Файл: Реферат Таырыбы азастан Республикасыны алдын ала тергеу жне анытау органдарыны жйесі Павлодар . 2022ж.docx
Добавлен: 25.10.2023
Просмотров: 15
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстан Республикаының Оқу ағарту министрлігі
КЕ АҚ “Торайғыров университеті”
Реферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі
Павлодар қ. 2022ж
Қазақстан Республикасының алдын ала тергеу және анықтау органдарының жүйесі
Мемлекетімізде қоғамдық тәртіптің сақталуын, сондай-ақ істелген қылмыстарды анықтау олардың жойылуын қамтамасыз ететін құқық қорғау органдары бар. Олар: анықтау, алдын-ала тергеу органдары және жедел-іздестіру қызметтері болып табылады.
Қоғамда болып жатқан қылмыстарды анықтау және тергеу осы арнайы уәкілеттілік берілген мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады. Олардың атқаратын функциялары болып мыналар табылады:
1) Қоғамға қауіпті әрекеттер немесе әрекетсіздектер туралы мәліметтер алу;
2) Қылмыс оқиғасы мен құрамын анықтау;
3) Қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу;
4) Қылмыспен келтірілген зауалды өндіру және шаралар қабылдау;
5) Қылмыс жасауға ықпал еткен себептер мен жағдайларды анықтау;
6) Жеке адамның өмірін, денсаулығын, құқықтары мен бостандықтығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қылмыстық қол сұғұл тан қорғау.
Осы анықтау, алдын-ала тергеу және жедел-іздестіру қызметінің міндеттеріне мыналар жатады:
1) Қылмыс жасаудың мән-жайларын анықтау;
2) Кінәлі адамдарды әшкерлеу;
3) Соттар қылмыстық істердімқарау үшін дәлелдемелерді жинау;
4) ҚР-сы Қылмыстық Кодексінің 2-бабына сәйкес ең негізгі міндетті адамның және азаматтың, құқықтары мен бостандықтарын меншікті қоғамдықтардың беп қауіпсіздікті қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және аумақтық тұтастықты қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғулушыктан қорғау, адамзат әлемі мен оның қауіпсіздігін түзету сондай-ақ қылмыстардың жолын кесу болып табылады.
Жалпы қылмыстарды тергеу 2 нысанда ж.а.:
Анықтау қызметі;
Алдын-ала тергеу қызметі.
Аталған екі қызметте ҚР-ның қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын қатаң сақтау арқылы ж.а-уы тиіс. ҚР-сы қылмыстық іс жүргізу кодексінің 192 бабына сәйкес алдын-ала тергеу органына мыналар жатады:
1) ҚР-ның ІІМ;
2) Ұлттық қауіпсіздік комитеті;
3) Қаржы полициясы жүйесіндегі тергеу органдары және олардың бөлімшелері.
Осы аталған органдарындағы қылмыстық істер бойынша тергеуді жүзеге асырылатындары тергеушілер деп аталады. ҚІЖК-нің 64 бабына сәйкес тергеуші деп өз құзыреті шегінде қылмыстық іс бойынша алдын-ала тергеуді жүзеге асыруға қәмілеттілік берілген лауазымды адамды айтамыз.
Анықтау қызметі кылмыстың сипатына қарай анықтау органдарына:
1) заңмен белгіленген құзыретіне сәйкес қылмыстың белгілері мен оларды жасаған адамдарды табу, қылымыстардың алдын алу және жолын кесу мақсатында қажетті қылмыстық іс жүргізу және жедел-іздестіру шараларын қолдану;
2) алдын ала тергеу жүргізу міндетті істер бойынша осы Кодекстің 200-бабында көзделген тәртіппен қылмыстық іс жүргізу және жедел-іздестіру әрекеттерін орындау;
3) осы Кодекстің 37-тарауында көдделген тәртіппен алдын ала тергеу жүргізу міндетті емес істер бойынша анықтау;
4) осы Кодекстің 288-бабының 3-бөлігінде көзделген жағдайлардаалдын ала тергеу жүргізу жүктеледі.
Мыналар анықтау органдары болып табылады:
1) ішкі істер органдары;
2) ұлттық қауіпсіздік органдары;
3) сотты құрметтеуге және сот шешімдерінің атқарылу тәртібі бұзуға байланысты қылмыстар туралы істер бойынша - әділет органдары;
4) салық полициясы органдары;
5) контрабанда және кеден төлемдерін төлеуден жалтару туралы істер бойынша – кеден органдары;
6) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісім-шарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген әскери қызметшілер; әскери жиындарды өткеру кезінде запастағы азамататар; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың қызыметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе осы бөлімдердің, құрамалардың және мекемеелердің орналасқан жерінде жасаған барлық қылмыстары туралы істер бойынша әскери полиция органдары;
7) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы заңдарды бұзу туралы істер бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасының континентальдық шельфінде жасалған қылмыстар туралы істер бойынша шекара бөлімдерінде командирлері;
8) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызметін атқарып жүрген өздеріне бағынысты әскери қызметшілер, сондай-ақ олар әскери жиындар өткеру кезінде запастағы азаматтар жасаған барлық қылымыстар туралы істер бойынша; әскери бөлімдердің, құрамалардың, мекемелердің азаматтық қызметкерлері олардың өзінің қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты немесе бөлімдерідің, құрамалардың және мекемелердің орналасқан жерінде жасаған қылмыстары туралы істер бойынша - әскери полиция органы болмаған жағдайда әскери бөлімдердің, құрамалардың командирлері, әскери мекемелер мен горнизондардың бастықтары;
9) өздерінің қызыметкерлері болған елдерінде жасаған қылмыстар туралы істер бойынша – Қазақстан Республикасы дипломатиялық өкілдіктерінің, консулдық мекемелерінің жіне өкілетті өкілдіктерінің басшылары;
10) өртке байланысты барлық қылымыстар туралы істер бойынша – мемлекеттік өртпен күресу қызметінің басқару органдары мен бөлімшелері.
Анықтау органының барлық қылымыстар туралы істер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу және кезек күттірмейтін тергеу қимылдарын орындау жөніндегі құқықтары мен міндеттері сол сияқты алысқа жүзу сапарындағы теңіз кемелерінің капитандарына, геологиялық барлау партияларының осы баптың екінші бөлігінде аталған анықтау органдарына алыстағы басқа да – мемлекеттік ұйымдар мен олардың бөлімшелерінің басшыларына да, көлік қатынасы болмаған кезеңде жүктеледі.