Файл: Білім алушыны оутанысу практика мерзімінде орындаан сабаа психологиялы талдауы Инфб13 тобыны студенті Рахымова Боссан.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 38

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Білім алушының оқу-танысу практика мерзімінде орындаған сабаққа психологиялық талдауы

Инфб-13 тобының студенті

Рахымова Боссан

Нұр-Сұлтан 2023жыл


Сабақ тақырыбы: Роботқа арналған программаны іске қосу(2-сынып)

Мақсаты:

  • Робот не екенін түсіндіру.

  • Робот туралы түсіндіру.

  • Роботты құруды үйрету.


Сабақ мазмұны: Оқушылар сабаққа кіргеннен кейін сергіту сәті өткізіліп, сабақ тақырыбы анықталды. Балалардың өткен сабақтың үй жұмысы тексерілді, содан кейін жаңа тақырып түсіндірілді. Сабақ ортасында балалар практикалық жұмыс орындады. Сабақ аяғына келген кезде, балаларға үй тапсырмасы берілді.

Сабақты өткізу әдістемесі: Жаңа тақырыпты өту барысында электронды тақта қолданылды. Презентация тақтадан көрсетілді.Тапсырманы орындаған оқушылар 10 балдық шкалаламен бағаланды.

Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: Сабақ барысында балаларға жаңа материалды қамти алағандығы жайлы сұрақтар қойылды, оқушылардың белсенділігі мен дербестігін бағаланды.


Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы: Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып отырды. Сынып оқушыларының мінез-құлқының қарапайымдылығы байқалды. Сұрақтарға жауап беріп, тапсырмаларды орындады. Түсінбеген жерлері болса, ашық түрде сұрақтар қойып отырды.
Сабақ бойынша жалпы қорытынды: Жаңа тақырып өту барысында алға қойылған мақсат пен міндеттер толық орындалды. Оқушылар теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалар қарастырды. Балалардан келетін әртүрлі тосын сұрақтарға жауап беруді үйрендім.











Сабақ тақырыбы: Word мәтіндік редакторы(3-сынып)
Мақсаты:
  • Word дегеніміз не, word тілінің негізгі терминдерін;

  • Word дегеніміз не;

  • Word тілінің сипаттары мен мәндері мен түрлерін білесіз.



Сабақ мазмұны: Ұйымдастыру кезеңін бастап, оқушыларды түгелдеу. Балалардың өткен сабақтың үй жұмысы тексерілді, содан кейін жаңа тақырып түсіндірілді. Жаңа сабақты презентация арқылы өтілді.Сабақ барысында балалар практикалық жұмысқа көшіп, блокноттта тапсырманы орындады. Мұғалім түсінбеген оқушыларға көмектесті.Сабақты қорытындылау үшін тест алынды, оқушылар белсенділігіне байланысты бағаланды.Үй тапсырмасы берілді.
Сабақты өткізу әдістемесі: Жаңа тақырыпты өту барысында электронды тақта қолданылды. Тақтада Word бағдарламасындағы жұмыс трансляцияланды. Жеке жұмыс жүргізілді. Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: Сабақ барысында балаларға жаңа материалды қамти алағандығы жайлы сұрақтар қойылды, оқушылардың белсенділігі бағаланды. Балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салынып, тату болуға бағыттай білетіндігі байқалды. Оқушылардың өзара достық қатынастарын дұрыс қалыптасқаны айқын көрінді.
Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы: Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып отырды. Түсінбеген жерлері болса, ашық түрде сұрақтар қойып отырды.
Сабақ бойынша жалпы қорытынды: Жаңа тақырып өту барысында алға қойылған мақсат пен міндеттер толық орындалды. Оқушылар практикалық бөлімде шулы талқылауға көшіп, тапсырмаларды қарастырды. Балаларға сабақ форматы өте ұнады.






Сабақ тақырыбы: Кітап-алтын қазына (сынып сағаты)

Мақсаты:

  • Оқушыларды кітапты сүюге, оны күтіп, таза ұстауға тәрбиелеу,

  • Кітаптың адам өміріндегі аса маңызы, ғылым мен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру,

  • Оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.



Сабақ мазмұны: Ұйымдастыру кезеңін бастап, оқушыларды түгелдеу. Оқушылардың көңіл күйін көтеру үшін «Шаттық шеңбері» құрылды, оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тіледі. Жаңа сабақты «Жылы және суық» әдісімен бастап, топқа бөліндік.Сабақ барысында топпен сайысқа түсті, түрлі бөлімдер бойынша сайысты. Сабақ соңында «Ойлан-Жұптас-Бөліс» техникасы арқылы балалардың ойларын тыңдап, оларға кеңестер берілді.
Сабақты өткізу әдістемесі: Сынып сағатын өту барысында электронды тақта қолданылды. Сұрақ-жауап, көрнекілік, талдау-жинақтау, топтық жұмыс жүргізілді.



Мұғалімнің сабақтағы қарым-қатынасы: Сабақ барысында балаларға тақырып жайлы сұрақтар қойылды, оқушылардың белсенділігі бағаланды. Балалардың өзара қарым-қатынасына мән бере зер салынып, тату болуға бағыттай білетіндігі байқалды. Оқушылардың өзара достық қатынастарын дұрыс қалыптасқаны айқын көрінді.
Сабақтағы оқушылардің жұмысы және мінез құлқы: Сабақ барысында оқушылар белсенді қатысып отырды. Жұмыс барысында сыныпта бірлік қалыптасқаны байқалды. Оқушылар өздерінің зейінділігін көрсете білді.


Сабақ бойынша жалпы қорытынды:Сынып сағатын өту барысында алға қойылған мақсат пен міндеттер толық орындалды. Кітап жайлы көптеген мағлұматтар берілді, түрлі ойындар арқылы оқушының зейінділігін анықтадық.Оқушылар сынып сағаты ұнады.