Файл: Атыс дайындыы. Калашников автоматы мен пулеметі, рысты асиеті,арналуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 24.10.2023
Просмотров: 59
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі
«А.Нұрманов атындағы жалпы білім беретін мектебі» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Атыс дайындығы.Калашников автоматы мен пулеметі, ұрыстық қасиеті,арналуы
(сабақтың тақырыбы)
Бөлім: | Атыс дайындығы.Калашников автоматы мен пулеметі, ұрыстық қасиеті,арналуы | |
Педагогтің аты-жөні | Зейнолдин А.С. | |
Күні: | 20.12.22 | |
Сынып: 10 ҚГБ | Қатысушылар саны: 7 | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Атыс дайындығы.Калашников автоматы мен пулеметі, ұрыстық қасиеті,арналуы | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | Оқушыларды атыс дайындығына тыңғылықты даярлау,қаруды бұзып- жинау,атуға дайындау ,майлап күту әрекеттерімен жақын таныстыру,өздерінің Отан қорғаушылары екендіктерін сезіндіру | |
Сабақтың мақсаты: | Қару және патрондарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік шаралары, калашников автоматы және қол пулеметінің атқаратын қызметі, ұрыстық қасиеті, жалпы құрылысы және жұмыс істеу механизмін ұғындыру. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы 10 мин. | . Ұйымдастыру сәті .Оқушыларды жайылма сапқа тұрғызып, взвод командирінен сыныптың сабаққа дайындығын баянат арқылы қабылдайды.Оқушылармен амандасып, сабаққа таратады. Оқушыларға бағалау парақтарын таратамын. Үй тапсырмасына шолу жасау. Мотоатқыштар бөлімшесінің құрамын ,қарулануы туралы мәліметтерді сұрақ-жауап арқылы оқушылардан сұраймын. Әр оқушыға 2 сұрақтан қоямын. Жауабына қанағаттанбаған оқушыларға толықтыру жүргіздіремін. | Оқушылар киім ауыстырып, мұғалім келгенше 1 қатарлы сапқа тұрып, саптық қалып қабылдайды. Взвод командирі сыныптың сабаққа дайындығы туралы мұғалімге баяндайды. Мұғаліммен амандасып сабаққа тарайды. Үй тапсырмасы. « Миға шабуыл». Алдыңғы тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сыныптасының толық емес жауабын толықтыруға көмектеседі. | Мадақтау арқылы бағалау | Оқулық, тақта, бор, дәптер, қаламсап,бағалау парақтары, АК-74 макеті |
Сабақтың ортасы. Жаңа сабақты меңгерту. 25 мин. | Жаңа тақырыпқа қатысты стендтерден Калашников автоматының бөлшектерімен таныстырамын. 5 минут Жаңа тақырыпқа қатысты тапсырмаларды ерекшелеп аламын. Әр тапсырмаға уақыт есептілігін қойып,оқушылардың уақытты тиімді пайдалануын қадағалаймын. 1 ші тапсырма.Әр оқушыға жекелей жұмыс беремін. Оқулықта берілген мәліметке көз жүгіртуге 2 минут уақыт беремін. Көз жүгіртіп өткен соң, жаңа тақырыпқа қатысты 10 сұрақтан тұратын тест тапсырмаларын таратамын. Әр тест тапсырмасына 1 минут уақыт беремін. Белгіленген уақыт аяқталған соң әр сұрақтың жауабын бір оқушыдан сұрап , қалған оқушылар жауаптардың дұрыстығын сәйкестендіреді.15минут. 2-ші тапсырма. Жұптық жұмыс. Әр жұпқа жеке тапсырма беріледі. Келесі жұпта орындауға тапсырма әзірлеуі тиіс. ( Сұрақ-жауап,кесте, сызба түрінде болуы мүмкін.) . | Оқушылар стендтерді мұқият қарап, есте сақтау үшін жұмыс жасау керек тыңдайды,келесі сұрақтарға жауап береді. Оқулықта берілген ақпаратты есте сақтап,жаңа тақырып бойынша құралған тест тапсырмаларын орындайды. Мұғалім сұраған тест тапсырмасын талдай білуі керек. Оқушылар дұрыстығын тексереді. Оқушылардан құралған әр топ өздеріне берілген тапсырманы қорғап шығуы керек. Кемшілігі мен бұрыстығын келесі топ толықтырады. . Оқушылар бағалау парақтарын толтыру арқылы өз-өздеріне бағалау жасайды. | Әр тапсырма 1-5 балл арқылы бағаланады. | Бейнеролик,оқулық, тақта, бор, дәптер, қаламсап, бағалау парақтары. |
Сабақтың соңы 5 мин. | Кері байланыс. « ҚҚҚ»әдісі. | Оқушылар жаңа тақырып бойынша қандай кедергілерге кездескенін айтып өтеді, ақпаратқа баға береді. | . | Оқулық. |
Оқушылардың айтылған жауаптарына сай түсінік жүргізеді. Үй тапсырмасы. Калашников автоматы мен қол пулеметін әлемдік басқа қарулардан қандай ерекшеліктері бар екенін анықтау. ( Интернет желісін пайдалану арқылы мәліметтерге қол жеткізу | Сабақта қиын болған немесе меңгере алмаған мәселелер бойынша сұрақ қояды. Мұғалім қойған сұраққа жауап береді. Өзінің не біліп, не білмегенін айтады. | | |