ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 31.01.2019
Просмотров: 1409
Скачиваний: 2
-
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысы – Республикалық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есеп комитетінің отырысында алқалы негізде қабылданатын және оның бақылау нәтижелері бойынша барлық актілерінің қолданылуын растайтын құжат. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қаулысын ол арналған барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар мен лауазымды адамдар орындауға міндетті. Қаулыны қабылдаудың тәртібі Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің қағидасымен және оның регламентімен айқындалады;
-
мәслихаттың тексеру комиссиясының қаулысы – белгіленген тәртіппен қабылданған және тиісті жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын барлық атқарушы органдар мен тиісті жергілікті бюджеттер қаражаттарын пайдаланатын немесе жергілікті бюджеттер қаражаттарын игерудің барлық сатысында қаржылық қызмет көрсететін ұйымдар орындауға міндетті құжат;
-
ұсыным – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мемлекеттік органдарға, ұйымдар мен лауазымды адамдарға жұмыстағы кемшіліктерді жою үшін, сондай-ақ құқық қорғау органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылыққа тарту мәселелері бойынша жіберетін құжаты;
-
нұсқама – ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы өз құзыры шегінде қабылдаған және бұзушылықтар мен жұмыстағы кемшіліктерді жою туралы мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына міндетті түрде орындау үшін жіберілген белгіленген нысандағы құжат;
-
бақылау актісі – мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары бақылау нәтижелері бойынша жасалған құжат;
-
бақылау жүргізу туралы есеп – белгілі бір уақыт кезеңі ішіндегі бақылау бойынша жүргізілген жұмыс нәтижелері туралы құжат.
Сыртқы бақылауды республикалық деңгейде Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғарғы органы болып табылады.
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы қағиданы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қаржылық бақылау жалпымемлекеттік және ведомстволық бақылау арқылы жүзеге асырылады.
Жалпымемлекеттік қаржылық бақылау ведомстволық бағыныштылығы мен меншік нысанына қарамастан бақылаудың кез келген объектісіне қолданылады. Бақылаудың бұл түрін мемлекеттік билік пен басқару органдары жүргізеді.Мемлекеттік қаржылар жүйесінде бақылау салықтық, бюджеттік бақылау, сақтық және банктік қадағалау, кедендік бақылау және т.б. болып ажыратылады.
Салықтық бақылау салық заңнамасының атқарылуы, бюджетке салық және басқа төлемдердің, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз етеді. Салықтық бақылаумен меншік нысандарына қарамастан, барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер, сондай-ақ табыс табатын азаматтар қамтылған.
Бюджеттік бақылау тексерістік және таңдамалық қызметтің мынандай түрлерін кіріктіреді: елдің негізгі қаржы жоспарының – мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары бойынша орындалуын бақылау; қаржылық ақпаратты, соның ішінде салықтық бақылаудың нәтижесін жинау, бұл ақпаратты талдау және бюджетке қаржы ресурстарын қосымша тарту жөнінде ұсыныстар жасау; шығындардың белгіленген нормалары мен нормативтерін бақылау арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының тиімді, ұтымды жұмсалуын қамтамасыз ету; өндірістік емес, мақсатсыз шығындарды, иесіздікті, ысыраптар мен ұрлықтарды жою және одан сақтандыру. Бюджеттік бақылау бюджеттен қаржылынатын мемлекеттік кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда, сондай-ақ мемлекеттік емес сектордың жұмыс жасайтын, қызмет көрсететін, шаралар жүргізетін кәсіпорындарында жүзеге асырылады.
Қаржылық бақылау әр түрлі әдістермен (тәсілдермен немесе амалдармен, оны жүзеге асырудың құралдарымен) жүргізіледі. Нақтылы әдісті қолдану қаржылық бақылауды жүзеге асырушы органдар қызметінің нысандарының ерекшеліктері, бақылаудың объектісі мен мақсаты, бақылау іс-қимылының пайда болуының негізі сияқты бірқатар факторларға байланысты болады.
Қазіргі кезде қаржылық бақылаудың мынадай әдістері пайдаланылады: тексеріс (барлық құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру), инспекция (кәсіпорынның қаржылық жай-күйін орнында дүркіндік тексеру), қадағалау (кәсіпорында қаржы-қаражаттың жай-күйімен жалпы танысу), тексеру (құжаттаманы, есепке алуды және есептемені шоттық тексеру), қарап шығу, қаржы жоспарларының жобаларын, өтінімдерді, қаржы-шаруашылық қызметі туралы есептерді қарау, баяндамаларды тыңдау, лауазымды адамдардың ақпараттары және басқалары. Бұл әдістердің әрқайсысы аралық міндеттерді шешуге жағдай жасайтын тым көп жекеленген әдістерге бөлінеді.
Тексерулердің тікелей предметі табыс, қосылған құнға салынатын салық, пайдалылық, өзіндік құн, айналыс шығындары, әр түрлі мақсаттар мен қорларға аударылатын аударымдар сияқты қаржылық (құндық) көрсеткіштер болып табылады. Бұл көрсеткіштердің жинақталмалы сипаты болады, сондықтан олардың орындалуын, динамикасын, тенденцияларын бақылау бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мекемелердің, өндірістік, шаруашылық және коммерциялық қызметінің барлық жақтарын, сондай-ақ қаржы-кредиттің өзара байланыстарының механизмін қамтиды.
Кейнгі қаржылық бақылау бірнеше әдіспен жүзеге асырылады. Оларға жататындары: тексеру, экономикалық талдау, тексеріс ревизия. Тексеру шоттық немесе тақырыптық болуы мүмкін.
Шоттық тексеру – бұл бухгалтерлік есептердің, баланстардың, салық есеп-қисаптарының ақиқаттығын тексеру.
Тақырыптық тексеру – бұл бақылауға жататын объектінің шаруашылық – қаржы жұмысының жеке жақтары мен учаскелерін зерделеу, мысалы, жалқыдан ұстап қалудың дұрыстығын тексеру; шығындарды өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру және т.б.
Экономикалық талдау – бұл объектінің шаруашылық-қаржы қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын негіздеу.
Экономикалық талдауды шаруашылық органдардың өздері де, сонымен бірге бақылаудың сыртқы органдары – банктер, қаржы, аудит фирмалары да жүргізеді.
Тексерулер мен қарап шығуды бақылау органдары шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің белгілі бір мәселелері бойынша немесе жұмыс орнында қаржылық қызметтің жеке жағымен учаскесімен танысу жолымен бір мәселе тақырып бойынша жүргізеді. Сондықтан тексерулер негізінен тақырыптық болып келеді.
Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі – тексеріс – кейінгі келесі бақылаудың кешенді әдісі және өткен белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы-шаруашылық қызметінің барлық жақтары мен учаскелерін мұқият зерделеу, терең тексеру, оны неғұрлым толық қарап шығу. Тексерісті әр түрлі органдар жүргізеді. Тексеріс бұл органдардың жоспары бойынша да, сондай-ақ басқа құзырлы органдар – жоғарғы, тергеу органдарының нұсқауы бойынша да жүргізілуі мүмкін.
Тексеру объектісі бойынша құжаттық, нақтылы, толық жаппай, іріктемелі ішінара тексеріс болып ажыратылады. Ұйымдық белгісі бойынша олар жоспарлы және жоспардан тыс, кешенді болуы мүмкін.
Құжаттық тексерісті жүргізген кезде есептер, сметалар ғана емес, сондай-ақ құжаттар, әсіресе бастапқы ақша құжаттары (шоттар, төлем тізімдемелері, ордерлер, чектер, бағалы қағаздар) тексеріледі.
Нақтылы тексеріс құжаттарды ғана емес, сонымен бірге қолда бар ақшаны, материалдық құндылықтарды да тексереді.
Толық тексеріс деп белгілі бір кезеңдегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің бүкіл қызметін тексеруді айтады.
Іріктемелі тексеріс кезінде бақылау қаржы-шаруашылық қызметінің әйтеуір бір жағына бағытталады.
Тақырыптық тексерістер бір үлгідегі бірнеше кәсіпорындарда, мекемелерде немесе бірнеше министрліктер мен ведомстваларда қаржы-шаруашылық қызметінің жеке мәселелері бойынша жүргізіледі. Олар сонымен бірге шаруашылық жүргізуші субъектілердің белгілі бір учаскелерінің мән-жайын тексеруге және бұл мәселе бойынша көлемді материал алуға, оны талдауға, тұжырым жасауға, жұмысты жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік береді.
Тексерістердің тәсілдері: материалдық құндылықтарды түгендеу, кассадағы нақтылық ақшаны тексеру, тексерілетін объект қызметінің жоспарлы, нормативтік және есептік көрсеткіштерін салыстыру, құжаттық және ыңғайласпа тексерулер.
Әзірлік жұмысының негізінде тексеріс немесе тексерудің бағдарламасы, оның негізінде тексеріс пен тексерудің жұмыс жоспары жасалады.
Тексеріс немесе тексеруді жүргізудің нәтижелігі көбінесе жасалынған актінің сапасына байланысты болады. Тексеріс актісі анықтамасы – бұл қаржы-шаруашылық қызметінде жіберілген бұзушылықтың жай тізбесі емес, бұл тексерілетін объект жұмысының сапасы, заңдылығы, мақсаты, сәйкестігі туралы дұрыс түйіндердің жинағы болып табылатын құжат. Оның негізінде ашылған бұзушылықты жою мақсатында нақтылы ұсыныстар, ұйғарымдар жасалынады, кінәлі адамдарға шара қолданылады.
Сонымен, қаржылық бақылаудың сыныптамасы – мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын бағалау болып табылады.
Сонымен, біріккен бөлімді қорытындылай келгенде, қаржылық бақылау теориялық тұрғыдан қарастырылды: қаржылық бақылау функциясы – қаржының ішкі қасиеті, ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болып табылады.
Сонымен қатар бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды, ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады. Егер қаржы экономикалық базистік қатынастарды, яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе, қаржыны басқару элементтерінің бірі ретіндегі қаржылық бақылау қондырмалық категория болып табылады. Практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау нысанында жүзеге асырылады, бірақ бұл ұғымдарды бірдей деуге болмайды және қаржылық бақылау экономиканың өсуінің тұрақтылығын қамтамасыз етуде маңызды рөлге ие.
ІІ бөлім Қазақстан Республикасындағы қаржылық бақылаудың даму ерекшеліктері
2.1. Қазақстандағы қаржылық бақылауды талдау
Қаржылық бақылаудың анықтамасы субъектілердегі айырмашылықтарға, бақылау іс қимылдарын жүргізудің уақытына, бақылауды жүргізудің тәсілдеріне (әдістеріне) негізделген. Осы белгілерге қарай, қаржылық бақылау үш бағыт бойынша түрлері, нысандары, оны жүзеге асырудың әдіcтepі бойынша жіктеледі.
Қазақстан Республикасының қазіргі қаржылық бақылау жүйесі оны жүзеге асыратын субъектілерге (бақылауды жүзеге асыратын оргaндарға немесе ұйымдарға) қарай мемлекеттік, қоғамдық және аудиторлық бақылау болып ажыратылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау (сыртқы және ішкі) мемлекеттік қаржылық бақылау объектілерінің республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептемені жүргізу, олардың атқарылуын.бағалау, мемлекеттің гранттарын, активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстар мен істетілген қызметтерді) өткізуден түceтін өз иелігінде қалатын, акшаны пайдалану бөлігіндегі қызметінің Қазақстан Республикасының зандарына сәйкестігін тексеру.
Мемлекeттік қаржылық бақылау объектілері - Қазақстан Республикасының Yкімeті, жергілікті атқарушы органдар, бюджетке түceтін түсімдерді aлyға және бақылаyға жаyaпты мемлекeттік органдар, республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекeттік мекемелер, олардың ведомстволық Бағыныштaғы ұйымдары, бюджет қаражаттарын алушылар, мемлекеттің грaнттaрын, aктивтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды пайдаланатын жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары - Республикалық бюджeттін атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган. Мемлекеттік қаржылық бақылау мынадай типтерге бөлінеді. Толығырақ келесі сызбада (1-сызба)
1-сызба
Мәлімет көзі: stat.gov.kz
-
сәйкестікке бақылау жасау - мемлекeттік қаржылық бақылау объектісі қызметінің Қазақсган Республикасы зандарының талаптарына сәйкecтігін бaғaлау;
-
қаржылық есептемені бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің қаржылық есептемені жасауының және табыс eтyінің анықтығын, негізділігін және уақыттылығын бағалау;
3)тиімділікті бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаттарын, мемлекет активтерін, мемлекет кепілдік берген қарыздарды, мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілгeн қызметтерді) өткізyінен түскен ақшаны үнемділікпен, нәтижелікпен және өнімділікпен пайдалануын тексеру мен бaғалау.
Мемлекeттік қаржылық бақылау мынадай түрлерде жүзеге асырылады:
2-сызба
Ескерту- мәлімет негізінде автор әзірлеген
-
кешенді бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің нақты кезендегі қызметін жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
2.тақырыптық бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектіcінің нақты кезендегі қызметін жекелеген мәселелер бойынша жаппай әдіспен тексеру және бағалау;
3.үстеме бақылау - мемлекеттік қаржылық бақылау объектісіне қатысты ақпарат алу қажеттігіне байланысты үшінші тұлғаларды бақылау, ол операциялардың бірдейлігіне қарай бір бірмен өзара бaйланысты құжаттарды салыcтыpып қapayды білдіреді. Үстеме бақылау тек қана мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі объектісімен өзара қaтынастар мәселелері бойынша және тeкcepіліп oтыpғaн мәселе шеңберінде жүргізіледі.
Мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу құпиялылық режімін қамтамасыз ету ескеріле отырып, тәуелсіздік, объективтілік, анықтық, ашықтық, құзырлық, жариялылық қағидаттары міндeтті түрде сақталып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылаyға қойылатын бірыңғай тaлаптар мемлекeттік қаржылық бақылау cтaндapттapымeн айқындалады.
Мемлекeттік қаржылық бақылау стандарттарын мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мәслихаттардың тексеру комиссиялары, ішкі бақылау службалары, олардың қызметкерлері мен мүшелері орындаyға міндeтті.