Файл: Жтд ауруды барлы кніне жмыса жарамсызды параын толтырады.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 40

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.



Вопросы на казахском языке

1

Жалпы тәжірбиелік дәрігер (ЖТД) қабылдауында науқас К. Дене температурасының жоғарлауына және жөтелге шағымданып отыр. Осы қалаға жұмыс бабымен келген. ЖТД ЖРВИ диагнозын қойды.Осы науқастың жұмысқа жарамсыздығына сараптама жүргізіңіз:




ЖТД аурудың барлық күніне жұмысқа жарамсыздық парағын толтырады

2

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?




Ауруханадан тыс пневмония, жеңіл ағым

3

Қалалық аурухананың жалпы тәжірбиелік дәрігеріне 45 жастағы К науқас кіндіктің сол жағында ұзаққа созылатын сыздап аурысынуға шағымданады, ауырсыну арқаға, сол жауырынға беріледі, майлы тамақтан кейін пайда болады. Тәбетінің төмендеуін, жүрек айну, тамақтан кейін эпигастральды аймақта ауырлық сезімін байқаған. Бұл симптомдар 4 ай бойы мазалайды. Көп жылдар созылмалы холецистипен ауырады. Объективті: температура 37,2 С. Жағдайы қанағаттанарлық. Терісі таза, құрғақ, сарғыш реңкпен. Теріасты-май қабаты шектен тыс дамыған. Жүрегі мен өкпесі патолгиясыз. Тілі ақ жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, жоғары жағында және сол қабырғаастында ауырсынады. Сіздің болжамды клиникалық диагнозыңыз қандай?




өршу сатысындағы созылмалы панкреатит

4

А мбулаторлық қабылдауға 44 жастағы М.ер адам физикалық жүктемеде күшейетін ентігуге, кейде аз көлемді шырышты қақырықты, ұстама тәрізді жөтелге, ентігуідің күшеюіне байланысты ұйқысының бөлінуіне шағымданып келді. Пикфлоуметрия күнделігін жүргізеді. Науқаста осындай пикфлоуметрияда дәрігер не жайлы ойлау керек?




Науқаста нашар бақыланатын бронх демікпесі

5

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 29 жастағы науқас аз көлемді қаырықты жөтелге, дене температурасының жоғарлауына, әлсіздікке шағымданып келіп отыр. Жалпы суықтанудан және ЖРВИ -мен ауыратын науқаспен байланысқаннан кейін ауырған, ауырғанына 2 күн болған. Тыныс алу жүйесін объективті тексергенде оң жауырыннан төмен дауыс дірілінің күшеюі, сол жерде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, зақымдалған өкпе аймағының үстінде әлсіргене везикулярлы тыныс және үнді дыбысты ұсақ көпіршікті сырылдар. Жалпы тәжірбиелік дәрігер қандай препараттар тобын тағайындау керек?




цефалоспориндердің ұрпағы

6

Әйел, 42 жаста, жалпы тәжірбиелік дәрігерге ентігуге, ұстама тәрізді жөтелге, тұншығу ұсатамаларына шағымданады. Симптомдар аптасына 1 реттен кем, айына 1 реттен көп мазалайды. Өршулер физикалық белсенділікті және ұйқыны бұзады. Түнгі симптомдар айына 2 реттен көп. ОФВ1 немесе ПСВ≥ 80% қалыптыдан, ПСВ көрсеткішінің айырмашылығы 20%-30%. Қандай зерттеу әдісі дәрігерге себептік-негізгі факторларды анықтауға көмектеседі?

Аллергиялық жағдайды бағалау

7

32 жастағы науқас қабылдауға кеудесінде дискомфортқа, таңертең пайда болатын жүректің мезгілдік шалыс соғуына шағымданып келді. Жалпы тәжірбиелік дәрігер науқаста вазоспастикалық стенокардияға күмәнданады. Диагнозды қандай инструменттік зерттеу әдісі дәлелдейді?

Тәуліктік ЭКГ мониторлау

8

Науқас Б., 63 жаста, ұзақ уақыт бойы диабетикалық нефропатиямен асқынған қант диабеті бойынша диспанесерлік тізімде тұр. Қандағы қанттың бақылаулы мөлшеріне қарамастан, тексеру кезінде артериялық қысымның 180/100 мм.с.б.б. Дейін жоғарлауы анықталды. Антигипертензивті препараттардың қай тобы науқаста таңдау препараты болып табылады?

ААФ ингибиторлары

9

Осы препараттардың тобы ST сегментінің көтерілуінсіз жедел коронарлы синдромда тек ауырсыну синдромының болуы мен САҚ>90 мм.с.б.б. Болғанда тағайындалады. Тамырішілк енгізу басқа формаларына қарағанда ангинозды ауырсынуды басу және ST сегментінің депрессиясының регрессиясында тиімдірек. Препараттың мөлшерін АҚ қатаң бақылауымен, стенокардия ұстамасы жойылғанша, ал артериялық гипертензиясы, жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда- АҚ қалыпқа келгенше немесе жағымсыз әсерлері пайда болғанша жоғарлатуға болады. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай перапарттар тобы жайлы айтылып тұр?

Нитраттар

10

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 37 жастағы науқас келіп отыр. Науқас жедел ревматикалық қызбаны басынан өткерген. Қосымша зертханалық-инстурментальды әдістері инфекциядан 1 ай өткеннен кейін формуланың солға ығысуымен лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарлауы, СРА пайда болуы, сиал қышқылы, фибриноген, α2 и γ-глобулиндер мөлшерінің жоғарлауы, антистрептокиназа >1:300, антистрептолизин >1:450 анықталды. Эхокардиографиялық зерттеуде қақпақша хордалары мен жармаларынан ЭХО-дабылдың қалыңдауы мен "жалбырлығы" , қақпақшаның артқы жармасының қозғалғыштығының шектелуі анықталды. Сіздің болжамды диагнозыңыз?

жүректің созылмалы ревматикалық аурулары

11

Жалпы тәжірбиелік дәрігер қабылдауында 44 жастағы М науқас жүрегіндегі кезеңдік шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, жүрек аймағында "тоқтап қалу мен шалыс соғу" сезіміне шағымданып отыр. 2 дәрежелі артериялық гипертензия, қауіп 3 диагнозымен диспансерлік тізімде тұр, базисті емді тұрақсыз қабылдайды. Жүрек-тамыр жүйесін тексергенде перкуторлы шекаралары солға ығысқан, аускультативті- үндері тұйықталған, ырғағы дұырс емес, ЖЖЖ 78-90 соққы/мин. Науқастың ЭКГ-на қарай отырып, сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

ж үрекшелер фибрилляциясы

12

Осы препараттар тобын кері көрсеткіштер болмаса ишемия симптомдары бар науқастарға ерте тағайындау ұсынылған. Дәрілік заттар айналымдағы катехоламиндердің миокардиальды әсерлерін конкурентті ингибирлейді және ЖЖЖ, АҚ және миокард жиырылғыштығын төмендету есебінен миокардпен оттегі қолдануын төмендетеді (дәлелділік деңгейі ІВ). Егер миокардтың жиырылғышы белгілі емес науқастарға ерте тағайындаудан бас тарту керек. Сонымен қатар коронарлы спазммен немесе кокаин қабылдаумен байланысты симптомдары бар науқастарға тағайындамаған жөн, өйткені олар β-жанама вазодилатацияға қарама-қарсы α-жанама вазоконстрикцияға ықпал ететін спазмға ықпал көрсетуі мүмкін. Жедел коронарлы синдромда тағайындалатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?

β-блокаторлар

13

27 жастағы әйел жүктіліктің 6-7 аптасында жасанды жолмен түсік жасату мақсатында келді. Екі апта бұрын ЖРВИ, ауыр ағымымен амбулаторлы ем қабылдаған. Әйел ҚР азаматшасы және тұрақты жұмысы бар. Оған қандай құжат берілу қажет ?

Уақытша жұмысқа жарамсыздық туралы қағазы

14

Жалпы тәжірбиелік дәрігер қай жағдайда науқасты ЭКГ-ға жолдайды және скринингтік қараудың нәтижелері бойынша қажет болса кардиологтың кеңесіне жібереді?

жүрек-қантамыр ауруларының екі немес одан да көп қауіп факторлары болса

15

Осы препараттар тобы өңештің төменгі сфинктерінің тонусын жоғарлатады, , асқазанның босауын стимуляциялайды, ас қорыту жүйесінің жұмыс үйлесімділігін жақсартады. Олар антисекреторлы препараттармен комплекстік ем құрамында тиімдірек. Препараттардың жаңа классын қолданған жөн, өйткені өз тобына сай жанама әсерлері жоқ (оның гематоэнцефалдық барьерден өту қабілетінің төмендігі экстарпирамидалық бұзылыстардың, гиперпролактинемия қауіпін төмендетеді, сонымен қатар цитохром-Р ферменттерімен байланыспағандықтан комплекстік ем кезінде дәрілік әрекеттесуден құтылуға мүмкіндік береді. Гастроэзофагальдырефлюкстік ауру мен ойық-жара ауруын емдеуде қолданатын, сонымен қоса амбулаторлық тәжірбиеде кең қолданылатын қандай препараттар тобы жайлы айтылып отыр?

прокинетиктер

16

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 25 жастағы науқас жүрегінің айну, ауызында жағымсыз дәм, омыртқаға таралатын төстің астындағы ауырсыну сезіміне шағымданып келіп отыр. Ауырсыну түнгі уақытты мазалайды, сондықтан науқас түнде тұрып, 1 стақан салқын сүт ішеді. Объективті: пальпацияда оң эпигастральды аймақта ауырсыну, Мендель симптомы оң мәнді. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

12-елі ішектің ойық жара ауруы

17

Ер адам А., 39 жаста, әлсіздікке, басының ауырсынуына, жүрек тұсында, бұлшықеттерінде ауырсыну сезіміне, аяқтарында, қолында және бетінде ісінуге, кейде ішінің өтуіне шағымданып келді. Анамнезінен соңғы жарты жылда 8 кг арықтағаны, кезеңдік өршуімен жамбас сүйегініңсозылмалы остеомиелиті бар екені белгілі болды. Науқастың қолында құрсақ қуысы мүшелерінің және бүйректің УДЗ қорытындылары- үлкейген, тығыздалған бүйрек анықталады (үлкен майлы бүйрек). Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Екіншілік амилоидоз, созылмалы инфекциямен байланысты

18

Антигипертензивті препараттардың қай тобы созылмалы бүйрек ауруы бар науқастарда кардио-васкулярлы жағдайлардың алдын алу үшін тағайындалады?

тиазидті диуретиктер

19

Ер адам, 29 жаста, аяқ буындарының ауырсынуына, субфебрильді температураға, тәбетінің болмауына, соңғы 1 айдыі ішінде 4 кг арықтауына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Анамнезі ерекшеліксіз, екі ай бұрын цистике байланысты емделген. Қарау кезінде- тізе, оң жамбас-сан және балтыр-табан буындарының симметриялық емес артриті. Қан анализінде- шамалы лейкоцитоз, аздаған анемия, зәр анализінде аздаған протеинурия, зәр шөгіндісі ерекшеліксіз. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

реактивті артрит

20

Ер адам, 47 жаста, ұзақ уақыт бойы ревматологтың диспенсерлік тізімінде тұр. Буындарының ауырсынуы мен ісінуіне, көбіне білезік буыны, осы буында қозғалыстың шектелуі, жалпы әлсіздікке шағымданады. Қарау кезінде: симметриялық полиартрит, бір уақыттта бір саусақтың 2-3 буыны зақымдалған, осы буындарда тырнақтарының көлденең иректелуі. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

псориаздық артрит

21

Емханадағы жалпы тәжірбиелік дәрігерге 55 жастағы науқас Д келді. Сұрау кезінде мына шағымдарды айтады: тізе, табанның І табан сүйек-бақайшақтар, білезіктің дистальды фалангаралық буындарында ауырсыну, тізе буынының кеәде ісінуі. Науқастың айтуы бойынша көп жылдар бойы ауырады. Қарау кезінде жоғары тамақтанатын науқас екені анықталды. Өкпесінде везикулярлы тыныс. ТЖ минутына 19 рет. Жүрек үндері дыбыссыз. ЖЖЖ 86 соққы/мин. Оң қолындағы АҚ 170/100 мм.с.б.б. Сол қолындағы АҚ 160/100 мм.с.б.б. Бауыры пальпацияланбайды. Status localis:тізе буыны үлкейген, қозғалыста "дөрекі сықыр". Сан бұлшықеттерінің аздаған атрофиясы. Тырнақ фалангаларында "Геберден түйіндері" бар. Жалпы қан анализінде- Нв- 120 г/л, эритроциттер- 4 х1012; лейкоциттер- 5,4 х 109; СОЭ- 23 мм/сағ; СРБ - оң. Рентгенологиялық: субхондральды остеосклероз, буындық саңылау тарылған. Болжамды диагноз қандай?

остеоартроз

22

Бала 9 жаста. 2 жастан бастап "обструктивті брохит" диагнозы қойылғаннан бастап ауырады. Кейін бұл ауру 2-4 айда бір рет кезеңділікпен қайталанып отырды. 2 жастан бастап тұншығу ұстамасы байқалады. Соңғы 2 жылда ұстамалар жиілеген (аптасына бірнеше рет). Бала үйде оқытылады. Сыртқы тыныс қызметін тексеру: бронхиальды өткізгіштіктің обструктивті тип бойынша тұрақты бұзылысы. ПСВ-50%, вентолинмен сынама әрдайым оң мәнді. Бронхиальды өткізгіштіктің тәуліктік өзгерісі 30%. Диагноз құрастырыңыз:

персистирлеуші бронх демікпесі, ауыр дәреже

23

Отбасылық-дәрігерлік амбулаторияға 5,5 айлық бала келді. Күнтізбе бойынша екпе алған. Бірақ баланы объективті тексеруде БЦЖ-дан кейін тыртық қалмаған. ЖТД балаға қайтадан екпе жасайды ма және неге?

6 айға дейін екпе жасауға болады, бірақ арнайы Манту сынамасынан кейін, өйткені қайталамалы екпе туберкулез ауруына әкелмейді

24

Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 1 жастағы гипертермиямен балаға шақырды. Жедел ауырды, ЖРВИ-мен ауыратын ағасымен байланыстан кейін. Бала мазасыз, қолы мен аяқтары суыз, денесі ыстық. Бір апта бұрын екпе күнтізбесіне сай екпе жасалған. Қарау кезінде баланың температурасы 38,9 С. Диагнозды және парацетамолдыі бір реттік мөлшерлемесін анықтаңыз:

"Ақ" гипертермия, парацетамол мөлшері: 100мг-150мг

25

6,5 айлық балада психомоторлы дамудың артта қалуы. Ата-анасы екі ағайынды ағасы мен қарындас. Олардың шашы қара, көзі көгілдір, терісі ақ. Қыз бала сирек былдырлайды, отырмайды, еңбектемейді, тістері жоқ. Аллергодерматоз белгілері анық. Рахимт белгілерінің болмауына қарамастан бала тез терлейді. Тері арнайы "тышқан" иісті. Анасының айтуы бойынша балада туылғаннан бастап іш қатуға бейімділік. Анамнезінде 2 рет тырысу синдромымен ЖРВИ. Феллинг сынамасы оң мәнді. Сіздің диагнозыңыз:

Фенилкетонурия, типті түрі, жеңіл дәрежесі

26

Дәрігердің қабылдауына 5 жастағы қыз бала келді. Анасының айтуынша, қайталамалы немесе өнімсіз жөтел, түнгі уақытта күшейеді немесе дистанциялық сырылдармен және тыныс алудың қиындауымен жүреді. Жөтел физикалық жүктемеде, күлкіде, жылағанда немесе темекі түтінімен байланысқанда қазіргі уақытта респираторлы инфекция болмаса да пайда болады. Дәрігер науқаста бронх демікпесіне күмән тудырды. Осы жастағы науқастарда бронх демікпесін диагностикалаудың негізгі шарттары қандай?

аллергиялық аурулары бойынша қолайсыз анамнез

27

Жалпы тәжірбиелік дәрігерді 2 күн бойы ауырып жатқан 7 жастағы балаға шақырды. Температура 38,5С. Дененің барлық бөлімдерінде гиперемия, анық ұсақ нүктелі бөртпе. Мұрын-ерін үшбұрышы бозарған. Аңқасында ашық гиперемия, бадамшалараында ақшыл-сарғыш шөгінді. Тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек үндері тұйықталған. Ақ дермографизм. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Псевдотуберкулез

28

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауында 8 жастағы қыз бала отыр, балабақшаға барады. Анасының айтуы бойынша көбіне түнгі уақытта болатын перианальды қышынуға, ұйқысының бұзылуына, басыныңы ауырсынуына, қозғыштыққа, тәбетінің болмауына, ішінің ауырсынуына, соңғы 3-4 күн бойы шырыш аралас сұйық нәжіске, жыныс мүшелерінің аймағында қышу, ашу сезіміне, зәр шығарудың жиілеуіне шағымданады. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Энтеробиоз

29

Жалпы тәжірбиелік дәрігердің қабылдауына 8 жастағы ұл бала келді. Шағымдары жоқ. Алдын алулық рентгенографиядан кейін жолданған. Рентгенограммада өкпеде пневмонпиялық ошақ және лимфангоит, регионарлы кеудеішілік лимфа түйіндерінің зақымдалуы. Сіздің болжамды диагнозыңыз қандай?

Біріншілік туберкулездік комплекс

30

Бейінді мамандар мен лабораторлы-диагностикалық әдістердің қорытындысын есепке ала отырып, педиатрдың, жасөспірімдер дәрігерінің, жалпы тәжірбиелік дәрігерлердің скринигтік тексеруінен кейін балалардың денсаулық жағдайын "дені сау топты" анықтаумен комплексті бағалау жүргізілдуде. Денсаулықтың үшінші тобына қандай балалар тобы жатады?

компенсация жағдайындағы созылмалы аурулары бар, организмнің қызметтік мүмкінділіктері сақталған балалар



серозды менингит


төменкалориялы диета

104

Паллиативті науқастарда іш қатуды емдеуде қай дәрілік заттарды белгілеген дұрыс?

метоклопрамид

105

Мамандандырылған паллиативті көмек қызметіне жатады:

стационарлы хоспистар

106

Қан кетудің қандай сипаты сыртқы артериальды қан кетудің белгісі

Жылдам және атқылаған қан ағу

107

Клиникалық өлімнің нақты белгісі болып саналады

Ұйқы артериясында пульстің болмауы

108

42 жастағы ер кісіні 2 жыл көлемінде тез жүргенде пайда болатын, сол қол мен жауырынға берілетін, тыныштықта басылатын төс артындағы қысып ауыратын ауру сезімі мазалайды. Жағдайының нашарлауын түнгі кезекшілік пен шаршаумен байланыстырады. Об-но: АҚҚ 140/80 мм.с.б. Жүрек тондары анық,ритмді. ЖСД-72 ретмин. Велоэргометриялық сынама физикалық жүктемеге төзімділіктің жоғары екенін көрсетті. Аталған диагноздардың қайсысы БАРЫНША болуы мүмкін?

Тұрақты күштемелі стенокардия ФК I

109

Өкпе ісіну кезіндегі эффективті көмек көрсету

науқасты ортопноэ позициясына келтіру, санға және 1 қолдыға қысқыштарды пульстің жоғалуына дейін қою

110

Ересектің эффективті компрессиясын жасау үшін, минутына жиілігі

100-120 мин

111

Науқастың жөтелген кезінде алқызыл қақырықтың бөлінуі қандай жағдайда болады

өкпеден қан кету

112

Дифференциалды диагноз қоюға мүмкіндік беретін диагностикалық зерттеуді анықтаңыз. Баланың 6 жыл бойы ауырғаны, әлсіздігі, іштің ауырсынуы, жүрек айнуы, құсу, шулы тыныс алу, ацетонның иісі:

Қандағы қант мөлшерін анықтау

113

Глазго шкаласы бағалауға қолданылады:

жабырқаулы ес деңгейін

114

Жүрек бұлшық етінің некрозының негізгі ЭКГ белгісі болып табылады:

кең және терең Q тісшесі

115

Сірке қышқылымен жедел улануда асқазанды жуатын ерітінді:

таза су

116

Егде жастағы науқаста кенеттен төс артында өткір ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы туындады. Сәл кейін инспираторлы ентігу және терінің бозаруымен үлескен диффузды цианоз туындады. Визуалды түрде эпигастралды аймағында патологиялық пульсация анықталды. Перкуторлы анықталады – жүректің оң жақ шекарасының кеңеюі, аускультативті- ІІ үн екпіні және өкпе артериясының үстінде екіге бөлінуі. Науқаста туындаған жағдайды теңестіруге болады:

жіті коронарлы синдром

117

Науқас 45 жас мол дастарханды отырыстан кейін түнде қыжыл мазалаған, таңертең көп мөлшерде қан аралас құсу, айқын әлсіздік пайда болған. 5% глюкоза ерітіндісімен инфузионды терапия жасалып, жедел көмек бригадасымен алып келінген. Объективті: жағдайы ауыр, тері жабындылары құрғақ, бозғылт, телеангиоэктазиялар, алдыңғы құрсақ қабырғасының веналарының ұлғаюы, аздаған асцит салдарынан іштің ұлғаюы, бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Көлемі 0,5 л дейін қоңыр қан ұйындылары түрінде құсық массалары. АҚҚ 100/70 мм с б.б. Гемоглобин 88 г/л. Қандай күттірмейтін шұғыл жағдайлар жасау керек?

ФЭГДС және эндоскопиялық склерозирлеу, окреотид

118

Науқас Л., 67 жаста, стационарға бақшадағы жұмыстан кейін пайда болған кеуденің артындағы тұрақсыз ауырсынуға, мойын аймағынажәне төменгі жақсүйекке берілетініне, өткір әлсіздікпен ұштасатын, суық тер шығатынына шағымданып келді. Анамнезінен: 2 жыл бұрын алғаш рет артериялық қысымның 220/100 мм. с. б. дейін жоғарылауы тіркелді, емделмеген. 15 жыл бойы күніне 20 темекі шегеді. Қарау кезінде: жағдайы орташа ауырлықта, ерін цианозы. Өкпеде-сырылдар жоқ, ТҚЖ минутына 24. Жүрек тондары тұйықталған, систолалық шу және қолқа үстінде 2 тонның екпіні, тахикардия, АҚ 110/70 мм с.б.., пульс 120 минутына, ырғақты. ҚЖТ: эритроциттер 4,8x1012/л, лейкоциттер 16,2х109/л, СОЭ 10 мм/сағ. Сіздің алдын ала диагнозыңыз:

жіті миокард инфаркт

119

62 жастағы науқас жалыннан күйік алды. Клиникада: эпидермистің зақымдалуы және бөліктік терінің ішкі қабатының зақымдалуы терінің қызаруымен көрінеді, ісіну, серозды сұйықтықпен толған бірнеше көпіршіктердің пайда болуы. Көпіршікті алғанда ылғалды жылтыр немесе алқызыл қабат көрінуде, температураның өзгеруіне, ауа қозғалысына, ақырын сипауға жоғары сезімталды. Жоғарыда айтылғандар күйіктің қай сатысына жатады?

күйіктің ІІ сатысы

120

54 жасар ер адам шұғыл түрде жеткізілді, жүрек айну, эпигастрийде ауру сезімі. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ – 98 рет мин. АҚ– 90/60 мм сб.б. ЭКГ: Төменде аталған шаралардың қайсысы БАРЫНША оңтайлы ?

провести коронарографию

121

65 жастағы әйел, АҚ 195/110 мм сб.б. жоғарылауы кезінде сөйлеу қабілетінің бұзылуы пайда болып - бірден сөйлемей қалды. Неврологиялық статуста: есі анық, қарашықтары D=S, оң мұрын еріндік қатпары тегістелген, моторлы афазия, Бабинский симптомымен бұлшықеттік тонус және сіңірлік рефлекс жоғарылауымен оң жақты гемипарез . Төмендегі диагоздардың қайсысы БАРЫНША мүмкін болып табылады?

ишемиялық инсульт