ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 31.07.2020
Просмотров: 1370
Скачиваний: 9
Қосымша әдебиеттер
1. Қазақша-орысша халықаралық және саяси сөздік-анықтамалық. Құрастырған: Б.Ж.Жамкенов. Астана, 2006. -452 б.
-
Сүлейменова Э., Қадашева Қ., Ақанова Д. Анықтағыш. Қазақ тілі. Алматы: Жібек жолы, 1996.
3. Төлешева Л. Дипломатия негіздері. Астана, 2004.- 121 б.
4. Маржан сөз. Мақал- мәтелдер. Аударған М.Әлімбаев. Алматы: Жазушы,1978. - 444 б.
-
Бектаев Қ. Үлкен қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздік. Алматы: Алтын қазына, 2001.- 704 б.
-
Тоқаев Қ. Беласу. Дипломатиялық очерктер. Алматы: Дәуір,2003.-654 б.
-
Страны. Народы. Цивилизации. Москва: Аванта, 1999,- 700 стр.
-
Асанова Ұ. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін оқыту әдістемесі (өзге тілді дәрісханалардағы студенттерге арналған қосымша оқу құралы).А.,2001ж.
-
Бұлдыбаев А., Екшембеева Л. Сөйлей білсеңіз - ұтасыз. А.,1998ж.
-
Оразбаева Ф. Ускоренный практический курс обучения казахскому языку. А., 1996г.
-
Салиева Ұ. Қазақша сөйлеп үйренейік. А., 1995ж.
-
Сариева К. Қазақ тілі және елтану. А..,1999
ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебі
Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасы
«БЕКІТЕМІН»
ХҚ және ХҚЖМ
проректоры–директоры з.ғ.к., профессор
Ж.ГКалишева ______________
«_____» _____________ 2011 ж
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ
(syllabus)
Пәннің атауы «Қазақ тілі»
Мамандық 5В030100 «Заңтану»_ ______
(шифр, атауы)
Оқыту нысаны ___күндізгі___________________________________________
(күндізгі, сырттай, қысқартылған, қашықтан )
Барлығы 6 кредит
Курс 1,2 Семестр 1,2,3
Практикалық сабақтар 63 сағ
Лабораториялық сабақтар 27 сағат
Аралық бақылау саны 6
СОЖӨЖ 45 сағат
СӨЖ 135 сағат
Емтихан 1,2,3 семестр
Барлығы 270 сағат
А С Т А Н А , 2011
|
Оқу бағдарламасы Бірүлгі бағдарлама негізінде құрастырылған: _5В030100 «Заңтану»_ ________________________________________________________________ Жоғары оқу орындары мамандықтары бойынша _________________________________________________________________ Жұмыс бағдарламасын дайындаған: п.ғ.к., аға оқытушы Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы, (ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы аты-жөні )
Жалпы тіл білімі және аударма ісі кафедрасында талқыланған ( кафедраның атауы)
№ __9____хаттама «__20 мамыр__»2011__ ж.
Кафедра меңгерушісі: филол.ғ.д., проф. Бейсенова Ж.С (қолы)
Халықаралық құқық және халықаралық қатынастар жоғары мектебінің әдістемелік кеңесі мақұлдаған (мектеп атауы)
№ ___хаттама____ «_____»____ 2011ж.
Төраға ________________________________________________
|
Мазмұн
Оқытушы туралы мәлімет
Пререквизиттер
Постреквизиттер
Пәннің сипаттамасы (мақсаты мен міндеттері)
Практикалық сабақтардың тақырыптық жоспары
Лабораториялық практикум
СОЖӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
СӨЖ тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
Әдебиет тізімі
Глоссарий
Білімді бағалау жөніндегі ақпарат
«Қазақ тілі» пәні бойынша студентке арналған оқу бағдарламасы (SYLLABUS)
ЖОО: Қазақ гуманитарлық заң университеті
Кафедра: Жалпы тіл білімі және аударма ісі, № 312 аудитория
Оқытушы туралы мәлімет: Қанафиева Күләнда Қабылсейітқызы – п.ғ.к., аға оқытушы.
Байланыс уақыты: (Office-hour): дүйсенбіден сенбіге дейін бекітілген аудиториялық сабақтардың кестесіне, ОСӨЖ-дің кеңес сабақ кестесіне сәйкес
Байланыс телефондары: 70-30-47 (10 - 40) ішкі коммутатор арқылы - 87015290091(ұялы)
Пән туралы мәлімет: Қазақ тілі.
Кредиттің саны – 6, сабақ 1,2,3 семестрде жүргізіледі.
Пәннің пререквизиттері: “Қазақ тілі” курсын игеру үшін студенттің қазақ тілінің фонетикасы, лексикасы мен грамматикасынан (мектеп бағдарламасы), қазақ әдебиеті, Қазақстан тарихы, мәдениеттану пәндерінен белгілі білім деңгейі болуы қажет.
Пәннің постреквизиттері: “Қазақ тілі” курсынан алған білім «Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу», «Тіл мәдениеті» курстарында жалғасын табады. Осы пәнді оқу нәтижесінде студент
А2 деңгейі бойынша:
- бағдарламада қарастырылған, қарым-қатынастың неғұрлым кең таралған стандартты жағдаяттарындағы нақты коммуникативті міндеттерді шешуге бағытталған тілдік материалды жинақтап, өзгертіп айта алуға қабілетті және дайын болуы;
- өз қалауымен диалогке түсе алуы, топтық талқылауға қатыса алуы, қандай да бір ойды дәлелдеп бере алуы;
- қарым-қатынастың басты салалары мен тақырыптары бойынша қысқаша хабарлама жасай алуы;
- ақпараттық, сипаттамалы және прагматикалық сипаттағы шағын аутентті мәтінді тыңдап, түсіне алуы;
- түрлі жанрдағы жеңіл аутентті мәтіндердің негізгі мазмұнын оқып, түсіне алуы, оқылғанға қатысты өз ойын білдіре алуы;
- мәтінге сүйене отырып, қысқаша аннотация дайындай алуы тиіс.
В1 деңгейі бойынша:
- қарым-қатынастың әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени және оқу-кәсіби салаларындағы базалық тақырыптар аясында жағдаятты немесе оқиғаны өз қабылдауы арқылы сипаттай білуі;
- өз көзқарасын дәлелдей отырып кітаптың немесе фильмнің сюжетін айта алуы;
- берілген тақырып бойынша баяндама дайындай алуы;
- қызықтырған тақырыптарға шағын эссе, формасы мен мазмұны жағынан қиын емес қысқа баяндамалар жаза алуы;
- кәсіби қызметке қатысты қарапайым ақпаратты түсіне білуі;
- электронды және қағаздағы мәтіннен (хаттар, брошюралар, қысқаша ресми құжаттар) қажет мәліметті таба білуі тиіс.
В2 деңгейі бойынша:
-
жалпы, оқу, кәсіби тақырыптарға грамматикалық қателіктерсіз,сөйлеу стильдерін сақтай отырып, еркін әңгімелесе алуы;
-
қажетті дәлелдер көмегімен өз көзқарасын түсіндіре алуы, қандай да бір іске қатысты өз қызығушылығын таныта алуы;
- қарым-қатынастың бейтарап, ресми, бейресми стильдерін сақтай отырып, әңгімелесе алуы;
- жалпы мәселелер бойынша дайындықсыз нақты хабарламалар жасай алуы;
- білім беру және кәсіби қызметке қатысты дәрістердің, сұхбаттардың және басқа да тақырыптық әрі тілдік тұрғыдан күрделі баяндамалардың басты негіздерін түсіне білуі;