Файл: Эмбриогенез жне оны кезедері.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 04.12.2023

Просмотров: 25

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Эмбриогенез және оның кезеңдері

8.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау

8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

8.2.3.1 эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттау

8.2.3.2 әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттау

Сабақтың мақсаты
  • Эмбрионалдық даму кезеңдерін сипаттай алады.
  • Әр түрлі ұрық жапырақшаларынан қалыптасатын ұлпалар мен мүшелердің дифференциялануын сипаттайды.
Онтогенез (грек ontos – нағыз, нақты және генез) – организмнің жеке дара дамуы. Онтогенез ұрық болып түзілуінен бастап, тіршілігінің соңына дейінгі барлық өзгерістердің жиынтығы. Онтогенез терминін неміс биологы Э.Геккель ұсынған (1866). Онтогенез барысында дамып келе жатқан организмнің жеке мүшелері өсіп, жіктеледі және бірігеді. ОНТОГЕНЕЗ Эмбриональдық кезең Постэмбриональды кезең Эмбриогенез (ағылш. embryogenesis, гр. embryon — ұрық, genesis — шығу тегі) — ұрықтанғаннан бастап жұмыртқадан жарып шыққанға немесе енесі құрсағынан туғанға дейінгі ұрықтың (эмбрионның) даму мерзімі. Эмбриогенез — жануарлар мен адам организмдерінің жеке даму процесінің (онтогенезінің) бастапқы кезеңі. Эмбриогенезде ұрық: ұрықтану, бөлшектену, гаструлану, нейрулану, гистогенез, органогенез, системогенез кезеңдерінен өтеді.
Сүтқоректілерде — бластоциста (стерробластула),

Құстарда , бауырымен жорғалаушыларда — дискобластула,

қосмекенділерде — амфибластула, қандауыршада— целобластула деп аталады.

Гаструляция 1-бластула; 2-гаструла

Адам эмбрионгенезінің ағашқы апталары

Эмбриондық даму кезіндегі өзгешеліктер