ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 03.12.2023
Просмотров: 64
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Тараз қалалық білім бөлімінің
«Керімбай атындағы №12 мектеп-гимназиясы» КММ
080000, Тараз қаласы, Төле би көшесі №77, 43-77-67, 12_shkola@mail.ru
Білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
«Зияткер жастар»
Парламенті
Үйлестірушілер: Мархабай Мұхаммедәлі
Парманкулова Гульзира
Тараз 2022 жыл
Бекітемін:
Мектеп-гимназия директоры
М.Ж.Тұрысбек __________________
«______» ______________________
Білім алушылардың өзін-өзі басқару ұйымы
«Зияткер жастар»
Парламенті
Үйлестірушілер: Мархабай М.Қ.
Парманкулова Гульзира
Облыс, қала, аудан, ауыл: Тараз қаласы
Мектеп, гимназия, лицей: №12 мектеп-гимназиясы
Тараз 2022 жыл
Түсінік хат
Қазақстанның балалары мен жастары – Қазақстан қоғамының стратегиялық құндылығы және болашақ адами капиталы.
Жаһандық тәуекелдер мен сын-қатерлер кезеңінде өмір сүретін жаңа буын белсенділігі мен қызығушылықтарының әртүрлілігімен сипатталады. Сондықтан мемлекет пен азаматтық қоғамның шынымен біртұтас балалар-жасөспірімдер және жастар қозғалысын құрудағы күш- жігерін біріктіру – заманауи мемлекеттің стратегиясы.
Соңғы онжылдықта республиканың қоғамдық-саяси өмірінде болып жатқан өзгерістер балалар мен жастар ортасындағы адамгершілік-рухани бағдарлар мен мұраттардың өзгеруіне алып келді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, өскелең ұрпақ (балалар, жасөспірімдер, жастар) тәрбиелеудің қолданыстағы моделі трансформацияны және жаңа идеологиялық негізді талап етеді.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымы қызметінің қазіргі жағдайында білім беру ұйымын демократиялық басқаруға жағдай жасауға байланысты мәселелер туындайды, онда тек басшы мен педагогикалық кеңес қана емес, сонымен қатар білім алушылар мен ата-аналар білім
беру үдерісінің толық субъектілері ретінде білім беру ұйымы ұсынатын қызметтердің сапасына әсер ете алады.
Қазіргі уақытта мемлекет пен азаматтық қоғам балалар мен жастардың құқықтық мүмкіндіктерін іске асыру мәселелерін белсенді түрде көтеруде. Осыған байланысты қазақстандық мектептердің алдында құқықтық мемлекет жағдайында шығармашыл, бастамашыл, өзі және қоғам үшін пайдалы әрекет ете алатын еркін, жауапты тұлғаны, мәдениетті адамды тәрбиелеу міндеті тұрды.
Бүгінгі таңда республикада балалар мен жастардың өз құқықтарын іс жүзінде қолдануға және қорғауға оқытатын оңтайлы тетік жоқ, бұл оқушылардың әлеуметтік маңызы бар қызметке уәждемелік дайындығын төмендетуге әкеп соғады. Білім беру ұйымының қабырғасынан шыққан білім алушылар нақты өмірде көбіне мүлдем дәрменсіз болып қалады.
Қазақстан Республикасының балалар-жасөспірімдер және жастар қоғамдық қозғалысы шеңберіндегі мектеп кеңестерінің, старосталардың, жоғары сынып оқушылары кеңестерінің, мектеп әкімдіктерінің және т.б. орнына мектеп Парламенттерін (бұдан әрі – Парламент) ұйымдастыру – бірыңғай құрылымдық моделі бола алады.
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында білім алушылардың «Мектеп парламенті» өзін-өзі басқару органдарын дамыту тұжырымдамасы «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының заңдары, Жастар жылын өткізу жөніндегі жол картасы негізінде әзірленді.
Парламент – оқу-тәрбие процесінің проблемаларын шешуде мектеп әкімшілігінің таптырмас көмекшісі.
Парламентте оқушылар мен педагогтер бірлесіп
ынтымақтасуға үйренеді, маңызды мәселелерді шешуде толық құқылы әріптес болады.
Парламент – бұл білім алушылардың білім беру ұйымын бірлесіп басқаруға, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру кезіндегі мәселелерді шешуге қатысу нысаны.
Парламенттің мақсаты: білім алушылардың бойында азаматтық белсенділік, әлеуметтік құзыреттілік, азаматтық жауапкершілік дағдыларын дамыту, әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті, өзінің жеке басын, қоғам мен мемлекетті жетілдіру мүддесінде әрекет ете алатын жоғары мәдениетті, гуманистік бағыттағы азаматты тәрбиелеу.
Парламенттің міндеттері:
-
білім алушылардың қабілеттері мен мүдделерін, мектепте бірыңғай құқықтық кеңістікті дамыту үшін жағдай жасау, білім беру ұйымын басқаруға қатысуға нақты мүмкіндік беру; -
ұжымдық өмір нормаларына, мемлекет заңдарына, адамдарға пайда әкелгісі келетіндігіне, достары мен құрдастарына қиындықтарды жеңуге көмектесуге оң көзқарас қалыптастыру; -
әрбір білім алушыны білім беру ұйымының қоғамдық өміріне тарту; -
өзіндік ойлау мен өзіндік сана-сезімді, көшбасшылық мінез-құлық дағдыларын, ұйымдастырушылық білімді, іскерлікті, ұжымдық және басшылық қызмет дағдыларын дамыту.
Парламент өзара көмек және сенім, дамуға ұмтылу, барлық оқушылардың тең құқылығы, шешімдер қабылдаудың ұжымдылығы, оқушылардың құқықтары мен мүдделерінің басымдығы, әрбір жеке тұлғаға қатысты ізгілік, ашықтық, еріктілік, адалдық және серіктестерді құрметтеу қағидаттарына негізделеді.
Парламент құрылымы 8 фракциядан тұрады:
-
Құқық және тәртіп фракциясы. -
Ақпарат фракциясы. -
Спорт және салауатты өмір салты фракциясы. -
Өзін-өзі тану және бақыт фракциясы (психология). -
Қамқорлық фракциясы (еріктілік). -
Мәдениет және өнер фракциясы (музыкалық, көркем шығармашылық). -
Дебат қозғалысының фракциясы. -
Экология және еңбек фракциясы.
Парламенттің жоғарғы органы – фракциялар көшбасшыларының жалпы жиналысы.
Парламенттің мектептегі қызметін директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары және өзін-өзі басқару ұйымының координаторы үйлестіреді.
Білім беру ұйымының 8, 9, 10, 11 сыныбында барлық 8 фракцияға депутаттар сайланады.
Парламент Президенті қажет болған жағдайда білім беру ұйымының түрлі алқалы органдарының отырыстарына қатысады.
Парламентті басқарудың негізгі нысаны – жобалық менеджмент тетіктерін тиімді басқарудың әмбебап технологиясы.
Мектеп оқушылары Парламент депутаттары бола алады.
Парламенттің жобалық қызметінің бағыттары: экологиялық, еріктілік, өлкетану, туристік, зияткерлік, экономикалық, спорттық, дебаттық, этномәдени, көркем-эстетикалық, музыкалық және басқа да шығармашылық жобалар.
Парламенттердің жобалау қызметін жүзеге асыру үшін мектеп базасында жобалау кеңселері (бұдан әрі – жобалау кеңселері) құрылады.
Жобалық кеңселер:
-
жыл бойы парламент фракцияларының жобалық қызметін; -
мектеп Президентін сайлау және өзін-өзі басқару күндерін; -
алқалы органдардың жұмысына қатысуды үйлестіреді.
Әр жобаға түрлі іс-шаралар, жарыстар, акциялар, флешмобтар, экскурсиялар, жорықтар, турнирлер және т. б. кіреді.
Парламент Президентінің сайлауы жылына 1 рет қыркүйек айында өткізіледі.
Парламент мүшелерін, білім алушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларын ынталандыру үшін көтермелеудің мынадай түрлері мүмкін: мадақтамалар, дипломдар, «Мектеп Парламентінің көшбасшысы», «Студенттік Парламенттің көшбасшысы» медальдары, «Балдәурен» РОСО сауықтыру және басқа да лагерьлерде балаларды
сауықтыру.
Мектеп жобалау кеңселерінің жобалар рейтингтері, Парламент туралы толық ақпарат мектеп сайттарында орналастырылады.
Күтілетін нәтижелер:
-
адал, мейірімді және белсенді тұлғалардың тәрбиелі жас ұрпағы; -
қоғамдық (балалар мен жастар) сананы трансформациялау мен жаңғыртуда оқушылар мен студенттердің өзін-өзі басқару органдарының мәртебесі мен рөлін арттыру; -
білім алушыларды қызығушылықтары бойынша жобалық қызметке тарту; -
барлық деңгейлердегі бюджеттерден тұрақты және жүйелі қаржыландыру.
Мектеп оқушылары парламентінің қызметі туралы ережер
1-тарау. Жалпы ережелер
-
Мектеп оқушылары парламентінің қызметі туралы осы ереже (бұдан әрі – Ереже) мектеп өзін-өзі басқару органының – мектеп парламентінің мақсатын, міндеттерін, құрылымын, қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін, құқықтары мен міндеттерін айқындайды. -
Мектеп оқушылары парламенттері балалар мен жастардың маңызды мәселелерін шешуге, оның әлеуметтік белсенділігін дамытуға, әлеуметтік бастамаларды қолдауға бағытталған мектеп және студенттік өзін-өзі басқарудың бастамашыл, дербес, жауапты қоғамдық нысаны болып табылады. -
Мектеп оқушылары өзін-өзі басқару органы – мектеп парламенті (бұдан әрі – Парламент) білім беру ұйымдарының оқушылары бастамасы бойынша білім алушылардың мүдделерін білдіру үшін тұрақты жұмыс істейтін үйлестіруші орган ретінде құрылады және осы Ереже негізінде әрекет етеді. -
Әрбір білім алушы осы Ережеге сәйкес Парламент активін сайлауға және оған сайлануға құқылы. -
Парламенттің қызметі мен шешімдері білім беру ұйымының барлық білім алушыларына бағытталған және қолданылады. -
Парламент өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңдарын, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.