Файл: Алгыев Куан Сяхетгулыевич Химияны аылшын тілінде оытуды ерекшелігі Дстрлі жне жаа технология сабатастыы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Диссертация

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.02.2024

Просмотров: 179

Скачиваний: 5

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.





МАГИСТРЛІКДИССЕРТАЦИЯ

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министірлігі

М.Әуезов атындағы Оңтүстік қазақстан университеті

ОӘЖ 542.90.01 Қолжазба құқығында

Алгыев Куан Сяхетгулыевич

«Химияны ағылшын тілінде оқытудың ерекшелігі:Дәстүрлі және жаңа технология сабақтастығы»

7М01540 –Химия білім беру бағдарламасы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация

Ғылыми жетекшісі:

т.ғ.к., доцент Ермаханов М.Н.

Мазмұны





Кіріспе


4

1

Негізгі бөлім


7

1.1

Үш тілде оқытудың бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде маңыздылығы

7

1.2

Жаратылыстану пәндерін ағылшын тілінде оқытудың маңызы

11

1.3

Ағылшын тілінде химия пәнінен білім берудің ерекшеліктері

15

1.4

Химия пәнін үйретуде әлемдегі озық әдістерді Еліміздің білім беру жүйесіндегі орны

18

ІІ.

Химияны оқытудың қазіргі заманғы технологиялары

28

2.1

Пән мен тілді кірістіре (CLIL) кіріктіріп оқыту әдістемесі

28

2.2

Химия пәнін жаңартылған білім беру жағдайында оқыту әдістемесі

29

2.3

Химияны оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану әдістемесі

33

ІІІ.

Эксперименттік бөлім

Дәстүрлі оқытумен жаңа технологиялық білім берудің сабақтастығы


38

3.1

Химияны ағылшын тілінде білім беруде жаңа методикалардың қолданылуы

38

3.2

Химияны ағылшын тілінде оқытуда терминологияның маңызы

41

3.3

Сабақ барысында глоссаримен жұмыс жүргізу

43

3.4

Сабақ барысында Үш тілде негізделіп құрастырылған мәтінмен жұмыс

59

3.5

Есептеулерді үйретуде ағылшын тілін қолдану

65




қорытынды

69





Қолданылған әдебиеттер тізімі


71












Кіріспе

Көптілді білім — көп мəдениетті тұлғаны қалыптастырудың өзегі. Бүгінгі таңда көп тілді оқыту— жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, əлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілеттерін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік.

Көптілді меңгеру – мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғаралық және мәдени қарым- қатынастардың аса маңызды құралы. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның тәжірибелік және зияткерлік іс- әрекетінде көптілдік сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр. Еліміздің басқа мемлекеттермен қарым- қатынасы артып отырған шақта көптілді еркін меңгерген, келешекте білімін түрлі саладағы қарым- қатынас жағдайында пайдалана алатын адамды мектеп қабырғасынан оқытып шығару – ұстаздардың ең үлкен міндетіне айналды. Қазақстанның тәуелсіз елге айналып, әлемдік өркениеттің даму жолына түсуі көптілді жетік меңгеруді талап етеді. Осыған орай, білім беру жүйесінде мұғалімдерге қойылатын талаптардың бірі - өмірден өз орнын таңдай алатын, өзара қарым- қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласынан білімі мен білігін көрсете алатын, өз ойы мен пікірін айта білетін полимәдениетті жеке тұлға қалыптастырып, бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу.

Елбасы Н.Ə.Назарбаев өзінің 2007 жылғы Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» мəдени жобасын іске асыруды жеделдету тиістігіне ерекше мəн береді. Сонымен қатар, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады. Сондықтан, қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар көптілділікті меңгеруді жолға қою — бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық үрдістің негізгі бағыттарының бірі. «Үш тұғырлылық» жобасы аясында қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерін үйренуге жағдайлар жасалуда.

Үштілділік жөніндегі сөз Елбасымыздың: «Тілдердің үштұғырлығы мəдени жобасын кезеңдеп жүзеге асыруды қолға алуды ұсынамын. Қазақстан бүкіл əлемге халқы үш тілді пайдаланатын мəдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар — қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі жəне ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі»,— деген салиқалы үндеуінен бастау алған болатын. [1]

Сонымен қатар, Нұрсұлтан Əбішұлы: «Мектептерге ағылшын тілінен шетелдік оқытушыларды тарту қажет. Кез келген орта мектептің балаларға ең жоғары деңгейде шет тілін оқып үйренуіне жағдай жасайтындай дəрежеге қол жеткізуіміз міндет», — деп ерекше атап көрсеткен. [2]Үштілділік — нақты тұлға, ұжым, халықтың белгілі бір қоғамда қарым- қатынас үдерісінде қажет болған жағдайда үш түрлі тілді алма-кезек қолдану құбылысы. Біз үштілділікті тəуелсіз еліміз үшін стратегиялық мəні ерекше құбылыс деп бағалаймыз.



Зерттеудің өзектілігі: Қазіргі уақытта шетел тілін ретінде ағылшын тілін оқытуды жаңа сатыға көтеру- педогогикадағы іргелі міндеттердің бірі. Осы тұрғыда Елбасымыздың бастамасымен «Үш тұғырлы тіл» мәдени жобасының аясында кірігу тіл ретінде ағылшын тіліне мән беріліп отыр. Кем дегенде үш тілді меңгеру — заман талабына айналып отырған қажеттіліктердің бірі. Қазіргі таңда адам қызметінің барлық салаларында жаһандану үрдісі орын алғандықтан, білім беру саласында қайта қарастырулар болып жатыр. Сол себептен ақпараттық-коммуникативтік құзырлықпен қатар, полимəдениеттілік бүгінгі уақытта білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды[3].

Еліміздің басқа мемлекеттермен терезесі тең болуы үшін жастарымыздың білімге деген құштарлығын арттырып қана қоймай олардың жоғары дәрежеде білім алуына жағдай жасауымыз қажет. Елбасымыздың үндеуінде де осыған мән беріліп отырғаны байқалады. Мектептерде оқушылардың өзге тілді соның ішінде орыс тілін ұлтаралық қатынас тілі ретінде, ағылшын тілін ғылыми ақпарат пен жаһандану экономикасына кірігу тілі ретінде енгізу тапсырылды. Осы тұста химия пәнін үш тілде оқыту қажеттілігі туындап отыр, менің жұмысымның өзектілігі де осында.

Магистрлік диссертация жұмыстың мақсаты:Жалпы орта мектептерде химия пәнінің ағылшын тілінде оқыту маңыздылығын ескере отырып, дәстүрлі оқытумен жаңа әдістемелер сабақтастығын негізге ала отырып оқушылырдың білімімен біліктілігін қалыптастыру сонымен қатар оқушылырдың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру. Химия пәнін ағылшын тілінде оқытуда жаңа әдістемелерді , тиімді тәсілдерді нақты мысалдармен көрсету және сипаттау.

Магистрлік диссертация зерттеудің міндеттері:

  • Химия пәнін оқытуда жаңа оқытубағдарламасын негізге ала отырып жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қодану, сонымен қатар, ақпарттық – коммуникативті технологияларды қолдану жолдарының нәтижелілігі

  • Химия пәнін оқыту барысында ағылышын тілін қолдану және ағылшын тілімен үндестіре оқыту , оқушылардың білімімен қызығушылығын қалыптастыру;

  • Қос тілде білім беру арқылы оқушылардың химия пәніне деген қызығущылығын арттыру , химия ғылымына байланысты тілдік қорын дамыту;


Зерттеу нысаны:Н. Оңдасынов атындағы Түркістан мамандандырылған мектеп – интернатының оқушылары.


Зерттеу әдістері:Химия пәнін ағылшын тілінде оқытудың маңыздылығын, тиімділігін көрсету; химия пәнін ағылшын тілінде оқытуда жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалану жолдарын қарастыру; жаңа оқу бағдарламасы негізінде химия пәнінен ағылшын тілінде байланыстыра оқыту тәжірибесін зерделеу; тілдік қиындықтармен ерекшеліктерді анықтау; сауалнама жүргізу, педагогикалық бақылау жүргізу және оны талдау, алынған нәтижені көрнекі түрде көрсету;

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

  • Химия пәнін оқытуда ағылшын тілінде білім берудің жаһандық маңыздылығы мен білім берудегі тиімдлігін анықтау;

  • Химия пәнін ағылшын тілінде кірстіре оқытуда оқушыларға ақпараттық және компьтерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын беруде жаңа әдістерді ұсыну;

  • Химияны орта мектептерде оқытуда лингафондық құрал жабдықтар, аудио, ведио кешенін – оқушылырың ауызша және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сөздіқ қорын жаңа сөздермен байыту , толықтыру, ой- өрісін ғылыми тұрғыда дамыту мақсатында қолдану;

  • Химияны оқыту барысында ақпараттық- коммуникативті технологияларды: мульти медия бағдарламасының көмегімен, ғаламтор арқылы әлемдік химия жаңалықтарын, химия пәнін өз бетімен қосымша үйренудің түрлі әдіс- тәсілдерін ұсыну;

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

Еліміздің білім саласында , экономика саласында , жалпы алғанда қай салада да дауымыз үшін , бізге әлемдік практикадан өткен оң нәтиже берген әдіс- тәсілдерді елімізде қолдану басқа едермен қабырға теңстіріп дамуымыз үшін маңызды. Осы тұрғыдан алғанда химия пәнін үш тілде үндестіре оқыту- болашағымыздың жарқын болуы үшін, белгілі бір ғылым саласында білім мен білігін көрсете алатын, өзге дамыған елдермен білім бәсекелестігіне түсе алатын, еліміздің химия саласын дамытуға үлес қоса алатын көптілді жеке тұлға қалыптастыруда үлкен ықпал етеді. Бүгін орта мектептерде білім алып жатырған оқушыларға көптілді білім беру арқылы ертең жастарымыздың білім мен ғылым майданында қанжығасына олжа байлайтын , білікті жастарды тәрбиелей аламыз.

Магистрлік диссертация жұмысының құрылымы мен көлемі. кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан , пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1 Негізгі бөлім

1.1 Үш тілде оқытудың бәсекеге қабілетті, білімді ұрпақ тәрбиелеуде маңыздылығы


Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» - деп атап өткен. [4]

Сапалы білім мен білікті маман. Бұл – «Қазақстан-2050» стратегиясын жүзеге асырып, дамыған 30 елдің қатарына кіру жолындағы аса маңызды тетік. Қазіргі таңда мемлекетіміз білім беру саласын жетілдіруді басты назарға алған. Бұл жолда ұстаздар қауымының да алар орны айрықша. Себебі, мектеп жасынан сапалы білім алған ұрпақтың бәсекеге қабілетті маман атанып, ел дамуына зор үлесін қосатыны анық. 

Білім беру саласындағы тың бағдарламалар, жаңа пәндер мен оқулықтар - жас ұрпақтың зияткерлік қабілетін арттырып, жан-жақты дамуына мүмкіндік тудыруда. 

Елбасының үштұғырлы саясаты  аясында шетел тілін үйрену, оның қолданыс аясын кеңейту бүгінде кезек күттірмейтін өзекті де келелі мәселелердің бірі болып отыр. Алайда «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»,-деп ақын жырлағандай, өз тілінде еркін сөйлеп, өз тілін құрметтейтін тұлғаны баулысақ, өзге тілді қадірлейтін тұлғаны баулитынымызға көз жеткіземіз. Сондықтан да, «Мемлекеттік тілді үйрету балабақшадан басталуы тиіс. Бұл - заман талабы»,- деген елбасының қағидасына сүйене отырып, қазіргі таңда балабақшадан бастап мектеп табалдырығын аттаған сәттен ана тілін меңгертуге, сауаттылыққа күш салынуда. Осы орайда ауыр жүк артылып отырған мұғалімдер мен тәрбиеші-ұстаздардың бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелеудегі еңбегі зор.

Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 » стратегиясында мұғалімдерге сенім арта отырып, жастарымыздан үміттенетінін айтқан. «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан да сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстазға жүктелетін міндет ауыр»-делінгендей, жастарды сауатты баулысақ болашағымыздың жарқын болатыны белгілі. «Мен сөзімді, әсіресе, жастарымызға арнағым келеді. Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер. Ал кейінгі толқын жастарға айтарым: Сендер – болашаққа деген үкілі үмітіміздің тірегісіңдер»-деген.[5]

«Қазақ тілін білу - әншейін бір ұран емес», Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХҮІІ сессиясында сөйлеген сөзіжолдарда жастарымызға деген үміт пен сенім жатыр. Сондықтан да жастарымыздың болашағы үшін әлемдік деңгейдегі зияткерлік мектептер мен кәсіптік-техникалық колледждер ашылып, «Болашақ» бағдарламасының негізінде олардың шетелге шығып білім алуына жан-жақты жол ашылған.