Файл: азастан республикасы ылым жне жоары білім министрлігі.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.11.2023
Просмотров: 37
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
| |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
«САФИ ӨТЕБАЕВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ» КеАҚ
ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ (SYLLABUS)
«Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтары» пәні
«6В072 - «Өндіріс және өңдеу өнеркәсібі» кадрларды даярлау бағыты бойынша
«6В07203 – Мұнай және газ кенорындарын игеру және пайдалану» білім беру бағдарламасы
Мұнайгаз факультеті
көктемгі семестр, 2022-2023 оқу жылы
Атырау, 2022 ж.
-
НЕГІЗГІ АҚПАРАТ
Оқытушылар туралы ақпарат
Курс оқытушылары туралы қосымша ақпарат алу үшін (кабинет нөмірі, кеңес беру уақыты және байланыс ақпараты) университеттің ресми сайтына өтіңіз.
Студенттер пәнге қатысты кез-келген мәселе бойынша оқытушымен сөйлесе алады.
Шамшенова Асира Есболатовна аға оқытушы, магистрa.shamshenova@aogu.edu.kz
2корпус217 аудитория
Оқыту форматы - аралас
-
Курс саясаты және білім алушылардың үлгерімін бағалау
Курс саясаты пәнді оқу кезінде білім алушыларға қойылатын мынадай талаптарды қамтиды:
-
академиялық адалдық ережелерін қатаң сақтау, плагиатқа, көшіруге және басқа да алаяқтыққа жол бермеу. Студенттердің барлық жұмыстары плагиат жүйесімен (strikeplagirarism.com) академиялық адалдық лигасы ережелері аясында жұмыстың бірегейлігіне сәйкестігіне тексеріледі; -
сабақтарға қатысу, аудиториялық және үй сабақтарын орындау, аудиториялық сағаттар кезінде белсенді жұмыс істеуді көздейтін білім беру процесіне белсенді қатысу; -
сабаққа кешікпеу, оффлайн сабақтар аясында көрсетілген аудиторияға, кестеге сәйкес корпусқа, онлайн сабаққа сабаққа дейін тіркеуден өту және кестеге сәйкес қосылу; -
сабақты өткізіп алмау, ауырған жағдайда медициналық анықтама ұсыну; -
университеттегі сыныптастарына, оқытушыларға және университет қызметкерлеріне ашық, мейірімді, шыдамды болу; -
оқытушымен белгіленген мерзімде ауызша түрде және Teams командасында көрсетілген тапсырмаларды уақтылы орындау (корпоративтік пошта мекенжайларында); -
1 және 2 аралық бақылау бойынша анықтайтын жалпы жинақтау жүйесі бойынша тапсырмаларды уақытылы орындау, сонымен қатар аралық бақылау, емтихан және жалпы сессия шеңберінде пән бойынша байыпты дайындықты жүзеге асыру; -
топтық жұмыс пен пікірталастарға қатысу; -
атқарушы болу.
Талаптар сақталмаған жағдайда білім алушылар академиялық саясатқа және «Сафи Өтебаев атындағы Атырау Мұнай және Газ Университетінің» басқа да нормативтік-құқықтық құжаттарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Бағаларды декодтау, олардың ECTS-тегі баламасы университеттің ресми сайтына өткен кезде қол жетімді.
II.ПӘН ТУРАЛЫ АҚПАРАТ | ||||||
1 | Пәннің атауы | Мұнайгаз кәсіпшілік жабдықтары | ||||
2 | Пән циклі | БП | ||||
3 | Түрі | Элективті | ||||
4 | Кредиттерді сабақ түрлері бойынша бөлу | дәріс | практикалық | зертхан алық | БОӨЖ | Ак. Кред саны |
2 | 1 | - | 0,5 | 5 | ||
5 | Пәннің пререквизиттері | Мұнайгаз ісінің негіздері, Мұнай және газ ұңғыларын бұрғылау, Ұнғымалы мұнай өндіру | ||||
6 | Пәннің постреквизиттері | Газды кен орындарды игеру және пайдалану, Қайранды аймақтарда мұнай мен газды өндіру, Мұнай алу процесін бақылау және реттеу, Ұңғы өнімдерін жинау және дайындау, Ұңғымаларды жөндеу және қызмет көрсету |
Курстың сипаттамасы
«Мұнайгаз кәсіпшілігі жабдығы» термині қабаттық қысымды ұстап тұру, қабаттарға термиялық әсер ету, қабаттарға түрлі химиялық реагенттерді айдау жұмыстарын жүргізуге арналған жабдықтар мен тетіктерді қоса алғанда, мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың бұрқақты және механикаландырылған тәсілдері кезінде, сондай-ақ ұңғымаларға ағымдағы және күрделі жөндеу жүргізу үшін белгіленген жұмыс параметрлері бар ұңғымалардан мұнай мен газды үздіксіз өндіруді қамтамасыз ететін жабдықтар кешенін білдіреді.
Курстың
міндеттері:
білім алушыларды мұнай және газ кен орындарын игеру және пайдалану кезінде пайдаланылатын мұнай-газ кәсіпшілігі жабдықтарының неғұрлым кең таралған түрлерінің әрекет ету принциптерімен және құрылғыларымен, қабаттық қысымды ұстап тұру, қабатқа термиялық әсер ету жөніндегі жұмыстарды жүргізуге, сондай-ақ ұңғымаларға күрделі жөндеу жүргізуге арналған жабдықтар мен тетіктерді қоса алғанда, мұнай және газ ұңғымаларын пайдаланудың фонтандық және механикаландырылған тәсілдерімен (машиналар мен жабдықтар) қолданылатын қазіргі заманғы техникамен таныстыру; машиналардың сипаттамаларын пайдалана білу және оның негізгі көрсеткіштері бойынша жабдықты таңдау.
Курстың соңғы кезеңі емтихан
Білім алушы үшін курстың өзектілігі мен маңыздылығы 6В07203 – Мұнай және газ кенорындарын игеру және дайындау» білім беру бағдарламасы бойынша білім алушыларға арналған курстың практикалық қолданылуы алған білімдерін мұнай бергіштікті арттырудың қандай да бір әдісімен ұңғымаларды пайдаланудың ұтымды тәсілдерін таңдау шешімдерін қабылдау кезінде қабаттардың мұнай бергіштігін арттыру әдістерінің технологиясы саласындағы инженерлердің практикалық қызметінде пайдалана білуі
Пәнді оқу нәтижесінде студент сай болуы керек
Мұнай-газ геологиясы, мұнай ұңғымаларын бұрғылау, мұнайгаз ұңғыларын бұрғылау саласындағы негізгі мазмұнды сипаттауға қабілетті, қазіргі заманғы жаһандық қоғамның өзекті мәселелеріне қатысты өзінің моральдық позициясын қалыптастыружәне дұрыс айқындау, мұнай-газ ісінде кәсіптік салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және талқылау үшін нәтижелерді ұсыну.
III. КУРСТЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ ЖОСПАРЫ:
Апта № | Тақырып атауы | Сағаттық жүктеме | Ұйым нысаны |
1 | Дәріс: Мұнайды және газды өндіруге арналған технологиялар мен жабдықтардың дамуы, қазіргі жай-күйі және өзара байланысы. Мұнайды өндіруге арналған жабдықтардың функциональдық схемасы, жіктелуі және құрамы | 2 | дәріс |
Семинар: Ұңғымаларды фонтандық-компрессорлық пайдалану кезінде сорапты-компрессорлық құбырларды есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Конструкцияларды әзірлеу үшін негізгі бастапқы деректер. Жабдықтың сенімділігі. Металл сыйымдылығы және құрылымдардың қаттылығы. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
2 | Дәріс: Пайдалану ұңғысы. Пайдалану ұңғысының саға жабдықтары | 2 | дәріс |
Семинар:Фонтандық-компрессорлық пайдалануда көтергіш құбырларды түсірудің ең жоғарғы тереңдігін есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарын пайдалану шарттары. Мұнай кәсіпшілігі жабдықтарына арналған материалдар. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
3 | Дәріс: Ұңғыларды фонтандық тәсілмен пайдалануға арналған жабдықтар | 2 | дәріс |
Семинар:Фонтандық-компрессорлық пайдаланудағы көтергіш құбырларды түсірудің максималды тереңдігін есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Шегендеу құбырлары. Сорапты-компрессорлық құбырлар (НКТ). Пакерлерді жобалау және есептеу. Ұңғыма жанындағы құрылыстар. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
4 | Дәріс: Ілмекті және реттейтін құрылғыларды жіктеу | 2 | дәріс |
Семинар: Фонтандық арматура штуцерінің диаметрін анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Ашық атқылаудың алдын алуға арналған ұңғыма жабдығы. Фонтандық және газлифттік көтергіштерге арналған сорғы-компрессорлық құбырлар. Фонтандық ұңғыманың манифольді. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
5 | Дәріс: Ұңғыларды газлифттік пайдалану кезіндегі ұңғы жабдықтары | 2 | дәріс |
Семинар: Газлифттік пайдалану кезінде іске қосу клапандарын орнату орындарын есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Газлифтті пайдалану кезінде газбен жабдықтау және газ тарату. Газлифті ұңғымаларға қызмет көрсету. Ұңғыма жабдығы және газлифті клапандарын есептеу. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
6 | Дәріс: Штангілік ұңғылық сораптық қондырғылар | 2 | дәріс |
Семинар: Ұңғымаларды пайдаланудың компрессорлық әдісімен СКЖ есептеу. Іске қосу қысымын анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Сорап штангалары мен құбырлары. АНИ стандарты бойынша штангалық ұңғымалық қондырғыны есептеу | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
7 | Дәріс: Штангілік ұзынжүрісті ұңғылық сораптық қондырғылар | 2 | дәріс |
Семинар: ШТСҚ жабдығын таңдау және сораптың жұмыс параметрлерін анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Күрделі жағдайларда мұнай өндіруге арналған жаңа техника мен технология | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
8 | Дәріс: Гидрожетекті штангілік ұңғылық сораптық қондырғылар (ГШҰСҚ) | 2 | дәріс |
Семинар: ШТСҚ жабдығын таңдау және сораптың жұмыс параметрлерін анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Қабат өнімдерін жер бетіне көтеруге арналған штангсыз сорапты қондырғыларының түрлері. Ұңғымалы ортадан тепкіш сораптар. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
9 | Дәріс: Ұңғылық электрлі ортадан тепкіш сораптың қондырғысы (ЭОСҚ) | 2 | дәріс |
Семинар: БОТСҚ-сы үшін сорапты-компрессорлық құбырларды таңдау. Ортадан тепкіш сорапты таңдау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Электр ортадан тепкіш сорапты қондырғыларының жабдықтарын таңдау және түйіндерін таңдау. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
10 | Дәріс: Электрбұрандалы сораптың қондырғысы. Штангілік бұрандалы сораптық қондырғылар | 2 | дәріс |
Семинар: Сорапты динамикалық деңгейге батыру тереңдігін анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:ҮШГН жабдықтарын таңдау. Гидропоршеньді ұңғымалық сорғыларды орнату | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
11 | Дәріс: Штангісіз гидропоршеньді сораптық қондырғылар(ГПСҚ) | 2 | дәріс |
Семинар: ЭЦН қондырғысы арқылы электр энергиясының үлестік шығынын анықтау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Гидропоршеньді сорапты қондырғыларының негізгі схемалары | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
12 | Дәріс: Ұңғыларды жөндеу және игеруге және ұңғы іші жұмыстарына арналған машиналар, жабдықтар мен құралдар | 2 | дәріс |
Семинар: Газ және газқұмды зәкірлерін есептеу және таңдау | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ:Түсіріп-көтеру операцияларын механикаландыру технологиясы. Агрегаттардың мақсаты және құрылымдық схемалары. Агрегаттардың көлік базасын таңдау. | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
13 | Дәріс: Ұңғыларды жер асты жөндеу және игеру кезінде ТКО жабдықтары, құрал-сайманы және мехаинкаландыру мен автоматтандыр құралдары | 2 | дәріс |
Семинар: Ыстық су мен буды айдау кезінде ұңғыманың сағасындағы СКҚ ұзартуларын және температураны ұзартатын Компенсаторларды есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Апаттарды жоюға арналған жабдықты және аулау жұмыстарына арналған құралды таңдау. Ұңғымаларды ағымдағы жөндеуге және ұңғыма ішіндегі жұмыстарға арналған агрегаттар | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
14 | Дәріс: Қысыммен тұрған ұңғыларда құбырларды түсіру мен көтеруге арналған және атқыланып жатқан ұңғыларды жөндеу орындау үшін агрегаттар мен құрал-саймандар | 2 | дәріс |
Семинар: Қабатқа жылытасытқышты айдау кезінде СКҚ-ды (НКТ) есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Өндірілетін өнімді жинауға және тасымалдауға арналған жабдық. Құбырлар және олардың бекіту құрылғылары | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
15 | Дәріс: Мұнай және газ өндіруді қарқындатуға арналған және қабаттың мұнайбергіштігін арттыруға арналған жабдықтар | 2 | дәріс |
Семинар: Қабатқа жылытасытқышты айдау кезінде СКҚ-ды (НКТ) есептеу | 1 | тәжірибе | |
БӨЖ: Қабатқа су мен газды айдауға арналған жабдық. Қабаттың өткізгіштігін арттыруға арналған жабдық. Қабатқа жылумен әсер етуге арналған жабдық | 7 | аудиториядан тыс сабақ | |
| Барлығы | 150 | |
IV. ӘДЕБИЕТТЕР тізімі
Негізгі әдебиеттер:
1. Молчанов Г.В., Молчанов А.Г. Машины и оборудование для добычи нефти и газа. Учебник для вузов. 2-е издание, исправленное и дополненное. – М.: «Издательский дом Альянс», 2014. - 588 б.
2. Ивановский В.Н., Дарищев В.И. Нефтегазопромысловое оборудование. –М.: «ЦентрЛитНефтеГаз» 2013. -720б.
3. Бухаленко Е.И. и др. Нефтепромысловое оборудование. Справочник. –М.: Недра, 2014, 559 б.
4. Ивановский В.Н., Дарищев В.И., Сабиров А.А. и др. Скважинные насосные установки для добычи нефти. – М.: ГУП Изд-во «Нефть и газ» РГУ нефти и газа им. И.М. Губкина, 2013. – 824 б.
5. Ермеков М.М. Справочная книга по добыче нефти. –Алматы: «TST-Company», 2017ж., -415 б.
Қосымша_әдебиеттер'>Қосымша әдебиеттер:
1. Середа Н.Г., Сахаров В.А., Тимашев А.Н. Спутник нефтяника и газовика. Справочник. –М.: Недра, 2013ж.
2. Выбор и расчет оборудования для добычи нефти : учебное пособие / А. И. Снарев.-Москва; Вологда : Инфра-Инженерия, 2019. - 216 б.
3. Музипов Х..Н. Антикоррозионная защита нефтяного оборудования, 2013
4. Ибылдаев М.Х. Мұнай-газ саласындағы техника және технологиялар, 2014
5. Неверов, А.С. Коррозия и защита материалов, 2013
6. Оборудование для добычи нефти и газа: Учеб.пособие в 2-х частях / В.И.Ивановский, В.И.Дарищев, А.А.Сабиров, В.С.Каштанов, С.С.Пекин. – М.; Нефть и газ, 2013.
7. Ахмеджанов Т.К., Қартабай А.Т., Ақашев Б.Т. Мұнай және газ өндірудің техникасы мен технологиясы. Оқулық – Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2015-464 бет
8. Даурова Р.В., Ысқақ А.С. Мұнай кәсіпшілік жабдығы. Дәріс курсы, Алматы, 2014ж.
Қосымша материалдар
1. Практикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Интернет ресурстары
www.oil-industry.ru
www.dobi.oglib.ru
www.ngpedia.ru
https://www.youtube.com/watch?v=6rNDVCqN-n8
https://www.youtube.com/watch?v=c9vIrVmhGc0
https://www.youtube.com/watch?v=v8Fnrc4lfUs
https://www.youtube.com/watch?v=t5UDKuSv88A
V. білім алушыЛАРДЫҢ жетістіктерін БАҒАЛАУ
Жұмыс мақсаты: Білім алушылардың мұнай және газ кәсіпшілік жабдықтарын, теріс салдарларды игеру, ұңғымаларды бұрғылау кезінде бұзылу процесін бәсеңдетуді бейтараптандыру үшін металл жабдықтардың агрессивті ортамен өзара әрекеттесуі туралы білім
негіздерін меңгеруі.
Білім алушылардың өзіндік жұмыстарының презентациясы
Жұмыстың мақсаты: алған білімдерін тереңдету және бекіту.
Білім алушының жұмысын бағалау критерийлері: пәннің өткен материалын қамтитын өзіндік жұмыстардың презентациясы. Презентацияларды тапсыру мерзімі сақталмаған жағдайда баға 50% - ға төмендейді.
Аралық бақылау (Midterm,Endterm) және қорытынды емтихан
Жұмыстың мақсаты: білім алушыларды оқытудың тиімділігін арттыруға ықпал ету, білім алушылардың білімі мен іскерлігін тексеру; бұрын алған білімі мен іскерлігін жүйелеу және қорыту; білім алушыларда өзін-өзі бақылау біліктері мен дағдыларын қалыптастыру.
Білім алушының жұмысын бағалау критерийлері: аралық тестілеу кезіндегі бағалар тест нәтижелері бойынша қойылады.
1-кесте. Жұмыстарды бағалау критерийлары (Факультетте жұмыс түріне байланыстыанықтау)
Тапсырманы ң атау | «Өте жақсы» деңгейге критериялары А, А- | «Жақсы» деңгейге критериялары В+, В, В-, С+ | «Қанағаттанарлық » деңгейге критериялары С, С-, D+, D | «Қанағаттанарлықсы з» деңгейге критериялары FX, F |
Мұнай | Барлық | Кестелердегі | Барлық есептік | Есептік графикалық |
базаларында | есептелген | шамалы | графикалық | жұмыстарды |
мұнай-газ | графикалық | қателіктер мен | жұмыстардың | орындамады, |
операциялар | жұмыстарды | дәлсіздіктерме | уақтылы | жауаптарда түбегейлі |
ы | қатесіз уақтылы | н негізгі | орындалмауы, | қателіктер жіберді, |
| және дұрыс | ескертулерсіз | дәлсіздіктерге, | тапсырмалардың |
| орындау, | барлық есептік | қателерге жол | өңделмеген |
| барлық негізгі | графикалық | беріліп, | фрагменттері бар - |
| формулаларды | жұмыстарды | графиктер мен PV | <50% |
| жазу, есептеу | уақтылы және | және TS | |
| үшін | дұрыс | координаттары | |
| компьютерлік | орындау -70- | қатесалынды - - | |
| бағдарламалард | 85% | 50-65% | |
| ы қолдану, | | | |
| графиктерді | | | |
| және PV және | | | |
| TS | | | |
| координаттарын | | | |
| дұрыс құру-90- | | | |
| 100% | | | |