Файл: Оылым Тапсырма Мтінді оыыз, тменде берілген тапсырмаларды орындаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 03.02.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

9-сынып қазақ тілі 2-тоқсан ТЖБ

Оқылым

Тапсырма

Мәтінді оқыңыз, төменде берілген тапсырмаларды орындаңыз.

2017 жыл ел жылнамасында айрықша әріптермен жазылатын айтулы оқиғаларға толы болды десек, олардың көш басында төрткүл дүниенің назарын Қазақ еліне бұрған айтулы оқиға – ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі тұрғаны талассыз. Үш айға созылған жаһандық шара мемлекетімізді әлемдік қауымдастыққа жаңа қырынан танытып қана қоймай, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрістеуіне, мәдени дамуына тың серпін берді. Көрме аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев ЭКСПО-ның Қазақстан экономикасын дамытуға оң әсер еткенін ерекше атап өтті. – Шағын және орта бизнестегі 1400-ден астам кәсіпорын құны 640 миллиард теңге болатын тауарларды жеткізуге және қызмет көрсетуге тапсырыс алды. Туристік сектор жандана түсті. Туроператорлардың қызметіне деген сұраныс 1,8 есе артты. Астанада кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 пайыздан аса көбейді. Елорда бюджетіне қызмет көрсету саласынан түскен салық 1,2 есе өсті, – деді Мемлекет басшысы. Елбасы ЭКСПО бүкіл әлемнің интеллектуалдық және технологиялық әлеуетін көрсетуге зор мүмкіндік бергенін айтты. Көрмеде жаңартылатын энергия көздері саласындағы 140-қа жуық ғылыми жаңалық көпшілік назарына ұсынылды.

1.Мәтіннен ақпаратты іріктеп, оған комментарий жасаңыз




Іріктелген ақпарат

Комментарий

Мәселенің оң жақтары


1.

2.




Мәселенің мүмкіндіктері

1.

2.




[8]

2.ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі әлемдегі және Қазақстандағы қандай өзекті мәселелерді шешуге жол ашты? Пікіріңізді білдіруде мәтіннен авторына сілтеме жасай отырып, дәлел келтіріңіз. [2]

Жазылым

Төменде берілген екі тақырыптың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Жазылым жұмысында жанры мен стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз. Орфографиялық, пунктуациялық нормаға сай жазыңыз. [10]

1. «ЭКСПО Халықаралық көрмесі: маңыздылығы, тиімділігі және келешекке көзқарас» тақырыбында жинақы мәтін жазыңыз. Жазба жұмысын орындауда жанрлық және стильдік ерекшеліктерін ескеріңіз.

2. «Өз құқығымды білемін бе?» тақырыбында эссе жазыңыз.

3.Ыңғайлас салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салаластардың жасалу жолдарының әқрайсысына бір мысалдан жазыңыз. [10]