Олай болса біздің Отанымыз Қазақстан қандай ел?

Еркін , егеменді, бейбітшілік , тәуелсіз ,татулық , достық, бай,

Білім мен ғылым, дамыған , мәдениетті, көпұлтты, т.б

Қызығушылықты ояту

-Бүгінгі алғашқы сынып сағатымызды бастамас бұрын жұптық жұмыс жасап жіберейік, сөзжұмбақты шешіп алайық

Торкөздерге тәуелсіз елдің белгілерін жазып шығайық
Қызылмен ерекшеленген сөйлемді оқиық

Мағынаны тану

Слайд бойынша
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 30 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

Тарих еске алып отырғанды ұнатады. Ал біздің тарихымыз құдайға шүкір жетерлік. Тарихтың әлбетте қуанышпен еске алатын тұстары да, өкінішпен қарайтын да кездері де болады. Тәуелсіздік- ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік-ең алдымен қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ армандары мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші-ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге

танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Осы жылдар ішінде елімізде қыруар істер атқарылды
Ендеше, балалар, бүгінгі сынып сағатымыз тәуелсіздік жетістіктеріне арналмақ. «Тәуелсіздік жетістіктері» атты сынып сағатымыздың мақсаты тәуелсіздік қасиетті ұғым екеніне көз жеткізу, еліміздің қысқаша тарихы туралы мағлұматтар алу, осы тәуелсіздіктің қадірін білу.

Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің және Семей полигонының жабылуының 30 жылдығымен тұспа –тұс келіп тұр. Тағыда айта кететін жайт қазақтың халық ақыны Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығы, қазақтың педагог-ағартушысы, жазушы,

фольклоршы, қоғам қайраткері, ғалым-этнограф Ыбырай Алтынсаринның туғанына 180 жыл, Қазақстанның көрнекті саяси қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтың 155 жылдығы, , Қазақ ақыны әрі жазушысы, аудармашы Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған бұқаралық іс-шаралар жоспарланып отыр.

- Онда келесі кезекті Тәуелсіздік жетістіктеріне арналған видеороликті көрейік.
Сәйкестендір

-балалар көрген роликтерің бойынша жылдарды белгілермен

сәйкестендірейік

- Балалар, осымен біздің тәрбие сағатымыз да аяқталып қалды. Енді сабақ соңында айтындаршы, бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңдар, сендердің рөлдерін қаншалықты болды деп ойлайсыңдар бүгінгі сабақта?

- «Ата – бабаларымыз аңсаған азатттық пен тәуелсіздікті алдық. Негізгі мәселе соны ертеңгі, келесі ұрпаққа, болашаққа, Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау» деген болатын Елбасымыз. Дана халқымыздың «Білегі мықты бірді жығады, білімі мықты мыңды жығады»

деп атағандай, қиялынан қанат біткен, ойы ұшқыр, білімді жастар сендерсіңдер. Әрқайсысыңның жүрегің елім деп соғады, олай болса елге, жерге деген сүйіспеншілігімізді арттырып, ел үшін, халқығ үшін қызмет етуге барлығымыз міндеттіміз дегім келеді сабақ соңында.

Рефлексия




Армысыз, ұстазым!

Армысыз , мектебім!

Сағындым достарым,

Сәлемім көп менің!
Тәуелсіздікке -30 жыл .

Оқушылар өз ойларын айтады.

(Тәуелсіз ел ешкімге, ешқандай елге тәуелді, бағынышты болмайды. Өз жері, шекарасы, әскері, мемлекеттік рәміздері, ұлттық ақшасы, мемлекеттік тілі, өз Ата Заңы бар ел)














т

а

р

и

х

























ә

н

ұ

р

а

н



















т

у


































т

е

ң

г

е

























е

л

т

а

ң

б

а













К

о

н

с

т

и

т

у

ц

и

я













т

і

л

























П

р

е

з

и

д

е

н

т

















































е

л

о

р

д

а

























ж

е

т

і

с

т

і

к

т

е

р

і







ш

е

к

а

р

а
















«Тәуелсіздік жетістіктері»

(оқушылар өз ойларын айтады)

1\Тәуелсіздігімізді алуымыз

2\ Президентіміздің сайлануы

3\ Семей ядролық полигонының жабылуы

3\Рәміздеріміздің болуы

4\ ТМД елдерімен ,жалпы әлем елдерімен бейбітшілік қарым қатынаста болуымыз

5\Қазақ ғарышкерлерінің ғарышқа ұшуы
6\ Азиада -2011 қысқы спорттық ойындары өтілуі

7\ Сарыарқа төріндегі жаңа Астанамыздың салынуы

8\ Дүниежүзілік ЭКСПО -2017 көрмесінің өтуі

9\ Түркістанның жаңаруы

( т б )
Оқушылар кезектесіп тақпақтарын оқып отырады

Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің

Таулы орман, жасыл жайлау көлім менің

Бүгінде бар әлемге даңқың жетті

Тәуелсіз Қазақстан – елім менің!
Армандарды жақындатып тым алыс,

Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.

Егемендік - ел бақыты, ертеңі,

О, халайық! Құтты болсын қуаныш!
Қазақпын, еңселі елмін егеменді,

Кеңейттім кең әлемге керегемді.

Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттар,

Таныды тепе-тең деп тереземді.
Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымызда барлық үміт ақталсын

Тату – тәтті бірлік болып қашанда

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын
Ту тігілді халқымның бүгін бағына

Жас өрендер желбіретіп нық ұста

Ғасырларға жалғастырып елдікті

Дақ түсірме ата баба рухына

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағаты өнегесі еңбегі

Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі.
Көк туым, көтерілді бағым жанып,

Елтаңбам төрде әлемге танылды анық.

Шырқадым әнұранды бар дауыспен,

Арманым Ата заңым қабылданып.
Тәуелсіз 30 жыл туыңды биік ұстадың,

Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.

Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,

Жасай бер, жаса, Тәуелсіз Қазақстаным!
Оқушылар сәйкестендіреді


1992 жылы 4 маусымда бекітілді




Ақмола (Астана-Нұр-Сұлтан)










2017 жылы 10 маусым Астана қаласында өткен халықаралық көрме




Ұлттық валютамыз -теңге










1995 жылы 30 тамызда еліміздің ..... қабылданды




Тәуелсіз Қазақстан Республикасы










1936 жылы 5 желтоқсанда мақұлданған Қазақ ССР-нің , 1991 жылы 10 желтоқсанда бекітілген Қазақстан Республикасының .........




ЭКСПО (Тақырыбы : «Болашықтың энергиясы» баламалы энергия көздері және «жасыл» технология)










1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды




Ата –заңы – Конституция










1993 жылы 15 қарашада айналымға енді




Ту ,елтаңба, әнұран







Слайдтар
Суреттер




Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Тәуелсіз еліммен мақтанамын»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алған жылдар ішіндегі жеткен жеңістіктерімен таныстыру,әлем таныған ел екенін дәлелдеу,білімдерін кеңейту.

Болашақ ұрпақтың рухани тұлғалық және адамгершілік құндылықтарын дамыту.

Отанын сүюге,ел тарихын білуге,еліміздің мемлекеттік рәміздерін қастерлеуге,отанымыздың  байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


06.09

Қазақстан туралы не білеміз? Мен Қазақстанда тұрамын. Мен Қазақстанда білім алып жатырмын.Мен еліммен мақтанамын.Елімнің гүлдене бергенін қалаймын.

Мұғалім сөзі. Міне оқушылар біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ.                Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.Мыңдаған жылдық                    тарихы бар.Қазақстан тәуелсіздік алды.

Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астын-                         да қадықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрвшты көгілдір түсті мата. Бұл түс- ашық аспанның,тыныштықтың белгісін көрсетеді.Тудың ортасындағы алтын күн – баршаға ортақ, бәрі-                     не нұрын шашып, сәулесін төгеді.Оның жылуы жер бетіндегі бүкіл тіршілік тіршілік атаулыға ортақ.           Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге көтер»п ұшып бара жатқан қыран құс – ерлік белгісі. Матаның                  сол жағында ою — өр негі бар тік жолақ орналасқан. Бұл қазақ елінің әшекейі. Алтын күн, Қыран                    және ою- өрнек біздің халқымыздың ашық келешегі мен бай – берекесі, тыныштық пен байлықтың           белгісі.
Әр қазақтың есінде сақталады,
Желтоқсандық өркендер ақталады.
Ер намысын қорғаған сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
Қандай бақыт қуаныш күн бүгін,
Дәлелдеуде Қазақстан елдігін.
Арман еткен қыршын кеткен ағалар мен апалар,
Елің алды егеменді теңдігін,- деп жырлай келе тәуелсіздігіміз жасай берсін, еліміз тыныш болсын!


Балалар бірге «Атамекен » әнін шырқайды

Оқушы:16 желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып,Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.

Оқушы: Осының нәтижесінде 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі     туралы заң қабылданды.

Оқушы:   Атыңнан айналайын егемен ел,               «Туған ел» суреті

Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын Қазақстан!

Ғасырлар тойы болшы келе берер!

Оқушы:   Мерекең құтты болсын егемен ел,

Терезең барлық елмен тең ерен ел.

Бабалар мәңгі бақи арман еткен,

Теңдікті,бостандықты иеленгендер.

Оқушы:    Бостандық құтты болсынерікті ел,

Айдын көл, көк майсалы көрікті жер

Бостандықты аңсаған батырлардың

Әруағына бас ұрып, тәу еткен жер.

Ән «Отаным — Қазақстан»

Оқушы:   Егемен елімнің ертеңі деп,

Елбасы баға берді жастарыма

Оқу оқы, білім ал, елің үшін

Еңбек ет тыным таппай, жан аяма.

Оқушы:       Халқымның мақтанышы — алып тұлға.        «Бәйтерек» суреті

Әлемнің назары ауды Ақ ордаға

Бәйтерек – көкке қолын созып тұрған,

Ұқсайды менің асқақ арманыма.

Оқушы:      Ел болдық егеменді, теңдік алып,

Бар әлем қазақ елін болды танып

Қайнауы кенге толы Қазақ елі,

Жыл сайын келеді өсіп қанат жайып.

«Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев» суреті.

Оқушы:        Ел болдық ерік алдық астаналы

Енді кімнен қазағым жасқанады?

Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі,

Нұрсұлтанның атымен басталады.

Оқушы:        Жаралдық молшылықтан толы ағыстан

Жолың бар жақсылықты қалап ұшқан

Ғасырдың биігіне шықтың ту боп,

Көркейген елім менің – Қазақстан!

Хор « Көк тудың желбірегені »

Оқущы:  Бас білгізіп жер тарпыған тарпаңға

Жасы тұрмақ, шығады екен қарьты аңға

Қалай оның елтаңбасы болмайды

Түлегіне дейін салса ен – таңба?!

Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі – еркіндік! Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздік нәтижесі.



Қазақ елі суреттері,Қзақстан Республикасының рәміздері:Туы,Елтаңбасы,Әнұраны.Н.Ә Назарбаевтың суреті.

Нақыл сөздер,Қазақстан туралы әндер.






Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Семей ядролық полигонының жабылуына 30 жыл»


Сабақтың мақсаты

Оқушыларға Семей өңірінде жүргізілген ядролық сынақ және оның зардаптары туралы мәліметтер беру. Қоршаған ортаның ластануы тіршілік иелеріне өте зиян келтіретінін айтып, келешекке табиғат тағдыры өз қолдарында екені туралы толық түсініктер беру. Семей полигонын жабуға күш салған Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев, Х. Матаев, Н. Сабильянов, М. Аймақов сынды қоғам қайраткерлерімен таныстыру, олардың өнегелі өмірлерін үлгі ету.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


13.09



Бүгінгі «Семей полигоны - тарихтың қасіретті беттері»атты экологиялық кешімізге хош келдіңіздер!
(Интерактивті тақтадан «Детство»күйі ойнап жатады. Әсем күйдің ырғағымен интерактивті тақтадан қазақ елінің көркем табиғаты көрсетіліп жатады)

1949 жылы тамыздың 29 бұл қазақ халқына таңба салған күн болды, әсіресе Семей жұртының жүрегіне жазылмас жара болып жабысқан қаралы сәт. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлттық ақыл- ойдың алыптарын өмірге акелген ұлылар мекені, қазақ руханияты мен мәдениетінің орталығы Семей жері қырық жыл бойы жүргізілген сынақтар салдарынан экология бұзылып , халық адам айтқысыз зардап шекті.Бір сәтте ешкімнің келісімісіз ұлы ақын елі ұлы атом еліне айналды Бұл жойқын жарылыс Абыралының Дегелең тауын тітірете теңселтті. Семей полигоны зардабы қырық жылға созылды .

Олай болса, келесі кезекті экрандағы бейнетаспаға назар аударайық.



Сұрақ-жауап кезеңі:

1.: -полигон аумағында түрлі зерттеу,эксперименттік жұмыстар жүргізілгенін білеміз. Түрлі тәжірибе алаңдары болғандығы айтылып жүр, сол туралы тоқталсаңыз?

Жауап: Ең бастысы «Тәжірибелік алаң». Осы алаңда 1963 жылға дейін ауада және жер бетінде ядролық сынақтар өткізілген. Екіншісі, «Дегелең» тәжірибелік алаңы, онда жер асты ядролық жарылыстары жасалды. Үшіншісі, «Балапан» алаңы, онда жер асты жарылыстары жасалды.

2.Семей қаласында «Бурцелезге қарсы 4-ші диспансер» деп аталған больницада кімдер емделді? Адам бойында радиацияның мөлшері қаншаға жеткенде қауіпті жағыдай туады?

Жауап: Онда науқас адамдарды емдеген жоқ, ғылым мен келешек үшін деген желеумен радиацияның тірі организмге тигізген әсерін зерттеді. Кейін де бұл «диспансер» жұмыс істей берді, бірақ, «Радиациялық медицина және экология ғылыми зерттеу институты» деп аталады. : Медициналық өлшем бойынша әр адам жылына 0,5 бэрден артық радиация алуына болмайды. Бүл рак, ақ қан, жүрек-қа

1 - оқушы:
Шықшы тауға, қарашы кең далаға,
Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға,
Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең,
Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?
Уа, дариға, алтын бесік - туған жер,
Қадіріңді келсем білмей, кеше гөр!
Жата алмас ем топырағыңда тебіренбей,
Ақын болмай, тасың болсам мен егер.
Неткен байтақ, неткен ұлы жер едің,
Нендей күйге жүрегімді бөледің!

2-оқушы:

1949 жылдан 1963 жылға дейін жер бетінде жасалған сынақтардың зардабы өте ауыр болды.. Бұл аймақтағы аурулардың есеп-қисабы 1990 жылға дейін мұқият жасырылып келді. Облыста онкологиялық, жүрек-қан тамыр, жүйке және психикалық аурулар саны күрт өсті. Азап шегіп, өлім құшқан адамдар қаншама. Отбасыларында кемтар балалар көбейді. Бұның өзі қазақ ұлтының келешегіне төнген зор қауіп болатын .1980 жылдардың аяғына қарай халықтың төзімі таусылып, шегіне жеткен еді. «Заман - ай»- Қазақстандағы Семей полигонының қасіретіне арналып шығарылған ән. Бұл әннің өлеңін жазған қазақтың көрнекті ақыны Ұлықбек Есдәулетов, әнін жазған қазақ халқының сазгері Төлеген Мұхамеджанов сынды ағаларымыз елінің қасіретін барша әлемге жеткізді.

Тарихшы:

Семей ядролық полигонын ашу туралы КСРО Министрлер Кеңесі шешімі 1947 жылы 2 тамызда қабылданды.1948 жылдың шілде айында полигонға әскер бөлімдері мен құрылысшылар келе бастады. 1949 жылы 29 тамыз күні Семей ядролық полигонында алғашқы жарылыс жасалды. Осы күннен бастап КСРО әскери-өнеркәсіп кешені Қазақстан тұрғындарына қарсы жарияланбаған соғысты бастап кетті. Бұл қасірет 40 жылдан астам уақытқа созылды. : 1989 жылы ақпанда « Невада-Семей» қозғалысы құрылды. Осы қозғалыстың нақты жетістіктерінің бірі-өте қысқа мерзім ішінде халықтың бас көтеруі арқасында Семей полигонындағы ядролық жарылыстың санын азайтуға көмектесті. Ол қозғалыстың жетекшісі — О.Сүлейменов. 1989 жылы 6 тамызда – Қарауыл ауылы жанында «Невада-Семей» Қозғалысының ұйымдастыруымен митинг өткізілді. Қаралған мәселе: КСРО мен АҚШ .Сынаққа бірлесіп мораторий жариялау қажеттігі туралы үндеу қабылдады.

Физик:. 1949-1953 жылдар аралығында жасалған сынақ Долон, Белтерек, Саржал, Қарауыл және Қайнар елді мекендерінің аумағында 150 рентген-сағатқа дейін білінді.1949 жылы Қайнар мен Белтеректегі радиоактивті фон 130-140 р-сағ.. нақты деректер бойынша 248 р-сағ. болды. 1951 жылы сәулелік зардап шегу дозасы Қайнарда 248 рад., Саржалда 220 рад., Қарауылда 260 рад. көлемінде болды. Қазақстан аумағында барлық жиынтық қуаты 50 мегатоннадан асатын 470 ядролық жарылыс жасалды.

Философ:

Семей поигонының ықпалы көш-қон мәселесіне де қатты әсер етті.1990 жылғы статистикалық мәлімет бойынша 32,4 мың адам Семей облысына сырттан келсе, 37,8 мың адам тұрғылықты жерден, яғни, Семей өңірінен басқа жаққа орын ауыстырған. Тек1990 жылы ғана облыстан 18,9 мың адам сыртқа қоныс аударса,12,8 мың адам көшіп келген. Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданының халық саны да өте көп мөлшерде азайған.



1. Интерактивті тақта материалдары
2. Эмблема: Экология және балалар
3. Ядролық жарылыстар - видео фильмдер, ядролық жарылыстан зардап шеккен адамдардың суреттері - слайдтар.
4. Н. Ә. Назарбаев, О. Сүлейменов, К. Бозтаев т. б. суреттері мен кітаптары.
5. Ұлы адамдар сөзінен цитаталар.





Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Зорлық – зомбылықсыз балалық шақ»


Сабақтың мақсаты

оқушыларға зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін айту. Оқушыларға толеранттылық туралы мағлұмат бере отырып, өздері жүрген орталарында мейірімді болуға, бұзақылық істерге бармауға, адами бойларындағы қасиеттерін сақтауға, әдепті де, тәртіпті де тұлға болып өсуін тәрбиелеу.


Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар





Мұғалім

« Бала дегеніміз -болашақ» деген екен француз жазушысы Гюго Виктор Мари. Бала періште дейді. Олардың пейілі, ниеттері қандай тұйық болса, көңілдері сондай мөлдір! «Адамның бір қызығы бала деген »-деп Абай атамыз 
айытқандай, мынау тіршілікте адам баласының алтынға айырбастап ала алмайтын аяулы сәттері көп-ақ. Халқымыз желкіндеп өсіп келе жатқан қыз баланы елдің көркі санаса, ал ер баланы елдің қорғаны санаған. Балалық шақ адам өміріндегі ұмытылмайтын қызықты да бақытты кезең. Сондықтанда әр бір қараша үйдің түтінін түтеткен ата-ана көзінің ағы мен қарасындай перзентінің өмірдегі осынау сәттерді мүмкіндігінше есте қаларлықтай етіп өткізуді ойластырады. 
Бүгін біздің мақсатымыз ешбір адамға: бала болсын , әйел адам болсын , зорлық-зомбылық жасалмайтын ел «Бейбітшіл ел - Қазақстан» атты елдің моделін құрып шығару.

Балалар, біз екі топқа бөліндік, олай болса «Сен, мен және біз – бәріміз әлемді өзгертеміз» деген ұранды ұстанып жұмысымызды бастайық.

1-ші сұрақ бақытты балалық шақ деген не ?
Ассоциация әдісі бойынша бақытты балалық шақ дегенде не түседі ойларыңа?

Әңгіме «Жетім бала» (қазіргі біздің өмірімізде қатыгез адамдар бар, адамды аяушылық деген жоқ екенін байқауға болады)
Мұғалім:

Қоғам үшін ең бастысы – тәуелсіздік, адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір. Бірақ сол уайым-қайғысыз бақытты өмірге қол сұғып, қысым көрсетіп, жәбірлеп жататындар бар. Бұл - бүгінгі қоғамның ащы да болса шындығы.

Зорлық-зомбылық құқықта «Бір адамның екінші бір адамға, оның жеке басына тиіспеушілік құқығын бұзатын тәни және психикалық ықпал жасауы».

2-ші сұрақ: Зорлықтың қандай түрлері сендерге белгілі? (қара бұлттарға түрлерін жазып ілу).



Сұрақ:

1. Сіздердің ойларыңша, неге біреу басқа адамға қатысты зорлық көрсетеді? /мазақтайды, күледі/ Ол басқаларды төмендету ( мүмкін оны да біреу төмендеткен шығар) , жолдасын төмендетіп, оны күлкіге қалдыру арқылы өзіне назар аудартады. Оның ойынша жолдасын кемсіту арқылы айналадағы адамдардың құрметіне ие болуға, олардың басшысы болуға тырысады.

2. Кімді жиі ренжітеді?

Кішілерді, әлсіздерді, бір нәрсемен басқаларынан ерекшеленетіндерді.

3. Қаталдық көрсетудің себебі?

Үйдегі нашар қарым-қатынас. Жақындары тарапынан көңіл аударудың жетіспеушілігі, ата-анасының ажырасуы, басқалар тарапынан кемсіту, нашар үлгерім – осының бәрі ашу мен реніштерін көрсетуге әкеп соғады.

4. Егер қысым көрсетілген жәбірленуші өте ақылды болса, сіздің ойыңызша, неге жәбірлеуші оған қысым көрсетеді?

Қызғаныш сезім, оның намысына тигісі келеді.

5. Жәбірленушіге көмек қажет деп ойлайсың ба?

Әрине қажет. Әңгімелесіп, ішкі ой сезімдерімен бөлісу.

6. Егер әңгімелесу көмектеспесе не істеу керек?

Ересектермен бөлісу, мұғаліммен, ата-аналармен, дау-дамайды басуға көмектесетін басқа ересектермен.

7. Егер жолдасың ашулы, көңіл-күйі нашар болса, қалай көмектесуге болады?

Әңгімеге тартуға тырысу, оны не мазалап жүргенін анықтау, тыңдау, назар аудару, қолдау көрсету.


3 сұрақ: «Балалық шақ зорлық – зомбылықсыз» болу үшін не керек.( қара бұлттарды , көк бұлтпен ауыстыру)
Балалар сендер өздеріңнің де, өзгенің де жанұясын қандай болғанын қалайсындар? (Шаңырақтың суреті құрылады.)

Мұғалім:

Бүгінгі біздің құрған моделімізге қарасақ. «Қазақстан – бейбітшіл, ұлтаралық достықтықты сақтаған, адамгершілікті қоғам, жарастықты қарым-қатынас , әрбір отбасы үлгілі , балалары тәртіпті, зорлық-зомбылық жасайтын адамдардан арылған , балаларға әрдайым қамқорлық жасай білетін , баланың абыройы мен құқықтарын құрметтейтін ел» болды.


1-топБіз еліміздің тәуелсіздігінің арқасында бақытты балалық шақты өткізудеміз. Біздің алаңсыз білім алуымызға, бақытты балалық шағымызға барлық жағдай жасалған. Біздің ойымызша балалық шақ дегенде –қуанышты, қызықты күндер, жақсы көретін ойыншығың есіңе түседі.

2-топМен осындай бейбітшілік орнаған елде туып-өскеніме ризамын. Адамдар бала кезінде балалық шақтың бал дәмін татуы тиіс. Біздер қазір бақытты болып өсіп келеміз. Алдымызда не керек болса, сол тұр. Білімге керек нәрсені ізденбей жатып-ақ, компьютер, ұялы телефон, интернеттен табамыз. Балалық шақ –ең тәтті кезең, адал, алаңсыз кездер деп ойлаймыз.

1-топ: Н.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай: Отбасы – отанымыздың ошағы. Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.Егербала отбасында дұрыс, жақсы, өнегелі тәрбие алса, онда бұл да зорлық зомбылықты жоюдың бір ісі деп ойлаймыз.

2-топ: Әрқашан қамымызды ойлап жүре тұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Алдыңа  қойған мақсатыңа жетуің үшін ана жанын қиюға да дайын. Ана баласының үлгілі азамат боп өсуі үшін бар күшін салып, тер төгеді. Ананың махаббатына, құдіретіне тамсанған талай ақын әнін арнап, жырын жазып, талай жазушы қалам тербеген.Біздің ойымызшаата-ананың көмегі, қадағалауы, уақыт бөлуібалаға жеткілікті болса, онда бұл да зорлық зомбылықты жою әдісі деген ойға келіп отырмыз.

Ата-анасын, аға-сіңлілерін сыйлай білген,жақындарына жақсылық тілеген адам, менің ойымша, болашақта қоғамда да ізгі ниеті арқылы еліне, оның дамуына көп септігін тиетінін күмәнданбаймын. Сондықтанда, жанұяда тығыз қарым-қатынас болу керек.
1-топ: жанұя мүшелерінің бір-біріне сыйластығы, сүйіспеншілігі, ауызбіршілігі, әдепті қарым-қатынасы,

2-топ: жанұядағымүшелердіңбір-біріне қамқорлығы, ата-анасының балдарына деген үлгі өнегесі, балдарының ата-анасына деген мейрімділігі, құрметтеуі.

Мұғалім:Егер әрбір отбасы осықасиеттерге ие болса , онда Қазақстанның барлық отбасы үлгілі, тәрбиелі, бейбітшіл отбасы болмас па еді.
Оқушылар қорытындылайды:

  1. ХХІ ғасыр, қазақ халқының ғасыры болсын.

  2. Қазақ елім мәдениетті дамыған ел болсын.

  3. Қазақстан тәуелсіз егемендігін сақтасын.

  4. Елде бейбітшілік орнасын.

  5. Данышпандардың саны көбейе берсін.

  6. Қазақ тілі мемлекеттік тіл болсын.

  7. Сыр елдермендостығымызнығаяберсін.

  8. Экономикамызөрге  бассын.

  9. Салт-дәстүрімізді сақтай, қадірлей білейік.

  10. Қазақстан елі- байтақ ел болсын.

  11. Демография жағынан қазақ халқының саны көбейе берсін.

  12. Отандық өнеркәсіп дамысын.

  13. Жастарымыз білімді, мықты болсын.



Видео, слайд

\түрлі түсті бояулар




Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ МЕН АЗАМАТТЫҚТЫ ТӘРБИЕЛЕУ, ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ



Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Жол ережесін білемізбе?»


Сабақтың мақсаты

1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін

дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

тәрбиелеу.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар





Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.
Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.


Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?
— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)
— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)


«Жол белгілерін білеміз бе?»

(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті: Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

топтық тапсырма: Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.
Сұрақ-жауап:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр


5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.


6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада

7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.


9. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

6. Көшеде жүру тәртібіне байланысты бейнеролик көрсету
Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.
Қорытындылау:
Мұғалім: Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік.


Хормен: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
( Әр топ оқушылары бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады)

Қызыл – Тоқта!
Сары – Сақтан!
Жасыл – Жол ашық!


Тақтадағы жұмбақтарды шешу:
Жұмбақтар
1. Ала таяқ ұстаған, 
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен, 
Ысқырықпен түзеткен. (Милиционер)
2. Көше бойлап аяңдайды,
Адам тасып аялайды. (Автобус)


Ән: Бағдаршам
1. Көшеде біз сақ болайық,
Қаймықпасын ата – ана.
Жолда сен бол лайық,
Жас ұлан деген атқа
Қ- сы:
Әрқашан күн сөнбесін,
Аспаннан бұлт төнбесін.
Қасымда болсын анам,
Болайын мен де аман!
2. Жолда жүру әліппесін
Білген жөн бес саусақтай.
Сонда ғана жүре аласың,
Сен өзіңді сау сақтап
Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?



Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер, интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.