Файл: Студенттік жмыс Таырыбы Жерді оамды ндірістегі орны мен рлі Дайындаан Талатызы Аружан.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.02.2024
Просмотров: 23
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті
Студенттік жұмыс
Тақырыбы:Жердің қоғамдық өндірістегі орны мен рөлі
Дайындаған:Талғатқызы Аружан
Тобы:КД – 342
Тексерген:Тюлепбергенова О.Б
2022 – 2023 оқу жылы
ЖЕРДІҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨНДІРІСТЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ АТҚАРАТЫН РӨЛІ
Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс пен өндіргіш күштерінің қарқынды дамуы және халық санының өсу жағдайларында, табиғат пен қоғамның өзара әрекеттестік проблемасы ерекше зор маңызға ие болуда. Жаңа басталған XXI ғасырда бұл мәселе асқына түсіп, іргелі зерттеулер объектісіне және күрделі жалпы мемлекеттік міндетке айналып отыр. Қазіргі кезде бүкіл дүние жүзінде табиғи ресурстардың зерттелуіне, пайдалануына, ұдайы өндірілуіне, әр түрлі теріс құбылыстардан қорғалуына, олардың пайдалы қасиеттерін бүгінгі және болашақ ұрпақтарға сақтап қалуына зор көңіл бөлінуде. Табиғатты пайдалану және ресурстарды үнемдеу мәселесі мемлекеттік саясат деңгейінде орын алып отыр.
Жер планета биосферасының негізгі бөлігі және табиғат кешені бола отырып, белгілі бір заңдар бойынша пайдаланылады. Адам мен табиғаттың өзара әрекеттестігін себептейтін негізгі заңдар қатарына минимум, факторлардың бірлесіп әсер ету, толеранттық және табиғи аймақтық заңдары жатады.
Минимум заңы бойынша табиғи кешеннің өнімділігі қажетті жағдайлардың орташа емес, ең төмен көрсеткіштерімен себептелуге тиісті.
Факторлардың бірлесіп әсер ету заңы ландшафт қасиеттерінің кешенді түрде ықпал жасауын сипаттайды. Сонымен бірге факторлардың жалпы әсері әрқашанда жеке фактордың әсерінен басым бола түседі.
Толеранттық заңы бойынша экожүйе тек белгілі бір шектің ішінде ғана қалыптасады. Жаратылыс биоценоз табиғи аймақтарға қарай өзгеріп отырады. Осы жағдайдың ауылшаруашылық өндірісте ескерілгені аса маңызды.
Осыған себепті Қазақстан Республикасының территориясы 10 аймаққа бөлінген:
1) орманды дала;
2) дала;
3) қуаң дала;
4) шөлейт;
5) шөл;
6) тау етегіндегі шөлдідала;
7)субтропикалық шөл;
8) субтропикалық тау етегіндегі шөл;
9) ортаазиялық таулы облысы;
10) оңтүстік-сібір таулы облысы.
Ауылшаруашылық алаптарының пайдаланылуы мен қорғалуы, топырақ құнарлылығының арттырылуы және қауіпті экологиялық ықпалдан сақтап қалынуы әртүрлі табиғи жағдайларда ауылшаруашылық өндірістің мамандандырғанына қарай жүзеге асырылуға тиісті.
Жерді табиғи ресурс және жалпы мекендеу ортасы ретінде құнтты пайдалану адамзаттың даму келешегін себептейді, өйткені ол әртүрлі мақсаттарға және басқа ресурстармен өзара байланыста қолданылады. Жер тек еңбекпен, су және био климаттық ресурстармен өзара әрекеттестік түрде ғана өндіріс құралы болып табылады.
Жер ресурстарын реттестіру және пайдалану жөніндегі әртүрлі міндеттерді орындау барысында мынадай бірқатар негізгі принциптерді ескерген қажет:
-өндірістің жерге теріс әсер етуін экологиялық қауіпсіз деңгейге дейін барынша азайту;
-жерді пайдалану барысында сапасының өзгеруін қадағалау негізінде, оның әртүрлі қолайсыз табиғат құбылыстар мен антропогендік теріс ықпалдардан қорғалуын қамтамасыз ету.
Жердің құнтты пайдалануы оның берікті қорғалуымен және экологиялық жағдай мен ландшафттың күйін үнемі ескеріп отырумен тығыз байланысты. Аталған концептуалдық принциптер бірінші кезекте ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге, әсіресе негізгі ауылшаруашылық алқаптарына қатысты.
Табиғи ортаға, сонымен бірге жерге, нақты ықпал қоғамдық өндіріс шеңберінде жасалады. Бүкіл адамзат қоғамының өмір сүруі мен дамуы жермен байланысты. Еңбек адамының материалдыққұндылықтарды жасау жөніндегі іс-әрекеттері, ал жер осы еңбектің территориялық негізі ретінде жоғарыда аталған әрекеттестіктің міндетті түрде болатын құрам бөлшегі болып табылады. Еңбек процесінде адам өзі мен жердің арасындағы орын алатын зат алмасуын реттеп және қадағалап отырады. Демек, жер оның жұмыс орны болып, еңбегіне әрекет саласы ретінде қызмет етеді.
Тұтыну құндылығының қайсысы болса да, ол екі элементтердің - жер (табиғат заты) мен еңбектің қосындысы болып табылады. Қоғамдық өндірістің экономикалық факторы ретінде жер - жалпы еңбек заты. Ол еңбектің нәтижесі емес, адамның қатысынсыз пайда болған табиғат сыйы.
Сонымен қатар, экономиканың қай саласы болсада, жер өндіріс орналастырылатын және жүргізілетін жалпы еңбек құралы болып табылады. Өндіріс барысында нақтылы және затталған еңбекпен қосыла отырып, ол өндіріс құралына айналады.
Жердің қоғамдық өндірістегі рөлін асыра бағалау өте қиын. Қоғамдық өндірістің екі қырының - өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастарының дамуында оның маңызы орасан зор. Елдің ұлттық қорының құрам бөлшегі ретінде, жер мемлекеттің аса күрделі басқару тетігінің бірі болып табылады.
Оның өндіріс процесіне әсер етуі жалпы сипатқа ие болуда. Бәріне мәлім, жерсіз ғимарат немесе құрылыс салуға, ешқандай материалдық құндылықтың өндірілуін ұйымдастыру мүмкін емес. Өндірістік және өндірістік емес салаларда еңбек процесі әрқашанда территориялық негіз рөлін атқаратын жерден басталады. Жер осындай рөлді өндірістің қай саласында болса да - өнеркәсіп, көлік, энергетика, құрылыс және ауыл шаруашылығы, сонымен бірге өндірістік емес салаларда да атқарады.
Бірақ та ауыл шаруашылығында жердің маңызы ерекше. Экономиканың тек осы саласы мен орман шаруашылығында еңбек нәтижесі елеулі түрде жердің сапасынан, ландшафттың кеңістік қасиеттерінен, әсіресе топырақ жамылғысының сапасынан тәуелді.
Жердің еңбек процесіндегі рөлін айқындай отырып мынадай тұжырым жасауға болады - материалдық құндылықтар мен тіршілікке қажетті заттарды өндіруге керекті бүкіл еңбек құралдарын үш топқа бөлуге болады:
1) жер (жер ресурстары); 2) жылжымалы; 3) жермен үзілмес байланыстағы құралдар.
Бірақ та жердің функциялау заңдылықтары халық шаруашылығының әр түрлі салаларында бірдей емес.
Жер еңбек процесінің ең соңғы нәтижесіне бірдей әсер етпейді. Өзінің халық шаруашылығындағы (өндіріс және өндірістік емес саладағы) экономикалық және функционалдық мақсаттанғандығына қарай, жер әртүрлі рөл атқарады:
басты өндіріс құралы;
өндірістің кеңістік базисі;
ерекше минералдық-шикізат ресурстарының қоймасы;
типті және сирек кездесетін реликті ландшафттары.
Бірінші жағдайда ол еңбектің жалпы заты және құралы болып табылады. Еңбек құралы ретінде жер еңбек процесіне тікелей қатыса отырып, нақты және затқа айналған еңбектің арасындағы өткізгіш рөлін атқарады. Демек еңбек процессі, оның нәтижелері елеулі түрде топырақтың сипаттамасы мен құнарлылығына, жердің басқа кеңістік қасиеттеріне (бедерінен, табиғи өсімдігінен, гидрографиялық жағдайларынан, ландшафттан және т.б.) тәуелді.
Екінші жағдайда жер өндірістің материалдық шарты, еңбек орны болып табылады. Бірақта, бұнда еңбек процесі, оның нәтижелері, топырақ құнарлылығымен себептелмейді, тек ландшафт жағдайлары ғана белгілі мөлшерде әсер етуі мүмкін.
Үшінші жағдайда жердің рөлі едәуір арта түседі, өйткені қазып шығаратын өнеркәсібінде жер операциялық базисімен қатар бағалы тұтыну құндылықтарының, қоғамдық байлықтың қайнары болып табылатын пайдалы қазбалар қоймасы ретінде қолданылады.
Төртінші жағдайда жер әртүрлі аспектілерде белгілі бір рөл атқарады. Мысалы, ғылыми, мәдени, экологиялық, тарихи, сонымен бірге сауықтыру маңызы бар геологиялық құрылымдар мен басқа да табиғи кешендер түрінде.
Енді жерді ауылшаруашылық өндірістің басты құралы ретінде нақты қарап өтейік.
Жоғарыда айтылғандай, ауыл шаруашылығында өндіріс процессі жерді өңдеумен, топырақ қыртысының құнарлылығымен, табиғи биологиялық процестермен тікелей байланысты. Диқанның еңбегі және топырақ құнарлылығы жоғары деңгейде ауылшаруашылық өнімнің сапасы мен көлемін себептейді. Дәлірек айтқанда, өсімдіктердің қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын физика-химиялық қасиеттерге ие топырақ қыртысы, демек оның құнарлылық күші, жерді ауылшаруашылық, сонымен қатар орман-шаруашылық өндірісінің басты құралы екендігін дәлелдейді.
Ауылшаруашылық, сол сияқты орманшаруашылық өндірісінде экономикалық ұдайы өндіріс процесі табиғи процесспен тығыз аралас. Өнеркәсіп және басқа салаларда еңбек нәтижесі жұмсалған еңбек пен затқа айналдырылған еңбектің, пайдаланылған шикізат пен жартылай фабрикаттың көлеміне байланысты. Ауылшаруашылық өндірісінде еңбек нәтижесі тек аталған факторлардан тәуелді емес. Ғылыми-техникалық прогресстің (ҒТП) жетістіктеріне, жаңа технологиялар мен материалдардың қолданылуына қарамастан ол әлі де елеулі түрде табиғи факторлардан тәуелді.
Адам тіршілігінің аса көне саласы егіншілік әрқашанда табиғаттың өндіргіш күштеріне негізделген. Қазіргі ауыл шаруашылығы, "Адам - жер - машина" жүйесінде өлшемсіз зор мүмкіншілігіне қарамастан, қажетті биологиялық массаны алу үшін, бірінші кезекте, жер мен тірі табиғаттағы жаратылыс заттар айналымын пайдаланады. Ол әлі де белгілі бір деңгейде аймақтың макро және микроклиматынан, ландшафттан, жердің кеңістік қасиеттерінен тәуелді. Аталған жүйеде аса маңызды рөлді, тіршілік әрекеті топырақсыз болмайтын, өсімдіктер атқарады. Өзі кезегінде топырақ адам ықпалына аса бейімді табиғи заттардың бірі.
Осы ықпалдың табыстылығы табиғи және өндірістік заттар алмасуының заңдылықтарын танып білу деңгейіне байланысты.
Адам жерді өңдей отырып, топырақтың жаратылыс қасиеттері мен табиғи құнарлылығына әсер етеді, оның тиімділік (экономикалық) құнарлылығын арттырады. Сонымен, топырақ құнарлылығы ауыл шаруашылығында ең басты рөл атқарады. "Топырақтану" ғылымында топырақтың табиғи және жасанды құнарлылығы, оның физика-химиялық және механикалық қасиеттері динамикада зерттеледі. Жерге орналастыру ғылымы мен тәжірибесінде, сонымен бірге жер кадастрында, осылардан басқа жердің экономикалық (тиімділік) құнарлылығы ескеріледі. Демек, соңғысының қазіргі және келешектегі жалпы агроөнеркәсіп кешенінің және оның белді құрам бөлігі - ауыл шаруашылығының даму деңгейіне сәйкестігі зерттеледі. Ауылшаруашылық дақылдары түсімділігінің мөлшері мен тұрақтылығы осы экономикалық құнарлылықты дұрыс пайдаланудан тәуелді, өйткені жерге (топы-раққа) түскен дәннің өсіп-өнуі тірі және затқа айналдырылған еңбектің интенсивтігіне, қолданылған прогрессивтік технологияға тікелей байланысты. Адам еңбегінің топырақ-климаттық жағдайлардан осы тәуелділігі, ғылыми-техникалық прогрестің нәтижесінде азая бастауына қарамастан, әлі де ұзақ уақыт едәуір салмақты болып қала береді. Бүл объективтік шындықты жерді орынды пайдалану және қорғау барысында, осы жөніндегі жобалық шешімдерді қабылдағанда, әрқашан ескеріп отырған қажет.