Файл: Апаратты шифрлау Бгінгі йренетініміз апаратты шифрлау.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 57
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Ақпаратты шифрлау
Бүгінгі үйренетініміз: ақпаратты шифрлау.
Шифрлау-Шифрование-Encryption
- Ақпаратты құпиялау,рұқсат етілген тұлғаларға қолжетімді және рұқсат етілмеген адамдардан құпия сақталатын ақпаратты түрлендірудің қайтымды түрі
Шифрлау
- Шифрланған ақпаратты бастапқы қалпына келтіру, яғни бастапқы мәтінді алу процесі
Шифрдан шығару (дешифрлау)
Криптология «криптография» (шифрлау) және «криптоталдау» деген екі бөлімге жіктеледі.
Криптографиямен айналысатын адамды криптограф деп атайды. Криптограф хабардың құпиялылығын және нақтылығын қамтамасыз етеді.
Криптология ғылымының мақсаты – ашық мәтінді бөгде адам оқи алмайтындай етіп өзгертетін математикалық әдістерді іздеу.
Ақпаратты кодтау дегеніміз не?
Ақпаратты белгілі бір алфавит арқылы ұсынуды кодтау деп атайды. Декодтау-кодталған ақпарат мазмұнын қалпына келтіру. Бір белгі тобынан екінші белгі тобына көшіру ережесін код деп атайды. Ақпаратты кодтау түрлерінің бірі-Морзе алфавиті.
Морзе алфавиті-шифр емес, код. Алфавиттің әрбір әрпі, 0-ден 9-ға дейінгі сандар, сонымен қатар тыныс белгілері, қысқа және ұзақ дыбыстық сигналдармен алмастырылады. Бұл сигналдарды, әдетте “нүкте және сызықша” деп атайды.
Ақпаратты шифрлау дегеніміз не?
Кейбір ақпараттарды арнайы құпия түрде ұсыну қажеттілігі туындайтын жағдайлар да болады. Мұндай кезде ақпараттарды шифрлау әдісін ұсынамыз. Ақпаратты шифрлау дегеніміз -құпия ақпараттарды бөгде адамдардың оқуына мүмкіндік бермеу. Әр адамның ақпараттарды өз қалауымен шифрлап жеткізуіне болады. Шифрлаудың түрлері де көп. Мысалы: таңбалар, суреттер т.с.с ақпараттарды пароль ретінде жасырып шифрлауға болады.АЛМАСТЫРУ
- Шифрда алдын ала белгілі ережелер мен кілттерді пайдалана отырып, әріптер бір-бірімен алмастырылады.Мысалы: “информатика” сөзі “форматикаин” түрінде беріледі.
ЦЕЗАРЬ ШИФРЫ
- Цезарь шифрын ең алғаш Юлий Цезарь қолданған, сондықтан бұл шифр оның атымен аталады. Цезарь шифры-мәтіндегі әр таңба одан алфавитте белгілі бір позицияда орналасқан басқа әріппен алмастырылатын шифр.
Мәтіндік ақпараттарды шифрлаудың қандай түрлері бар?
Мәтіндерді шифрлаудың бірнеше түрі бар, мысалы, алмастыру, Цезарь шифры, т.б.
Қазіргі уақытта белгілі бір мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етудің көптеген тәсілдері бар.Осы тәсілдерді зерттейтін ғылым криптография деп аталады.Бұл арнайы кілттердің көмегімен шифрланған деректер мен хабарламаларды жеткізу және қабылдау әдістері.
Кілт-хабарламаларды шифрлау, шифрдан шығару кезінде криптографиялық алгоритмде қолданылатын құпия ақпарат.
Электронды қолтаңба- электронды цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электронды құжаттың дұрыстығын әрі мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электронды символдар жиынтығы.
Құжатты шифрлау –шифрлаудың арнайы кілттері арқылы құжат мәтінін өзгерту.
Төмендегі кестені пайдаланып, өзің оқитын пәндердің атауларын шифрла.
№ | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1 | А | Ә | Б | В | Г | Ғ | Д |
2 | Е | Ё | Ж | З | И | Й | К |
3 | Қ | Л | М | Н | Ң | О | Ө |
4 | П | Р | С | Т | У | Ұ | Ү |
5 | Ф | Х | h | Ц | Ч | Ш | Щ |
6 | Ъ | Ы | І | Ь | Э | Ю | Я |
Мысалы: тарих сөзін шифрла -
Жауабы: 44 11 42 25 52
Сол сияқты басқада пәндерді өзің жасап көр.
1-Тапсырма
2-Тапсырма
“Білім-болашақ бастауы” деген сөйлемді шифрла.
3-Тапсырма
- 3-Тапсырма
- 23 11 43 44 11 42 сандарымен жазылған сөзді шифрдан шығар.Қандай сөз шықты?Сол сөзді қатыстырып, екі-үш сөйлем жаз.