ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 89

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Болыс болдым мінеки

  • admin

  • 18.03.2015

  • 1

  • 2

  • 154808
Болыс болдым мінеки,Бар малымды шығындап.Түйеде қом, атта жалҚалмады елге тығындап.Сөйтсе-дағы елімдіҰстай алмадым мығымдап.Күштілерім сөз айтса,Бас изеймін шыбындап.Әлсіздің сөзін салғыртсып,Шала ұғамын қырындап.Сыяз бар десе жүрегімОрнықпайды суылдап.Сыртқыларға сыр бермей,Құр күлемін жымыңдап.Жай жүргенде бір күні,Атшабар келді лепілдеп:«Ояз шықты, сыяз бар»,«Ылау» деп, «үй» деп дікілдеп.Сасып қалдым, күн тығыз,Жүрек кетті дүпілдеп.Тыңтуяқ күнім сүйтсе де,Қарбаңдадым өкімдеп.Старшын, биді жиғыздым:«Береке қыл» деп, «бекін» деп,«Ат жарамды, үй жақсыБолсын, бәрің күтін» деп.Қайраттанып халқымаСөз айтып жүрмін күпілдеп:«Құдай қосса, жұртымныңАқтармын осы жол сүтін» деп,Қайраттысып, қамқорсып,Сайманымды бүтіндеп...Оңашада оязғаМақтамаймын елімді,Өз еліме айтамын:«Бергенім жоқ,- деп,- белімді».Мақтанамын кісімсіп,Оязға сөзім сенімді.«Көрсеттім» деймін, ымдаймынКәдік қылар жерімді.Сөз көбейді, ұлғайды,Мақтанның к... көрінді.Қазақты жеген қайратты «ер»,Ұрынды да берінді.Әрлі-берлі тартысып,Ісі арамы жеңілді.Алқыны күшті асауларНоқтаға басы керілді.Үлкен-кіші ақыныңБәрі сөз боп терілді.Қайрауы жеткен қатты биҚайрылып нетсін көңілді.Өз малым деп қойған малИесіне берілді.Ақылы жандар қамалап,Кептірді сонда ерінді.Арызшылар көбейді,Болыстың к... шөмейді,Қайтсін байғұс демейді.Бір кептірмей терімді,Күн батқанша шабамынӘрлі-берлі далпылдап.Етек кеткен жайылыпАт к... не жалпылдап.Оязға жетсін деген боп,Боқтап жүрмін барқылдап.Кейбіреуге таяғымТиіп те кетті бартылдап.Пысықтың көбі бұғып жүр,Беттесе алмай шаңқылдап.Ашылып омырау, күн ыстық,Қойын кетті алқылдап.Елі жөнді болыстарМақтанып жүр тарқылдап.Күлкісі жақсы қарқылдап,
Үні бөлек сартылдап.Сөйлесе кетсе бір жерде,Ағыны қатты аңқылдап.Оязға кірсе, өзгеденМерейі үстем жарқылдап.Елің бұзық болған соң,Ояз жатыр шартылдап.Табаныңнан тозасың,Құр жүгіріп тарпылдап.Антұрғанмын өзім де,Бір мінезбен өтпеймін.Момындық күшті екенінКөрсем-дағы, күтпеймін.Сыяздан соң елімдіҚысып алып кетпеймін.Әуелде к... бос кәпір,Мықтыға не қып беттеймін?Жуанды қойып, жуастыБіраз ғана шеттеймін.Ояз бардағы қылықтыОяз жоқта етпеймін.Кәкір-шүкір, көр-жердіПайда көріп ептеймін.Мынау арам, тентек деп,Еш кісіні теппеймін.Өзімдік бол деп ел жиып,Құрастырып, септеймін.Бұзақының бүлігін«Жақсы ақыл» деп, «құп» деймін.Сүйегім жасық, буын бос,Біраз ғана айлам бар.Айлам құрсын, білемін –Болыстықтың жолы тар.Қайтіп көмек боладыАнтұрған өңкей ұры-қар?Көргенім әлгі, ойлашы,Ұят, намыс, қалды ма ар?Ендігі сайлау болғанда,Түсе ме деп тағы шар,Бұл күніме бір күніБоламын ғой деймін зар.Ақыл айтар туғандар,Бұл сөзімді ойлаңдар.Кәтелешке көбейді,Сөгіс естіп, тозды ажар.Мынау елді ұстарлықКісі емеспін, кел, құтқар!Қолдан келмес қорлыққаНеге болдым мұнша іңкәр?Ел жайылды, жетпей ме,Оязға да бір хабар?Тағы бүйтіп кеттің депҚозғау салар, қолға алар.Қатты қысым қылған соң,Басым сотқа айналар.Кірлі болып түскен соң,Көрген күнім не болар?Өзіне мәлім, тентектерӨз бетімен не табар?Қағаз берер, қарманар,Аяғында сандалар.Бұрынғыдай дәурен жоқ,Ұлық жолы тарайды.Өтірік берген қағаздыңАлды-артына қарайды.Өз қағазы өз көзінЖоғалтуға жарайды.Тауып алып жалғанын,Қылмысыңды санайды.Өзі залым закүншікТанып алды талайды,Көрмей тұрып құсамынТемір көзді сарайды.