Файл: Google компаниясыны тарихы.pptx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.01.2024

Просмотров: 28

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Америка қоғамдық корпорациясына тиесілі №1 кеңейтілген іздеу жүйесі.

Google Inc. компаниясы

Арманова Гүлназ (ВТиИС-11 ОК)

Google компаниясының тарихы

  • Google Inc. — интернет-іздеу қызметін, есептеу және жарнамалық технологияларды инвестициялап отырған ұлтаралық көпшілік компания. Google интернет-сервистер мен өнімдерді қолдайды және жетілдіреді, сонымен қатар AdWords бағдарламасы арқылы жүргізілетін жарнамадан пайда табады.

Google алғаш рет 1998 жылдың 4 қыркүйегінде жеке компания ретінде.Бұл жобаның авторлары:Стенфорд университетінің студенттері Ларри Пейджа мен Сергей Брин.

Ларри Пейдж

Сергей Брин

Google

  • 1996 жылдың қаңтар айында Калифорниядағы Стенфорд универсистетінде оқитын Ларри Пейдж және Сергей Бринның ғылыми-зерттеу проектісі ретінде ашылған. Сол кездегі іздеуші системалардың іздеуіның нәтижесі, сол беттегі сөздердің қанша қайталануына байланысты болатын, ал Ларри Пейдж және Сергей Брин ерекше нәрсе ойлап тапты. Олар 1996 жылы BackRub іздеу жүйесімен жұмыс істеп, 1998 жылы аталмыш іздеу жүйесінің негізінде Google-дың негізін салады. Пейдж және Брин өздерінің іздеу жүйесін алғаш BackRub деп атады, себебі жүйе сайт маңыздылығы бағасы үшін кері сілтемелерді тексерді.
  • Ең соңында компания атауын Google деп өзгертті— бұл «гугол» (ағылшынша googol) сөзінің қате аудармасы. Атаудың өзгеруі Sun Microsystems негізін салған Энди Бехтольшейммен кездесу кезінде орын алды. Ол кісі компанияға алғаш қаржы салғандардың бірі. Сергей іздеу жүйесінің мүмкіндіктерін түсіндіре бастаған тұста, асығып тұрған Энди 100 мың доллардың чегін «өмірде жоқ» Google Incorporated компаниясының атына жазып жіберген. Қаржыны алу үшін компания атын өзгертуге тура келген. Осылайша, 1998 жылдың 7 қыркүйегінде компания жаңа атпен тіркелді. Жарғылық капитал көлемі 1 млн доллар деп хабарланды.Google сөзі — онның жүз дәрежесі дегенді білдіреді.

Қызметі

  • Викиіздеу Пайдаланушыға іздеу сұранысы бойынша берген нәтижелерді реттеуге мүмкіндік беретін іздеу технологиясы. Пайдаланушы шыққан нәтижелерді тізімнен өшіріп, тізімді жоғары көтере алады. Аталмыш технологияны 2009 жылы Google компаниясы шығарады, технология сол жылдың күзіне дейін қызмет атқарып келеді. 2010 жылы, 4 мамырда іздеу баптауларында «Викиіздеу» қызметін қосумен жұмыс істеуді бастайды.
  • Google Аудармашы - мәтіндерді немесе веб-беттерді аударуға арналған машиналық аудармашы. SYSTRAN технологиясын қолданатын Babel Fish және AOL аударма сервистеріне қарағанда Google де Translate.ru сияқты өзіндік бағдарламалық қамтамасыз етуін қолданады. Компания қызметкерлері веб дизайнерлер үшін сайттың аудармасын бірден басқа тілдерге аударуын қамтамасыз етеітн скрипт ойлап шығарған. Google Аудармашының да басқа автоматты аударма құралдар сияқты өзіндік шектеулері бар. Әрдайым аударманың сапасына қатысты жұмыстар жүргізіп отырады, басқа да тілдерге аудару жұмыстары жасалуда.
  • Дыбыстық іздеу 2010 жылы 22 қыркүйекте компания Ресейде дыбыс іздеуін шығарады. Іздеу үшін телефондағы іздеу түймесін басып, өз сұранысыңызды дыбыстайсыз. Телефон сіздің дыбысыңызды серверге жіберіп, браузер дыбыс бойынша іздеу нәтижелерін тауып береді. Бұл халық үшін өте қолайлы болды.

Google заттары

2001 жылдан бері Гугл көптеген компанияларды, сервистерді сатып алды. Оның ішінде: YouTube, Blogger, Earth Viewer, DoubleClick, GrandCentral, On2 Technologies және т.б. көптеген сервистер және компаниялар.

Google заттары:

1 - Accaunt's - Гугл аккаунттары

2 - Gmail - Гмайл почталық жәшігі

3 - YouTube - Ютубе видеохостингі

4 - Blogger - Блог ашатың Блоггер платформасы

5 - Google Search - Гугл іздеу

6 - AdSense - жарнамалық сервисі

7 - FreedBurner - e-mail таратпа

8 - Translate - онлайн аудармашы

9 - Android - көпшігіңіз білетің мобильді телефондарға арналған Adnroid бағдарламасы осы Google компаниясының заты.

10 - Google Chrome - әлемдегі ең танымал жылдам браузерлердің бірі және т.б. көптеген заттары бар.

Google-дың қазіргі таңдағы көрсеткіштері

Google-дың қазіргі таңдағы көрсеткіштері:

  • 1 күнде 1 000 000 000-тан астам іздеулер.
  • 1 күнде 10 петабайттан (10000000000000000 байт, 10000000000000 кб, 10000000000 мегабайт, 10000000 гегабайт немесе 10000 терабайт) астам файл алмасулар.
  • 1 күнде 10 000 000 $ табыс.