Файл: 1. мір жолдасын тандау концепциясы. Неке ию алдындаы ауіп факторларын атаыз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 25.10.2023

Просмотров: 23

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

1. Өмір жолдасын тандау концепциясы.


2. Неке қию алдындағы қауіп факторларын атаңыз?

3. Махаббат уайым және іс-әрекеттері.


4. Өзін-өзі бағалау деңгейі жұбайлық өмірде қалай әсер етеді?

Негізінен өмірлік жар деген, адамның есімі секілді онымен өмір бойы бірге болады. Ол – біздің өмірлік серігіміз.

  Қазіргі уақыттағы ажырасулар мен бақытсыз отбасылардың көбеюі бәрімізді алаңдатады. Бұл тұрғыда, жастардың болашақта өзімен бірге өмір сүріп, ең жақын жарына айналатын адамды таңдауда, немқұрайлық танытуы көп байқалады.

1) Өмірлік жар болатын адамды іздеуде кездейсоқтықты ұстану немесе құрбы-құрдастардың жолдас-жоралары ортасынан жолықтыруға ұмтылғаннан гөрі, өзіңе жанашыр әке-шешеңнің немесе жақын туыстардың көзі жеткен, олар жақсы білетін достары немесе замандастарының балалары арасынан іздеген дұрысырақ. Себебі, оның кім екені, қандай тәрбие алғаны, жанұясы қандай екені, яғни қандай ортаға баратының, анығырақ болады. Бұл, салт-дәстүріміздің артықшылығы.

2) Кезіктірген, ұнатқан адамыңды тексерем деу немесе танып білем деген ой мен әрекет көп жағдайда дұрыс нәтиже бермейді, немесе уақыттың зая кетуіне әкеп соғады. Оған мысал, көптеген айлар, тіптен бірнеше жылдар жүрген, таныс болғандар кейін үйленген соң, көпке ұзамай ажырасып кетуде. Статистика бойынша 5-6 айдан 3 жылға дейін отасып тұрып, кейін ажырасқандар шамамен 47 пайызды құрайтын көрінеді, яғни жартысы. Мінезіміз жараспады дейтіндер.

3)Ықылас білдірген жігіт пен қыз өзара таныстығын, әке-шешесіне білдірмеуі, айтпауы үлкен қателік. Екі тараптың да әке-шешелері немесе туыстары білуі қажет. Ол отбасылар да, балаларының болашағы үшін, бірін-бірі байқастап, өз баласына ақыл-кеңес, сын-ескертпелерін айтар еді. Жігіт яки қыздың біреуі ата-аналарының білмеуін қалауы, оның, шын ықыласына күмән тудырады. Тұратын өзім ғой, деп жеке-дара үйленуге шешім қабылдау, өкінішке себеп. Себебі, жар таңдап, отбасын құрып көрмеген адамда, бәрібір тәжірибе жетіспейді. Жоқ дегенде, бір, көпті көрген, әдепті адамнан кеңес алу қажет.

4) Жігіт пен қыз өзара бір-бірін танып біледі, деген қате пікір деп ойлаймын. Қанша жылдар өтсе де мүмкін емес жағдай. Сол арада, ешкім жаман қылығын көрсетпейді, әдеп сақтауға тырысады. Бірақ, үйленген соң, күнде бірге, жаман қылықтар мен мінезді ауыздықтау мүмкін емес. Сол себептен де жоғарыдағы статистика орын алып отыр.

5)Халқымыз ертеден мұсылман, әрі түсінігі мол, дана халық. Сол себептен, жанұя институты  бұрынырақ берік болған. Негізі бір-біріне туыс емес жігіт пен қыз, бір жерде екеуара оңаша қалуы, күнә саналады. Осындай әрекетке тиым салынғанына қарамай, мән бермеу соңы, қандай өкініштерге алып келіп жатыр. Алданып қалулар, түсік тастаулар және ажырасулар осының нәтижесі. Бізді көркем бейнеде жаратып, өмір берген және есепсіз игіліктер берген иеміздің қаһарына ұшырамайық. Бақыттылық тек оның ғана қолында, разылығында. Ант етемін, бақыт басқа еш жерде жоқ.


6) Ертеректе, халқымыз балалардың өзіне лайықты болашақ жарын ерте жастан қарастыра бастайтын, тіптен сол жанұя ғана емес,  тұтас ру болып ойластырған. Атастырып қою деген салт барын білесіздер. Ал қазір, керісінше, егер жанұя мен ет жақындары қарастырып, жар төңірегінде кейбір ұсыныстар айтса, намыстанатын жағдайға жеттік. Өзім жолықтырып, өзім таңдауым керек-деген көзқарас басым. Бұл да үйленуді кешіктіретін себептердің бірі. Намыстанатын несі бар, ең бастысы бақытты болу емес пе?! Сондықтан, айтарым, жанашыр әке-шеше мен ағайын-туыстың варианттарын қысылмай қарастырыңыз, ештеңеңіз кетпейді. Ұнамаса, ешкім сізді зорлап қоспайды.

7) Халқымыз тұқым тазалығы мен саулығы үшін, жеті атаға дейін қыз алысып, беріспейтін. Бұл салттың да, қазір ғылыми тұрғыда артықшылығы дәлелденді. мұны ескеру керек.