ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 17.01.2024
Просмотров: 31
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҚМЖ | Пәні: Қазақ әдебиеті | Мұқыр орта мектебі |
Күні: 7.04 | Мұғалімнің аты-жөні: Шукиртаева Динара | |
| Қатысқандар саны: Қатыспағандар: 0 | |
Сабақ тақырыбы: | Бесеудің хаты драмасының жанрлық ерекшелігі | |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары | Ақынның өмірі мен өскен ортасын таныту,шығармаларын оқыту,ақынның айтар ойын ашу,талдау,эстетикалық көзқарасы қалыптасқан оқырман дайындау. | |
Сабақ мақсаттары | Білімділік: Жазушы өмірінен дерек бере отырып,шығарманың мазмұнын меңгерту, кейіпкерлер бейнесін ашу, тарихи драмада бейнеленген адамдар тағдыры арқылы өмір шындығын, автор идеясын ұғындыру. Тәрбиелік: Шығармадағы тарихи оқиғаны аша отырып,білімгерлерді ұлтжандылыққа, отаншылдық сезімге, әділдікпен турашылдыққа баулу. Дамытушылық:Білімгерлердің сөз байлығын,сөздік қорын байыту,әдеби шығарма идеясын таныту,еркін сөйлеуге,өз ойын ауызша да,жазбаша да жүйелі жеткізуге балу | |
Бағалау критерийлері | – Өлеңдегі ақын бейнесін шығарма оқиғасына қарап анықтай алады; – Шығарманың негізгі идеясын анықтайды; – Автор қолданған көркемдегіш құралды анықтайды; – Шығарманың жанрлық белгілерін анықтай алады. | |
Дескрипторлар | Берілген бөлім төңірегінен ауытқымай тапсырманы орындайды; Оқиғалар ретін алмастырмайды; Қарсы топқа шынайы баға бере алады; Топта бірлікте жұмыс жасайды | |
Тілдік мақсаттар | Троп, фигура, әдебиеттану, сюжет, композиция, шарықтау шегі т.б. | |
Құндылықтарды дарыту | Шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету. | |
Пәнаралық байланыстар | География, тарих, қазақ тілі | |
АКТқолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, ноутбук, bilim book | |
Бастапқы білім | Шерхан Мұртаза |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар |
Сабақтың басы | I.Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, білімгерлерді түгендеу, назарларын сабаққа аудару II. Алдыңғы білім Оразақын Асқар. «Шетте жүрген бауырларға» өлеңі. «Миға шабуыл» әдісі арқылы
| Smartnasion платформасы |
Сабақтың ортасы | III. Жаңа сабақ Шерхан Мұртаза кім? Қандай шығармаларымен таныссыңдар? Ш.Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасына арқау болған — ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. Драматург сол кездегі өкімет басшыларымен, оның қасындағы жандайшаптардың бейнесіне жан бере суреттейді. Әр кейіпкер өзінің сөзі арқылы танылып жатады.Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясатын, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов (негізгі кейіпкер) ашына жеткізеді. Ш.Мұртазаның драматург ретіндегі шеберлігінің өзі сонда, ол кейіпкерінің мінез-құлқын ғана ашып қоймайды, оның жандүниесін көрсетеді, оқушы кейіпкердің даусын естиді. Қазақ зиялылары 1932 жылы 4 шілдеде БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің бірінші хатшысы Ф.И. Голощекинге қазақ халқының бастап кешіп отырған трагедиясы туралы хатын жолдады. Бастапқыда бұл хат И.В. Сталинге арналып жазылған. «Бесеудің хаты» деген атпен тарихта қалған бұл хат Республикадағы мал шаруашылығының күйрегендігі салдарынан елді алапат ашаршылық жайлағандығын айтып сақтандырған алғашқы дабылдардың бірі болды. №1-тапсырма Шығармағы сатылай кешенді талдау: Ш.Мұртаза«Бесеудің хаты» Авторы: Ш.Мұртаза Тақырыбы:Қасіретті қолдан жасап отырған Сталиннің теріс саясаты, асыра сілтеп отырған Голощекиннің көрсоқырлығын жазушы Ғ.Мүсірепов бастаған халық қалаулылары ашына жеткізуі,қуғын-сүргін. Әдеби жанр: драмалық тарихи туынды. Эпикалық жанр түрі: пьеса Негізгі идеясы: ел басына түскен азапты күндер, қолдан жасалған аштықтан қырылған екі миллион халықтың тағдыры. №2-тапсырма Шығарманың композициялық құрылысы: 1.Шығарманың басталуы: Елдегі қиын жағдайды, аштықты өз көзімен көруі. 2.Шығарманың дамуы:Ғ.Мүсірепов бастаған бесеудің Сталинге хат жазуы. 3.Шығарманың байланысуы: Хаттың жолда ұсталуы 4. Шығарманың шиеленісуі: Голощекиннің Сталин алдындағы есебі, коллективизацияны тездетуді тапсырды. 5.Шарықтау шегі:Хаттың Голощекин қолына түсіп, бесеуін Крайкомға,бюроға шақырылуы. 6.Шығарманың шешімі:Бюро шешімімен бесеуінің ату жазасына кесілуі №3-тапсырма Шығармадағы кейіпкелер: 1.Жағымды: Тұрар Рысқұлов Нұрхан ақын Балым Хұсни Ғабит Мүсірепов, Мансұр Ғатаулин, Мұташ Дәулетқалиев Қадыр Қуанышев Емберген Алтынбеков 2. Жағымсыз:И.В. Сталин Ф.И. Голощекин Құрамысов Иванов Жантоқов Елеусіз Қарабаев Исаев Цербер №4-тапсырма Әдеби теориялық ұғымдар: Ирония-жазушысымақ, Теңеу: өрт сөндіретіндей,тұяғы күйген тауықтай, Құбылту: басбұзар ұлтшылдар,қорқаулар,екіжүзділер Дисфемизм: оңбағандар,өтірікші,жалақор,бәлеқор, Метафора: қайрат-қыран, қайғы-жылан Мақал-мәтелдер:«Бұқпадан шыққан жау жаман, бүйірден шыққан дау жаман» /186-б/, «Мал аласы сыртында, адам аласы ішінде» /190-б/, «Төременен тіреспе, күштіменен күреспе» /193-б/, «Үрерге иті, сығарға биті жоқ» /197-б/, «Ат арыса-тулақ, адам арыса-аруақ» /199-б/, «Ораза-намаз тоқтықта» /200 бет/, «Қайрат-қыран, қайғы -жылан» Тәрбиелік мәні: балаларды отансүйгіштікке, адалдыққа,адамгершілікке,бірлікке жетелейді №5-тапсырма «Дана үкі» әдісі Не күттіңіз? Ең басты өмірлік даналық? Белгілі және белгісіз Үлгі алатын қорытынды Талқылауға тұрарлық тақырып | 1-слайд 2-слайд 3-слайд 4-слайд 5-слайд |
Сабақтың соңы | III.Кері байланыс «Білемін, білдім, білгім келеді» әдісі «Шабадан» әдісі Жабық шабаданға өздеріңіз үшін алған, бірақ қолданбайтын ақпараттарыңызды саласыздар Ашық шабаданға өздеріңіз үшін алған және келешекте қолданатын ақпараттарды саласыздар Қорытынды: Мұғалім сөзі: «Қазақ драматургиясы дағдарысқа ұшыраған бір заманда Шерхан жазған «Сталинге хат», «Бесеудің хаты» пьесасыдүйімхалықтыңеңсесінкөтерді, оныңспектаклінекелгенКолбинөзінтаныды, бірқызарып, бірқуарды», – деді белгілі көсем сөз зергері Сауытбек Абдрахманов. Мүсірепов: «біз,халық қырылып жатқандықтан атыламыз. Ал,сендер халық қайта тірілгендіктен атыласыңдар! Халық қайта тірілгенде сендер екі дүниеде де орын таппай қаласыңдар! »-деп, айтқандай халық тірілді,өз тәуелсіздігіміз бар, егемен елге айналдық.Елбасымыздың сөзімен сабақты қорытындылағым келеді. Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды. Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайыра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды. Біз тәуелсіздікті ақылмен, ата-баба жолымен алдық деп ойлаймын. Ендеше бұл шығарманың қазақ халқы барда, еңсесі қашан да биік болмақ. | Өз ойын саралау |
Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – білімгерлердің материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
Сабақ бойынша рефлексия | Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін білімгерлер не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен? | Кері байланыс орнату |
Үй тапсырмасы | 1.“Бесеудің хаты” драмасын оқу. 2. Қазақ зиялыларының хат жазудағы мақсаты не? (қысқаша мазмұнда өз ойын жазу) | Үй тапсырмасын жазып алу |