Файл: Ббжм ткізуге мектептегі жауаптыа арналан НСаулы (ББ йлестірушісі) мазмНЫ.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 78
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ББЖМ өткізудің қосымша сұрақтарын талқылау: кабинеттер саны, компьютерлердің техникалық жағдайы, тестілеуді өткізу тәртібі және тестілеу өткізілетін күні қосымша қызметкерлерді тарту туралы.
Талқылаудан кейін сіз білім беру ұйымының қызметкерлерін, білім алушыларды және қосымша қызметкерлерді тестілеу туралы хабардар етуіңіз керек және тестілеуді өткізу үшін орын дайындалғанына көз жеткізуіңіз керек.
Тестілеудің басында компьютерлердің жүйесіне кіруге көмек көрсететін білім беру ұйымындағы компьютерлік ресурстардың техникалық қырларымен және оның саясатымен таныс қосымша мамандардың жұмысын ұйымдастыруыңыз қажет.
Білім беру ұйымының қызметкерлері тестілеуді өткізе алмайды және тестілеу немесе сауалнама тапсырмаларына қатысты білім алушылардың сұрақтарына да жауап бере алмайды. Бұндай сұрақтарға тек Тест өткізуші ғана жауап бере алады.
Мониторинг материалдарының құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тестілеудің материалдары келешекте қолданылуы мүмкін болғандықтан, олардың құпиялылығы өте маңызды және ол әрқашан сақталуы тиіс.
Тестілеуден бір күн бұрын сауалнамадан өтуге сілтеме жіберіледі (Google браузерінде https://modotest.testcenter.kz). Басшы мен педагогтерге арналған сауалнама онлайн форматта толтырылады. Әрбір білім беру ұйымы сауалнаманы толтыруы қажет. Осы сауалнаманың толтырылғанын растап хабарлаңыз, ал егер сауалнама толтырылымаған болса, толтыруы тиісті адамның есіне салыңыз.
Тест өткізуші(лар) мониторинг басталғанға дейін 1 сағат бұрын келуі керек және дереу түрде Сізбен кездесіп, тестілеу өтетін күннің ұйымдастырушылық сұрақтарын талқылау қажет. Тест өткізушіге тестілеу үшін іріктелген білім алушылар тізімінің түзетілген нұсқасын беріңіз және тізімге енгізілген кез келген өзгерістерді талқылаңыз. Тест өткізуші тестілеу барысында білім алушылардың қатысуы туралы мәліметті өзі толтырады.
Тестілеу аяқталғаннан кейін тест өткізуші Сізбен өткізілген тестілеуді талқылау үшін кездесуі қажет. Келешекте зерттеу туралы қандай да бір сұрақтар туындап, формалардың түпнұсқаларының жоғалуы не бүлінуі сияқты жағдайларлардан сақтану үшін ол Білім алушылардың тізімін және тест өткізу Хаттамасының(ларының) көшірмесін жасап, Сізге сақтауға беруі керек. Қажет еткен жағдайда Сіз Тест-өткізушіге білім алушылардың тестке қатыспаған себебін растайтын құжаттарды тапсыруыңыз керек.
ББЖМ жоғары деңгейде өту үшін Сіздің көмегіңіз аса маңызды.
Ұлттық үйлестіруші Сіздің жұмсаған уақытыңыз бен күш-жігеріңізді жоғары бағалайды.
Сізге алғысымыз шексіз!

3.5. Тестілеу кезінде көмек көрсететін қосымша қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру (мүмкіндігінше)
Тестілеудің басында компьютерлердің жүйесіне кіруге көмек көрсететін білім беру ұйымындағы компьютерлік ресурстардың техникалық қырларымен және оның саясатымен таныс қосымша мамандардың жұмысын ұйымдастыруыңыз қажет.
Білім беру ұйымының қызметкерлері тестілеуді өткізе алмайды және тестілеу немесе сауалнама тапсырмаларына қатысты білім алушылардың сұрақтарына да жауап бере алмайды. Бұндай сұрақтарға тек Тест өткізуші ғана жауап бере алады.
Мониторинг материалдарының құпиялылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Тестілеудің материалдары келешекте қолданылуы мүмкін болғандықтан, олардың құпиялылығы өте маңызды және ол әрқашан сақталуы тиіс.
-
Сізге және білім беру ұйымының басқа қызметкерлеріне тестілеу кезінде және аяқталғаннан кейін білім алушылардың компьютерлеріне (тестілеу және сауалнама барысында) қарауға болмайды. -
Ешбір жағдайда тестілеу материалдарының көшірмесін жасауға БОЛМАЙДЫ. Көшірмені басқаларға да жасауға рұқсат бермеңіз.
-
Сіз, білім алушыларды тест тапсырмаларын ұялы телефонның немесе басқада электронды құрылғылардың көмегімен суретке түсіруінен сақтауыңыз өте маңызды.
3.6. Білім беру ұйымының басшысы мен педагогтеріне сауалнама жүйесіне кіру үшін сілтеме жіберу және сауалнаманың аяқталғанын растау
Тестілеуден бір күн бұрын сауалнамадан өтуге сілтеме жіберіледі (Google браузерінде https://modotest.testcenter.kz). Басшы мен педагогтерге арналған сауалнама онлайн форматта толтырылады. Әрбір білім беру ұйымы сауалнаманы толтыруы қажет. Осы сауалнаманың толтырылғанын растап хабарлаңыз, ал егер сауалнама толтырылымаған болса, толтыруы тиісті адамның есіне салыңыз.
4-ТАРАУ: МОНИТОРИНГ ӨТКІЗІЛІЕТІН КҮНІ
-
Тестілеу басталғанға дейін Тест өткізушімен(лермен) кездесу
Тест өткізуші(лар) мониторинг басталғанға дейін 1 сағат бұрын келуі керек және дереу түрде Сізбен кездесіп, тестілеу өтетін күннің ұйымдастырушылық сұрақтарын талқылау қажет. Тест өткізушіге тестілеу үшін іріктелген білім алушылар тізімінің түзетілген нұсқасын беріңіз және тізімге енгізілген кез келген өзгерістерді талқылаңыз. Тест өткізуші тестілеу барысында білім алушылардың қатысуы туралы мәліметті өзі толтырады.
-
Тест өткізушіге(лер)ге материалдарды беру
-
артық қалам және қарындаштар; -
таза парақтар;
-
Тестілеу аяқталғаннан кейін тест өткізуші(лер)мен кездесу