Файл: Оушылара алашы медициналы кмекті пратикалы дадысын алыптастыру.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 69

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
АнықтамаАғымдағы жылдың 13 сәуірінде № 48 Жалпы орта білім беретін мектебінің 4 «Б» сыныбында « ЖАРАҚАТ КЕЗІНДЕГІ АЛҒАШҚЫ КӨМЕК» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді,сынып жетекшісі Слатаева Б.Е. Мақсаты :

  1. Оқушыларға жарақат алған кезде көрсетілетін алғашқы көмектің негізгі әдіс-тәсілдерімен таныстыру

  2. Оқушыларға алғашқы медициналық көмектің пратикалық дағдысын қалыптастыру

  3. Достыққа , адамгершілікке , біріне-бірі көмек беруге тәрбиелеу
Тәрбие сағатына СӨСҚО дәрігері Сағындық А.М. мектеп медбикелері Х.Бабатова және К. Джазбакова ,бастауыш сынып меңгерушісі Г.Ж.Омарова қонаққа келді .Сабақтың барысында « Тілек тамшысы» әдісі арқылы

  1. Күн тәртібі

  2. Дұрыс тамақтану

  3. Жолда жүру ережесі

  4. Жарақат түрлері

  5. Тілектер туралы балалар өз ойларын айтып өтті.
« Топтастыру» әдісі арқылы «Жарақат алудың түрлерін». Қандай жарақат түрлері бар екенін атап айтып өтті.Сабақ барысында Алғашқы көмек дегеніміз не? Жарақаттану қандай түрлерге бөлінеді . Жарақатттардың белгілері . Алғашқы көмек көрсету түрлері түсіндірілді.Жарақаттанудың алдын алу шаралары түсіндіріліп «Болады-болмайды» әдісі арқылы балаларға сұрақтар қойылып, жедел жауаптар алынды. «Жедел жәрдем» ойыны арқылы алғашқы көмек беру әдісін меңгерту мақсатында сыныпты 3 топқа бөлу арқылы ойнатылды.

  1. Бас жарылғанда.

  2. Шынтақ сіңірі созылғанда.

  3. Тізе терісінің сыдырылуы , кезінде қандай алғашқы көмек көрсетілу керектігін практикалық түрде көрсетті.
Олардың жауабын мектеп медбикесі Джазбакова К тыңдап, толықтырып , түсіндіріп , көрсетіп өтті. Қорыта келе. Бүгінгі тәрбие сағатында алғашқы көмек көрсетудің принциптері мен оқыс жағдайда зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетудің жолдарымен танысты . № 48 ЖОББМ директоры: Б. АхметбековДТІЖО: А. Барлыбаева