Файл: Р. А.адырлов, Н.. Беристемова.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 18.01.2024

Просмотров: 516

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Р.А.Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова

Цифрлық сауаттылық

Әдістемелік нұсқау




Жалпы білім беретін мектептің

3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрлігі

ұсынған

Алматыкітап баспасы 2021 ж.

Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ.

Цифрлық сауаттылық: Жалпы білім беретін мектептің 3-сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік нұсқау./ Р. А. Қадырқұлов, Н.Қ. Беристемова – Алматы: Алматыкітап баспасы, 2021. – 112 бет.

© Қадырқұлов Р.А., Беристемова Н.Қ., 2021 © «АЛМАТЫКІТАП БАСПАСЫ» ЖШС., 2021 Алғы сөз

Цифрлық технологиялар қоғамды ақпараттандырудың негізгі факторларының біріне айналды. Қоғамның ақпараттануы жаңа есептеу құралдары базасында ақпаратты қабылдау, жинау, өңдеу, сақтау мен тасымалдаудың жаңа әдістерін ендірумен ерекшеленеді. Білім қорын жинақтау мен түрлі міндеттерді шешудің жаңа әдістері адам іс-әрекетінің барлық саласында ойлау әрекетін дамытуға ықпал ететін, есептеу тәсілдерін қажет ететін маңызды үдеріс болып саналады.

Цифрлық технологияны қолдану сандық формада ұсынылған ақпарат түрлерімен жұмыс істеуді жедел әрі жеңіл ететіні белгілі. Сондықтан оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамытуды бастауыш сыныптардан бастап оқыту еліміздің білім беру жүйесіне алғашқы тәжірибе ретінде енгізілді.

Орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде дайындалған 3-сыныптың «Цифрлық сауаттылық» оқулығының әдістемелік нұсқау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты мен оқу бағдарламасы негізінде жасалған. «Цифрлық сауаттылық» курсы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолданудың бастапқы негізін қалайтын пропедевтикалық курс әрі кіріктірілген пән ретінде дайындалды. Әдістемелік құралда пәнді оқытудың мақсаты мен міндеттері, оқушылардан күтілетін нәтиже, пәнді оқытудың әдіс-тәсілдері, критериалды бағалау үдерісі жөнінде түсіндірме беріліп, әрбір сабақтың қысқа мерзімді жоспарының үлгісі ұсынылды.

3- сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқулығының Әдістемелік нұсқаулығында бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көрсетілген кең ауқымды дағдылар: сын тұрғысынан ойлау, проблеманы шешу, өз бетімен білім алу, бірлескен топтық әрекетке түсу секілді ХХІ ғасыр дағдыларын дамыту көзделген.


Әдістемеліктің әрбір тақырыбында оқу мақсаттарының мазмұнын игеруге тиімді болатын ақпараттар мен оқушыларға түсінікті әрі олардың қызығушылығын арттыратын тапсырмалар, сұрақтар берілді.

Тақырып мазмұны мен құрылымы оқушы игеретін жаңа білім мен тәжірибеге бағытталған ой қозғау, қызығушылықты арттыруға арналған проблемалық сұрақтар, өз бетімен, бірлесіп оқуға арналған түрлі тапсырмалар, тәжірибелік дағдыны дамытуға арналған практикалық тапсырмалар, қосымша ақпараттар, жаңа білімді бекіту мен сын тұрғысынан ойлауды дамытуға арналған сұрақтар, зерттеу, жобалау және үй тапсырмалары қарапайымнан күрделі әрекетке бейімделіп беріледі.

Қазіргі оқу-әдістемелік кешеннің заманауи компоненттерінің бірі білім беру үдерісінің барлық қатысушылары: мұғалім, оқушы, ата-аналар қолданатын интернет-ресурстар (bilimland.kz, ustaz.kz, smk.nis.edu.kz, sabak.kz) жүйелі ақпарат, тәжірибе алмасу алаңы болып саналады. Сіздерге ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен авторлардың жинақталған тәжірибесі негізінде жасалды.


Бастауыш сыныпта «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері


  1. Бастауыш орта білім беру деңгейінің 3-сыныбына арналған «Цифрлық сауаттылық» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 6- тармақшасына сәйкес әзірленген.

  2. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудың мақсаты – білім алушылардың оқу мен күнделікті өмірде есептей білу дағдылары, Роботтехника, базалық білім, заманауи ақпараттық технологиялармен жұмыс жасаудағы білік және дағдыларды тиімді қолдануын қамтамасыз ету.

  3. Негізгі міндеттері:

  1. білім алушыларға компьютер туралы, қазіргі заманғы цифрлық құрылғылар және олардың қоғамдағы рөлі туралы бастапқы ақпараттар беру;

  2. ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, білім алушылардың

есептей білу, роботтарды жинау мен программалау, іздеу, жинақтау, өңдеу, ақпараттарды сақтау және тарату дағдыларын қалыптастыру;

  1. білім алушылардың әртүрлі қолданбалы программаларды қолдану арқылы өз идеяларын ұсыну дағдыларын қалыптастыруға ықпал ету;

  2. байланыс, ақпарат алмасу және ынтымақтастық үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануын ынталандыру;

  3. білім алушыларды компьютермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері мен авторлық құқықтарды


құрметтеуді үйрету.

  1. Оқу бағдарламасында үш тілде оқыту ғана емес, сонымен қатар білім алушылардың мектептен тыс сабақтарын үш тілде (қазақ, орыс және шетел тілдерінде) ұйымдастыруды көздейтін үш тілде білім беруді жүзеге асыру қарастырылған.

  2. Оқу бағдарламасының ерекшелігіне оның пән бойынша білім мен білігінің қалыптасуына бағдарлануы ғана емес, сонымен қатар білімді функционалдық және шығармашылық жағынан қолдану, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, әртүрлі коммуникациялық әдістерді пайдалану, топта және жеке жұмыс істей білу, проблемаларды шешу және шешім қабылдау сияқты кең ауқымды дағдылар жатады.

  3. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең спектрлі дағдылардың табиғи үйлесімде дамуы – білім алушылардың бойында: «қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік», «құрмет», «ынтымақтастық», «еңбек және шығармашылық», «ашықтық», «өмір бойы білім алу» сияқты базалық құндылықтарды қалыптастырудың негізі болып табылады. Бұл құндылықтар білім алушылардың мінезқұлқына және күнделікті іс-әрекеттеріне ынталандырушы болуға арналған оның тұрақты тұлғалық бағдары болуы тиіс.

«Цифрлық сауаттылық» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

  1. «Цифрлық сауаттылық»» пәні бойынша білім жүктемесінің көлемі:

3-сыныпта аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағат

  1. «Цифрлық сауаттылық» пәнін оқытудағы негізгі талап – компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. «Цифрлық сауаттылық» пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:

  1. гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);

  2. Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;

  3. перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті

проектор/интерактивті тақта;

  1. Роботтехникаға арналған жиынтықтар.



9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады. Олар:

  1. Компьютер;

  2. Интернет желісінде жұмыс істеу;

  3. Ақпаратты ұсыну және өңдеу;

  4. Есептей білу;

  5. Роботтехника.

10. «Компьютер» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

1) компьютердің құрылғылары; 2) программалық қамтамасыз ету;

3) қауіпсіздік.

11. «Интернет желісінде жұмыс істеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:


  1. ақпаратты іздеу;

  2. ақпаратпен алмасу.

12. «Ақпаратты ұсыну мен өңдеу» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

  1. мәтіндер;

  2. мультимедиа.

13. «Есептей білу» бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:

  1. алгоритмдер;

  2. программалау.

14. «Роботтехника» бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:

    1. жалпы Роботтехника;

    2. роботтың қозғалысы;

    3. датчиктер мен қозғалтқыштар.

  1. 3-сыныпқа арналған «Цифрлық сауаттылық» оқу пәнінің базалық мазмұны:

    1. «Компьютер». Компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған пернелер.

Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «ыстық» пернелерді пайдалану.

Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау;

    1. «Ақпаратты ұсыну мен өңдеу». Мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген әрі нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу;

Таныстырылымдар: презентация конструкторы, программа мәзірі, презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны.

Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);

    1. «Интернет желісіндегі жұмыс». Ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.

Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары, жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.

    1. «Есептей білу».

Алгоритмдер: цикл, циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.

Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.

    1. «Роботтехника»: орташа мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.



Оқу мақсаттарының жүйесі

  1. Оқу мақсаттары программада кодпен берілген. Кодта бірінші нөмір сыныпты, екінші және үшінші сандар - бөлім мен бөлімше, төртінші сан оқу мақсатының нөмірленуін көрсетеді. Мысалы, 3.1.2.1 кодында: «3»- сынып, «1.2- бөлімше, «1»-оқу мақсатының нөмірленуі.

  2. Оқыту мақсатының жүйесі әр сыныпқа бөлім бойынша берілген:





3-сынып

Бөлімше

Компьютер

Компьютердің құрылғылары

3.1.1.1 таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгерту үшін пернелерді пайдалану;

Программалық қамтамасыз ету

3.1.2.1 қолданбалы программаларда «ыстық» пернелерді пайдалану;

Қауіпсіздік

3.1.3.1 Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелерін ескеру;



Ақпаратты ұсыну мен өңдеу

Мәтіндер

3.2.1.1 таңбалы, нөмірленген тізімдер жасау;

3.2.1.2 мәтінді теру ережесін сақтау;

3.2.1.3 мәтінді өңдеу;

3.2.1.4 шрифт пен абзацты пішімдеу;

3.2.1.5 суреттерді мәтінге енгізіп, реттеу;

Графика

3.2.2.1 фотосуреттерді өңдейтін (жарық, контраст, жиектеме) программаларын қолдану;

Мультимедиа

3.2.3.1 мәтін мен бейнені қамтитын қарапайым презентациялар жасау

3.2.3.2 слайдтар арасындағы ауысуды қолдану;

3.2.3.3 презентацияларды безендіру үшін дизайнды қолдану;



Интернет желісінде жұмыс істеу

Ақпараттар іздеу

3.3.1.1 ақпарат іздеуді іске асыру (құжаттағы мәтін үзіндісі);

Ақпарат алмасу

3.3.2.1 жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану;

3.3.2.2 желідегі ақпарат алмасу жолдарын түсіндіру;



Есептей білу

Алгоритмдер

3.4.1.1 қайталауды қолданатын алгоритмдерді құрастыру (цикл);

3.4.1.2 циклдік алгоритмді іске асыру;

Программалау

3.4.2.1 дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру

3.4.2.2 программалау ойын алаңында бірнеше көрініспен жұмыс істеу



3.4.2.3 программалау ойын алаңында бірнеше кейіпкерлермен жұмыс істеу

3.4.2.4 программалау ойын алаңында ойын құру барысында циклдік алгоритмді жүзеге асыру



Роботтехника

Роботтың қозғалысы

3.5.2.1 робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді пайдалану;

Датчиктер мен қозғалтқыштар

3.5.3.1 жылдамдығын реттеу және орташа мотор жылдамдығының мөлшерін орнату;