Файл: Факультет Экономика,Басару жне ы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 61

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ түрік университеті

Факультет:Экономика,Басқару және құқық

Мамандық:Халықаралық қатынастар және Дипломатия



БӨЖ

Тақырып: Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы


Орындаған:Затыбекқызы.Н

Қабылдаған:Бейсенов.А

ТҮРКІСТАН 2023

КІРІСПЕ

I Кіріспе
II Негізгі бөлім
1. Қожа Ахмет Яссауидың өмір баяны.
2. Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы
3. Қожа Ахмет Яссауидың «Ақыл кітабы»
III Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Туылмай тұрып қайда едік? Өлген соң қайда барамыз? Болмыс қалай бар болған? Болмысты бар еткен жаратушы бар ма осы? Бар болса, Жаратушы мен болмыс арасында нендей байланыстар бар? Жаратқан Құдірет болмысты жаратқан соң қайда кетті? Әлде тастап кетті ме? Әйтпесе әрдайым бақылап отыр ма? Зат дегеніміз не? Материалды емес нәрселердің мәні не? Идеялар, ойлар қайдан шығады? Сезім, сүю, күю, ашулану, жек көру, кешіру, кек алу бұлардың барлығы қайдан келеді? Міне бұлар адам баласын мазалап келген мәселелер. Осы сияқты сұрақтарға жауап іздеу кейбір ақылдылардың машығына айналған. Олар өздерінен бұрынғы ойшылдардың айтқандарын електен өткізіп, Көкірек көзін ашып, жауап іздей бастайды. Міне фәлсәфаның да, сопылықтың да шығу себебі мен бастауы осылай қалыптасқан. Болмыс туралы мәліметті кітабы бар діндердің бірінен алып, ілімдеріңізді санаңызға ұялатып, жаныңыз жай табуы ықтимал. Әрине иманға келген соң сіз үшін сұрақ қою, жауап іздеудің керегі де болмауы мүмкін. Жаратқан иемізді, абсолюттік болмысты ғарыштың бір жерлерінде, періштелермен жайғасқан өте қуатты көру, сезу, есту қабілетіне ие ежелден бері бар болған, ешқашан жоқ болмайтын, барлық құпияларды білетін бұл фәниге оқтын-оқтын елші- пайғамбарлар жіберіп, адамзат үшін қағидалы заңдар жүйесін ұсынған періштелері арқылы адамзат баласын қадағалайтын бір періштелер арқылы адамзат баласын тәңір ретінде ұғып, осы иманыңызбен жаныңыз жай табуы мүмкін. Бірақ біреулердің дұрыс түсініп түсінбеуіне де ренжуге болмайды. Өйткені, ұлы жаратушы ойлау қабілетін әр түрлі жаратқан. Жоғары ойлау қабілетіне, санасына ие адамдар пайғамбарлардың келген жолдарына қайран қалыап, оларға қызығушылықпен қарайды. Өздерінің кім екендіктерін білгілері келеді. Терең ойға батып, қиялдарға беріледі. Идеялардың түп негізіне жетіп, ойлаудың да шарасынан асып, ақылдың тұтастығына ұмтылады. Осы жолда ілім дамытып, зерттеп, біз біле бермейтін ақиқаттарға ұласып, ерендердің қатарына қосылады. Міне, сопылық деп осыны айтады.


Қожа Ахмет Ясауи өмірбаяны

Аты мұсылман әлеміне әйгілі, сопылық әдебиеттің ірі өкілі, кемеңгер, ойшыл ақын Қожа Ахмет Яссауи (1103-1228) артына мән-маңызы өшпейтін елеулі де асыл мұра қалдырды. «Диуани хикмет» атты өлең тілімен жырлайтын туындысы қанша ғасырлар өтсе де, өзінің өміршең құндылығымен мұсылман әлемінде жарық жұлдыздай ел-жұртқа аумас бағыт беріп келеді. Бұл аты шулы жинақ несімен құнды, оның мәңгілігі неде десек, ең алдымен, оның терең адамгершілікке құрылған дүнияуи мәселелердің сыр-сипатын айқара ашып түсіндіріп, бұл өткінші жалғанда неден үйреніп, неден жиіркену жолдарын көрсету деп жинақтай айтуға болар еді. Ал, тарата бағамдасақ, адам өміріндегі әр алуан қарым-қатынас: мансап пен нәпсі, қорлық, байлық пен кедейлік, әділеттік пен зұлымдық, ынсап пен қанағатшылдық, адамгершілік пен ізгілік, тәубашылдық пен имандылық секілді меселелердің сыр-сипатын ұғып білу арқылы Алла Тағаланы танудың жолдарын саралау, соған шын көңілден мойынсұну көріністері дер едік. Осы талаптарға орай ғұлама-ақын бұл өмірдің баянсыздығы мен ол дүниенің бақилығын (мәңгілігін) өз ара қарапайым тілмен салыстыра отырып, адалдық пен әділдіктің, мейірімділік пен қайырымдылықтың, тәубаға келу мен кешірімділік, адамгершіліктің имандылыққа бастайтынын бұлтартпас дәлелдер арқылы айғақтайды. Бұларға қарсы жауыздық пен зұлымдық, өтірік-өсек, надандық пен тойымсыздықтың кешірілмес күнә екеніне де зер сала үңіледі. Осы соңғылардан арылу, тазарудың міндет-мақсаттарын ашып пайымдауға да ол үлкен мән береді.

Жас Қожа Ахмет Яссауи қазіргі Шымкент қаласы жанындағы Сайрам елді мекенінде туып, сондағы ауылдық молдадан дәріс алған. Жастық шағы да сонда өткен. Әкесі Ибраһим өз кезеңінің сауатты, көзі ашық білімді, діндар адам болған. Анасы Қарашаш (енді бірде Айша деп те айтылады) елге қадірлі, ақылды да-аяулы адам болған делінеді. Ел-жұрт бұл кісілер дүниеден өткенде, екеуіне де күмбез тұрғызып белгі соққан, осы ескерткіштер әлі күнге дейін Сайрам елді мекенінде сақталған. Аңыз бойынша, жас Қожа Ахмет Яссауи ұстазы Арыстан Бабпен алғаш жолығып, Мұхаммед пайғамбардың өзіне арнаған құрмасын алатын көпір де сол Сайрам елді мекенінде. Алайда Қожа Ахмет Яссауидің Сайрамдағы жастық шағын баяндайтын деректер жоқтың қасы. Десек те Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен ата-бабалары туралы қызықты деректері бар бір құнды шежіре кейінгі жылдары табылды. Осы шежіре бойынша басылған «Шажараи-Саодат» атты кітапшада бұрынғы біз жариялаған «Насаб-намедегі» секілді Қожа Ахмет Яссауидің әкесі Ибраһим атаның арғы бабалары Мұхаммед пайғамбардың інісі әрі күйеу баласы Әзіреті Әлидің Мұхаммед Ханафия атты ұлынан тарайтыны айтылады. Бұл аталған шежіре 90-жылдардың бас кезінде Сайрам қаласындағы ескі, бұзылған үйдің қабырға жапсарынан табылған. Тапқан Сайрамдық Саидикрам Саидакбаров деген кісі. Кейін бұл алты метрлік Қытай қағазына жазылған қолжазба Шымкент қаласында жеке кітапша болып басылды. Мұнда Қожа Ахмет Яссауидің жастық шағы мен алғашқы оқыған ұстазы жөнінде бұрын ешбір деректе ұшыраспаған тың мәліметтер келтірілген.



Қожа Ахмет Ясауи дүниетанымы

Иасауи дүниетанымының негізінде сопылық жатыр. Сопылық –басқа танымдардан ерекше исламдық дүниетаным формасы. Осындай мәнге толы, терең сырлы құбылыс туралы зерттеулер, рухани тәжірибелер жазылды, жазылып та жатыр. Дегенмен сопылық жолдың белді тұлғасы Иасауи мәдениетін, жолын, ілімін тану әлі күнге дейін бір ізге түспеген өзекті мәселе болып отыр.
Иасауи дүниетанымы өз алдына танылмаған ғарыш. Оның мирасы да өз алдына бір ғарыштық мәтін. Сондықтан бүгін оқушы мен мәтін арасындағы қатынастың көпқырлылығы мен қиындықтарына тоқталғанды жөн санаймыз. Сопылық танымды, Иасауиді осы саланың маманы басқаша ал, маман еместер басқаша қабылдап таниды. Мамандар сопылардың еңбектерінен пайдалана алады, ал маман еместер сопылық туралы еңбектерді жете түсіне алмайды. Мұның өзіндік себептері бар. Ең басты себеп, құдайлық таным мен адамдық таным арасындағы қатынас мәселесінде жатыр. Құдайлық танымның объектісі – мәтін, Құран Алланың сөзі. Мәтін мен “Иасауидің” ішкі тәжірибесі немесе ойлау жүйесі арасындағы ең үлкен қиындықтардың біріншісі, шектеулі сөздер феномендерінің “шексіз рухани ақиқаттарды” жеткізу тұрғысынан жеткіліксіз қалуы. Яғни, сөз арқылы сопылық ақиқатты жеткізу шектеулі, әрі қиын. Сопылықта сөз екінші орында, бірінші кезекте хәл тұрады. Яғни, сөз деп отырғанымыз «қал» болса, рухани тәжірибеміз «хәл» болады. Шексіз болмысты, адамның «шектеулі мүмкіндігі» қай дәрежеде қамти алады? Қай деңгейде түсіне алады? Міне осы тұрғыдан суфи, әулие Иасауи шетсіз, шексіз рухани ішкі әлеміндегі тәжірибелерін қаншалықты сөз арқылы түсіндіре алды. Бұл мәселенің бірінші қыры.
Хәл –шексіздік әлемімен бірге болған рухтың шексіз амалы, жемісі. Олай болса, тіл арқылы оны қалай жеткізуге болады? Хз.Мәулана Жалаледдин Румидің, “ғашықтық деген не?”– деп сұрағандарға, “Мен сияқты бол, сосын өзің көр” деп жауап беруінің өзі, хәлді сөз (қал) арқылы толық түсіндіріп, танытудың мүмкін еместігіне меңзейді. Бұл жерде орайы келіп тұрған екінші мәселеге келейік. Оқушы Иасауидің шығармасын оқиды. Ол білімі мен танымы негізінде Иасауидің мәтінінен өзінше түсінік алады. Осы мәтін – оқушы мен Иасауи арасындағы ойдың немесе рухани тәжірибенің берілуіндегі ортақ дүние. Осы мәтіндегі сопылық ақиқаттарды Иасауидің қай дәрежеде қаншалықты жеткізгендігі бір мәселе болса, оқушы мәтінді оқып, түсінуде Иасауидің ойымен үндесе ала ма, ал бұл мәселенің екінші қыры. Мәтінді жазған адам мен оқушы арасындағы таным мен түсінік айырмашылығын және ортақтығын анықтау герменевтиканың, яғни, эмпатиялық түсіндірудің басты шарты.

Иасауиді түсіну үшін оның шығармаларын оқу жеткіліксіз. Алдымен Иасауи кім, қайдан қайда келді, оның ішкі әлемі, өскен ортасы, сенімі, ойлау жүйесі, өмірге деген көзқарасы, танымы мен болмысының мәні, міне осыларды тануға тырысуымыз керек. Сосын барып оның өмір сүру формасы, танымының қайнар көзі және олардың табиғаты жеке-жеке зерттелуі тиіс.
Оның туылуы, балалық шағы, отбасы, алған білімі, көрген тәлімі, Арыстан бабқа шәкірт болуы, Исфиджабта дәріс алуы, Хамаданиа сияқты пірге қол беруі, Халлаж Мансұр, Қызыр сияқты хәл ілімі, хикмет тағылым шынжырларын, Нур-и Мухаммед әсерін, Иасауиге өз жолы мен мектебін қалыптастыруға негіз болған қандай факторлар бар түгел қамтылуы керек. Түркістандағы өмірі, тарихы, орны мен қызметі, Қарахан, Селжұқ, Хорезмшах мемлекеттерімен байланысы, Саур халқымен қатынасы, шеккен азабы, бала-шағасы, үйленуі, дін таратудағы күресі, түріктерді иманға, исламға шақырудағы методымен жан-жақты танысу қажет.
Міне осы сатыдан кейін барып, оның шығармасын оқуға кірісуге болады. Иасауидің алғашқы жылдары жазған шығармаларынан бастап өмірінің соңғы жылдары жазғандарына қарай реттеп, хронологиялық тұрғыдан жүйелейміз. Адамды біртұтас ғарыш ретінде қабылдап, шығармаларын да тұтас түсінуге, тануға ұмтыламыз.
Сонымен Иасауидің шығармаларын тұжырымдап, түсіне оқи алатын сатыға көтерілеміз. Яғни, оның дүниетанымдық негіздерін танып білсек, шығармаларын түсіну оңайға соғады. Бірақ, түсіну мен сезіну екі бөлек нәрсе, сондықтан әлі де Иасауиді түсінуміз толыққан жоқ. Себебі, Иасауиді түсіну үшін Иасауидің орнына өзіңді қойып, сол сияқты бола білу керек. Бұл мүмкін бе? Жоқ. Өйткені әулие болсын, атеист болсын, бәрібір адамды түсіну, тану шексіздікпен байланысты. Онда Алладан келген сыр бар.
Міне, осы орайда суфизмге, Иасауиге қатысты кейбір зерттеушілердің тұжырымы сын көтермейді.
Иасауи ілімінің мәніне жету үшін бірінші мәселе ретінде терминология тұр. Терминология мәселесін шешу үшін алдымен сопылықты зерттейтін мамандар қажет. Өйткені, сопылық – сыр ілімі. Әрбір сопылық жолындағылар өзара арнайы тіл қалыптастырған, нәтижеде сопылық терминология пайда болды. Тек қана сопылық емес, барлық ғылым саласының өз терминологиясы бар. Егер ғылымның сол саласының терминін білмейтін болсаңыз, ғылым жасай алмайсыз, тұжырым, сараптама жасау мүмкін емес. Бұл жерде тіл мәселесі кесе-көлденең алдымызға шығады. Иасауиді түсіну үшін сопыша тіл білу керек. Егер заңгер болмасаңыз, құқық кітабын, экономист болмасаңыз экономика кітаптарын жеткілікті дәрежеде түсіну қиынға соғатын болса, сопыларды түсіну одан да қиын.

Мысалы, болмыстың бірлігі доктринасы сопылықта өте нәзік сыр мен ойдың жемісі. Теологиялық білім алса да, сопылықтан хабарсыз адамның өзі түсіне бермейтін, батыл айтар болсақ, түсінбейтін мазмұны күрделі, мәні терең, әрі қиын доктриналық сипаттағы тұжырымдама. Ислам теологиясының ішіндегі өзара жақын тафсир, кәлам, хадис, фикх сияқты ғылым салаларында да терминдер ұқсас болғанмен мазмұны әр түрлі болуы ықтимал.
Таратып айтар болсақ, кәламға тафсир терминологиясы тұрғысынан қарасаңыз қате сараптама мен тұжырымдарға душар боласыз. Сол сияқты кәлам маманы фикх саласына өзінің терминологиясы тұрғысынан қараса, тағы үлкен проблема туындайды. Ислам діни ғылымдары саласындағы кез келген маман, сопылықтың терминологиясын меңгермей тұрып зерттеуге кірісетін болса, түсіндіру былай тұрсын, өзінің түсінуі қиынға соғады. Сонымен қатар сопылықтағы суфи бір ұғымды келесі суфидің түсінігінен басқаша қабылдайтындығы да шындық. Әрбір тариқаттың өзіндік терминологиялық қазынасы бар. Бұл жағдай хадисшілер, философтар үшін де ортақ мәселе. Бұған қоса, қолданылған терминдердің уақыт өте келе мағына жағынан ұлғайып немесе тарылуы тағы бар. Мысалы, “фана” ұғымын, алғашқы суфилердің қабылдауы мен кейінгілерінің қабылдауы арасында үлкен айырмашылық бар. Ибн Араби мен Имам Ғазалидің терминологиясы арасында айырмашылықтар бар. Бұларды сопылықтағы ұғымдардың ортақтығы немесе бірізділіктің жоқтығы деп қарауға болмайды. Керісінше сопылық ілімнің табиғатына сай, ол мәдениеттің байлығын, тереңдігін көрсетеді.
Сонымен болмыстың бірлігі доктринасын жақсы танып, білу үшін Құран, тафсир, хадис, фикх, психология, тарих, суфизм тарихы, суфизм философиясы, ислам философиясы, дін философиясы және кәлам сияқты саланы жақсы меңгерумен қатар болмыстың бірлігі хәлінің сыры мен мәнін субъективті тұрғыдан бойыңнан өткеріп көріп, дәмін тату керек. Міне, осындай мәселенің өзі, мұсылман ғалымдарының түсінуі қиын, оның терең мәнді ұғымдардың көрсеткен мағыналардан туындаған мәселелер бұл уахдат-ул вужудтың танылуын қиындатады.
Болмыстың бірлігі мәселесін философтар ой-теория тұрғысынан қараса, суфилер тату (зауқ) рухында сомдау арқылы қорытады. Мәселе біреу, қорытынды, тұжырымға келуде екі түрлі әдіс, екі түрлі сараптау мен қалыптар пайда болады. Философтар мен суфилердің сөйлемдерінде, терминдерінде айырмашылық көзге түседі.