Файл: азастан Республикасыны 2007 жылы 27 шілдедегі 319 Заы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 852

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



      3) балалардың сауықтырылуы, демалысы уақытында жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруіне жағдайлар жасайды;



      4) білім алушыларға медициналық қызмет көрсетілуін қамтамасыз етеді;



      5) зияткерлік және имандылық дамуды қамтамасыз ететін инновациялық педагогикалық әдістер мен технологияларды әзірлейді;



      6) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді, ғылыми-әдістемелік құралдар мен ұсынымдарды, оның ішінде олардың электрондық түрдегілерін, сондай-ақ имандылық-рухани даму саласындағы мерзімді және сериялы басылымдарды әзірлейді және басып шығарады;



      7) имандылық-рухани даму саласында педагогтерді қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды жүзеге асырады;



      8) имандылық-рухани даму мәселелері бойынша ғылыми зерттеулер жүргізеді.



      6-1. Мемлекеттік орта білім беру ұйымдары дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын мүліктік жалдауға (жалға) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен береді.



      6-2. Психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар психологиялық-медициналық-педагогикалық зерттеп-қарау және консультация беру бағдарламаларын іске асырады.



      6-3. Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттері мен оңалту орталықтары түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді және іске асырады.



      7. Осы бапта көрсетілген нормалар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қолданылмайды.



      Ескерту. 43-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.10.24 № 487-ІV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.02.13 N 553-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.11.2015 № 398-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 22.12.2016 № 29-VІ (01.01.2017 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.06.2017 № 80-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2017 № 128-VI
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 171-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2018 № 172-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 19.04.2019 № 250-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.12.2019 № 294-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 08.01.2021 № 410-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.06.2021 № 56-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.05.2022 № 118-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.





43-1-бап. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының қызметі және құзыреті


      1. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен мынадай қызмет түрлерін:



      1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды, сондай-ақ іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерді қоса алғанда, ғылыми-техникалық, инновациялық қызметті, ғылыми-зерттеу жұмыстарын;



      2) білім алушыларды тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;



      3) жұмыскерлерді тамақтандырумен, тұрумен, медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етуді;



      4) білім алушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді;



      5) спорттық және мәдени-бұқаралық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуді;



      6) дене шынықтыру-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуді, спорттық және шығармашылық секциялар құруды;



      7) білім беру процесін, зерттеулерді, тәрбиелік және әлеуметтік-мәдени қызметті қамтамасыз ету үшін баспа және полиграфиялық қызметті;



      8) халықаралық және республикалық деңгейдегі түрлі іс-шараларды: білім алушылар мен педагогтер арасындағы олимпиадаларды, жарыстарды, конкурстарды, конференцияларды, семинарларды ұйымдастыру мен оларға қатысуды;



      9) білім алушыларды запастағы офицерлер мен запастағы сержанттар бағдарламалары бойынша әскери қызметке даярлауды;



      10) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыруды;



      11) технополистерді, технопарктерді, бизнес-инкубаторларды, инновациялық орталықтарды, технологияларды коммерцияландыру және трансферттеу орталықтарын, жобалау конструкторлық бюроларды және қызмет бейіні бойынша басқа да құрылымдарды құруды;



      12) білім мен ғылым жүйесін одан әрі дамытуға және жетілдіруге бағытталған инновациялық әдістерді, оқыту технологиялары мен зерттеулерді әзірлеуге, сынақтан өткізуге және ендіруге қатысуды;




      13) білім берудің барлық деңгейлері үшін цифрлық интерактивтік білім беру ресурстарын және оқу фильмдерін ұйымдастыруды, жасауды және дамытуды;



      14) білім мен ғылымды өндіріспен интеграциялауға қатысуды;



      15) Қазақстан Республикасының еншілес және басқа да ұйымдары мен шетелдік ұйымдардың қаржы ресурстарын тарта отырып, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды, инновациялық және инвестициялық жобаларды ұйымдастыруды, қаржыландыруды, сондай-ақ білім және ғылым саласындағы жобаларды венчурлік қаржыландырудың тетіктері мен инфрақұрылымын қалыптастыруға қатысуды;



      16) Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.



      Акцияларының елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары және олармен үлестес тұлғалар осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген қызмет түрлерімен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар жүзеге асыратын қызмет түрлерінің тізбесінде көзделген өзге де қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы.



      2. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының құзыретіне:



      1) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;



      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының жұмыскерлері лауазымдарының біліктілік сипаттамаларын айқындау;



      3) профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми жұмыскерлер лауазымдарына конкурстық орналасу қағидаларын әзірлеу және бекіту;



      4) білім беру қызметтерін көрсету шартының және кәсіптік практиканы өткізуге арналған шарттың нысандарын әзірлеу және бекіту;



      5) дербес әзірленген оқу жүктемесі нормаларының, еңбекке ақы төлеу нысандары мен мөлшерлерінің негізінде білім беру қызметін жүзеге асыру;



      6) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;



      7) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының даму бағдарламасын әзірлеу;




      8) білім алушыларға "бакалавр" және "магистр" дәрежелерін беру;



      9) кәсіптік практиканы ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын және практика базалары ретінде ұйымдарды айқындау қағидаларын әзірлеу және бекіту;



      10) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушыларды ауыстыру мен қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;



      11) білім алушыларға дәрігерлік-консультациялық комиссия қорытындысының, әскери қызметке шақыру туралы шақыру қағазының негізінде, босануына, бала асырап алуына байланысты бала үш жасқа толғанға дейін академиялық демалыстар беру;



      12) ішкі тәртіптеме қағидаларын әзірлеу және бекіту;



      13) жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламаларын әзірлеу және бекіту;



      14) оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кредиттік оқыту технологиясын ендіру;



      15) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларына сәйкес білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу;



      16) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен кадрлардың біліктілігін арттыру мен оларды қайта даярлауды қамтамасыз ету;



      17) қаржылық-шаруашылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету, оның ішінде жабдықтармен жарақтандыру;



      18) кадрларды кәсіптік даярлаудың заманауи нысандарын ендіру;



      19) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаржылық есептілікті ұсыну жатады.



      3. Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:



      1) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының эндаумент-қорын құруға;



      2) бюджеттен тыс қаржыландыру көздері есебінен ғылыми-білім беру қызметі жөніндегі заңды тұлғаларды құруға;



      3) стартап-компаниялар ашуға;



      4) жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін қаржы қаражаты мен материалдық құралдардың қосымша көздерін тартуға;



      5) шет мемлекеттерде филиалдар құруға құқылы.



      4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары: