Файл: Кеуде торына суы ою кеуде торына ысып тратын таыш тау дрілік шптермен ингаляция жасау.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 49
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Өкпеден қан кеткенде мейірбике бикелік араласу жоспарына енгізу керек:
кеуде торына жылы қою;
кеуде торына суық қою;
кеуде торына қысып тұратын таңғыш таңу;
дәрілік шөптермен ингаляция жасау;
содамен ыстық сүт беру.
2. Тыныс алу жүйесінің аурулары бар науқастардың басымдық проблемасы:
жөтел;
дисфагия;
ауызда ащы дәм болуы;
іштің кебуі;
қыжылдау.
3. Өкпе туберкулезі кезіңде науқасты мазалайды:
экспирациялық ентігу;
екі аптадан артық жөтелу;
«аузын толтырып» қақырық бөлу;
төс сүйегінің артындағы ауру;
естен тану жағдайлары.
4. Қалыпты жағдайда бір минут ішінде тыныс алу жиілігі:
6-10 тең;
16-20 тең;
20-40 тең;
60-80 тең;
12-14 тең.
5. Пациентті дренажды қалыпқа келтіру мақсаты:
қызбану төмендету;
ентігуді азайту;
бронхтарды кеңейту;
қақырықтың бөлінуін жеңілдету;
өкпеден қан кетуді тоқтату.
6. Бронхты демікпемен ауыратын пациенттің тұншығу ұстамасының эквиваленті:
іріңді қақырық бөлетін жөтел;
инспираторлық ентігу;
кеуде торындағы ауырсыну;
тұншығу және экспираторлық ентігу ұстамасы;
диффузды цианоз.
7. Безгектің бірінші кезеңінде сіз науқасқа көмектесесіз, егер:
көп сұйықтық ішкізсеңіз, дымқыл орау жүргізсеңіз;
жылы орап, аяғына жылытқыш қойсаңыз;
киім мен төсек-орынды ауыстырсаңыз;
жартылай отырғызсаңыз;
аяқ жағын көтеріп көлденең қалыпқа келтірсеңіз.
8. Жүрек жетіспеушілігі бар науқастардың емдәмі мынаған сәйкес болуы қажет:
№ 1 үстел;
№ 2 үстел;
№ 10 үстел;
№ 5 үстел;
№ 4 үстел.
9. Ревматизм кезінде жүректің зақымдалуы әкеледі :
миокард инфарктісіне;
стенокардияға;
гипертонияға;
жүрек ақауына;
кардионеврозға.
10. Гипертониялық криз кезіндегі мейірбикелік көмекке жатады:
балтыр бұлшық еттеріне қыша қағазын, басқа суық қою;
кеуде торына суық қою;
ыстық аяқ ванналарын жасау;
кеуде торына үгу жасау;
ылғалданған оттегі беру.
11. Стенокардия ұстамасын басу үшін таңдалатын препарат:
анальгин;
валокордин;
нитроглицерин;
корвалол;
анаприлин.
12. Қан қысымының кенет көтерілуі кезінде мейірбике істеуі қажет:
науқасты жастықсыз жатқызу;
оны көңілін музыкамен аудару
;
психикалық және физикалық тыныштығын қамтамасыз ету;
төсектің аяқ жағын көтеру;
аяғына тамырлық бұрау салу.
13. Жіті миокард инфарктісімен сырқат науқасқа бірінші сағаттарда күтім көрсете отырып, сіз:
төсекте тамақтандырасыз;
салмағын үнемі өлшеп отырасыз;
төсекке отыруына көмектесесіз;
жуу клизмасын жасайсыз;
дымқыл орату жасайсыз.
14. Жіті сол жақ қарыншаның жетіспеушілігі бар науқаста байқалады:
инспираторлық ентігу, бұрқылды дем;
дистанциялық, құрғақ сырылдар;
Куссмауль шулы демі;
крепитация;
экспираторлық ентігу.
15. Есінен тану кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек:
мүсәтір спиртіне малынған мақта шаригін иіскету;
бас жағын биіктетіп жатқызу;
спиртпен дымқылданған оттегіні беру;
жүрек тұсына қыша қағазын қою;
ортопноэ жағдайында отырғызу.
16. Асқазаннан қан кеткенде мейірбике істеуі керек:
А. асқазанды жууы;
В. тазартатын клизманы істеуі;
С. ішке жылытқыш қоюы;
D. науқастың аяқ жағын көтеріп жатқызуы;
Е. ішке мұзды мұйық қоюы.
17. Гипоацидті гастритте келесі емдәм тағайындайды:
№ 11 үстел;
№ 2 үстел;
№ 1 үстел;
№ 8 үстел;
№ 9 үстел.
18.Метеоризм кезінде қажет:
ақуызға бай тағамдарды шектеу;
желшығаратын /газоотводная/ түтікшені енгізу;
асқазанды жуу;
ферментті препараттарды қолдану;
ішке мұзды мұйық қою.
19. Шіру диспепсиясы бар науқасқа келесіге бай емдәм ұсынылады:
ақуызға;
қышқыл сүтті тағамдарға;
өсімдік клетчаткаға;
көмірсуларға;
майларға.
20. Ойық жара ауруымен ауыратын науқастың басымдық проблемасы:
эпигастрий тұсындағы ауырсыну сезімі;
тамақ қабылдауға байланысты эпигастрий тұсындағы ауырсыну;
тәбетінің болмауы;
іш өту;
күні бұрын ішілген аспен құсу.
21. Асқазанның жарасы бар науқаста сасық кекірік, күні бұрын ішілген аспен құсу, асқазанның толу сезімі бар шағымдары келесі жағдайда байқалады:
асқазан қалтқысының тыртықты тарылуында /стенозирование/;
пенетрацияда;
ойық жара тесілуінде /перфорация/;
малигнизацияда;
жарадан қан кетуде.
22. Тамақтанудағы термиялық жеңілдік қағидасы қарастырады:
көкөністер мен жемістерді шектеу;
майлы тағамдарды шектеу;
ащы дәмқосарларды шектеу;
тағамдардың белгілі температурасын;
тамақты езбе түрінде беру.
23. Асциті бар науқастың күтім элементтеріне жатады:
А. термометрия;
В. жүрек соғуының жиілігін санау;
С. қан қысымын өлшеу;
D. тәулік диурезін өлшеу;
Е. көмірсуларды қолданудан шектеу.
24. Қалыпты жағдайда 1 минут ішінде жүрек соғу жиілігі:
30-40 тең;
40-60 тең;
90-110 тең;
60-80 тең;
100-120 тең.
25. Ревматизмдік артритке мынадан басқа келесі клиникалық көріністер тән:
артық түрде күрделі буындардың зақымдалуы;
буындардағы ауырсынудың «ұшқалақтығы»;
ұсақ буындардың анкилозированиясы;
буындық синдромның тез арада оң динамикасы;
стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қабылданған соң қабыну процесінің жойылуы.
26. Жүрек-тамырлары ауруымен, қатты ентігумен ауыратын науқасты жартылай отырғызады:
кіші қан айналу шеңберінде қанның іркілуін төмендету үшін;
ойылулардың пайда болуын төмендету үшін;
ішкі киім мен төсек-орынды ауыстыру үшін;
көзге тамшы тамызу үшін;
тамақтандыруға ыңғайлы болу үшін.
27. Тамақтың қыжылдауы кезінде тәуелсіз мейірбикенің араласуы:
тазартатын клизма жасау;
тәулігіне 2 литрге дейін сұйықтықпен қамтамасыз ету;
белсенді көмірді беру;
газ өткізетін түтікті қолдану;
1 стақан жылы сүт немесе сілтілі минералды газсыз су немесе 2% сода ерітіндісін беру.
28. Бауыр аурулары кезінде байқалады:
дизурия;
тенезмдер;
cарғаю;
кіндік аймағындағы аурулар;
дисфагия.
29. Құрсақ қуысының мүшелерін ультрадыбыстық зерттеуге дайындау үшін науқасқа бересіз:
белсендірілген көмірді;
пипольфенді;
пентогастринді;
магний сульфатын;
но-шпаны.
30. Жіті гломерулонефрит кезінде несеп:
түссіз болады;
«сыра» түсті болады;
ақшыл-сары болады;
«ет жуындысы» түсті болады;
қанық болады.
31. Тұрақты шөлдеу, ауызының құрғағуы, полиурия келесі аурудың белгісі:
пиелонефриттің;
қантты диабетінің;
гипотиреоздың;
холециститтің;
анемияның.
32. Гипогликемиялық кома кезінде дәрігердін нұсқауымен науқасқа егу керек:
инсулинді;
лазиксті;
глюкозаны;
калий хлоридін;
соданы /натрий бикарбонатын/.
33. Гипогликемиялық жағдайдың негізгі симптомдары:
ашығу сезімі, тершеңдік;
шөлдеу, ауызының құрғауы;
іштің ауруы, ауыздан ацетон иісінің шығуы
;
тәбеттің төмендеуі, терінің кышуы;
жүректің жиі соғуы, қан қысымының жоғарылау.
34. Кетоацидотиялық кома кезінде науқастың тері жамылғысы:
боз;
дымқыл;
құрғақ;
көгерген;
«сүт қосқан кофе» түсті.
35. Бүйрек шаншуына тән белгіні таңдаңыз:
анасарка;
іштің жоғарғы бөлігінің оратып ауруы;
сарғаю;
бел тұсындағы ұстама тәріздес ауырсынулар;
дене қызуы 39С дейін көтерілу.
36. Бүйрек шаншуы кезінде дәрігерге дейінгі көмек:
бел тұсына жылытқыш қою;
бел тұсына мұзды мұйық қою;
қөп сұйықтық беру;
дымқыл орату жасау;
аяқтарға ыстық ванна жасау.
37. Экзофтальм, тахикардия, қолдың дірілдеуі келесі ауруда байқалады:
анемияда;
лейкозда;
гипотиреозда;
тиреотоксикозда;
қантты диабетте.
38. Есекжемнің негізгі белгілері:
үлкен, боз, тығыз инфильтраттар;
бөртпелер, терінің қышуы;
көру, есту қабілетінің төмендеуі;
жүрек айну, құсу;
ісіктер, зәр бөлінуінің бұзылуы.
39. Анафилактикалық естен-танудың негізгі белгілері:
анасарка, зәрдің ет жуындысы түстес болуы ;
ентігу, «тот басқан» қақырық бөлетін жөтел;
қыжылдау, кекіру, іш қату;
кеуде тұсындағы ауырсыну, қан түкіру;
әлсіздік, қан қысымының кенеттен төмендеуі.
40. Теміржетіспеушілік анемияға тән симптомдарды таңдаңыз:
бас ауруы, есте сақтану қабілетінің төмендеуі;
жеңіл жарақаттардағы қан кетулер;
тілдің ашыту сезімі, жүрісінің тұрақсыздығы;
ашушаңдық, ұйқысыздық;
бас айналу, бор жеуге құмарлану.
41. Теміржетіспеушілік анемия кезіндегі тері жамылғысының түсі:
қола түсті;
гиперемияланған;
бозарған;
сарғайған;
көгерген.
42. Әйелде темір жетіспеушілік анемия дамуы мүмкін егер:
ұзаққа созыла көптеп келетін етеккір;
ішек құрттары болса;
сірке қышқылымен уланса;
вирустық инфекциямен ауырса;
улы саңырауқұлақтармен уланғанда.
43. Темір жетіспеушілік анемия кезінде науқасқа мейірбике келесі тағамдарды көп мөлшерде қолдану қажет деп кеңес береді:
ботқаны;
сүтті;
көкөністерді;
етті;
күрішті.
44. Қалыпты жағдайдағы әйелдердегі гемоглобиннің мөлшері (г/л):
60-80;
80-100 ;
120-140 ;
140-170 ;
180-200.
45. Жіті лейкоз кезінде геморрагиялық синдромның белгілерін таңдаңыз:
сүйектегі ауырсынулар
;
қызба;
қабырғаның сол жақ астындағы ауырсыну;
мұрыннан қан кету;
сарғаю.
46. Дене салмағының артық болу себебі:
суыққа шалдығу;
гиподинамия;
вегетарианшылдық;
шылым шегу;
дене шынықтырумен шұғылдану.
47. Жіті гломерулонефритпен ауыратын науқаста мейірбике келесіні табады:
қан қысымының төмендеуін;
қан қысымының жоғарылауын;
сарғыш болуын;
акроцианозды;
диффузды цианозды.
48. Жалпы талдауға зәрді жинау үшін мейірбике науқасты қамтамасыз етуге міндетті:
құрғақ, таза шыны банкімен;
құрғақ, таза пробиркамен;
залалсыз шыны банкімен;
залалсыз пробиркамен;
екі сыйымдылықпен.
49. Зимницкий әдісі бойынша зәрді талдау үшін мейірбике науқасқа дайындайды:
құрғақ, таза шыны банкіні;
залалсыз шыны банкіні;
8 құрғақ, таза шыны банкіні;
3 құрғақ, таза шыны банкіні ;
үш литрлік шыны банкіні.
50. Полиурия - бұл:
зәрдің тәуіліктік мөлшері 500 мл- дан кем болуы;
зәрдің тәуіліктік мөлшері 2000 мл –ден көп болуы;
зәр мөлшерінің қалыпты болуы;
зәрдің болмауы;
зәрдің тоқтамауы.
51. Никтурия -бұл:
зәрдің көп болуы;
зәрдің аз болуы;
зәрдің болмауы;
жиі-жиі ауырсына зәр бөлуі;
түңгі диурездің күндізгі диурезден басым болуы.
52. Денеге біркелкі түрде таралатын ісіктер бұл:
асцит;
анасарка;
гидроторакс;
гидроперикард;
дұрыс жауап жоқ.
53. Пиелонефрит кезінде көбінесе зақымданатын бүйрек бөліктері:
шумақтар;
түтіктер;
жинағыш түтіктер;
тостағаншалар;
несепағарлар.
54. Асқазан мен ұлтабардың жаралы ауруларын тексерудің ең хабарлы әдісі:
ирригоскопия;
УДЗ;
биопсия мен эндоскопиялық тексеру;
асқазанды зондтау;
нәжісті жасырын қанға талдау.
55. Нәжісті жасырын қанға талдауға науқасты дайындаған кезде келесі дәрілерді қолданбау керек:
темір препараттарын;
калий препараттарын;
магний препараттарын;
кальций препараттарын;
йод препараттарын.
56. Асқазан обырының ерте белгілері:
ауызда ащы дәм , метеоризм;
үдей түсетін жүдеу, етке жиіркеніш сезімі;
қыжыл, ащымен кекіру, іш өту;
іш қату, метеоризм;
«кофе тұнбамен» құсу, мелена.