Файл: Маал мтелдер (жаттау).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 19

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Мақал –мәтелдер: (жаттау)

Атаңа не қылсаң,... (алдыңа сол келер.)
Туған жердей жер болмас... (туған елдей ел болмас.)

Батыр туса – ел ырысы,... (жаңбыр жауса – жер ырысы.)
Екі жақсы қас болмас,... (екі жаман дос болмас.)
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді,... (алтау ала болса, ауыздағы кетеді.)
Әдепті елдің баласы,... (алыстан сәлем береді.)
Ұяда не көрсең... (ұшқанда соны ілерсің.)
Жақыныңды жаттай сыйла,... (жат жанынан түңілсін.).

Кітап – білім бұлағы,…. (білім – өмір шырағы)

Жері байдың –… (елі бай)

.Батыр туса-ел ырысы, …..(жаңбыр жауса жер ырысы).

Әдепті бала — арлы бала……(Әдепсіз бала –сорлы бала).

Еңбек етпесең, елге өкпелеме,……(Егін екпесең ,жерге өкпелеме).

Қыз өссе- елдің көркі……( гүл өссе жердің көркі)

Мектеп-кеме……( білім теңіз)

 Ақыл – азбайтын тон,…. (білім – таусылмайтын  кен)

Досы жоқ адам-,… (тұзы жоқ тағам)

Досы көпті жау алмайды,… (ақылы көпті дау алмайды)

Еңбектің наны тәтті,… (жалқаудың жаны тәтті)

Бірлігі жоқ ел тозады –… (бірлігі күшті ел озады)

Бірлік болмай, …… (тірлік болмас).

Ырыс алды,……. (ынтымақ).

Ердің атын……. (еңбек шығарады).

Көп сөз-күміс……(аз сөз алтын)

Отан үшін……(отқа түс-күймейсің)

Жолдас қадірін жорықта білерсің,… (дос қадірін соғыста білерсің)

Қына тасқа бітеді… (Білім басқа бітеді).
Оқусыз білім жоқ… (Білімсіз күнің жоқ).
Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да… (Қарызыңды өтей алмайсың)
Туған жердің қадірін…(Шетте жүрсең білерсің).

Оқу білім азығы…(Білім ырыс – қазығы).
Ананың сүті- бал… (Баланың тілі- бал).
Ұлдың ұяты әкеге…(Қыздың ұяты шешеге).

Судың да ( сұрауы бар.)

Көз қорқақ, (қол батыр.)
Өнерлінің қолы алтын,.... (өлеңшінің сөзі алтын)
Еңбек етсен ерінбей,... (тояды қарның тіленбей)
Отан - қуат... (Отбасы - шуақ)
Ұланы бар елдің... (ұраны бар)
Болат қайнауда шынығады... (батыр майданда шынығады)
Білген кісі тауып айтады,... (білмеген кісі қауып айтады)
Мың малын болғанша,... (бір балан ғалым болсын)
Ер жігіт ел үшін туады... (ел үшін өледі)
Білекті бірді жығады,... (білімді мыңды жығады)
Атаңның баласы болма,.. (адамның баласы бол)
Әдептілік белгісі... (иіліп сәлем бергені)
Қыз өссе елдің көркі,... (гүл өссе жердің көркі)
Жері байдың... (елі бай)
Жақсыдан үйрен,....(жаманнан жирен)
Ердің атын... (еңбек шығарады)
Отыз екі тістен шыққан сөз, (Отыз рулы елге тарайды.)
Көзің ауырса – қолыңды тый, (Ішің ауырса – ауызыңды тый.)
Тау мен тасты су бұзар,(Адамзатты сөз бұзар.)
Ұстазы жақсының (ұстамы жақсы.)

Арпа, бидай ас екен,(Алтын, күміс тас екен.)

Ел боламын десең (бесігіңді түзе.)

Бала тілі- (бал).

Жақсыдан үйрен,(жаманнан жирен.)
Не ексең (соны орасың. )

Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі, жамандыққа жақсылық (ер кісінің ісі)

Аш бала, тоқ баламен ойнамайды. (Тоқ бала, аш болам деп ойламайды. )

Ұста пышаққа жарымас, (Етікші етікке жарымас. )

Біреу тойып секіреді,( Біреу тоңып секіреді. )

Батыр туса ел ырысы (Жаңбыр жауса жер ырысы)

Балықшы балықшыны (алыстан таниды.)

Өтірік (өрге баспайды.)

Қанағат қарын (тойдырады. )

Балалы үйде (өтірік жатпайды.)

Өзге елде сұлтан болғанша,(өз еліңде ұлтан бол )

Айтылған сөз (атылған оқпен тең. )

Ақылы көпті дау алмайды,( досы көпті жау алмайды. )

Жігітке жеті өнерде (аз болады.)

Алыстағы туыстан (жақындағы көршің артық.)

Әке көрген оқ жонар, (шеше көрген тон пішер )

Жылтырағанның бәрі (алтын емес. )

Дос жылатып айтады, (дұшпан күлдіріп айтады. )

Үндемеген (үйдей пәледен құтылады. )

Қоянды қамыс өлтіреді, (жігітті намыс өлтіреді. )

Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар. )

Денсаулық (зор байлық.)

Ананың көңілі балада, (Баланың көңілі далада. )

Атадан ұл қалса, өзі қалғаны, (Қыз қалса, ізі қалғаны. )

Құс балапаны үшін торға түседі, (Ата баласы үшін азапқа түседі.

Әкесін сыйламаған кісіні, (Баласы сыйламайды.)

Әке отырып, ұл сөйлегеннен без, (Ана отырып,қыз сөйлегеннен без. )

Жақсы әке (балаға қырық жыл азық. )

Садақаны (сауыңда бер)

Сын түзелмей- (Мін түзелмес.)

Аяз әліңді біл, (Құмырсқа жолыңды біл. )

Жел тұрмаса, (шөптің басы қимылдамайды. )

Аузы күйген –(үріп ішер.)

Сөз-сүйектен өтер, (Таяқ еттен өтер. )

Өзім білем –(өрге апармас. )

Сағынған елін аңсайды, (Сары ала қаз көлін аңсайды. )

Мағжан Жұмабаев. Мен кім?

Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
 Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
 Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
 Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
 Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын,
 Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
 Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
 Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.
 Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
 Түлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
 Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
 Көз қырымен күліп қана қарармын.
 Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
 Надан адам өлім жоғын білмейді.
 Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би,
 Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
 Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда,
 Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда.
 Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!
 Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!
 Өзім - тәңірі, табынамын өзіме,
 Сөзім - құран, бағынамын сөзіме!
 Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
 Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!

Сұлтанмахмұт Торайғыров

Шәкірт ойы

Қараңғы қазақ көгіне,
Өрмелеп шығып, күн болам!
Қараңғылықтың көгіне,

Күн болмағанда, кім болам?
Мұздаған елдің жүрегін,
Жылытуға мен кірермін!
Еңбек, бейнет тарауы
Рақатқа сарқылар.
Қыздырып күннің қарауы
Надандық теңізі тартылар.
Орны отайып көгерер,
Қызығын жайлап ел көрер.

Фариза ОҢҒАРСЫНОВА

Туған жер

О, туған жер, кең пейіл, құшағың кең,

Саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.

Сағынышымды қанат қып саған қарай

Балапандай талпынып ұшамын мен.

 

Алақаны анамның – топырағың,

Сендік махаббатымның оты жалын.

Сені қалай сүюдің керектігін,

Мен ешқандай кітаптан оқымадым.

 

Сенде, тас та қастерлі, аспан да алау,

Сенде жанды тербетер дастан бар-ау.

Менің мынау өмірге құштарлығым

Сені жақсы көруден басталған-ау.

Кешірме сен

Жат қылықпен жаныңды жараласам,

Бар сырымды бүкпесіз саған ашам.

Мен ел кезіп кетермін отансыздай,

Үмітіңді ақтауға жарамасам.