Файл: Таырыбы Проблемалы оыту технологиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 23.10.2023

Просмотров: 49

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Оқытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мән берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, оқытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оқу мотивациясы, оқу тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының тұлғалық және дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы және тағы басқалар кіреді.

Аталған мәселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялық мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мәні мен мақсаттары, оқу пәнінің құрылымдық мазмұны, оқу пәнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде әлеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындағы және оқушылардың өзара оқу әрекетінің жүйесі, және осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пәндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оқу әрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.

Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялық жағдайларын қарастыру білім беру әдістемесінің ғылыми негізін құрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіруде пән оқытушысының кәсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауға мүмкіндік берді.

Психология пәнінің әдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне қарағанда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, С.М.Жақыпов,  т.б.) психологияның пәндік және іс-әрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:

·   жаңа психологиялық білімдерді қарастыру;

·   психологиялық білімдерді тәжірибелік мәселелерді шешуге қолдану;

·   психологиялық білімді беру және тарату.

Аталған зерттеушілер психологияны оқыту әдістемесін педагогикалық училищеде (И.В.Дубровина, З.М.Панибратцева), жоғары оқу орындарында (В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский), педагогикалық мамандықтарда (Б.Ц.Бадмаев, Е.А.Климов, В.Я.Ляудис), техникалық мамандықтарда психологияны оқыту (Т.В.Наумова, А.А.Немцов), орта мектепте (К.Н.Корнилов, О.О.Савина) оқыту бағыттарында қарастырады.


Психология пәнінің оқытушысы психология ғылымының теориясын ғана емес, тәжірибесін де меңгеруі қажеттігі психологияны оқыту әдістемесі пәнінінің негізін құрайды. Психология пәнінің оқытушысы үшін студенттерге психологиялық білімді берудің әдістері мен тәсілдері, құралдары мен мүмкіндіктері өте мол. Осыларға оқытушының педагогикалық бай тәжірибесі мен тұлғалық сапалары, ізденімпаздық талабы мен шығармашылық қабілеті үйлесіп жататын болса, ондай оқытушы тек пән оқытушысы ғана болып қалмай, психолог маман ретінде де қалыптасып, өзінің жеке әдістемелік іскерлігін дамытуда биік деңгейлерге жете алады.

Психологияны оқыту әдістемесі жайлы зерттеулер психологияны оқытуды жетілдіруді мынадай бағыттарда қарастырады:

-     психологияны оқытуда белсенді әдістерді пайдалану;

-     психология пәнінің мазмұнына өзгерістер енгізу, яғни ғылыми-теориялық мәселелерге өмірлік тәжірибелер призмасы арқылы қарау;

-     психологиялық теорияларды жеке адамдық міндеттерді шешуде пай­далану деңгейінде түсінуге қол жеткізу.

Болашақ маманның кәсіби қалыптасуы туралы зерттеулерге сүйенсек, әр мамандықтың ерекшелігіне сай студенттердегі қабілет мазмұны да әртүрлі болып қалыптасады. Мысалы, гуманитарлық бағытта даярланатын маман өз кәсібіне қатысты мынадай құрылымдық мазмұнды меңгергені жөн: біріншіден, мамандығына байланысты терең білім; екіншіден, өз бетімен іздену арқылы кәсіби білімін көтеру мәдениеті; үшіншіден, адамдармен жұмыс жасауға психологиялық жағынан дайындық.

Сонымен, болашақ мамандардың дайындығын жетілдіру мен оқыту сапасын арттыру жоғары оқу орны үшін тек педагогикалық қана емес, сонымен бірге психологиялық мәселе:

1) оқу материалдары адам психологиясына зор талап қояды. Себебі, шындықтағы құбылыстардың сыр сипатын, мән-жайын ұғыну өте күрделі әрекет;

2) жоғары мектеп оқытушысы тарапынан жылылықты сезіну студенттің өзінің «керектігін», өмірдегі орнын, орнықтылықты сезінуіне мүмкіндік береді;

3) студенттерді оқу процесіне тартудың психологиялық жолы -оқытушының студенттермен байланыс орната білуінде;

4) психологияны оқытудың басты мақсаты - студенттердің психологиялық ойлау икемділіктерін қалыптастырып, алған психологиялық білімдерін түрлі психикалық фактілер мен құбылыстарды ғылыми негізде түсіндіре білуде, сонымен катар адамның тұлғалық дамуына аса қажетті психикалық өзгерістерге ықпал етуде қолдана алуға үйрету. Сондықтан, психология пәнінің өзіндік ерекшеліктерін пайдалана отырып, инновациялық мүмкіндіктерді жасаудың

жолдары сан алуан;

- психология курсын оқытудың мазмұны мен әдістемесін студенттің тұлғалық сипатына (тұлғалық жетістіктеріне) негіздеп қайта кұру арқылы әр студенттің қайталанбас тұлға екендігіне көз жеткізу;

- студенттің өзіне-өзінің сенімділігін арттыру;

болашақ мамандығына қажетті сапаларды меңгерту;

- басқалармен өзара дұрыс қарым-қатынасты ұйымдастыра білуге, оларды түсінуге, дау-дамайсыз ортақтаса білуге, қарым-қатынас мәдениетіне үйрету.

Психология пәні жоғарғы оқу орнындағы барлық мамандық бойынша оқытылып, болашақ мамандардың психологиялық сауаттылығы бүгінгі күннің басты талаптарының біріне айналды. Көп салалы психология курсының қай-қайсысы болмасын студенттің тұлғалық дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Психология пәнін студенттерге меңгертуде жоғарғы мектептің психология пәнінің оқытушысы тек педагог қана емес, психолог маман сапасында да көріне білуі біз мән беріп отырған қазіргі заманғы маманды даярлауда басты рөл атқарары анық.

Сонымен қатар «психологияны оқыту әдістемесі» психология ғылымының негізгі базалық саласына жатады және «психологияны оқыту әдістемесінің» пәні білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтары, құралдары мен тәсілдері болып табылады.

Білім беру (оқыту мен тәрбие) үрдісін ұйымдастырудың психологиялық заңдылықтарын кейбір жалпы алғанда көптеген оқушылар үшін осы үрдісті ұйымдастырудың тәсілдері мен психиканың қалыптасу және даму ерекшеліктерінің  аралығындағы қатынасы деп түсіндіреді. Психиканың қалыптасу ерекшеліктері туралы сұрақ-қоршаған ортадағы және генетикалық факторларының күрделі қатынасы туралы-психологияны оқыту әдістемесінің  төңірінде ғана емес, сондай-ақ педагогика, медицина, философия, дидактика және т.б. ғылым саласында да осы құралдармен  және эксперименттік ізденістермен  таныстыру маңызды. Осы білімдер келешекте студентке  психологияның  аталған іргелес ғылымдарды тиімді игеруге, сонымен қатар оқытушы ретінде  нәтижелі  қызмет атқаруға мүмкіндік береді.

Соның салдарынан темпераментімен, қабілеттерімен, мінезімен, ой түрі мен, тұтастай т.б. психикалық даму деңгейімен айрықшаланатын оқушылар мен жұмысқа дайындық жүргізу барысында студент-психолог өзінің педагогикалық іс-әрекетін компонентті орындауда, тек психологияны оқыту әдістемесі  саласында бүгінгі педагогикалық-психологиялық  біліммен қаруланған жағдайда ғана нағыз маман бола алады.


Психологияны оқыту әдістемесі оқу үрдісінде алған фактілік материал мен теориялық білім берудің  практикалық жағдайында (оқушылардың психологиялық таңдауы, педагогикалық-психологиялық диагностика және психикалық дамудың прогностикасы, оқытудың сәттілігінің болжамдануы және жақсы оқытуды қамтамасыз етуге  қажетті психологиялық жағдайды анықтау, ата-аналармен жұмыс және т.б.) көптеген практикалық міндеттерді шешуге маңызды мәні бар.

Алған білімдердің орта білім беру жүйесіндегі реформаның психологиялық ерекшеліктері, мектептегі білім берудің  ұлттық үлгісі, білім берудің дифференциациясы мен индивидуализациясы, оқушылардың кәсіптік бағдарын ұйымдастырудың  психологиялық ерекшеліктері, білім берудегі информатизацияның психологиялық ерекшеліктері, тәрбие және оқыту жүйесі дамуының бүгінгі кезеңдегі психологияның рөлі мен орны, психологияны оқыту әдістемесі  ғылыми практикалық пән ретінде және оның педагогикалық пәндер жүйесіндегі алатын орны, пәнге жалпы сипаттама және психологияны оқыту әдістемесі курсының  мақсаттары деген сұрақтарға сенімді бағдарлануға мүмкіндік береді.
Глоссарий

1.Нормативтік құжат-алуан түрлі іс-әрекеттің немесе олардың нәтижелерінің ережелерін ,басқару қағидаларын немесе сипаттамаларын тағайындайтын құжат.

2.Білім туралы заңдар- 1992, 1999 қабылданды, білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың концепциясы, орта білімді дамыту концепциясы, білім берудің мемлекеттік стандарттары жəне т.б. қабылданды.

3. Білім берудің мемлекеттік стандарттары

-жалпы білім беретін бағдарламалар жəне кəсіптік бағдарламалардың негізі.

4. Жалпы білім беретін мектеп – негізгі жəне қосымша жалпы білім

бағдарламаларын іске асыратын мектеп.

5. Гимназия негізгі жəне қосымша жалпы білім беру бағдарламаларын іске

асыратын, оқушыларды олардың бейімділігі мен қабілетіне сəйкес тереңдеп,

салаға бөліп, саралап оқытуды көздейтін, жалпы, орта білім беретін оқу орны.

6.Лицей - негізгі жəне қосымша жалпы білім бағдарламаларын іске

асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кəсіби бағдарлап оқытуды жүзеге

асыратын оқу орны.

7.Тенденция- көзқарастағы немесе іс-қимылдағы бағыттылық,ұмтылыс


ТЕСТ

1. «Қазақстан Республикасында білім беруді

дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы» қай жылы бекітілді?


А.2010 жылы

Б.2004 жылы

В.1999 жылы

Г.1992 жылы

2.ҚР-да төменде көрсетілгендердің ішінде қандай білім деңгейі жоқ?

А. мектепке дейінгі тəрбиелеу мен оқыту

Б. орта білім беру

В. кəсіптік жоғары білім беру

Г. мектептен тыс білім беру

3.Жалпы орта білім беру неше сатыдан тұрады?

А.3

Б.4

В.5

Г.10

4.Білім беру заңдары қай жылдары қабылданды?

А.1999,1998

Б.1999,1994

В.1999,1992

Г.1999,1993

5. . Білім беру жүйесінің басымды міндетіне жатпайды?

А.білім алушының ерекшелігіне назар аудармау

Б.білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау

В. жеке адамның шығармашылық, рухани жəне дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін

қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллекті

байыту

Г.азаматтық пен елжандылыққа, өз Отаны – Қазақстан Республикасына

сүйіспеншілікке, мемлекеттік рəміздерді құрметтеуге, халық дəстүрлерін

қастерлеуге, Конституцияға қайшы жəне қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тəрбиелеу

6. Негізгі жəне қосымша жалпы білім бағдарламаларын іске

асыратын, жоғары сатыдағы оқушыларды кəсіби бағдарлап оқытуды жүзеге

асыратын оқу орны-

А.орта мектеп

Б.лицей

В.білім беру орталықтары

Г.жоғарғы оқу орындары

7.Білім беру ұйымдарын Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес

кімдер құра алады?

А.заңды жəне жеке тұлғалар (құрылтайшылар) құрады.

Б. щетел азаматтары

В. заңсыз және жеке тұлғалар

Г. тек қана билік өкілдері

8. Әлем елдері болашақта таңдаған саласы?

А.ауылшаруашылық

Б.өнеркәсіп

В. білім мен ғылым

Г.мал шаруашылық

9.Қазақстанның әлемдік білім саласына кіруіне негізгі кедергі?

А. Ұстаз кәсібінің төмен бағалануы

Б.Білім алушылардың ынтасының төмендігі

В.Ескірген әдіснама

Г.Жөнсіз реформалар

10.Білім беру ұйымдары нешеге жіктеледі?

А.2

Б.3

В.4

Г.5

Тест жауаптары

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Б

Г

А

В

А

Б

А

В

В

А