Файл: Жобалау технологиясы.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 35

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Жобалау  технологиясы

Жоспары:

1.Жобалау  технологиясының  оқу  процесінде  алатын  орны.

2. Жобалау  технологиясының  негізгі  мақсаты, түрлері.

3. Жобамен жұмыс жасаудың негізгі кезеңдері


ХХІ ғасырда әлемдік білім беру жүйесінің дамуындағы негізгі басымдықтарының бірі – мектеп білімін жаңарту. Ол оқушылардың неғұрлым өз бетінше білім алып, оны іс жүзінде  қолдана білу қажеттілігін тәрбиелеуге бағытталған. Оқушылардың зерттеу  жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда.  

Бұл  технология  әлемдік  педагогикада  жаңалық  емес. Ағылшын  тілінен  аударғанда «coperative learninq»-  бірге  үйрену  деген  мағынаны  білдіреді.

Түсіндірме сөздікте  оған  төмендегідей анықтама  беріледі:Жобалау  технологиясы-оқушылардың  жоспарлау  және  күрделене  беретін  тапсырмаларды  орындау  арқылы  меңгеретін  білімі.

Жобалау  технологиясы  XIX  ғасырдың  2-ші  жартысында  АҚШ  ауылшаруашылығы  мектептерінде  пайда  болған.Оның  негізін  салған-Джон  Дьюи  атты психолог  және  педагог, философ .Дьюидің  ілімін  жалғастырушы- Колумбия  университетінің  жанындағы  мұғалімдер  колледжінің  прфессоры  Уильям  Херд Килпатриктің  ойынша,  балаларды  өз  жұмысының  жемісін  көруге  ынталандыру  арқылы үлкен  өмірге  дайындау- бұл  технологияның  негізі. «Өзіне  көйлек  тігіп  киген  бойжеткенді  мысалға  алайық. Егер  ол  кейін  өзі  киетін  көйлегі  үшін  жанын  аямай, ерінбей, аса  қызығушылықпен  көйлек  үлгісін  өзі  ойлап  тауып, өз  бетімен  өлшеп, пішіп, тігіп  кисе- бұл  мысал  жобалау  технологиясының  нағыз  типтік  үлгісі»- деген  екен  Хилпатрик.

ХХ ғасырдың  басында  жобалау  технологиясы  Ресей  педагогтардың  назарын  өзіне  аудара  бастайды.Дегенмен, бірқатар  себептерге  байланысты, бұл әдістеме  кеңінен  таралмай, тоқтап  қалды.

-Жоба  жұмысымен  жұмысты  ұйымдастыра  білетін  мұғалімдердің  болмауы.

- Жоба  жұмысының әдістемесінің  жасалмауы.

Жеке  баға  мен  сыныақты  ұжымдық  сынаққа  көшіру  салдарынан  жеке  оқушы  білімінің  төмендеуі  т. б.  себептер.

Кеңес  үкіметі  кезеңіндегі  мектептерде  жобалау  технологиясын  енгізуге  асықпай  жүргенде, ағылшын  тілінде  сөйлейтін  мемлекеттерде:АҚШ-та,Англияда, Австралия  және  Жаңа  Зеландияда  ол  кеңінен  таралып  жатты.Еуропаның  да  бірқатар  мемлекеттерінде  ол  кең  тамырын  терең  жая  бастады.


Бұл  технологиялық  оқудағы  мұғалім  мен  оқушының  іс-әрекеттері  түбегейлі  өзгереді. Салыстырып  көрейік:

Оқушының  іс-әрекеті.

Мұғалімнің  іс-әрекеті.

-Оқушы- оқыту  субъектісі.

-Жеке  тұлғаға  қарай  бағыттылғын  ұсынушы, нақты  мақсат  қоюшы.

-Мақсатқа  дербес өз  іс-әрекетімен  жетуші  белсенді  субъект.

-Бағыт- бағдар  беруші, кеңесші.

-Өзін-өзі  және  бір-бірін оқытушы.

-Оқушының  жетістігін  құптаушы.

-Өнерпаз, жасампаз  еңбектің  иесі.

- Ынталандырушы, мақсат  қоюшы.

-Өз  ізденісімен  табысқа  жетуші  шығармашылық  тұлға.

-Мақсаттарға  жетелеуші.

2. Жобалау  технологиясының  негізгі  мақсаты, түрлері.

Жобалау  технологиясын  қолданудағы  негізгі  мақсат-  оқушылардың  қызығушылық  ынтасын  дамыту, өз  бетімен  жұмыстарын  жүргізу  арқылы  білімдерін  жетілдіру, ақпараттық  бағдарлау  біліктілігін  қалыптастыру  және  сыни   тұрғыдан  ойлау  қабілетін  арттыру  арқылы  оқушыны  болашақта  әр  түрлі  жағдаяттарда, әр түрлі  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  көрсете  білуге  бейімдеу.

Бұл  технологиядағы  жобаның  түрлері:

1.    Ғылыми  жоба.

2.    Шығармашылық  жоба.

3.     Ойын  түріндегі  жоба.

4.     Ақпараттық  жоба.

 

Оқушылардың  жоба  жұмыстарын  ұйымдастыру  үшін  жоғарыда  айтылғандай, оны  жоспарлай  білу  қажет.

Жоба  жұмысы  кезеңдері

Жұмыс

тың мазмұны.

Мұғалімнің  тәрбиелік  мақсатты  шешудегі  негізі  іс-әрекеттері.

  Оқушылардың  іс-әрекеті.

1.    Дайындық  кезеңі

Жоба  тақырыбын  анықтау.

Бір  бағыт  төңірегінде  оқушаларды  тақырып  таңдауға  ынталандырады.Топ

тағы әрбір  оқушының пікірін  ескере  отырып  жұмысты  жоспарлауға  үйретеді.

Әр  оқушы  өмірлік  өз  тәжірибесіне

(егер  ол  болса), сүйене  отырып, өз  ойын  ортаға  салады, бірігіп  жобаның  түпкі  мақсатын  анықтайды.

2.Жоспарлау.

Топқа  бөлу.Ақпарат  жинау  және  талдаудың  жолдарын  көрсету. Әрбір  топ  мүшесі алдындағы  жұмысын  анықтау.

Оқушыларды  өз  бетімен  ақпарат  жинауға  бағыттайды. Әрбір  топ  мүшесінің  пікірін  ескере  отырып, ұжымдық  талқылыау  шешімін  тыңдайды, қажет  болса өз  ойымен бөліседі.Оқушылардың жоба  бойынша  күнделігін  көрсетеді.

Топ  арасында әркімнің атқаратын  қызметін анықтай

ды,өз тақырыптарын  анықтау  жұмыс  істеу  кезеңдерін  жоспарлап  бірінші  нәтижеге  жету  уақытын белгілейді. «Қоғамдық» тапсыр

маны  орындауға  дайындығын  көрсетеді.

3.Зерттеу  жұмысы.

Ақпарат  жинау,аралық  нәтижені  талдау,  зерттеудің  негізгі  құралдары: сұхбат, анкета  бақылау, алынған  түрлі  ақпаратты  талдау.

Оқушы  күнделігін  бақылап, әрбір  жетекшісімен  және топ  мүшелерімен жеке-жеке  сөйлесу, талдау, нәтижені  салыстыру  арқылы  алдағы  жұмысқа  бағыт  беру.

Жеке  және  жұптық  жұмыс, анкета  сұрақтарын  құрастыру.Қажет  болса  сценарий  жазу, қоғамдық  ұйымдармен  қарым-қатынас  қалыптастыру.Білімін әр  пәндік  салада  кеңейтеді, түрлі  қоғамдық  жұмыстармен  танысады,  шығармашылық, белсенділік,  талаптылық  қасиеттерін  бойында  қалыптастырады.

4.    Нәтижені  талқылау.

Ақпаратты  талдау,  шешім  шығару, тұсау  кесердің  қандай  түрде өтетінін  жоспарлау.

Бақылайды, кеңес  береді. Топ  ішіндегі  жеке  оқушылардың  еңбегін  бағалай  отырып, бірігіп  қорғау  үшін ынтымаққа бір-біріне  деген  сыйластыққа  шақырады.Тұсау  кесерге  келетін  қонақтар  тізімін  жазады, қажетті  аудио-видиотехниканы  жабдықтайды.

Топ  арасындағы  әркімнің  ролін  анықтап, алынған  ақпараттың  арасынан ең  негізгіні  белгілеп жазады. Проблемалық  сұрақтарды  анықтап, оны  бірге  шешуге  дайындалады.

5.Жұмыстардың  тұсау  кесері.

 

Тыңдайды, проблемалық  сұрақтарды  қоя  отырып, оқушыны  сөйлетуге  мүмкіндік  жасайды.

Алынған  нәтиже  туралы  есеп  береді. Бір-бірін  мұқият  тыңдайды, сөйлеу мәдениетін  ескере  отырып  бір-бірінің  ойларын  жалғастырып  отырады.

6.Бағалау  және  жоспарлау.

 

Шығармашылық  жұмысты  бағалайды, еңбек  иелерін  алдағы  үлкен  мақсаттарға  жетелейді.

Ұжымды  талқылай  отырып  бір-біріне, өздеріне  баға  береді, алдағы  жұмыс  құрайды.


Жоба  жұмысының  қорытындысы- жазбаша  немесе  ауызша  есеп.Мультимедиялық  презентация, фильм, қойылым. Интернет  жүйесіндегі  бет, дайындалған  макет, модель  ретінде  көрсетіледі.

Егер оқушы жобасы тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса, ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады. Әр түрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әр түрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт – бағдар бере алады.

Сонымен, жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып, оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдыққа, ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелейді.  Жобалау технологиясының негізінде оқушының жұппен, топпен бірігіп шығармашылық жұмыстарды орындауы жатыр, ал бұл ерекшелік оқушының қоғаммен жұмыс істеуіне септігін тигізеді.  

Жоғарыда қарастырылып отырған оқыту технологиялары бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енгізудің негізі болып саналады. Мұғалімдер мен оқушылардың жан – жақтылығын дамытуға, оқу сапасын арттыруға, есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивтік құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларын қолдануға әсерін тигізеді. Үнемі ізденіс үстінде жұміс істейтін оқушының білім деңгейінің жоғарылауына, оқуға деген қызығушылығының артуына, шығармашылық қабілетінің дамуына, ғылым мен білімді толық дәрежеде меңгеруіне септігін тигізеді.    

Қорыта айтқанда, жаңа оқыту технологиялардың көмегімен оқушылардың білімін жетілдіру мен оқу сапасын арттыруға, оқушылардың дайын өнімді қабылдайтыны ғана емес, өз бетімен ізденіп, дербес іс-әрекет жасай алатын тұлға ретінде қарау – жоғарыда аталған технологиялардың негізі болып табылады. Нақты тақырып төңірегінде оқушының алдына әр кезеңде мақсат қоя біліп, сол мақсатқа қол жеткізудегі іс-әрекеті алдын-ала нақтылы жоспарлануы керек.
Жобалай оқыту технологиясының өзектілігін мынадай факторлар анықтайды:

  • Біріншіден, оқушылардың қазақша мәтінді өз бетімен оқып, оның негізінде қатысымға түсетіндей қабілетке ие болу, өз ойын тыңдаушысына түсінікті етіп жеткізе білу әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік жасайтындығымен;

  • Екіншіден, берілген тапсырмаларды орындау мақсатында шығармашылық белсенділік танытуына, өздігінен ізденуіне, соның негізінде сөздік қорын дамытуға, молайтуға мүмкіндік жасайтындығымен;

  • Үшіншіден, жобалай оқыту әдісін технологиялық жүйе ретінде кең тұрғыда қолдану мәселесін ғылыми және практикалық тұрғыдан зерттеу жалпы қазақ тілін жекелеген әдістердің жиынтығы түрінде емес, белгілі бір тұтас жүйе түрінде оқыту арқылы сапалы білім беру мүмкіншілігінің молдығымен ерекшеленеді.


Жобалау технологиясы – өнімді оқыту идеясын практикалық тұрғыдан жүзеге асыратын оқытудың бір бағыты, нұсқасы, әдісі, тәсілі. Оның басты ерекшелігі маманның біліктілік құзыреттілігі өзінің өнімді әрекетінің, тәжірибесінің ізденуінің негізінде қалыптасуы.
Қолданбалы-практикалық жобалар – оған қатысушы оқушылардың белсенділігін дамытуға арналған және атқаратын рөлдерін алдын ала әбден талқылап алатын жоба түрі болып есептеледі. Мұнда оқушылардың әлеуметтік өмірлерінің көріністерінен элементтер болуы міндетті болып саналады. Ақпараттық жобалар. Жобаның бұл типі бір нәрсе, бір құбылыс туралы ақпарат, мәлімет жинауға арналған. Жобаға қатысатын оқушыларға сол танылуы тиіс нәрсе немесе құбылыс туралы алдын ала белгілі бір дәрежеде мағлұмат беріледі. Сол себепті ақпараттық жобаның құрылымы төмендегідей:

• ақпараттық жобаның мақсатын белгілеу;

• ақпараттық жобаның өзектілігін айқындау;

• ақпарат көздерін анықтау;

• «ойға шабуыл» тренингін өткізу;

• алынған ақпараттарды өңдеу: талдау, топтастыру, белгілі фактілермен салыстыру, дәлелденген қорытындылар жасау;

• нәтижені рәсімдеу: реферат жазу, мақала жазу, баяндама жасау, видеофильм түсіру, фото-альбом жасау, т.б.

• жобаның тұсаукесері (презентациясы).



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Өстеміров К.Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары. Алматы, 2007

2. Бұзаубақова Қ.Ж. Жаңа педагогикалық технология. –Алматы, 2004

3. Педагогика. Дәріс курсы. - Алматы «Нұрлы әлем”, 2003

4 .Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика –Алматы: Дарын, 2000

5.   Буга П.И., Карпов А.В. Технология обучения в высшей школе // Альма-матер. 1991. - №3. - С. 34-17.