Файл: Сынып сааты Мектеп атауы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 178

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


РУХАНИ-ТАНЫМДЫҚ, АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Ибалы ұл,инабатты қыз»


Сабақтың мақсаты

Адамгершілік қасиеттерге  бағыттай отырып, оқушының    рухани

білімін байыту, логикалық ойын дамыту, ойын еркін,  дәлелді түрде жеткізе білуге

жетелеу;

Оқушыларға  адамдық асыл қасиеттерді қастерлеп, өмір  заңдылықтарын

білуге үйрету;



Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


0

Ұйымдастыру кезеңі.

Музыка ойнап тұрады.

     Мұғалім.

 

Ұл мен қызды дәріптеу мақсатында

Білектей арқасында өрген бұрым,

Шолпысы сылдыр қағып жүрсе ақырын.

Кәмшат бөрік, қара қасты,

Сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін?!-деген  Абай атамыздың өлең жолдарын қыздарымызға,

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің туы болады.

Атадан жаман ұл туса,                                  

Елінің соры болады- деген  Қазбек бидің нақыл сөздерін ұл балаларға арнай отырып, бүгінгі «Ибалы ұл, инабатты қыз - өмір көркі» атты ашық тәрбие сағатымызды   бастаймыз.

Әр халықтың бала тәрбиесіндегі өзіндік ерекшеліктері арқылы мәдени құндылықтары қалыптасады. Ата-бабамыз ұл баланы ертеңгі абыройлы әке, қадірлі отағасы, елді қорғайтын ер, батыр, би, ақын, ұлттың намысты азаматы ретінде әділдікке, қайсарлыққа, кешірімді болуына, өнерге, білімге, салт-дәстүрімізді сақтауға тәрбиелеген. Ұл бала – қазақта шаңырақ иесі, ер-азамат – ата-ананың отын тұтатушы болып саналады.

Қазақ отбасының ерекшелігі жасы кішісінің үлкеніне «сен» деп сөйлемеуі, алдын кесіп өтпеуі, үлкен тұрып кішінің, әке тұрып ұлдың, шеше тұрып қыздың орынсыз сөйлемеуінде. Қазақ отбасындағы үлкенді құрметтеу әдеті жауапкершілік, адамгершілік сезімдерін туғызған. Дұрыс бағытқа бағдарлау көп жағдайда абыройлы әкеге, үлгілі отағасына, қадірлі ағаларына байланысты. Халқымыз ұл бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Қай халықта болмасын, ұл бала тәрбиесі – әке меншігінде. «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» дей отырып, қазақ отбасында әкелер өзінің білетін бар өнерін алдарына үйретіп, оларды мерген, аңшы, яғни «сегіз қырлы, бір сырлы» жігіт етіп тәрбиелеген. Бала ес білгеннен бастап, оның құлағына «сен ертеңгі шаңырақ иесісің, болашақ әкесің, арқа сүйер жарсын, отбасының асыраушысысың, сондықтан да жаманнан жирен, жақсыдан үйрен» деген сөздерді құйып отырған.

Жалғасын тап – деп аталады. Ережесі: тәрбие, отбасы туралы мақал – мәтелдеріді жалғастыру, және мағынасын түсіндіру.
Ойланайық пікірлесейік.

     Ұлдарға сұрақ:

1. Қыздың көркі деп нені түсінесің?  ( ең бірінші мінезі, әдептілігі, әрине   сыртқы келбеті)

2. Қыздарды неге өмірдің гүлі дейді?   ( Гүл табиғаттың сәні, оны баптап, бағып күтсең, әдемі, хош иісті болып өседі. Қыз бала да, солай кішкентай   кезінен бастап бағып, жақсы тәрбие беру керек. Отбасында берген тәрбие қалай болса,өскенде солай қалыптасады.)

3. Қызға қандай қылық жараспайды?   (ерсі күлгені, дөрекі сөйлегені,   өтірік айтқаны)

 4. Қыздарға арнап мақал айт. ( Қыз өссе елдің көркі, Таудың көркі тас, қыздың көркі шаш, Қызға қырық жерден тыю, Анаға қарап қыз өсер)

 

5. Өзіңе қыздардың қандай мінезі ұнайды? (қылықты , әдепті болса,    сыпайы, биязы  болса  )

 

Қыздарға сұрақ:

1. Ұлдарға қандай қылық жараспайды? ( бұзақылық, сотқарлығы, кісіні   сыйламайтыны)

2. Ұлдарға арнап мақал айт  (Атадан жақсы ұл туса,

                                                     Қар үстінде от жанар, 

                                                     Атадан жаман ұл туса,

                                                     Ат үстінде ит қабар

     Жақсы бала әкесінің басын төрге сүйрейді, жаман бала әкесінің төрдегі басын есікке сүйрейді , жақсы бала- сүйік, жаман бала күйік)

 

3. Саған ұлдардың қандай мінезі ұнайды? (салмақты, кішіпейіл, 

     адамгершілігі мол),

 

4. Атадан жақсы ұл туса, елінің туы болады дегенді қалай түсінесің?

    ( Отан үшін отқа түс, күймейсің дегендей, ұл бала еліне отанына қызмет етуі тиіс.Ол  үшін тәртіпті, саналы, адамгершілі мол болуы керек деп  ойлаймын)

5. Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің?

     (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

 

 


1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)

3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )

4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)

5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
6. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)

7. Күлме досыңа…………(келер басыңа)

8. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)

9. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)

10. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
ІІІ Топтастыру стратегиясы.

Енді жұмысымызды әрі қарай жалғастыру үшін  шағын видеоролик тамашалаймыз.

Өз пікірлерімізді ортаға салайық.  Балалар пікірі тыңдалады
Ибалы ұлдар

    Иман- араб тілінде сенім деген ұғымды білдіреді. Халық адамгершілігі жоғары кісіні  «иманды» деп құрметтейді, адамгершілік қалыпты бұзған адамды «имансыз» деп жек көреді.  Адамгершілігі, ар-ұяты бар адамның бет-бейнесі, иман жүзділігі жарқын, биязы, парасатты болады. Ондай адамды халық «иманжүзді кісі» деп бағалайды.
Абай атамыздың даналығы –адамдықты жақтайды.

Адам болам десеңіз...

Бес нәрседен қашық бол...,—

Бес нәрсеге асық бол, - деп  Абай атамыз айтқандай, адамның  ішкі рухани казынасының молығуы өз қолында
                             Ал   имандылық қасиеттерге

● қарапайымдылық

● сыпайылық

● мейірімділік

● кішіпейілділік

● ізеттілік

● адалдық жатады
Ибалы қыздар

    Ата-бабаларымыз адамның ішкі дүниесіне зер сала отырып, өздерінің көз жеткізген ой-пікірлерін өсиет етіп кейінгі ұрпаққа қалдырып отырған. Қазақ даналарының тұжырымдауынша, адамгершілік, имандылық  мынадай 10 нәрседен тұрады; біріншіден, адамдарға кішіпейіл және нәзік сезімталдықпен қараудан, екіншіден, өзінің ісінің бұрыс екенін біліп, соған орай әрекет жасаудан; үшіншіден, халқына қызмет етуден; төртіншіден, өз сырларын басқаға білдіру-білдірмеуді білу; бесіншіден, өзінің және басқалардың сырын сақтаудан; алтыншыдан, әр жағдайда сақ бола білуден; жетіншіден, тілге ие болып, артық сөйлемеуден; сегізіншіден, әдеп сақтаудан, тоғызыншы, қатеңді бірден мойындап, кешірім сұраудан; оныншы құлаққа жағымсыз сөзді айтпаудан.     

 

Ибалы қыздар

 Инабаттылық- әдептіліктің әсем көрінісі.

 Инабаттылық рәсімдері: қарапайымдылық, сыпайылық, тіл алғыштық, адалдық, әділдік, жауапкершілік. Инабатты, биязы мінезді қатардағы қарапайым қамқоршы адамды халық нағыз перзентім деп үлгі тұтады. Ұлы ғұламалардың еңбектерінің қайсысы болсын имандылық, инабаттылық, адамдық қасиет қалыптастыруды көздеген. 

Жүректен жүрекке. Оқушыларға жеке-жеке парақ таратылады. Параққа ибалы ұл мен инабатты қыз болу үшін қандай тәрбиені ұстану керек екендерін жазып тақтаға жабыстырады.



нақыл сөздер, маркер.



Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Мемлекеттік тіл менің тілім»


Сабақтың мақсаты

. Баланың сөйлеу тілін дамыту арқылы сөздік қорларын молайту;
ой – өрісін кеңейту;
Жас ұрпақтың патриоттық сезімін оята отырып елін, жерін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

 Балаларға мемлекттік тілдің өркендеп,оянуына ,мемлекеттік тілімізді сүюге ,мемлекеттік тілді аяққа баспай , мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіңдік ерекшеліктері,салт-дәсүрі, діні, тілі болатынын түсіндіру. Балалардың сөздік қорын молайту , еркін сөйлеуге баулу.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.0

Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел - өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір – қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт – дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілін дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз керек және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек.
Оқушыларға сұрақтар қою.
1. А. Байтұрсынов кім?
2. Жүз жасаған ақын?( Жамбыл Жабаев)
3. Қазақ тілі қай жылы мемлекеттік мәртебе алды?(1989ж. 22. 09 және 1997ж. 11. 07.
4. Абайдың қанша қара сөзі бар?( 45 қара сөзі бар)
5. Ата Заң күні қашан?(30тамыз 1995 жылы)
6. Қазақтың тұңғыш алфавитін жасаған кім?(Ы. Алтынсарин)
7. Тіл туралы Заң неше баптан тұрады?(27 бап, 6 тарау)
8. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?(Әлия, Мәншүк)
9. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды?(1991ж, 16. 12)
10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім? (Ы. Алтынсарин)
11. Қазақстан жерінен өткен жол.(Жібек Жолы)
12.«Қазақ вальсінің королі» атанған композитор кім? (Ш. Қалдаяқов)
13. Әнұранның авторларын атап бер.(сөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Н. Назарбаев. Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов)
14. Абайдың туған жылы. (1845жылы 10. 08)
15. Абайдың қандай өлеңдері бар?(Қыс, Күз, Көзімнің қарасы т. б)
16. ҚР — ның рәміздерін ата.(әнұран, елтаңба, ту)
17. ҚР — ның астанасы қай қала?
18. Әл — Фараби өмірге келген қала. (Отырар)
19. Ұлттық киімдерді атап беріңдер. (Сәукеле, қамзол, кемешек тақия т. б)
20. Қандай туыстық атауларды білесіңдер.( Нағашы жұрт, қайын жұрт т. б)

Ендігі айдарымыз мақалдың жартысын табу.

Тіл туралы мақалдар
1. Тіл тас жарады, тас жармаса…..(бас жарады)
2. Бал тамған тілден…(у тамған)
3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты…(сөз бұзар)
4. Жақсы сөз -…(жарым ырыс)
5. Қаһарлы сөз…(қамал бұзар)
. 6. Шебердің қолы ортақ, шешеннің…( тілі ортақ)
7. Жақсы байқап сөйлер, жаман…( шайқап сөйлер)
8. Бас кеспек болса да,… ( тіл кеспек жоқ)
9. Дәлелсіз сөз…(желмен тең)
10. Тіл қылыштан… (өткір)
11. Піл көтермегенді,…(тіл көтереді)
12. Тілден артық…(қазына жоқ)
13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі…(ой өсіреді)
14. Жыланның уы тісінде, Адамның уы… ( тілінде)
15. Ең ащы да тіл, ең…(тәтті де тіл)
16. Өнер алды – ( қызыл тіл)
17. Айтылған сөз -…( атылған оқ)
18. Жылы — жылы сөйлесең, жылан…(інінен шығады)
19. Басқа пәле -…(тілден)
20. Білім кілті -… (тіл)
21. Тілге құрмет –(елге құрмет)\
«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты тәрбие сағатымызды мына бір өлең жолдарымен аяқтағым келеді:
Туған тілім – тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылады сыр ойдағы,
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін.- деп Әбділдә Тәжібаев ағамыз жырламақшы біздер де әрқашан тілімізді бірінші орынға қойып жүрейік.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп — көп рахмет.


1 — оқушы:
Тілім — арым, ол менің мақтанышым,
Ризамын жүрекке от жаққаны үшін.
Тіл – адамның қаруы, қазынасы.
Туғанбыз соны баста сақтау үшін.
Тілің барда сен барсың, жоғалмайсың,
Өз тіліңсіз бәрібір оңалмайсың.
Көп тілді біл, сүй бірақ өз тіліңді,
Өз тіліңсіз бақытты бола алмайсың.
2 — оқушы:
Сан ғасырдан сақталған асыл мұрам,
Сені қалай басқаға басындырам?!
«Тәуелсіз ел болғанда, бағың жанар»,-
Деп ойлап ем бәрінен басым тұрам.
Ана тілім – ардағым, жырымбысың,
Аспандағы ай менен күнімбісің?!
Бар сынаққа төзер ем өмірдегі,
Анам және аяулы тілім үшін.
Мақал-мәтелдер:

Бас кеспек болса да,тіл кеспек жоқ

Ана сүті бой өсіреді,ана тілі ой өсіреді.

Тіл тас жарады,тас жармаса бас жарады

Тіл қылыштан өткір

Көп сөз – бос сөз

Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын

Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі ілім біл
Оқушылар бір біріне тапсырма орындатады:

(мақал - мәтел, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылады. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аудару)
1. Мектеп кеме, білім ……….. (теңіз, море, sea)
2. Қорада малың болын, кеше………. (талың, дерево, tree)
3. Адам көркі шүберек, ағаш көркі…………. (жапырақ, лист, foliage)
4. Құлан құдыққа құласа, құлағында…………ойнайды. (құрбақа, жаба, frog)
5. Жалғыз кірпіш қорған болмас, жалғыз ағаш…….. болмас.(орман, лес, forest)
6. Бабалар еккен шынарды,…………. Саялар (балалары, дети, children)
7. Қыз өссе елдің көркі, ………. өссе жердің көркі. (гүл, цветок, flower)
8. Біреуге мал қайғы, біреуге…………жан қайғы. (жан, душа, soul)
9. Тіліңмен жүгірме,........ жүгір (білім, знание)





Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Қазақтың ұлттық тағамдары»


Сабақтың мақсаты

Мақсаты:
Балаларға ұлттық тағамдар, оның пайдасы, қасиеті туралы түсінік беру
Ұлттық тағамдарды қалай дайындау, дұрыс пайдалана білуге дағдыландыру
Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, өз ұлтының тағамдарын қадірлеуге үйрету


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.

Бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы «Қазақтың ұлттық тағамдары» деп аталады.

Бұл тақырыпты біз жайдан - жай таңдаған жоқпыз. Қазақта «Ас – адамның арқауы», «Ас жүрген жер – береке», «Тату үйдің тамағы тәтті» деген мақал - мәтелдер бар. Жер бетінде өмір сүретін әр халықтың өзіне тән дәстүрі, салты, ұлттық киімі, тағамдары бар. Біздің қазақ халқы бұрын көшпелі өмір сүріп, мал шаруашылығымен айналысқан. Олар төрт түлік малды бағып, оны сауса – сүт, сойса – ет, мінсе - көлік, кисе – киім етіп пайдаланған. Тамақтың ең құнарлысын, адам ағзасына қажеттісін ішіп - жеген. Сондықтан біздің халқымыздың дені сау, батыр халық болған. Соның арқасында осы ұлан байтақ жерді көзінің қарашығындай сақтап, бізге мұраға қалдырған.
Қазақтың  ұлттық  тағамдары ,

Жасымнан жақын маған  бәрі.

Теңгермес ем оларға  мен ,

Ешбір  асты  ғаламдағы.

Мал шаруашылығымен айналысқан көшпелі қазақтардың  негізгі тағамы – ет пен сүттен жасалған . Биенің сүтінен қымыз ,түйе сүті-

нен шұбат дайындаған. Сиыр , қой мен ешкі сүтінен қаймақ , май ,

ірімшік , айран , қатық ,сүзбе , құрт т.б. тағамдар жасаған .

Қастерлі тамақтарының  бірі – тары. Қуырып ақтаған тарының
жармасына  сары  май  мен  шекерді араластырып  жент дайында –

ған. Тарыны түйіп , тары көже пісірген .

Жылқының  жал , жая , қазы , қарта , шұжығы кәделі ас саналады.

Құрт  езілген  сорпа  ішкен .Бауырсақ , шелпек , кеспе , көже және

күріштен сүт ботқа мен күріш  көже , палау дайындаған .
Сұрақтар қою:

1. Еттен жасалатын тағамдарға байланысты қазақ халқының қандай салты бар?
2. Ұлттық тағамдардың түрлерін ата
3. Құрметті қонақтарға қазақ халқы қандай тағам ұсынады?
4. Үлкен сыйлы қонақтарға не тартады?
5. Жеті түрлі дәмнен пісірілетін тағам қалай аталады?
6. Қазақ халқының ең бағалы сусыны
7. Сүттен жасалатын тағамдар
8. Бауырсақты неден жасайды?
9. Тарыдан не дайындайды?
10. Ұлттық тағамдардың қайсысында қандай дәрумендер бар?
6. Мақал жазу, жаттау.

7.Венн диаграммасын толтыру.

Қазақ халқының тағамы................Ортақ тағам..................Орыс халқының тағамы
Қуырдақ..........................................нан...........................котлет
Қымыз.............................................ет..............................борщ
Шұбат..............................................қуырады...................квас
Ірімшік............................................пісіреді......................кисель
Құрт.................................................қайнатады................кисель
Көже................................................ботқа


   Қымыз

1- оқушы : Сары , дәрі қымызым ,

                   Бұрқыраған иісі

                   Мұрныңнан  кетпес күнұзын

                                Шұбат

2 –оқушы :Ішіп көрген  шұбатты ,

                   Дәмін бірден ұнатты.

                   Денсаулыққа  пайдалы

                   «Зәм – зәм » суы сияқты

                                 Қуырдақ

3- оқушы : Өкпе , бауырдан жасар ,

                   Дәм бар ма одан  асар.

                                  

                                

                                  Бауырсақ

4- оқушы : Біз ғана тән ,

                   Қызыл – күрең бауырсақ

                   Дастарқанға  сән

                                  Шелпек

5– оқушы : Ата , бала жер  тегін .

                       Әжеміздің  асықпай

                       Майға  піскен  шелпегін

                                  Талқан

6- оқушы :  Жесең  бидай  талқаны ,

                      Кептіреді  аңқаны

                                    Палау

7- оқушы :  Жеңсік  ас  деп  қалаулы ,

                       Ұнатамыз палауды


Оқушылар бір-біріне қазақша орысша сөздер айтады

Қонақ – гость
Бесбармақ – мясо по-казахски
Қуырдақ – обжаренное мясо
Бата – благословение
Қымыз – кобылье молоко
Шұбат – верблюжье молоко
Әзірлеу - приготовить
Тамақ – пища, еда
Құрметтеу – уважать.



Ұлттық тағам түрлері, тапсырмалар, слайд, сахналалық қойылым көрнекілігі, сөзжұмбақ, интербелсенді тақта, видеоролик



Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Менің құқғым менің міндеттерім


Сабақтың мақсаты

1. Оқушылардың құқықтық мәдениеттілігін көтеру.

2. Өз құқығын білуге деген қызығушылығын арттыру.

3. Заңдарды сыйлап, өз құқығын қорғауға тәрбиелеу.

құқықтық мәдениеттілікті, әдептілік, құқықтық сана - сезімді қалыптастыру.
дамытушылық: индивиттердің әлеуметтік – пайдалы тәртібін қалыптастыру, олардың өз құқықтары мен міндеттерін өмірдің әр түрлі жағдайларына қарай және пайдалана білу қабілеттерін арттыру.
тәрбиелік: еркіндік пен демократияның бағалығын ұсынған азаматтық тұрғыдан белсенді, заңды тыңдаушы, адам бостандығы мен құқығын сыйлайтын және оны қорғайтын жеке тұлғаны тәрбиелеу.


Сабақтың барысы


Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01.

ҚҰҚЫҚТЫҚ БІЛІМ – БАРШАҒА.
Егеменді еліміздің ертеңі үшін.
Егеменді өркениетті елдің бүгінгі мен ертеңін өрге бастырар жас жеткіншектер екені белгілі. Болашақтың тізгінін ұстайтын жастардың алдағы атқарар іс - әрекеттердің түп - тамыры бүгінгі күнмен тығыз байланысты.
Қоғамдағы демократияландыру, құқықтық мемлекет құру бағыты жалпыға бірдей заң білімдерін беру ісін кезек күттірмейтін, алдыңғы лекке алып шықты. Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы №2347 «Жалпыға бірдей құқықтық білім мен тәрбие беру туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, оқушыларға құқықтық білім беру ісіне түбегейлі өзгерістер енгізілді., Сайыстың кезеңдері:

  1. «Таныстыру»

  2. «Кім жылдам?»

  3. «Сен білесің бе?»

  4. «Мақалды тап»

  5. «Жағдаяттан жол таба біл»

  6. «Суреттер сөйлейді»

1. «Таныстыру» кезеңі

Шарты: Әр топ өзінің атауымен, топ мүшелерімен, ұранымен және эмблемасымен таныстырады. Жалпы саны – 50 ұпай.
2.«Кім жылдам?» кезеңі

Шарты: Әрбір қойылған сұраққа қатысушылар түрлі-түсті сигналды қағаздарды көтеру арқылы жауап береді. Дұрыс жауап берген қатысушыға «смайликтер» беріліп отырады. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
3.«Сен білесің бе?» кезеңі

Шарты: Ертегілер еліне саяхат жасай отырып, бала құқықтарының баптары жөніндегі сұрақтарға жауап беріледі. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.

4. «Мақалды тап» кезеңі

Шарты: Берілген арнайы суретерді пайдаланып, сол суреттер негізінде «бала туралы» айтылған мақал-мәтелдерді табады. Дұрыс жауап берген қатысушыға «смайликтер» беріліп отырады. Әрбір дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
5. «Жағдаяттан жол таба біл» кезеңі

Шарты: Әр топқа конвертке салынған жағдаяттар беріледі. Осы жағдаяттарды сахналау арқылы дұрыс не бұрыстығын түсіндіре отырып, бала құқығымен байланыстырады. Жалпы саны – 20 ұпай.
Оқушыларды марапаттау

  1. БҰҰ-да «Бала құқығы туралы Конвенция» қашан қабылданды? (1989 жыл 20 қараша)

  2. Баланың азаматтық құқығы қай кезден басталады? (бала туған кезінен бастап)

  3. ҚР-ның Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

  4. Неше жасқа толмаған адам бала болып есептеледі? (18 жас)

  5. Әр адамның жеке басын куәландыратын құжат қалай аталады? (төлқұжат)

  6. БҰҰ-да «Адам құқықтарының жалпыға ортақ Декларациясы» қашан қабылданды? (1948 жыл10 желтоқсан)

  7. 1 маусым қандай мереке? (Халықаралық балаларды қорғау күні)

  8. Бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)

  9. «Бала құқығы туралы Конвенция» негізінде Қазақстанда қабылданған «Балалар құқығы туралы» заң қанша тараудан және неше баптан тұрады? (9 тарау, 53 бап)

  10. 20 қараша қандай мереке? (Дүниежүзілік балалар күні)



1. «Алтын сақа» ертегісінде сақасын алуға келген баланы жалмауыз кемпір ұстап алып, баланың өміріне қауіп төндіреді, өлтірмекші болады. Бұл туралы Конвенцияда қандай құқық көрсетілген. Баланың құқығы бұзылды ма? (Иә, 37 бап азаптау және бас бостандығынан айыру)

2. «Керқұла атты Кендебай» ертегісінде Кендебай ата-анасынан айырып алған Мергенбай батырдың баласына болысып, Мергенбай батырды қолға түскен басқа да адамдарын зынданнан шығарады, бұл жерде қандай құқығымызды (Иә, К)
1. Бала жетіге жеткенше жерден таяқ жейді.

2. Балалы үй базар, баласыз үй қу мазар.

3. Ананың сүті – бал, баланың тілі –бал.

4. Аузы қисық болса да, байдың баласы сөйлесін.

5. Бала – адамның бауыр еті.

6. Жақсы бала еліне бас болады,

Жаман бала еліне қас болады.

7. Аш бала, тоқ баламен ойнамайды,

Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.

8. Балалы үйде ұрлық жатпайды.

9. Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.

10. Атаңның баласы болма, адамның баласы бол.

11. Әкені көріп, ұл өсер

Шешені көріп, қыз өсер.

12. Ойнақтаған бала от басады.
Жағдаят № 1

Арман 11 сыныпта оқып жатыр. Ол болашақ мамандығы туралы ойлағанда қатты қиналады. Себебі, Арманның қалаған мамандығы – дәрігер болу. Алайда оның ата-анасы баласының да өздері секілді заңгер болғанын қалайды. Ол «Сен, біздің ісімізді жалғастырасың. Мектеп бітірген соң зағгер болып, таныстарымыздың арқасында прокоратураға жұмысқа қоямыз» деген сөздерді күнде ата-анасынан естиді. Бір жағынан ата-анасының көңілін қалдырғысы келмесе, екінші жағынан асқақ арманын да қимайды.

Тапсырма:

1. Оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыздар.

2. Қалай ойлайсыңдар, Арманның ата-анасы заңды бұзды ма? Кейіпкердің орнында болсаңыз не істер едіңіздер?

Жағдаят № 2

Ауыл іші. Түн. Топ бала өлең айтып, шулап жатыр. Олардың жандарынан өтіп бара жатқан 7 -сыныпта оқитын Шынарбек көрші ауылдағы достарымен ойнап, үйіне қайтып келе жатқан еді. Бір кезде ол «Әй, бері кел» деген жуан дауысты естиді. Қатты қорыққан Шынарбек, «мені шақырмаған болар» деп ойлап, қайырылмай кете береді. Сәл жүре бергені сол-ақ екен, артынан жаңағы топ балдардың ішінен Марат жүгіріп келіп, «кел дегенде неге келмейсің деп» Шынарбекті жұлқылап, жағасынан алды. Алдымен темекі, одан соң ақша сұраған Марат, Шынарбекті қорқытқысы келіп пышақ көрсетті.

Тапсырма:

1. Оқиғаны әрі қарай жалғастырыңыздар.


ҚР Конституциясы, «Бала құқықтары туралы Конвенция», интербелсенді тақта, смайликтер, түрлі-түсті конверттер, топ аттары жазылған тақтайшалар.




Сынып сағаты


Мектеп атауы:



Бөлім:


ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Педагогтің Т.А.Ә.




Күні:





Сынып:

Қатысушылар

саны:

Қатыспағандар

саны

Сабақтың тақырыбы

«Ұлттық тәрбие ұлт болашағы»


Сабақтың мақсаты

1)Ана тілі болып қалатынын негіздеу, қазақ тілі мен тарихын, мәдениеті мен дінін, салт-дәстүрі мен дінін құрметтеуде жастардың ұлттық интеллектуалдық мінез-құлқын қалыптастыру, бүгінгі қазақ елінің индустриалық-инновациялық жүйесінің дамуын қамтамасыз ететін парасатты, ұлттық сипаттағы белсенді іс-әрекетке тәрбиелеу.

 2) Білім және мәдени-рухани тұрғыда басқа өркениеттермен бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету.

 3)  Қоғам мен адам, адам мен табиғат қарым-қатынасының өркениеттілік сана-сезімін ұлттық рухта қалыптастыру.



Сабақтың барысы

Сабақтың кезең

/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының

әркеті

Ресурстар


01

Ұлттық тәрбие – ұлт болашағы

         Тәуелсіздігімізді алып,өркениеттілікке құлаш сермеген бүгінгі таңда адамгершілігі мол,сапалы да салауатты ұрпақ тәрбиелеуде халықтық тәрбиенің алатын орны ерекше.Қазір оқу орындарында ұлттық тәрбиеге айрықша мән берілуде. «Жастар біздің болашағымыз» дейтін болсақ, сол жастарымызды ұлтын сүйетін ұлтжанды, Отанын сүйетін патриот, жоғары адамгершілік иесі, ұлттық рухы биік парасатты азамат етіп тәрбиелеу үшін оларға ұлттық тәрбие қажет екенін өмірдің өзі-ақ көрсетіп отыр.
І. «Сан саяхат»
Оқушыларға:
1. Жеті ата деген не? Өз жеті атаңды білесің бе?
2. Төрт түліктің пірлерін ата?
3. Сүтті төрт түлік малдың аттарына байланысты ата (қой, ешкі, сиыр- сүт, бие сүті- қымыз, түйе сүті-шұбат)
4. Жылқы туралы мақал- мәтел айта аласыз ба?
(Жылқының сүті шекер, еті бал. Адам жылқы мінезді. Жылқы-малдың патшасы.)
5. «Қара кемпір», «Қара шал», «Бозторғай» әндерінің авторы кім? (әнші сазгер А.Қоразбаев)
ІІ. Сыңарын тап
1. Әдепті бала ата-анасын мақтатар………. (әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)
2. Ана сүтін ақтамағанды………… (ешкім жақтамайды.)
3. Әке тұрып ұл сөйлегеннен без……….(шеше тұрып қыз сөйлегеннен без )
4. Қарағайға қарап тал өсер…………… (қатарына қарап бала өсер)
5. Үйінде ұл-қызы бардың…………. (көгінде сөнбес жұлдызы бар)
Балаларға:
1. Жығылып жатып………..(сүрінгенге күлме)
2. Күлме досыңа…………(келер басыңа)
3. Ауру қалса да …………(әдет қалмайды)
4. Әдепті бала арлы бала……………(әдепсіз бала сорлы бала)
5. Ұяда не көрсең…………(ұшқанда соны ілерсің)
IІІ. Тыйым сөздер
1. Оқушыларға тыйым сөздер туралы сөз кезегін беру
ІV. Сіздің пікіріңіз.
Кешкі ас ішіп болған соң ауыз үйде ыдыс-аяқ жуылмай қалды. Өйткені бір жақсы фильм басталып кетті. Фильм біткесін қызыңыз сізге; « шеше, ыдысты таңертең жуа салайыншы» десе, сіз не деп жауап берер едіңіз? Құптайсыз ба?



Салт - дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным - сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысына туып, қалыптасып, ұрпақтан ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Оның жаңа қоғамдық қатынасқа қайшы келетіндері жойылып, өмірге қажеттілері дамып, жаңа мағынаға ие болады. Мысалы, қазақтар жауынгершілік заманында қой сойып, қанына найзасын малып, бір - бірімен анттасып достасқан. Достықты бұзғанды ант атсын деп серттескен. Бертін жаңа қоғамның дамуына байланысты анттасу салты мүлде жойылды. Қазақ халқының салт - дәстүрлері: бала тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер, тұрмыс салт - дәстүрлері, әлеуметтік - мәдени салт - дәстүрлері болып үш топқа бөлінеді.
Бала тәрбиесіне байланысты әдеп - ғұрыптарға баланың дүниеге келген күнінен бері жүргізілетін тәлім - тәрбиелік дәстүрлерден (шілдехана, балаға ат қою, бесікке салу, қырқынан шығару, тіл дамыту, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндет той т. б.) бастап, қыз бала мен ұл баланы келешек отбасы - жанұя құруға, шаруашылыққа, өмірге, еңбекке бейімдеуге арналған азаматтық жөн - жоралғылар кіреді.
Ал тұрмыс салт - дәстүрлеріне қазақтың киіз үй, киіз үй жиһаздары, ұлттық киімдер мен тағамдар, мал бағу, егіншілік, аңшылық, балықшылық, бағбаншылыққа қатысты кәсіптерге үйретудің тәлімгерлік түрлері енеді.



 Отбасы, ата-ана, салт-дәстүрлер туралы нақыл сөздер.