Файл: Пн Мамандыа кіріспе жне зерттеуді негіздері 2 таырып Психологиялы ылымны дамуы. ылыма дейінгі психология.pptx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.01.2024
Просмотров: 33
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тулкина Р.Ж. оқытушы (ассистент)
Пән: Мамандыққа кіріспе және зерттеудің негіздері
2 тақырып: Психологиялық ғылымның дамуы. Ғылымға дейінгі психология
Павлодар,
2021 ж.
Сабақтың жоспары:
- Психологиялық ғылымның дамуы
- Психологияның негізгі бағыттары
Психологиялық ғылымның дамуы
Негізгі бөлім
Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ұзақ және тарихи қысқа болды. Ежелгі Грецияда психикалық құбылыстарды түсіндірмек болған. Онда психика, жанды табиғаттың 1 бөлігі ретінде қарастырған: жануарда-жан бар, ол қозғалыс пен даму көзі. Жан денеден тыс өмір сүреді де адам тағдырына, денсаулығына, сәттілігіне әсер етеді. Психика табиғатын бұлай түсіндіру анимизм деп аталады (латын тілінен anima –жан,дух). Психиканың түсіндірілуі бұдан кейін Демокрит және Плотонмен байланысты. Демокрит – психиканы материалистік тұрғыда түсіндірушілердің бірі. Жан атомдардан тұрады және кездейсоқ құбылыстар болмайды,-деген. Плотон-І идея, ІІ материалды дүние, деген. Плотон- философия идеализімнің басы.
Француз психологтары ХVІІІғ Дидро, Гольбах, Гельвеций, Кондильяк адам психикасының әлеуметтік детерминациясын (шектеу, қорытынды, анықтама) ашты.
ХІХғ басында психиканы түсіндірудің жаңа бағыттары пайда болды, психология ғылым ретінде қалыптаса бастады. Осы кезде анатомия мен жүйке-жүйесінің физиалогиясы дамыды. Чех зеріттеушісі Прохазка, француз зерттеушісі Мажанди және ағылшындық Белла сенсорлы және маторлы жүйке жолдарын ашты және Декарттың рефлекторлы доға (сыртқы және ішкі әсер етуші факторларға организмнің жауап беру реакциясы кезінде пайда болған жүйке толқынының жүретін жолы) идеясы іске асты. Ғылыми психологияның пайда болатына эксперементтік әдістердің енуі әсер етті, бұған дейін тек интроспекциялар (өзін-өзі бақылау) болған. Осы кезде Вебер сыртқы тітіркендіргіш күші мен сезіну көлемінің қатынасын анықтады, Фехнер осы заңдылықты математикалық қорытындылады. Гельмгольцтың, сезім органдарының психофизиялогиясы жұмысы пайда болды.Матералистік психологияны 1863ж Сеченевтің еңбегі дамытты рефлекс-адам психикасының негізгі миханизмі деді. Рефлекторлық доға түсінігін рефлекторлық сақинамен алмастырды.
Ресейдегі І психологиялық лабараторияны В.М.Бехтерев ашты медицинада, жас ерекшелік, әлеуметтік психологияның негізін қалады.
ХІХғ аяғы-ХХғ басында қолданбалы эксперементальды психология дамыды. Эббингауз эксперементте сандық талдау жүргізді де, өзінің психологиялық заңдылығын ашты.
Гальтон индивидуалды ерекшеліктерімен тестті ашты. Алғашқы шетел зеріттеулерге арналған тесттерді Француз психолыгы Бине енгізді.
ХХғ психологияны зерттеу пәні мен әдістері туралы көзқарастар бірікпеді, бірнеше психологиялық мектептер пайда болды.
Гештальт-психология (жалпы психологиялық бағыт, ең алдымен, қабылдауды, ойлауды және жеке тұлғаны түсіндіруге тырысумен байланысты). (неміс Gestalt-бейне, конфигуранция) ХХғ басында Германияда пайда болды. Негізін қалаушы Вертгеймер, Келер, Коффки.Тәртіп – рефлекстер байланысынан кең, тұтас. Мысалы: қабылдауда тұтас бейне пайда болды, бұл- гештальт, ал тез арада есепті шешу- инсайт.
Психоанализ Фрейд: Жеке адам белсенділігі-бейсанада. Психика құрылымы: бейсана - Ид (Оно), сана алды - Эго(Мен), саналы - Супер эго (Жоғарғы Мен). Бейсаналы энергия көзі - сексуалдылық. Ид-организімді соматикалық және психикалық процестер.Өздігінен зерттеліп қарастырылатын тапсырмалар мен сұрақтар:
Бақылау сұрақтары:
1. Психологияның ғылым ретінде қалыптасуы ұзақ және тарихи қысқа болды
2. Эксперементалды психологияның пайда болуы.
3. Бихевиоризм, гештальт-психология, психоанализ
Келесі сабақта қарастырылатын тақырып: