Файл: Сабаты таырыбы Магнит рісі. Магнит индукциясыны векторы. Бры ережесі.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 604

Скачиваний: 6

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Құрметті әріптес!

Қазақстан Республикасының «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» заңына сәйкес авторлық құқық заңмен қорғаланатынын ескертеміз. Сатып алған ҚМЖ – ны тарату туралы факт анықталған жағдайда әкімшілік айыппұл салынады.

«USTAZ tilegi» ғылыми әдістемелік орталығының әкімшілігі






472 бұйрығы бойынша жасалған ҚМЖ келесі бетте

Бұл ҚМЖ ust.kz сайтында жасалынған. «USTAZ tilegi» ғылыми-әдістемелік орталығының сайтынының ҚМЖ бөлімінде кез-келген пән, кез-келген сынып бойынша ҚМЖ және презентацияны жүктеп ала аласыз. Ол үшін сілтеме арқылы өтіңіз.

https://ust.kz/qmg

Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

Білім беру ұйымының атауы

№261 мектеп

Пәні:

физика

Бөлім:

Магнит өрiсi

Педагогтің аты-жөні:

Дауренбекова А

Күні: 29.03




Сынып: 10 ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.4.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлығы:магнит өрісінің қасиеттерін біледі, магнит өрісінің күш сызықтарын сипаттайтын физикалық шаманы біледі, магнит өрісінің бағытын бұрғы ережесімен анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Серпілген сауал әдісі бойынша үй тапсырмасын қайталау сұрақтары

1.Өткізгіштің температурасы кедергіге қалай тәуелдң болады?

2.Кедергінің температуралық коэфициенті дегеніміз не?

3.Қандай құбылыс асқын өткізгіштік деген атауға ие болады?

4.Асқын өткізгіштік құбылысы қайда қолданылады?

Жаңа сабақ

Топтық жұмыс

1 топ-Эрстед тәжірибесін қорғайды

2 топ-Ампер тәжірибесін қорғайды

3 топ-Түзу және дөңгелек токтың магнит индукциясын қорғайды

4 топ- Магнит өрісінің күш сызықтарын қорғайды.





Эрстедтің тәжірибесінен шығатын қорытындылар:

а) Магнит өрісін бақылаушыға қатысты қозғалыста болатын заряд тудырады және ол тек токқа немесе қозғалыстағы зарядқа әрекет етеді.

ә) Магнит өрісі тогы бар өткізгішке тек күшпен ғана әрекет етпейді, ол сонымен қатар магнит өрісінің күш сызықтарына қатысты оның бағытын да өзгертуге тырысады.

б) Электростатикалық өрістен магнит өрісінің айырмашылығы, магнит өрісі құйынды, тұйық өріс......

Тақырыпты бекіту сұрақтары.

1.Тұрақты магнит дегеніміз не?

Жауабы: Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер

2. Магниттік полюстер?

Жауабы: Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын екі полюсі бар: солтүстік (N) және оңтүстік (S).

3.Магниттік аномалиялар дегеніміз не?

Жауабы: Жер қойнауындағы жергілікті магнит өрістері

4.Магнит өрісіне анықтама беріңіз.

Жауабы:Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі

5.Электрмагнит деп нені атаймыз?

Жауабы: Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы

6.Электрмагниттік реленің құрылысы қандай?

Жауабы: Электрмагниттік реле –ток реттегіш құрал. Ол токтың жұмыс тізбегін қосқан немесе ажыратқан кезде жұмысқа қосылады.

7.Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?

Жауабы: Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады
Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды




Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді

Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді

2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашады;

3. Өмірден мысалдар келтіреді.



ФИЗИКА 10 сынып оқулық

Арман –ПВ баспасы 2019

Закирова Н.А.,АшировР.Р.
«Дидактикалық материалдар

Смайликтер






Білім алушылардың алған білімін есеп шығару арқылы қорытындылау.

26- жаттығу

№1 Екі болат кесектің біреуі магниттелген.Нақты қайсысы магниттелген екенін кесектерді ғана қолданып,қалай анықтауға болады?

№2 Шексіз түзу өткізгіштегі ток күші 20 А.Өткізгіштен 5 см қашықтықтағы нүктедегі магнит индукциясын анықтаңыздар.

№3 Радиусы 5,8 см дөңгелек токтың центріндегі магнит индукциясы 1,3*10 -4 Тл.Ток күшін анықтаңдар.





Дескриптор

Есептің шартын түзеді

ХБЖ-ға келтіреді

Есептің формуланысын түрлендіріп

Есептің жауабын табады

3 бал





Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут



Үйге тапсырма § 27 тақырыпты оқу

26-жаттығу есептерін шығару

Магниттерді техникада қолнанылуы –презентация дайындау



Оқушылар кері байланыс береді









Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

Білім беру ұйымының атауы

№261 мектеп

Пәні:

физика

Бөлім:

Магнит өрiсi

Педагогтің аты-жөні:

Дауренбекова А

Күні: 30.03




Сынып: 10 ә

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.4.1 – өткізгіштің магнит өрісін сипаттайтын шамаларды түсіну

Сабақтың мақсаты

Барлығы:магнит өрісінің қасиеттерін біледі, магнит өрісінің күш сызықтарын сипаттайтын физикалық шаманы біледі, магнит өрісінің бағытын бұрғы ережесімен анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут


Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Ашық микрафон әдісі бойынша үй тапсырмасын сұрақ-жауап арқылы тексеру.

1.Тұрақты магнит дегеніміз не?

Жауабы: Магниттелуін ұзақ сақтайтын денелер

2. Магниттік полюстер?

Жауабы: Магниттің қасиеттері бойынша бір-біріне ұқсамайтын екі полюсі бар: солтүстік (N) және оңтүстік (S).

3.Магниттік аномалиялар дегеніміз не?

Жауабы: Жер қойнауындағы жергілікті магнит өрістері

4.Магнит өрісіне анықтама беріңіз.

Жауабы:Өткізгіштердің электр тогымен өзара әрекеттесуі жүзеге асатын материяның түрі

5.Электрмагнит деп нені атаймыз?

Жауабы: Ішіне темір өзекше орналастырылған шарғы

6.Электрмагниттік реленің құрылысы қандай?

Жауабы: Электрмагниттік реле –ток реттегіш құрал. Ол токтың жұмыс тізбегін қосқан немесе ажыратқан кезде жұмысқа қосылады.

7.Электрқозғалтқыш дегеніміз қандай құрал?

Жауабы: Электр энергиясын механикалық энергияға түрлендіру
Жаңа сабақ

Магнит өрісі. Магнит индукциясының векторы. Бұрғы ережесіне есептер шығару.

Шорт - трек - Кім зерек! Мазмұнды есептер. (Әрбір топқа 3 деңгейдегі есептер беріледі).
А деңгей:
1. Ток күші 3 А болған ұзындығы 10 см өткізгіш магнит индукция векторы
0, 2 Тл магнит өрісіне орналастырылған. Магнит индукция күш сызықтары перпендекуляр бағытталған. Өткізгішке әсер ету күшін тап.
2. Ток күші 5А тогы бар тұйық рамаға әсер етуші күш моменті 2Н*м. Раманың ауданы 4 см2. Магнит өрісінің индукциясын тап.
3. Біртекті магнит өрісінде 2 мкКл электр заряды 10 м/с жылдамдықпен қозғалады. Зарядқа индукциясы 0, 1Тл магнит өрісі тарапынан күш әсер ету күшін анықта.

В деңгей:
1. Заряды 10 мкКл және массасы 1 мг электр зарядының тозаңы біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен қозғалады. Өрістің индукциясы 1 Тл, ал тозаңның жылдамдығының шамасы 5 м/с болса, шеңбердің радиусын анықта.
2. Актив бөлігінің ұзындығы 4 см өткізгіштегі ток күші 20А - ге тең. Ол индукциясы 10 мТл біртекті магнит өрісінде орналастырылған. Егер өткізгіш сызықтарына перпендикуляр 10 см - ге орын ауыстырс, осындағы істелген жұмысты табыңдар.
3. Индукция сызықтарына перпендикуляр бағытта магнит өрісіне 10 Мм/с жылдамдықпен электрон ұшып кіреді. Егер электрон өрісте радиусы 1 см шеңбер сызатын болса, онда өріс индукциясын табыңдар.

С деңгей:
1. Зарядталған бөлшек 0, 6Мм/с жылдамдықпен индукциясы 0, 31 Тл біртекті магнит өрісінде радиусы 4 см шеңбер бойымен қозғалады. Бөлшектің кинетикалық энергиясы 1, 2*10 - 15 Дж - ге тең. Заряд шамасын анықта.
2. Индукциясы 0, 1 Тл біртекті магнит өрісінде электрон 2м жол жүргеннен кейінгі кинетикалық энергиясы қаншаға өзгереді? Электрон магнит өрісінде күш сызықтарына перпендикуляр бағытта 10км/с жылдамдықпен қозғалады.
3. Зарядталған бөлшек потенциалдар айырмасы 15 В индукциясы 0, 5 Тл магнит өрісінде индукция күш сызықтарына перпендикуляр бағытта қозғалады. Егер электрон радиусы 10 см шеңбер бойымен қозғалатын болса онда бөлшектің зарядының оның массасына қатынасын тап.



Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды




Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді

Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді

2-балл

Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашады;

3. Өмірден мысалдар келтіреді.

5



ФИЗИКА 10 сынып оқулық

Арман –ПВ баспасы 2019

Закирова Н.А.,АшировР.Р.
«Дидактикалық материалдар

Смайликтер



Бекіту тапсырмалары.

Есеп 1 Индукциясы В = 0,2Тл бiртектi магнит өрiсiнде бойынан I = 5А ток ағып өтетiн, ұзындығы l = 15см өткiзгiш орналасқан. Өткiзгiшке F = 0,13Н –дық күш әсер етедi. Токтың бағыты мен магниттiк индукция векторы бағытының арасындағы α бұрышты анықтаңыз

Бер:

В = 0,2Тл 

I = 5А

l = 15см

F = 0,13Н

 

α -?

Есеп 2 Индукциясы 0,1Тл болатын магнит өрiсiнде ұзындығы 2м магниттiк индукцияның сызықтарының бағыттарына перпендикуляр бағытта айналатын стержень орналасқан. Айналу осi стерженнiң бiр шетi арқылы өтедi. Бет арқылы өтетiн, стержень әр-бiр айналым сайын тудыратын, магнит индукциясының ағынын анықта.

Бер: В = 0,1Тл 

l = 15м





Дескриптор

Есептің шартын түзеді

ХБЖ-ға келтіреді

Есептің формуланысын түрлендіріп

Есептің жауабын табады

3 бал





Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут



Үйге тапсырма § 28 тақырыпқа презентация дайындап келу.


Оқушылар кері байланыс береді


Формативті бағалай 10 балл









Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ампер күші, Лоренц күші.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

Магнит өрiсi


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ампер күші, Лоренц күші.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.4.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Ампер күшін сол қол ережесі бойынша анықтайтынын біледі

Көптеген оқушылар істей алады: сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттайды.

Кейбір оқушылар істей алады: Сапалық есептер шығара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру
Үй тапсырмасын «Миға шабуыл», яғни сұрақтар қоя отырып, пысықтаймын.

  • Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері қалай аталады? (Ампер күші)

  • Магнит өрісінің күштік сипаттамасы (Магнит индукция векторы)

  • Өрістің кез келген нүктесіне жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін сызықтар қалай аталады? (магнит өрісінің күш сызықтары)

  • Магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбейтіндісі не деп аталады? (Магнит ағыны)

  • Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әрекет ететін күш. (Лоренц күші)

  • Ампер және Лоренц күштерінің бағыты қалай анықталады? (Сол қол ережесімен).


Жаңа сабақ

Топтық жұмыс ДЖИГСО әдісі бойынша

1 топ- Апмер күші және Ампер күшінің бағыты

2 топ-Лоенц күші және Лоренц күшінің бағыты

3 топ- Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің траекториясының қисықтық радиусы




Жаңа тақырыпты бекіту тапсырмалары.
Кесте толтыртқызамын.

Физикалық шаманың атауы

Есептелу формуласы

Өлшем бірлігі

Магнит ағыны







Магнит индукциясы







Ампер күші







Лоренц күші







Айналдырушы момент









Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды




Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді

Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді

2-балл
Дескриптор
1.Қорғау тәртібін сақтайды: Уақыт және әдептілік;

2. Мазмұнның толық ашады;

3. Өмірден мысалдар келтіреді.

5



ФИЗИКА 10 сынып оқулық

Арман –ПВ баспасы 2019

Закирова Н.А.,АшировР.Р.
«Дидактикалық материалдар

Смайликтер






Әр топқа деңгейлік есептер шығартамын.

  1. Көлденең қимасының ауданы 60см2-ге тең контурдың ішіндегі магнит ағыны 0,3 мВб-ге тең. Контур ішіндегі өріс индукциясын табу керек. Өрісті біртекті өріс деп есептеуге болады.

  2. Қабырғалары 10 және 5 см-ге тең 200 орамнан тұратын тікбұрышты жазық катушка индукциясы 0,05 Тл біртекті магнит өрісіне қойылған. Егер катушкадағы ток күші 2 А болса, осы өрістегі катушкаға әсер ететін ең үлкен айналдырушы момент қандай?

  3. Электрон вакуумда индукциясы 5·10-3 Тл бiртектi магнит өрiсiнде қозғалады; оның жылдамдығы 10·103 км/с-қа тең және индукция сызықтарына перпендикуляр бағытталған. Электрон шеңбер бойымен қозғалады. Осы шеңбердiң радиусын анықтаңыз.

  4. Электрон индукциясы 4 мТл біртекті магнит өрісінде қозғалады. Электронның айналу периодын табыңдар.

  5. Индукция сызықтарына перпендикуляр, индукциясы 10мТл біртекті магнит өрісіне кинетикалық энергиясы 30кэВ электрон ұшып кірген. Өрістегі электронның қозғалыс траекториясы қисықтығының радиусы қандай?


Сурет бойынша есептер: 88-суретте магнит өрісінің токпен өзара әсері көрсетілген. Келтірілген әрбір жағдай үшін есепті тұжырымдап, оны шығару керек.






Дескриптор

Есептің шартын түзеді

ХБЖ-ға келтіреді

Есептің формуланысын түрлендіріп

Есептің жауабын табады

3 бал





Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут



Үйге тапсырма §28 тақырыпты оқу

27-жаттығу есептерін шығару

Магниттік ілмек

ТОКАМАК –тақырыптарына презентация жасап келу.


Оқушылар кері байланыс береді


Формативті бағалай 10 балл







Қысқа мерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Ампер күші, Лоренц күші.


Білім беру ұйымының атауы




Пәні:




Бөлім:

Магнит өрiсi


Педагогтің аты-жөні:




Күні:




Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Ампер күші, Лоренц күші.


Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.4.2 – сол қол ережесін қолдануды және зарядталған бөлшектердің қозғалысы мен тогы бар өткізгішке магнит өрісінің әсерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар істей алады: Лоренц күшіні және Лоренц күшінің бағытын анықтауды біледі.

Көптеген оқушылар істей алады:Апмер және Лоренц күштернің бағыттас екенін білед,

Кейбір оқушылар істей алады: Ампер және Лоенц күшіне есептер шығара алады.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру
Сабақтың басы

10 минут
Өткен білімді еске түсіру

Жаңа білім

10 минут



Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

Сабақ тақырыбын және оқу мақсатын таныстыру

Қар сесегі әдісі бойынша


  • Магнит өрісінің тогы бар өткізгішке әсері қалай аталады? (Ампер күші)

  • Магнит өрісінің күштік сипаттамасы (Магнит индукция векторы)

  • Өрістің кез келген нүктесіне жанама осы нүктедегі магнит күшінің бағытымен сәйкес келетін сызықтар қалай аталады? (магнит өрісінің күш сызықтары)

  • Магнит индукция векторы модулінің бет ауданына скаляр көбейтіндісі не деп аталады? (Магнит ағыны)

  • Қозғалыстағы зарядталған бөлшекке магнит ағыны тарапынан әрекет ететін күш. (Лоренц күші)

  • Ампер және Лоренц күштерінің бағыты қалай анықталады? (Сол қол ережесімен).

  • Суреттер сөйлейді әдісі бойынша өткен тақырыпты еске түсіру.





Жаңа сабақ
Ампер және Лоренц күштеріне есептер шығару - жеке тапсырма

  1. Ұзындығы 0,2 м өткізгіш 0,6 Тл біртекті магнит өрісінің индукция векторына перпендикуляр орналасқан. Өткізгіштің ток күші 5А болса, Ампер күшінің шамасы қандай болады?

  2. Индукциясы 0,25Тл біртекті магнит өрісіне жақтамаларының әрқайсысының ұзындығы 8 см болатын, бойымен 4А ток жүретін төрт бұрышты рамкаға әсер ететін Ампер күшін тап.

  3. Магнит өрісінің индукциясы 8Тл болатын біртекті өрісте актив бөлігінің ұзындығы 0,2 м өткізгіш индукциясы сызықтары 300 бұрышпен орналасқан. Егер Ампер күшінің шамасы 3,2Н болса, онда өткізгіш бойымен жүретін ток шамасы қандай?

Оқушылар үй тапсырмасы бойынша сұрақтарға тез-тез жауап беріп белсене қатысып отырады

Оқушылар жаңа тақырыпты меңгереді Оқушылар бекіту тапсырмаларын орындайды




Дескриптор
Сұрақтарға жауап береді

Есептің шешімін слайдттан қарап тексереді

2-балл

Дескриптор
Есептің шартын түзеді

ХБЖ-ға келтіреді

Есептің формуланысын түрлендіріп

Есептің жауабын табады

5



ФИЗИКА 10 сынып оқулық

Арман –ПВ баспасы 2019

Закирова Н.А.,АшировР.Р.
«Дидактикалық материалдар

Смайликтер






27- жаттығу есептерін шығару

№1 1,5 А ток ағып өткен ұзындығы 1 м түзу сызықты өткізгіш индукциясы 10 Тл магнит өрісінде орналасқан.Магнит өрісінің күш сызықтары өткізгіштің осьіне параллель болса,өткізгішке әсер ететін күшті анықтаңыз.

№2 Индукциясы 0,25 Тл біртекті магнит өрісі -2 мкКл нүктелік заряд 8 м/с жылдамдықпен ұшып кіреді.Заряд жылдамдығы мен магнит индукциясы арасындағы бұрыш 30 0 .Зарядқа әсер ететін күштің модульін және бағытын анықтаңыз.

№3 Электрон индукциясы 0,01 Тл біртекті магнит өрісінде шеңбер бойымен 10 6 м/с жылдамдықпен қозғалады.Электронға әсер ететін күшті және шеңбердің радиусын анықтаңдар.




Дескриптор

Есептің шартын түзеді

ХБЖ-ға келтіреді

Есептің формуланысын түрлендіріп

Есептің жауабын табады

3 бал





Кері байланыс

Сабақтың соңы

10 минут



Үйге тапсырма §29 тақырыпқа презентация дайындап келу


Оқушылар кері байланыс береді


Формативті бағалай 10 балл