Файл: Дипломды Жмыс 6В11330 Кліктік логистика.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 17.01.2024

Просмотров: 204

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Теміржол жұмысшыларынаүйлесімді - ауа температурасы 22-24
, салыстырмалы ылғалдылығы 40-60 , ауа қозғалысының жылдамдығы м/с, жылу ағынының қарқындылығы Е=35 Вт/м2 шамасында болуы керек.

Адам тұратын және жұмыс істейтін ауалық орта көп газды табиғи ортаны білдіреді. Бұл қоспа жер деңгейіндегі атмосфера. Көлемі бойынша құрғақ ауа компоненттері болып- азот-78,084%, кислород-20,9476, аргон-0,934, көмір қышқыл газы- 0,0314, басқа газдар мен қоспалар-0,003% саналады. Мұнда су буы орташа есеппен 0,2-2,6% арасында.

Адамның жұмыс істеу қабілетімен оның көңіл-күйі тек ауа құрамынан емес, микроклиматтан да тәуелді. Ауа температурасы оның жылулық күйін сипаттайтын негізгі параметрлердің бірі. Метереологиялық тәжірбиелер кезінде ауа температурасын психометрдің «құрғақ» термометр көрсеткішімен бағалайды. Сондықтанда оны деп белгілейді. Адамды қоршаған беттердің жылу (ысу) дәрежесін сипаттау үшін олардың орташа температурасы түсінігін енгіземіз. Температура Цельсий градусымен немесе Кельвинмен өлшенеді. Ауалық ағындардың орташа жылжу жылдамдығының векторы әр түрлі әсер етуші күштер арқылы ауаның жылжу жылдамдығы - деп аталады. Осы вектордың сандық мәндері метр секундпен (м/с) өлшенеді. Атмосфералық қысым деп отырғанымыз жоғарғы орналасқан ауа салмағының бірліктік бетке әсер ететін күштер қарқындылығын сипаттайтын шаманың модулі. Ережелік қысым 1013,255Па (сынап бағанасының 760 мм.(рт.ст))1

Ауаның ылғалдылық құрамын сипаттау үшін бірнеше түсініктер пайдаланылады:

Ауаның абсолют ылғалдылығы деп – зерттеу кезінде ауаның су буларының серпінділігін (немесе парциалды қысымды) айтады.
(4.1)
мұндағы -психометрдің tв «ылғал» температурасы кезіндегі қаныққан су буларының серпінділігі , гПа

А- психометрлік тұрақты – ауаның жылжу жылдамдығына тәуелді коэффициент.

tс-tв-«құрғақ» және «ылғал» термометр көрсеткіштері, оС

Р- ылғалдылықты өлшеу кезіндегі атмосфералық қысым, гПа
Кейде абсолютті ылғалдылық деп грамм кубтық метрге бейнеленген (г/м

3) ауадағы су буларының тығыздығы айтылады.

Максималды ылғалдылық Е- tс температура кезінде максималды су буларының серпінділігі немесе дәл осы шарттарда ауаның бірлік көлемін қанықтыратын су буларының тығыздығы.

Көп пайдаланатын ауаның салыстырмала ылғалдылығы деген түсінік абсолютті ылғалдылықтың максималды ылғалдылыққа проценттік қатынасы R=(ℓ/Е)∙100.

Микроклимат факторларының барлық мүмкін өзгерістеріне қарамастан дене температурасы бірқалыпты болады (36,5о). Осы тұрақтылықты қамтамасыздандыратын күрделі физиологиялық және рефлекторлық үдірістер кешені организмнің терморегуляциясы деп аталады. Өндіріс ауданының микроклимат параметрлері жұмыс аймағында жобаланады (және бақыланады). Микроклимат шарттарын есептегенде теміржол өндіріс бөлмесіндегі ауа температурасына әсер ететін және жылытатын құралдар, қондырғылар, адамдардан және жылыту көздерінен келетін барлық жылу түрлері ескерілуі керек. Сынап бағанасының мм-де көрсетілген қысымды гПА –да ауыстыру үшін Р қатынасы пайдаланылады: гПА=(4/3)Р, мм сынап бағанасы (рт.ст). Бұл қосылған жылу түрлерін белгілі жылу түрлері деп атаймыз. Оларға түтін, тұман, шаңдалған ауа жатады. Аэрозолдің активтілігі мен адамдарға зиянды әсерін екі түрлі фактормен анықтаймыз: дисперлігі (ұсақтылығы) мен концентрациясы. Ұсақтылық (дисперлік) дегеніміз заттың бөлшектерге бөліну, ұсақталу дәрежесі (қаншалықты ұсақ болса, соншалықты дисперлігі көп болады). Әр зиянды заттың концентрациясы шектеулі-жеткілікті концентрациялармен (ШЖК) анықталады.

Зиянды заттарға технологиялық үдірісте пайда болған әр түрлі газдар, булар және шаңдар жатады. Булармен газдардың адам организміне физиологиялық әсері олардың улылығына және өндіріс бөлмесінің ауасындағы құрамына байланысты. Ауалық ортаның метереологиялық шамалары мен еңбек ауырлығы өндіріс зиянды қалдықтары адам организміне әсерін тигізеді. Ластанған ауамен бірге адам организміне зиянды заттар (ЗЗ) келіп түседі. Олар өкпе желілеріне (каналдарына) тарайды. Ауамен бірге келген шаңмен газдар өкпелік суда ериді. Осы зияндықтардың организмде жиналу қабілеті бар ЗЗ-ға әрдайым әсер ете берсе, хроникалық улану пайда болады.

Хроникалық әсерлі ЗЗ-ға қорғасын, сынап, марганец аэрозольдары, кремнийдің органикалық қоспалары жатады. Организмнің хроникалық бүлінуі, мысалы, кремнийдің бос екі тотығы бар (SiO
2) шаң әсерінен болады. Ол силикоздың пайда болуына әкеледі. Физиологиялық әсерге, мысалы өндіріс уы болып саналатын көміртек қышқылымен улану жатады. Қанға түскен соң екі тотықты көміртегі оттегін тасымалдағыш – гемоглабинді жояды. Нәтижесінде адам оттегімен толық тыныс ала алмайды. Бұл өз кезегінде бас ауруға, бас айналуына, т.б. ауруларға әкеледі. Аса ауыр кезде өлімге дейін барады. Кейбір ЗЗ улылығы олардың құрамына тәуелді болады, мысалы, гемоглабиннің улылығы атомдық элементтер көбейген сайын азаяды (фтор, хлор) өндіріс зияндылықтарының көбісі адамдардың дем алу органдары арқылы келіп түседі. Сондықтан да мекемелерде жұмысшылар мұрын арқылы дем алғандары дұрыс. Бұл режим ауыр жұмыста, жұмыс орындары дұрыс ұйымдастырылмауынан және жоғарғы температура кезінде бұзылады. Ауыз арқылы дем алғанда ЗЗ сілекеймен бірге келіп, асқазан трактысын және бауырды бұзады. Бензол, ксилол және т.б. ЗЗ тері арқылы кіреді.

33-ң шығуы әр түрлі жолдармен орындалады. Кейбіреулері дем алғанда, терлегенде өтпен өздері шығып кетеді. Бірақ көбісінің комулятивті қабілеті бар. Барлық жағдайда адам организміне ЗЗ-ң әсері олардың улылығына байланысты әсер етеді.

Шаңның адам ағзасына зиянды әсерінің дәрежесі оның мөлшеріне байланысты, яғни

  1. 50мкм-нен астам өлшемде шаңдар жоғарғы тынығу жолдарында тоқтап қалады, зияны жоқ.

  2. 10-50 мм-ге дейінгі өлшемде шаңдар демалу органдарына терең келіп түседі, бұл ағзаға қауіпті.

  3. 10мкм-ден аз өлшемдегі шаңдар бронх жолдарына (тыныс алу) енеді, адам ағзасына қауіпті. 1-2мкм-деге шаңдар ағзасына өте қауіпті.

  4. 1мкм-ден кем шаңдар өкпеге терең еніп, бірақ кейде шығып кетеді. Зиянды әсері механизмі бойынша газдарға жақын. Шаңның зияндылығы тек өлшемімен ғана емес, химиялық қасиеттерімен және ауадағы құрамымен бағаланады.

Жоғарыда айтылып кеткен микроклиматтың факторлардың барлығы теміржол өндірісіндегі жұмысшыларының жұмыс қабілітіне, денсаулығына әсерін келтіреді, соған байланысты әр фактор қадағаланып шекі нормадан аспауы керек.
4.2 Жұмысшының денсаулығына төменгі температуралардың рұқсат етілмеген деңгейін анықтау
Жұмысшының денсаулығына төменгі температуралардың руқсат етілмеген деңгейін анықтау үшін келесі көрсеткішті қолданамыз:
, (4.2)
мұндағы: Н – жұмысқа қабілеті жоқ үлесі, %;

Qi – сверхнормалық деңгейдегі төмен температураның әсерінен факт бойынша жоғалған адам-күн;


ΣQ – қарастырылып жатқан уақыт бойынша өндірісте жұмыс қабілетін жоғалту әсерінен жалпы жоғалған адам-күні;

qп – рұқсат етілген төменгі температура әсерінен жұмысшылардын ауруға үшырау сипаттамалары бойынша шығын , күн/100 жұмысшыларға;

qi –нормадан артық шектегі төменгі температура әсерінен пайда болған аурудан шығын, дней/100 жұмысшыға

Қозғалыс шаруашылығының жұмысшылары ауа температурасының өте төмен болуына байланысты Qi=50 адам-қүнге тең жұмыс қабілетін жоғалтуына әкеліп соққан суық тиіу ауыруына шалдықты. Бұл 100 жұмысшыға шаққанда qi=100 күнді құрады. Қарастырылып отырған уақыт ішіндегі жалпы жоғалған еңбек күні ΣQ=1600 еңбек күнін құрады.Сонымен қатар, нормамен рұқсат етілген төмен температурада жұмыс істеген жұмысшылар 100 жұмысшыға шаққанда, осы факторға сай qп=23 күнге тен сырқатқа ұшырады.

Рұқсат етілмеген төменгі температура әсерінен маневрлік жұмыстарын орындайтын жұмысшы жұмысқа қабілетсіздік күндер еншісі мынадай болды:

Жұмысшыға төмен температура әсерінен жұмысқа жарамсыздық дәрежесі айтарлықтай төмен болғандықтан, яғни, қарастырылып отырған уақыт ішіндегі жалпы еңбекке қабілетсіз күндер санының 2,41% құрайды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Зерттеу жұмысы мақсатқа жетуге және тұжырымдалған міндеттерді шешуге мүмкіндік берді.

Кәсіпорынның логистикалық қызметінің тұжырымдамасы мен ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері бойынша логистикалық шығындарды басқаруды қамтитын логистикалық қызметті басқару, ең алдымен, оларды азайту мақсатында кәсіпорынның шығындарын түзету үшін өте маңызды деп қорытынды жасауға болады. Кәсіпорынның логистикалық қызметін жүйелі талдау резервтерді олардың төмендеуі бойынша анықтауға және белгіленген маркетингтік мақсаттар аясында оларды жүзеге асыру бойынша іс-шараларды әзірлеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, логистикалық қызмет ұғымы анағұрлым кең, бұл оны бағалау мен жетілдіруде қолданылатын тәсілдердегі айырмашылықтарды анықтайды.

Заманауи логистикалық және ақпараттық технологиялардың бірігуі сыртқы ортадағы динамикалық өзгерістерге жауап берудің жеткілікті жылдамдығын қамтамасыз ететін ағындардың кешенді интеграциясы үшін негіз қалыптастырады. Бұл сонымен қатар логистикалық инсорсингтен логистикалық аутсорсингке көшу қажеттілігін анықтайды, бұл логистикалық тізбек элементтерін бірыңғай әдістеме мен Бірыңғай критерийлер негізінде синхрондауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелері бойынша экономикалық субъектінің логистикалық қызметінің тиімділігін талдау үшін заманауи зерттеулерде қолданылатын теңдестірілген көрсеткіштер жүйесінің бірнеше тобы құрылды. Қазіргі заманғы кәсіпорынның логистикалық қызметінің негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру мен бағалаудың зерттелген жүйесі логистикалық қызметтің тиімділігі туралы барабар ақпарат алуға және оның негізінде логистикалық менеджментке тиісті қолдау көрсетуге мүмкіндік береді.