Файл: Дарынды оушылара арналан жмыс жоспары Тсінік хат Тегінде адам баласы адам баласынан аыл, білім, ар, мінез деген асиеттерімен озады.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 04.02.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Дарынды оқушыларға арналған жұмыс жоспары
Түсінік хат
«Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерімен озады» деген Абай . Ұлы ақын сөзі еш уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы білімдар адамдар заманның дамуына өз үлесін қосады. Ойлау, іздену-табиғаттың адамзатқа берген тамаша сыйы. Бұл қабілет барлық адам бойынан табылары да сөзсіз. Қабілет іс-әрекеттің белгілі бір түрін ойдағыдай нәтижелі етіп орындауда көрінетін адамның жеке қасиеті. Дегенмен табиғат оны бәріне бірдей етіп бөлмей,біреуге көптеу, біреуге аздау, ал үшіншілеріне мүлдем жарытпай тарататыны да анық. Қазірге дейін ғылым мен тәжірибеде дарындылық туралы екі түрлі көзқарас бар. Біреулері кез-келген бала дарынды, тек уақытында нақты қабілетін анықтап, дамыту керек десе, ал қарсы көзқарастағылар дарындылық өте сирек құбылыс, жалпы адамдардың өте аз тобына ғана тән дейді
Дарынды, жас талапты жастар – бүгінгі егеменді еліміздің жарқын болашағы. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Бізге керегі – шын дарындар. Нарық қол-аяғымызды қалай қыспасын мемлекет өзінің талантты ұлдары мен қыздарын, тарланбоз жүйріктерін қолдауға, қорғауға міндетті»,- деп еліміздің болашағы жастарға үлкен мән берген.
Сонымен, дарынды дегеніміз - адамзат баласының басқаларға қарағанда ерекше ойлау, талдау, еске сақтау қабілеті бар шығармашылық пен табысты жұмыс істейтін еңбекқор адамдарда /оқушыларда/ кездесетін қасиетті айтамыз.
Дарындылықты анықтаудың мынадай параметрлері бар.
Оқушының танымдық /білім/ іс-эрекетінің басқа оқушылардан озық дамуы
Психологиялық жоғары дамуы
Дені сау ,жан-жақты толық дамуы
Ойлау қабілетінің озық болуы
Айналадағы құбылыстарды не басқа процесстерді етеңе жақын түсінуі
Туа бітті шығармашылық қабілеттің
Дарындылықтың түрлері
Интеллектуалды
Академиялы
Шығармашылық
Көсемдік /лидер/
Көркем орындаушылық
Дарындылықты анықтау критерийлері
Теориялық материалды толық игеруі
Мартериалды игеруде табандылық көрсетуі/бастап кетпеуі/
Алынған білімді әр сабақ сайын дамыту
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне-өзі талап қоя білуі
Тапсылылған жұмысты сапалы орындауы
Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыс түрлері
Оқушының тарау бойынша өз бетімен тест құра білдіруі
Тақырып бойынша модель құруға үйрету
Алынған білімдерді әр сабақ сайын дамыту.
Өз ойларын баяндағанда ғылыми терминологияны пайдалану
Пәнді игеруде негізгі проблеманы бөліп алуы және өз алдына шеше алуы
Өзіне – өзі талап қоя білуі
Тапсырылған жұмысты сапалы орындалуы.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС ЖҮРГІЗУДІҢ МАҚСАТТАРЫ МІНДЕТТЕРІ:
1. Дарынды оқушының ақыл-ойының, эмоционалдық және әлеуметтік дамуы мен
ерекшеліктерінің өзіндік ашылу деңгейі мен өлшемін ескеру;
2. Жан-жақты ақпараттандыру;
3. Коммуникативті бейімдеу;
4. Білімнің бағасын арттыру,
5. Математика бойынша білім-білік дағдыларын тереңдету, өз ойын еркін деткізуге үйрету, өзіндік білім алуға жетелеу,
6. Дарынды оқушыны жан-жақты дамыту, ізденістік жолға ынталандыру
7. Дарынды оқушының шығармашылық бағытының ашылуына, дамуына, қоршаған ортаға өзін-өзі жарнамалауына көмек көрсету;
МАТЕМАТИКА, ҚАЗАҚ ТІЛІ, ӘДЕБИЕТТІК ОҚУ ПӘНІ БОЙЫНША ЖОҒАРЫ ДЕҢГЕЙДЕГІ,
ҚАБІЛЕТТІ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІ
№ | АТЫ-ЖӨНІ | СЫНЫП | ҚАБІЛЕТТІЛІГІ, ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
1 | Ұланқызы Қанағат | 3 | Оқуға ынтасы жоғары, шапшаң және ынталы. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады; өте күрделі нәрселерді ұнатады; |
2 | Ұланқызы Дійдара | 3 | Оқуға ынтасы жоғары және ынталы. Математика, әдебиеттік оқу, қазақ тілі пәні бойынша үлгерімі өте жақсы. Ерекшелігі: алуан түрлі тақырыптарға қызығушылық танытуы; тез ойлау, тез қағып алу; өзгеше ойлауы; бос тұра алмай бір нарсе істегісі келіп тұрады;үнемі ең жақсысына ұмтылады, есеп шығару қабілеті өте жоғары |
3 | Сағат Айзере | 3 | Математика, әдебиет пәні бойынша үлгерімі жақсы. Ерекшелігі: өзгеше ойлайды, есепті тез ойлап, тез қағып алады. Тез жалыққыш, бос тұра алмай бір нәрселерді ұнатады, есте сақтау қабілеті өте жоғары. |
| | | |
Пән мұғалімі: Дуйсенбина АЕ
ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
2021 – 2022 ОҚУ ЖЫЛЫ
№ | ЖҰМЫСТЫҢ ТҮРІ | МЕРЗІМІ | ЖҰМЫС ҚОРЫТЫНДЫСЫ |
1 | Дарындыоқушыларға арналған жылдық жұмыс жоспарын құру | 01.09 | Жоспар |
2 | Сынып жетекшілер және педагог - психологімен кеңесе отырып қабілетті (өте ерекше) оқушылар тізімін алу. | 05.09 | Тізімін құру |
3 | Білім деңгейінің игеру қабілеттері мен психологиялық ерекшеліктерін анықтау | 07.09 | Оқушылардың ерекшеліктері |
4 | Дарынды балалармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу | Жеке жоспар бойынша | Жоспар |
5 | Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын жүйелеу(рефераттар, суреттер, шығармашы-лық жұмыстар) | Жоспарға байланысты | Оқушылардың шығармашылық жұмыстары |
6 | Өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. | Жоспарға байланысты | Сабақ жоспарлары |
7 | АКТ технологиялар элементтерін пайдалану | Қажеттілігіне қарай | Презентациялары |
8 | Деңгейлік тапсырмалар дайындау | Қажеттілігіне қарай | Деңгейлік тапсырмалар |
9 | Тест және басқа да тапсырмалар арқылы танымдық қабілеттерін нығайту | Қажеттілігіне қарай | Тест тапсырмалары |
10 | Сабақ сайын озық тапсырмалар беру | Жыл бойы | Тапсырмалар |
11 | Пән бойынша білім-білік дағдыларының қалыптасуын үнемі бақылып, өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру | Сабақ сайын | Өздік бағалау |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспары
Үлгерімі нашар немесе үлгермейтін оқушылармен жұмыс істеу
Еңбекке жарамдық:
-
қызметті түрлендіру -
кабинетті желдету (проветрить) -
серпініс кезеңін өткізу -
қажеттілік және жеткіліктілік қағидасын ұмытпау
Үлгерімі нашар балалармен атқарылатын жұмыс түрлері:
-
жеке жұмыс карточкасы -
тесттер -
өзгертілген тапсырмалар -
тренажер-карточкалар -
шығармашылық тапсырмалар -
ақпарат-карточкалар -
есептің шешім үлгілері бар карточкалар -
конспект-карточкалар
Мұғалімдерге! Ұстамдылық алгоритмі:
1. Баланың психологиялық дамуы бойынша не білу қажет:
-
түсіну (жолдары - кинестетикалық (дене қозғалысы мен мимика), есту, көзбен көру) -
назар аудару (ерікті, еріксіз) -
ес, зерде (вербальды, вербальды емес Вербальды қарым-қатынас -. тіл (есту) арылы байланыс, вербальды емес - қимыл тілі)
2. Әр баланы түсініп, қабылдауға ұмтылу
3. Сабақта еркіндік және қолайлы орта қалыптастыру
4. Не көрсету қажет:
-
дұрыс талап етушілік -
шексіз сабырлық -
әділ қатаңдық -
оқушының мүмкіндіктеріне сенім
5. Оқушының позициясына тұру
6. Мысқылшылдыққа жол бермеу
7. Еркін диалог жүргізе білу
8. Вербальды емес қарым-қатынасты (тірегіш сигналдар, суреттер, таблицалар, схемалар, жоспарлар) қолдану
9. Сөздіктермен және басқа нықтама материалдармен жұмыс істеуге үйрету
10. Оқытуда не қолдану қажет:
- Алға озып оқыту
- Топпен атқарылатын жұмыстардың әр түрлері
- Өзара тексеру, өзін өзі тексеру
- Сабақта блок-конспекттерді қолдану
11. Оқу материалын тиімді бөлу (қиыны - алдында!)
12. Сабақ материалын көп рет қайталап, бекіту
13. Қызметтің алгоритміне тырысы
Үлгерімі нашар оқушылармен жұмыс істегенде төмендегі ережелерді сақтау қажет:
-
Оқушыға тосын сұрақ бермеу, тез жауап беруді талап етпеу, оқушыға ойланып, дайындалуына уақыт беру. -
Жауапты ауызша емес, жазба түрінде талап еткен дұрыс. -
Ауқымды, көлемі үлкен, әр-түрлі, күрделі материалдарды қысқа мерзімде игеруін талап етуге болмайды. Ол материалды ақпаратқа байланысты бөліп беру. -
Бұндай оқушыларға жаңа тақырып бойынша жауап беруін талап етуге болмайды. Үйде дайындалуға мүмкіндік беріп, келесі сабақта сұраған жөн. -
Жауап сұрап, ынталандыру арқылы оқушының өзінің күшіне, біліміне деген сенімін арттыру. Бұл сенімдік оған емтихан, бақылау жазған кезде көмек етеді. -
Оқушы жауапты дайындап жатқан кезде.
Балалар нені түсінеді, неден нәтижесі бар, не қолдарынан келеді, соны жақсы көреді. Кез келген бала жақсы баға алғысы келеді. Сыныптастары мен мұғалімнің көмегімен алғашқы жетістіктерге жетуі өте маңызды. Мұғалім шын жүректен баланың көрсеткіштеріне қуанғанын көрсете білуі керек. Оған қалай жетуге болады?
Бұл жағдайда деңгейлеп оқыту әдісісіз нәтижеге жету мүмкін емес.
Деңгейлеп оқыту әдісін сабақтың әр кезеңінде қолдана аламыз:
-
тақырыпты бекітуде -
үй тапсырмасын тексерерде -
өзіндік жұмыста.
Деңгейлеп оқытуда дидактикалық материалдар қолдануы көзделеді:
Үлгерімі төмен оқушылармен жүргізілетін жұмыстың мақсаты.
1. Пән бойынша оқушының білімін дамыту, сабақ үлгерімін жақсарту.
2. Оқушының жекелеме тапсырмалар арқылы пәнге қызығушылығын ояту.
3. Сабаққа белсенді қатысуын қамтамасыз ете отырып, шығармашылықпен ойлау, есте сақтау қабілеттерін жетілдіру.
| 2021-2022 оқу жылына арналған оқу үлгерімі төмен оқушыларымен жұмыс жоспары
|