Файл: Білім беру саласы Таным Бліміарапайым математикалы ымдарды алыптастыру Таырыбы Та,кеш,кн,тн.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 21

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Білім беру саласы: Таным

Бөлімі:Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру

Тақырыбы:  «Таң,кеш,күн,түн»

Мақсаты: Тәулік бөліктерін бекіту: таң, кеш, күн, түн.Балаларға ересектер мен балалардың іс - әрекеттерінің мазмұнының өзгеруі бойынша тәулік бөлігін үйрету, дұрыс ажыратып атай білуге машықтандыру. Тәулік бөлігіне арналған дидактикалық ойыны арқылы балалардың есте сақтауы мен танымдық қабілетін дамыту.

Білімділігі: Балаларды күн тәртібі кестесімен таныстыру.
Дамытушылығы: Жаңа сөздер арқылы сөздік қорларын молайту. «Таң атты», «таңертең», «күн шықты», «түс кезі», «бесін», «кеш», т.б. ұғымдарды меңгерту.

Тәрбиелілігі: Уақытты дұрыс үнемдеуге тәрбиелеу. 
Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, сұрақ-жауап, көрсету, сергіту, ойын, жұмбақтар.

Көрнекілігі: Тосын сәт, суреттер, әр балаға тәулік бөліктері салынған суреттер, шар.

Қос тілділік: Таңертең-утро, күндіз-днем, кеш-вечер, түн-ночь.



Іс – әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс – әрекеті

Балалардың іс - әрекеті


Мотивациялық

қозғаушылық


Шаттық шеңбері:

Бақшамызға барғанда.

Жолыққан бар жандарға,

Ертемен ақ пейілмен.

«Қайырлы таң» деймін мен,

Күндіз де елді елеймін.

«Қайырлы күн»тілеймін,

Үйге кешке келемін.

Не дерімді білемін,

«Кеш жарық» деп кіремін!

Жарайсыңдар,балалар.Бүгін бізге көптеген апайлар келіп отыр екен.Сендердің оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықтарыңды, байқауға, білімдеріңді көргелі келіп отыр.Ендеше жақсы көңіл күймен оқу іс-әрекетімізді бастайық!


Балалар шаттық шеңберін құрып, көңілді күйде өлең жолдарын тәрбиешімен бірге қайталап қимылмен орындайды.


Ұйымдастыру – іздестіру


Балалар, мен сендерге құр қол келген жоқпын, мына шарларды ала келдім.

Бұл шарлардың түстері әртүрлі.
Бұның ішінде қызықты тапсырмалар жасырынған екен?

Біз оны оқу үшін шарларды таңдап аламыз,сосын жарып ішіндегі сұрақтарға жауап береміз.

1.Жұмбақ шешу

Жаңылмастан жетеуі

Кезек қызмет етеді.

2.Балалар бір сәт ойланып көрейікші. Бізге жылу сыйлап жарық беріп тұрған не деп ойлайсыңдар?

3.Заттың санын цифрмен сәйкестендіру.(Үлестірмелі материалдармен жұмыс)

4.Логикалық есептер

1.Дүкеннен анам 2 допты алып келді,оның біреуін ініме бердім.Менде неше доп қалды?

2.Қоянда неше құлақ бар?

3.Себетте 2 алма,табақта 3 алма қосқанда барлығы болады неше алма?
Тосын сәт:

Есіктен Тапқышбек кіреді,қолында конверті бар.

Таптым,таптым!

Сәлеметсің бе,сен кім боласың?

-Мен Тапқышбекпін! Мен математика патшалығынан келдім. Мен сендердің білімдеріңді тексергелі келдім.

Мына конверте сұрақтар мен тапсырмалар бар.

Тәрбиеші балаларға конвертті ашып, ішіндегі тапсырмаларды оқып береді.
1-тапсырма.Мен сендерге жұмбақ жасырайын, сендер жауабын табыңдар.

Жартысы жадыратып нұр себеді,

Қалғаны қара мақпал бүркенеді.

- Ол не екен?

Кім біледі?

2-тапсырма.

1-ден 5-ке дейін санау «үш тілде»

3-тапсырма.Сендер үлкендер мен балалар таңертең, күндіз, кешке, түнде немен айналысатынын білгілерің келе ме?

4-тапсырма. «Сөздікойын»

Тәулікбөліктерітуралы.

-Бізтүндеұйықтаймыз, алжаттығуды, .... жасаймыз.

-Таңғыастытаңертең, алтүскіасты,.... ішеміз

-Кешкекешкіастыішеміз, ал .... ұйықтаймыз.

-Ал ендібалалар, тәуліктіретіменатапкөрейікші.

Тәрбиеші:- Тапқышбек бүгін біз тәулік туралы әңгіме қозғағалы жатыр едік, сен дәл келдің.

Сен біздің балалардың әрі қарай білімін білгің келсе отыра ғой.

Бір тәулікте төрт мезгіл болады. Олар: таңертең, күндіз, кеш, түн деп аталады.

Я, балалар, күн ұясынан шығып,таң атып келе жатқан уақытты «таңертең» деп атаймыз.

- Қане, «таңертең-утро» деп қайталайық.

- Қараңдаршы таң көкжиектен атып келе жатқан сияқты күн шығып келеді. (жартылайкүн).

- Таңертең балабақшаға келеміз.

- Балабақшада не істейміз?

  Күн жылжып толығымен ортаға шығады.

- Қараңдаршы, күн бірорындатұрмайды екен, жайлап жылжып келе жатқан сияқты. Күн толық аспанға көтеріліп бізге бар сәулесін шашып тұр.

- Міне, бұл кезді біз «түс» дейміз немесе «күндіз» дейміз.

Балалар, күнді біз толығымен көріп тұрмыз ба? Күн қайдатұр? Күннің пішіні қандай екен?

Ал жиегіндегі күннің шуағы қандай пішінге ұқсас?

Балалар күн аспанда нешеу екен? 

Ал бізгешашатыншуағы аз ба, әлдекөппеекен?

- Ал күндізсендер не істейсіңдер?
Сергіту сәті:

Таңертең тұрамын,
Бетімді жуамын.
Тісімді тазалап,
Шашымды тараймын.
Киімімді киемін,
Бақшаға келемін
Мен әдепті баламын.

- Балалар қараңдаршы күн жылжып төмен түсіп келеді,яғни ұясына батуға жақындап қалыпты. Біз бұл мезгілді «кешкі мезгілі» деп атаймыз.

- Балалар біз кешке не істейміз?

Ал енді міне күн ұясына батты.Бұл мезгілді «Түн» дейміз.

-Түнде аспаннан нені көреміз? Айдың жанында нелер бар? Ал жұлдыздар көппе,әлде аз ба? Олай болса бәріміз тәтті ұйқыда боламыз. - Міне, балалар тәулік бөліктерімен таныстық.

Тәрбиеші: Тапқышбек балалар сенің тапсырмаларыңды дұрыс орындады ма, сұрақтарыңа жауап берді ме, көңілің толды ма, біздің балаларға.

Тапқышбек: Өте білімді балалар екенсіңдер.

Балалар, енді «Бұл қашан болады?» ойынын ойнаймыз.

Ойын шарты: Тәулік бөлігіне байланысты әр түрлі суреттерді ажыратып қойып шығу.

(Алдымыздағы өзіміздің іс-әрекетіміз бейнеленген суреттерімізді қойып шығамыз).

Балалар шарды таңдайды, себебін айтады.

 

Апта күндері

Күннің көзі

 

 

 

 

 

Бір
Екі
Бес.

Сәлеметсіз бе!

Балалар таңырқай қарайды

Тәулік
1,2,3,4,5


Таңертең үлкендер жұмысқа, ал балалар мектепке, балабақшаға барады. Күндіз үлкендер жұмыс істейді, ал балалар сабақ оқиды, кешке бәрі демалады, ал түнде ұйықтайды

Таңертең, түс, кеш, түн.


 

 

таңертең, күндіз, кеш, түн
 
Таңертең-утро

Таңғы жаттығу жасаймыз,таңғы ас ішеміз,ойнаймыз,серуендейміз

Көп екен.
Ойнаймыз,серуендейміз


Тәрбиешінің соңынан іс-қимылмен орындайды

Кеш

Кешке ата-анамыз балабақшадан алып кетеді.

Түн.
Ай,жұлдыз.

Жұлдыздар аспанда көп



Рефлексифті – түзетушілік

Ал, балалар Тапқышбекпен қоштасайық.

- Тәулік бөлігімен танысып,оларды атай білдік пе?

- Қонаққа бізге кім келді?

Тапқышбектің тапсырмаларын орындадық па?

Ойын сендерге ұнадыма?

Балаларды күн бейнесімен бағалау.

Тапқышбекпен қоштасады.

 Сұрақтарға жауап береді.

    Тапқышбек

Орындадық.

Ұнады.




Күтілетін нәтиже:

Біледі: Тәулік бөліктерін дұрыс атауды біледі
Үйренеді: Ойын мазмұнына сәйкес суреттерді топтастыруды үйренді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тәулік бөліктеріне байланысты іс - әрекеттерді ажырата алуы