Файл: Факультет Экономика,Басару жне ы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Дипломная работа

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 24.10.2023

Просмотров: 63

Скачиваний: 3

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


десе, Әбибулла Мұхамеджанов аудармасында:

Құлһу Алла, Сұбхан Алла, дін қамшысы,

Рауз-Махшар тәсбих, тәхлил Хақ елшісі,

Кәміл пірім тәлибтердің жолбасшысы,

Қолым тұтып, жолға салғыл, Әнтәлһади[3, 122], -

дейді. Екі аударма да көңілге қонымды шыққан. Мұндағы Пірмұған – «жол көрсетуші кәміл ұстаз» деген мағынаны беретін сөз екенін, тәліб пен шәкірттің діни иерархиялық тұрғыда задап айырмашылыққа ие екендігін, «пірге қол беру» – сопылықтың бір шарты екенін ескерсек, Әбибулла Мұхамеджанов аудармасы – этнографиялық аударма категориясына сәйкес келетінін аңдаймыз.

Сондай-ақ академик Мұхтар Əуезовтің аударма теориясы жайлы мына бір пікірін де ескерген жөн: «Бірінші – сөзбе-сөздік, əріпқойлыққа негізделген аударма. Екінші – еркін аударма, аудармашының əңгімелеп отырғанына өте ұқсас келеді. Соңғысы аударманың өте қонымды ғылыми дəлелденген түрі – шығарманың мазмұнын да, формасын да толығырақ беретін ғылыми дəл, балама аударма» [6]. Осы тұрғыдан алғанда белгілі ақын, Светқали Нұржановтың хикемттік аудармаларын еркін аударма, сонымен қоса этнографиялық сипатты аударма деуге болады.

Мысалға, жоғарыдағы келтіріліген шумақтың аудармасы алынды:

«Құл һу Алла» Сүбхан сөзі – қамшы-дағы,

Ораза, намаз, тәхлил, тәсбих – жаршылары.

Пірмұғандар тәліптердің шамшырағы,

Жетегіңе ал, жолыңа сал, Әнтәл Һәди.

Біз осы тұста «Диуани хикметті» аударудағы аса үлкен жауапкершілік жөніндегі ақын, аудармашы Светқали Нұржановтың пікірін қоса беруді жөн көрдік.

Менің әрбір хикметім – зор ғалам,

Арманда өлер естімеген, сорлаған.

Хикметтерім – хадистің кен-мазмұны,

Ұқпағандар – адамзаттың азғыны.

Хикемттерім – келген пәрмен Сұбханнан,

Бар мағынасы Құран оның, ұқ қарғам!» [6], -

деген Қожа Ахмет Яссауидің хикметтерді жазудың мәні мен маңызын түсіндірер шумағын келтіре отырып, тәржімашы былай дейді: «Қаншама ақындар хикметтерді тәржімалағанымен түпнұсқаға жетпей жататындығының басты себебі осында жатыр. Соған қарамастан хикметтерді аударуға ұмтылушы қаламгерлер жоқ емес. Бұл, әрине, құптарлық мәселе. Десек те мұның асқан жауапкершілікті, терең білімділікті, жан-жақты зерттеуді талап ететін дүние екендігін бір сәтте естен шықпауы қажет. Ясауи (р.ғ.) бабамыздың қолда бар хикметтерінің бәрін аз уақыттың ішінде бірден аударып бастыра салу бұл мәселеге атүсті қарағандық болар еді» [6, 5].

«Жақсы аударылған көркем аударма – сол тілдегі төл шығармалармен бірге өсіп, жымы білінбей біте қайнап сабақтасып кетеді. Ел мен елді таныстырады, жақындастырады, ұлттық мəдениетті байытады. Мұнда автор мен аудармашы өнер жарысына түседі, тіл мен тіл жарысқа түседі. Бұл – ел мен елдің өнер жарысы. Демек, аударма шығармалар ұлттың ұлылығын, елінің елдігін дəлелдеудің бір жолы» [8], - деген пікірге саятын болсақ, Светқали ақынның аудармасындағы хикметтердің таным-түсінігімізге тым етенелігі аудармашының шеберлігі мен ақындық әлеуетін, сонымен бірге яссауилік ілімнің нәзік иірімдерін түйсіне, бойлай алғандығымен түсіндіруге болатын сияқты.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1 Қожа Ахмет Йасауи. Диуани Хикмет. –Түркістан: Тұран, 2010. 39 б.

2 М. Дулатов Шығармалары.- Алматы: Жазушы, 1991.- 384 б

3 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет. – Астана: Фолиант, 2007

4 Қожа Ахмет Яссауи. Диуани Хикмет (Көкшетау нұсқасы). – Астана: Фолиант, 2016

5 А.Қ. Жұмабекова Аударматанудың негіздері: оқу-əдістемелік құралы. – Алматы: 2012. – 296 б. 113-б

6 Көркем аударманың кейбір мəселелері: мақалалар жинағы. – Алматы: Қазмем- көркемəдеббас, 1957.

7 Қырық хикмет / құраст: С.Нұржан. – Алматы: Эффект, 2013 – 88 б.

8 Г. Сабурова. Аударма да рухани байлық // Қазақ тілі мен əдебиеті, 2000. – №5. 40-б.

9 А. Құнанбаев, Қалың елім, қазағым, 153-бет. «Атамұра», 2002 ж

10 Д.Кенжетай. Иасауи хикметтерінің мәні. – Көкшетау. Қожа Ахмет Яссауи.Конференция материалдары, 2016 ж.

11. ҚР Президентінің «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, akorda.kz, 2012 ж