Файл: 18. 11. 2020ы 181722 шыыс хаты 18. 11. 2020ы 8657 кіріс хаты.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.01.2024

Просмотров: 226

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Онлайн режимде педагогикалық тексеруді педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагог зерде, есту, көру қабілеттерінің бұзылыстары бар балаларды бақылау және олармен әңгімелесу түрінде жалпы білім қорын және қоршаған орта туралы түсініктерін және жетекші қызметінің даму деңгейін анықтау мақсатында жүргізеді. Мектепке дейінгі және мектептегі оқу бағдарламалары бойынша білімдерді меңгеруін зерттеу үшін электронды пошта немесе байланыстың өзге құралдары арқылы негізгі оқу пәндері бойынша жазбаша тапсырмалар ұсынылады.

Әлеуметтік-педагогикалық зерттеу телефон бойынша немесе әртүрлі қашықтық технологиялары құралдары арқылы жүргізіледі: ата-аналармен әңгімелесу, әлеуметтік қорғау органдары мен ұйымдарының құжаттары және медициналық құжаттардың фотокөшірмелері, электронды пошта бойынша жіберілген сауалнамаларды ата-аналардың толтыруы.

Неврологиялық зерттеуді онлайн- дәрігер-невропатолог ата-аналармен (заңды өкілдер) және баламен әңгімелесу, мінез-құлығын бақылау (қозғалу саласының күйін зерттеу шеңберінде), жүргізілген параклиникалық (бас миының магниттік-резонанстық томографиясы, эхоэнцефалограмма, электроэнцефалограмма, электромиограмма жүргізу, көз түбін тексеру және т.б.) және медициналық ұсынымдар мәліметтерін зерттеу түрінде жүргізеді.

Психиатриялық тексеру онлайн-режимде психиатрдың баламен әңгімелесуі, оның мінез-құлығын бақылау, оның психологиялық тапсырмаларды орындауы, ойын әрекеттерін жүзеге асыруы арқылы жүргізіледі. Баланың психологиялық қызметінің диагностикалық маңызды аспектілері оның ата-аналары (заңды өкілдері) арқылы нақтыланады, жүргізілген тексерулер мен медициналық ұсынымдардың мәліметтері зерттеледі.

Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды еңсеру және олардың алдын алу, емдеу, оқыту мәселелері бойынша отбасына кеңес беру төмендегілер арқылы жүзеге асырылады:

– әр маманның жеке қосымша беті қарастырылған ПМПК-ның ресми сайты, онда ата-аналар жазбаша сұрақ қоя алады, ал ПМПК мамандары жауап береді;

– қашықтық технологиялары құралдары (қызмет алушының мүмкіндігіне қарай) арқылы бейнебайланыс.

ПМПК мамандарының консультация беруі мынадай түрде іске асырылады:

– онлайн-режим форматында және телефонмен әңгімелесу түрінде дәрігер-невропатологтың жүйке аурулары бар балалардың жүйке жүйесінің күйі, қажет болғанда дәрі-дәрмекпен емдеу, ЕДШ дәрігерінің (нұсқаушысының) және оқуды қашықтық режимде ұйымдастыру бойынша арнайы педагогтың ұсыныстарын ескере отырып, оңтайлы күн тәртібін ұйымдастыру мәселелері бойынша жеке кеңес беру;


– психиатр-дәрігердің онлайн және телефон бойынша әңгімелесу форматында психикалық және мінез-құлығында бұзылыстары бар балалардың психикалық күйі, уақытында ұсынымдарды түзету және психикасын қорғау режимін ұйымдастыру арқылы асқынудың алдын алу, баланың білім алу және дамыту көмегін алуға ықпал ететін жағдаймен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жеке кеңес беру;

– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында психологтың баланың дамуы үшін қажетті психологиялық жағдай жасау, зерде дамуын ынталандыру, әлеуметтік-коммуникативтік дағдыларын қалыптастыру, эмоционалдық күйін қалыпқа келтіру мақсатында бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;

– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында педагог-дефектолог, сурдопедагог, тифлопедагогтың баланың дамуы үшін қажетті педагогикалық жағдай жасау, жасы мен мектепке дейін жалпы білім беру және мектеп бағдарламаларының талаптарына сәйкес білім, икем және дағдыларын қалыптастыру бойынша бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;

– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында логопедтің баланың сөйлеу тілінің дамуы үшін қажетті жағдай жасау, сөйлеу тілінің дамуының түрлі жақтарын қалыптастыру, отбасылық қатынас барасында тілдік қатынасты қалыптастыру бойынша бірінші кезекте арнайы білім беру ұйымдары тарапынан көмек алмайтындарға ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру;

– онлайн-режим және телефонмен әңгімелесу форматында әлеуметтік педагогтың баланың әлеуметтік дамуы үшін қажетті жағдай жасау, әлеуметтік-тұрмыстық дағдыларын: тазалық, өзіне өзі қызмет көрсету, үй еңбегі қызметін көрсету, әлеуметтік мінез-құлық нормаларын қалыптастыру бойынша ұсыныстар (үйде дамыту бағдарламаларын) әзірлеу бойынша жеке кеңес беру.

Тексеру нәтижелері, баланың құжаттарын зерттеу негізінде ата-аналардың келісімі бойынша білім беру бағдарламасының түрі және қажетті түзете-педагогикалық қолдау көрсету туралы қорытынды дайындалады.

Қорытынды тіркеледі және скандалған түрде ата-аналардың электронды поштасына жіберіледі. Қорытындының түпнұсқасын атааналар өздеріне қолайлы кез келген уақытта ала алады.

Егер арнайы педагогикалық, әлеуметтік немесе медициналық қызмет алу үшін ата-аналарға ПМПК қорытындысының түпнұсқасы қажет болса, олар оны санитарлық-эпидемиялогиялық іс-шараларды сақтаған (маскалық режим) жағдайда ПМПК-дан тікелей ала алады.



ПМПК-да диагностикалық топ бар болғанда ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс ОО және ППТК-ға арналған шараларға сәйкес қашықтан жұмыс жүргізу режимінде жүргізіледі.

Балалардың ата-аналары балалардың жеке қажеттіліктеріне негізделген қызмет көрсету, оқыту және түзету форматын таңдай алады: қашықтан немесе штаттық.Штаттық режимде жеке қабылдау кезінде санитариялық талаптарда, сондай-ақ осы ұсынымдарда көзделген барлық эпидемияға қарсы және санитариялық іс-шаралар жүзеге асырылады.

4-тарау. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау

 

46. Білім алушылардың жетістігін бақылау электрондық журналда жүргізілдеді. Электрондық журнал болмаған жағдайда – қағаз журналда.

«Білім алушылардың үлгерімін, аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес бағалау өткізіледі. Бірінші тоқсанда педагогтер 2-11 сыныптарда бөлімге (бұдан әрі – БЖБ) 1 жиынтық жұмыс және тоқсанға (бұдан әрі – ТЖБ) 1 жиынтық жұмыс өткізеді.

БЖБ 2-11сыныптарда 2020 жылдың 3-15 желтоқсан аралығында ТЖБ 2-11 сыныптарда 2020 жылдың 21 желтоқсаннан бастап өткізу ұсынылады.

БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндер мектептің жұмыс оқу жоспарына сәйкес анықталады. Әдістемелік ұсыныстарда 2-11 сыныптарда БЖБ және ТЖБ өткізілетін пәндердің саны мен атауларын көрсететін кестелер бар (2 қосымша)

1-сыныпты бағалау жүргізілмейді.

47. Tабиғи және техногендік, әлеуметтік, карантин сипаттағы төтенше жағдайлар жағдайында формативті бағалау үшін орташа балл есепке алынады, ол журналдың жеке бағанында қойылады. Формативті бағалау үшін ең жоғары балл 2-11 сыныптарда 10 балдан аспауы тиіс.

Педагог орындалған жұмыс көлемін, оқу тапсырмаларын ескере отырып, білім алушылардың оқу жетістіктері үшін балл қою кезеңділігін өзі анықтайды.

Электрондық журнал форматының қорытынды бағасын шығару кезінде балл саны мынадай арақатынаста есептеледі: 1 БЖБ мен ФБ - 50%, ТЖБ – 50 %.

48. Бұл ретте педагог:

1) «Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына сәйкес жиынтық бағалауды өткізу кезінде қойылатын талаптарды басшылыққа алады: тармақтар және тармақшалар 13, 14, 14.1-14.3, 14.5, 14.7, 14.8, 14-9, 15-18, 21-26;

2) бастауыш сыныпта «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, «Өзін-өзі тану», «Көркем еңбек», «Музыка», «Дене шынықтыру», «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері», «Графика және жобалау», «Қоғам және дін», «Алғашқы әскери және технологиялық дайындық»;

3) жиынтық жұмыстың нақты берілген күнін көрсетеді.

Мұғалім оқу бағдарламасына сәйкес, бірінші тоқсанда өткен оқу материалының мазмұны бойынша жиынтық жұмыстардың (бұдан әрі – БЖБ, ТЖБ) тапсырмаларын әзірлейді.


Мұғалім БЖБ және ТЖБ тапсырмаларының техникалық спецификациясы негізінде 1-11 сынып оқушыларына арналған жиынтық жұмыс тапсырмаларын құрастырады. БЖБ және ТЖБ жауаптарын есептен шығарудың алдын алу мақсатында мүмкіндігінше шығармашылық сипаттағы тапсырмалар, практикалық тапсырмалар, жобалар, эссе және т. б. ұсыну ұсынылады.

Үйде оқитын, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балалар үшін мұғалім оқу жүктемесін және олар оқыған оқу материалдарын ескере отырып жеке тапсырмалар әзірлейді.

49. Жиынтық жұмыстар тапсырмаларының құрылымы

Қысқа және толық жауаптарды талап ететін көптеген жауаптарды таңдау сұрақтары бар тапсырмалар:

1) көпше жауап таңдау сұрақтарында білім алушы ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауапты таңдайды;

2) қысқаша жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты сөз немесе қысқа сөйлем түрінде жазады;

3) толық жауапты талап ететін сұрақтарда білім алушы жауапты ұсыныс түрінде жазады.

50. Жауап нұсқаларымен тест тапсырмалары.

51. Шығармашылық тапсырмалар, практикалық жұмыстар, бағалаудың нақты критерийлерімен зерттеу міндеттері.

52. Бөлім үшін жиынтық бағалаудың оқу тапсырмаларының саны:

– 1-4 сынып оқушылары үшін – 3-тен 5-ке дейін оқу тапсырмасы;

– 5-11 сынып оқушылары үшін – 5-тен 7-ге дейін оқу тапсырмасы.

53. БЖБ өткізу кезіндегі мұғалімнің қадамдық әрекеті:

1) БЖБ өткізетін бөлімдерді/өтпелі тақырыптарды анықтайды.

2) таңдалған оқу материалын бөлімінің өткен тақырыптарына/оқу бағдарламасы бойынша өтетін тақырыптарға сәйкестігін тексереді.

3) білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін әзірлейді.

4) білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті бағалау мақсатында тапсырмалардың мазмұнын тексереді.

5) білім алушыларға жауап берудің нақты күнін көрсетеді.

6) Қол жетімді байланыс құралдары арқылы БЖБ тапсырмаларын жібереді (Күнделік.kz, мектеп порталының платформасында, электрондық пошта, чат, телебағдарламалар, Қазпошта және т.б. орналастыру)

7) сынып оқушыларының БЖБ тапсырмасын алғаны туралы куәландырады.

8) жауаптарды есептен шығару жағдайларының алдын алу мүмкіндігін қарастырады.

9) Қажет болған жағдайда қол жетімді байланыс құралдары арқылы кеңес береді.

10) ҚР БҒМ №125 бұйрығына сәйкес өлшенетін өлшемдерді баллмен пайдалануды сақтайды (БЖБ үшін max балл 1-4 сыныптарда 7-ден 15-ке дейін, 5-11(12) сыныптарда 7-ден 20-ға дейін).

11) оқушылар орындаған жиынтық жұмыстарды тексереді.

12) электрондық журналға/мұғалімнің уақытша журналына балл қояды.